Экологияның қысқаша даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:41, реферат

Краткое описание

Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос- үй, тұрақ, мекен және логос- ғылым деген сөзінен шығған, тұрақ, мекен туралы ғылым – деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологияның қысқаша даму тарихы.docx

— 11.94 Кб (Скачать файл)

Экология –  биология ғылымының бір саласы ретінде  қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос- үй, тұрақ, мекен және логос- ғылым деген сөзінен шығған, тұрақ, мекен туралы ғылым – деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат- міндеттерін кеңейте түсті.алғашқыда тек тірі организмдерге өатысты бағыт алған экология қылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат, қоғам, табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымдарының ғылыми деңгейіне көтеріледі.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология- организмдердің арасында болатын(особтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты-биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро және макро-экожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:

  • Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
  • Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
  • Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
  • Адам, қоғам,  табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
  • Биосфера шегіндегі географияық заңдылықтардың түрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
  • Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деігейде көтеру болып табылады.
  • Экология- биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі  19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басы болып саналады. Десек те, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдікер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық физиологиялық бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
  • Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3кезеңге бқліп қарастыруға болады.
  • 1 -кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Линней(1707-1788), Ж.Ламарк(1744-1825),  А.Декандоль(1806-1893), П.С. Паллас (1741-1811), А.Гумбольд, К.Ф.Рулье, Н.А.Северцов, Н.А.Бекетов, Ч.Дарвин, К.Мебиус, Э.Геккель, Е.Варминг, В.В. Докучаев, т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы», А.Декандольдың «Ботаникалық география», К.Ф.Рульенің «Жануарлар экологиясы», А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі», т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы «Экология» терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
  • 2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу жіне даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың  70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары  Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин,Г.И.Панфильев,П.Н.Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
  • Әсіресе, осы кездердегі Г.Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі », Д.Н.Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер»,  «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А.Тенслидің  «Экожүйелер туралы ілімі», орыс ботанигі В.Н.Сукачевтың  «Биоценоз», т.б. ғалымдарының еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.бүдан экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
  • 3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология- бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялың және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А.М.Гиляровтың «Популяциялы0 экология», М.Захарченконың  «Экологияның қазіргі проблемалары», Н.Реймерстің «Экология», В.В.Глуховтың «Экологияның экономикалық негіздері», Ф.Мотузконың «Экология негіздері», С.Боголюбовтың «Экология және право» т.б. еңбектерді жатқызуға болады.
  • Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі- экологиялық педагогика(көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру) адам экологиясы және халықтық экология «этноэкология» бағыттары дами түсуде. Бұл- бүгінгі өмір талабы.  Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы – адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген –нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.
  • Экология ғылымының негізгі мақсаты- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
  • Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам мен биосфера» атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
  •      
  •     Кіріспе.  Экология   жеке  ғылым  ретінде.
  •  Негізгі түсініктер –  Экология жеке ғылым ретінде.  Ғылымның дамуының алғышарттары. Экология ғылымының қысқаша даму тарихы.  Ертедегі философтардың еңбектері. Ботаниктер, зоологтар, географтардың экологиялық  еңбектері. Дарвин ілімі.Тұрақты даму түсінігі.   Қазіргі  кезде  адамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  ерекше  маңызға  ие  болып  отыр. Жер  шарындағы  халық  санының  жедел  өсуі  және  көптеген  елдердің  индустриалды  дамуы  табиғи  ресурстарды  пайдалануды  еселеп  арттырып,  адамның  табиғатқа  әсерінің  көлемін  әсіре  түсуде.             Соңғы  жылдары  пайдалы  қазба  қорларының  жақын  арадағы  таусылу  мҥмкіндігі,  жер  бетінен  өсімдік  және  жануарлар  дҥниесінің  көптеген  өкілдерінің  жоқ  долып  кетуі  және  сондай-ақ  табиғи  ортаның шектен  тыс  ластануы    айрықша  белең  алып  отыр. Кейбір  елдерде,  әсіресе  жоғарғы  дамыған  елдерде  қоршаған  орта  жағдайының  нашарлағаны  соншалық , адамдардың  денсаулығы   бұзыла  бастады.  