Экологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2012 в 12:33, реферат

Краткое описание

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................................................................2
1.ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ.................................................................................5
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ...................................................................................................7
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ....................................................................................................................................................9
4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КЛИМАТЫНЫҢ ӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................10
5. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ..................11
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................................................14

Вложенные файлы: 1 файл

эколог каз.doc

— 71.00 Кб (Скачать файл)

Су астында  қалу  қауіпі  әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-шығыс  жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қауіпі  төніп отырған  43 мұнай кен орындарының  32-сі  Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі  дүние  жүзіндегі  бекіре тәрізді  балықтардың ең  ірі мекен  ету ортасы   болып табылады. Сондықтан каспий  мәселесі  тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың  жұмысы.

Арал теңізіңің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл  шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тәнь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-тен астам  қысқартып жіберді.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі  бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар  әлеуметтік  және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген  қазіргі заманға қоғам өзінің  болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық  тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды  тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Арал теңізі Орта азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде  төртінші орында болған.

Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Арал теңізі  табиғи  температура  реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер  етіп отырады.

Судың  сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен  шалғындықтар  жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл  кеуіп кеткен. Сырдария грунт сулардың  деңгейі төмендеп  кеткен.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі  Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр.

Балқаш жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және  шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған.Балқаштың шығыс бөлігіне  келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге  жұмсалады.

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі  құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы қолдің жағасындағы  қамыстар жойылып бара жатыр.

Балқаштағы эколгогиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана  емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының  келешегін ойлауды талап етеді. Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау. Оңтүстік Қазақстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ  ЖӘНЕ ОНЫ  ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

 

Қазақстан  территориясының 3,8-ы орманды жерлер алып жатыр. “Қазақстан-2030” стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1% -ке дейін көтеру жоспарланған.

50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар анықталған. Ең  ірі орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында анықталған.

Орманды далалы алқапқа – Қазақстанның  солтүстігіндегі шоқ болып өсетін қайыңды ормандары жатады. Бұл ормандарда өсетін  ағаш  тұқымының  көбі  қайыңнан құралады. Одан басқа мұнда терек, ал бұталардан түрлі талдар, қарақаттар, дала шиесі, мойыл, итмұрын, тобылғы кездеседі.

Далалы алқапта – қайыңды шоқтардың оңтүстігін алып жатқан қарағайлы  ормандар өседі.  Олар ертеде Орал мен Алтай аралығын  тұтастырып жатқан. Жергілікті  халықтың өртеп, кесіп, мал  бағуының  салдарынан кеміп кеткен.

Шөлді алқапқа  - Қазақстанның бүкіл оңтүстігі, орталығы мен  батысының көп жері кіреді. Мұнда ақ сексеуіл мен қара сексеуіл  өседі және қоянсүйек, жыңғыл, жүзгін, шеркез, қандым кездеседі. Ағаш тұқымдарынан тоғайларда көбіне жиде мен тораңғы, албұталардан  әр түрлі тал, шеңгел өседі.

Бақылау  қызметінің  қысқаруынан және қазіргі  техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты сулардың деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерден жағдайы нашарлады, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде  - даланың шөптесін өсімдіктері басым. Далалы жерлерге орман отырғызу тәжірбиесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар 15-20 жасқа  жеткенде  өздігінен кеуіп кетеді.

 

 

 

 

4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ  КЛИМАТЫНЫҢ ӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1992 жылы қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенциясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың жылынуы мен оның зиянды зардаптарын болдырмау  мәселелерін қойды. Климаттың өзгеруі туралы конвенция адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын  өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қауіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар - жер бетінің орташа температурасының  көтерілуі  және ауа  райының  кең ауқымды аймақтарда өзгеруі т.б. эффектілер болуы мүмкін.

Үкіметаралық өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың  сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму басталғанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,50С –ға дейін көтеріледі.

Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған  ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі  өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес. Мұхиттағы процесстермен қатынаста болады. Жер бетіндегі  климаттың әр түрлі бөліктері өзара күрделі қарым-қатынастардағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі  уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Қазақстан климатын бақылау оның жылдан жылға құрғақтануын анықтады. Жалпы территорияның орташа айлық температурасының өсуі байқалған.

Антропогенді ықпалдың әсерінен шөлейт ландшафтар шөлге айналып қоймай, республиканың негізгі жері дала зонасы да шөлге айналып келе жатыр.

Климаттың ғаламдық жылынуының салдарынан туған мәселелер алдымыздағы екі-үш ұрпаққа зиянды әсерін тигізбесе де, бұл  мәселе ойлануды талап етеді. Ғаламдық жылынуға қарсы жүргізілетін саясатайтарлықтай қаржы жұмсауды қажет етеді. Егер парникті  газдардың  ауамен  араласуын қысқартатын шараларды дер кезінде қолданатын болса, онда климаттың  өзгеруінің нәтижесінде  туатын шығын  да мұндай  қатерлі, қайтымсыз болмас еді.

 

5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазақстан Республикасының экология және табиғат ресурстары  министірлігінің экологиялық  ақпараттық бюллетеннің мәліметтёріне сүйене отырып. 1997 жылдың Қазақстандағы демографиялық жағдайға тоқталайық.

Статистикалық комитетпен стратегиялық жоспарлау мен реформалау Агенттігінің  сараптамасы  бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарында  Қазақстан халқының саны 15671,8 мың адам, оның ішінде 8642,6 (55%) қала тұрғындары, 7029,2 мың адам (45%) ауыл тұрғындары құрайды.

Қазақстанда халық санының тұрақты кемуі сақталып отыр. Қазақстандықтардың  жалпы саны 1987  жылы 1,2% кеміген.

Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр.

5 жылдағы  жалпы туылу  коэффициенті  әр 1000 адамға 19,1-ден 14,7 төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи  өсім  2,1 есе кеміді.

1997 жылы  туылудың кемуі  барлық аймақтарда байқалды, ал Орталық  Шығыс, кейбір Солтүстік облыстарды және Алматы қаласында депопуляция байқалып отыр. Яғни өлгендердің саны  туғандардан артық.

Өлімнің негізгі себебін қан айналу жүйесінің  аурулары  құрайды. 1996 жылмен салыстырғанда жұқпалы және паразиттік аурулардан 17%, ал туберкулезден 5%-ке өлім саны артық.

Соңғы бес жылда балалардың өлімі төмендеп, 1993 жылмен салыстырғанда 3,9  промиллеге төмендеп, 1997 жылы 1 жасқа дейінгі  1000 адамға 24,2 өлген  балалар  саны сәйкес келген.

Мемлекет аралық көші-қон айналымында (көшіп келген және көшіп кеткен) Қазақстанда соңғы 5 жылда 1997,5 мың адам қатысты. Алыс шет елдерден де көшіп келгендер 25 мың адам, алыс шет елдерге көшіп кеткендер 440,4 мың, жақын шет елдерден көшіп келгендер саны 319,8 мың, көшіп кеткендер  1212,3 мың адамды құраған.

Елдің демографиялық жағдайына  мигранттардың  жастық және  білім деңгейлері  ерекше әсер етеді. Жалпы алғанда республика бойынша еңбеке жарамды жастағы  әрбір көшіп  кеткен адамға орташа білімі барлар  6 адамнан, орташа арнайы – 8, жоғары және аяқталған жоғары – 7 адамнана сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жұмыста Қазақстанның экологиялық проблемалары қарастырылып, оны дұрыс пайдалану мен үнемдеу жайында ұсыныстар келтірілген.

Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

2.      А.Көшербаев.Тау–кен және байыту өндіріс экологиясы. әдістемелік нұсқау.

3.      Е.Шілдебаев. Қызық экология. Әдебиет

4.      Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



Информация о работе Экологияның даму тарихы