Осының  бәрі  қоғамды  қоршаған  ортаны  қорғау   мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлуге,  табиғатты  сақтау  және қалпына  келтіру  мәселелерімен  жақсырақ  айналысуға,  сондай-ақ  оның  ресурстарын үнемді  пайдалануға  итермелейді. Сондықтан  жыл  сайын  жерлерді  суландыру,  ормандарды  қалпына  келтіру,  өндірістік  қалдықтар  мен  техникалық  лас  суларды  тазарту,  топырақтың  құнарлылығын  сақтау  және  топырақ  эрозиясына  жол  бермеу  төңірегіндегі  жұмыстар  кең  көлемде  жүргізуде.    Табиғаттың  өзгеруді  қаламайтыны  белгілі.  Ондағы  өзгерістер  баяу, байқаусыз  өтеді, өзін-өзі  реттеу  мен  өзін-өзі  қалпына  келтіру  процестері  ұзаққа  созылады.  Адамның  зиянды  істері  бірден  байқалмайды,  тек  ұзақ  жылдардан  соң  бір  нәрсені  өзгерту немесе  түзету  өте  қымбатқа  түскенде    кейде  тіпті  нәтижесіз  болған  кезде  ғана  көрінеді.       Экология  – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бұл терминді ғылымға неміс зоологы  Э.Геккель  1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ұсынған. Термин  грек сөзінен шыққан,       « ойкос- oikos» - үй, тұрақ, мекен , «logos»- ғылым  деген  мағынаны береді. Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:    1. Табиғат жөніндегі ілім-білім дамуының табиғи сатысы.    2. Өнеркәсіптің, ауыл шарушылығының, транспорттың жылдан-жылға қарыштай дамуы табиғаттың жекелеген нысандары ғана емес, тұтас экологиялық жҥйелердің  де мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда.
  • 3. Көптеген техникалық мәселелердің дұрыс шешілмеуі, экологиялық заңдылықтарды жақсы білмеу, табиғатты ұтымды пайдалануға қажетті білім тәжірибесінің болмауы экологияның нақтылы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болды.         Организмдердің құрылысы мен дамуы ғана емес, олардың өздері тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынастары да белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын түсіну жүзеге асты, мұның өзі осы жайттарды ұқыпты түрде зерттеу қажеттілігін туындатты.  
  •       Тарихи кезеңдері
  • Жәндіктер мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті және олардың сырт жағдайға тәуелділігі жөніндегі, сол сияқты тірі организмдердің жер бетінде таралу ерекшеліктері  жайлы мәліметтер баяғы заманнан жинақтала бастаған болатын. Бұл мәліметтерді  жинақтауға тырысу мысалдарын көне дәуір философтарының еңбектерінен көруге болады.  Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) өзіне  белгілі жәндіктердің 500-ден астам түрлерін  зерттеп, олардың тіршілік ерекшеліктері жайлы жазбалар дайындады. Мәселен, ол балықтардың бір орыннан екінші орынға қоныс аударуы, құстардың жылы жаққа ұшып  кетуі және кері қайтуы, құстардың ұя тұрғызу әрекеті, олардың өз жауларынан қорғануы  т.с.с. мәселелер жайлы жазды.   Теофраст Эразийский (б.э.д. 371-280 ж.) әр түрлі жағдайларда өсетін өсімдіктердің  өзіндік ерекшеліктері, олардың формасы мен өсу ерекшеліктерінің топырақ пен климатқа тәуелділігі жайлы мәліметтер келтірді.           Гиппократ сыртқы ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері жайлы прогрессиялық идеяларын мәлімдеді. Орта ғасырларда табиғат ерекшеліктерін зерттеуге деген талпыныс құдайға деген  схоластиканың кеңінен етек алуына байланысты күрт төмендеп кетті.    Қайта өрлеу дәуірі тірі организмдерді жүйелеу мәселесінің қайтадан күн тәртібіне қойылуына алып келді. Алғашқы жүйелеу мәселесімен айналысқандар А.Цезальпин (1516-1603), Д.Рей (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) т.б. Олар өсімдіктер өсуінің  сыртқы орта жағдайымен тығыз байланысын анықтады.         Сыртқы ортаның тірі организмдер құрылысына тигізер әсері жайлы проблема француз табиғат зерттеушісі Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде сөз болды. Оның шамалуынша, бір биологиялық түрдің екінші түрге ауысуын қамтамасыз ететін себептер -климат температурасы, организм қорегінің сапасы және ортадағы туындайтын жайсыздықтар.   Ж.Б. Ламарк (1744-1829)  – эволюция жайлы ілімнің тҧңғыш авторы. Оның топшылауына сәйкес, «организмдердің өз ортасына икемделуінен туындайтын  өзгерістердің, жәндіктер мен өсімдіктер эволюциясының ең маңызды себептерінің бірі  –  сыртқы жағдайдың сол органимдерге тигізер әсері».          Экологиялық ой жүйесінің одан әрі дамуына 19-ғасырдың бас кезінде  биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы игі әсерін тигізді. Бұл кезеңде бір топ  ғалымдар жәндіктер мен өсімдіктер тіршілігіне   физикалық-географиялық орта  жағдайының әсері жайлы құнды-құнды еңбектер жазды. Олар:  Алекс Гумбольдт (1807)  – өсімдіктер географиясы жайлы еңбек; К.Глогер (неміс зоологы, 1833)  –құстардың климат әсерінен өзгерістерге ұшырауы жайлы еңбек; Т.Фабер (1820)  –солтүстікке тән құстар биологиясының ерекшеліктері жайлы еңбек; К.Бергман (1848) – әр түрлі жылы қанды жәндіктердің заңды түрде өзгеруінің географиялық заңдылықтары  жайлы еңбегі; К.Ф. Рулье (1814-1858)  және оның шәкірті Н.А. Северцов жәндіктерді  экологиялық тұрғыдан зерттеудің ауқымды жүйесін жасақтады. «Зообиология». Олар  организмнің тіршілік әрекетіне қатысты құбылыстарды жан-жақты талдау қажеттілігін  айрықша атап көрсетті.  1859 жылы Ч.Дарвиннің «Түрлердің табиғи сұрыпталу арқылы пайда болуы»  атаулы еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте ол табиғатта тіршілік ету үшін организмдер  арасында жүргізілетін күрес сол организмдердің сұрыпталуына әкеліп соқтыратындығын,  яғни аталған күрес организмдер эволюциясының негізгі қозғаушы факторы екендігін  мәлімдеді. «Табиғатта тіршілік ету үшін күрес» деген түсінік мағынасы ретінде Ч.Дарвин биологиялық түрдің өзін қоршаған ортамен байланысының сан түрлі кереғар формаларын атады.          Бұдан былай тірі организмдер мен олардың бейорганикалық орта компоненттері  мен өзара байланысты мәселесін зерттеудің жеке облысы ретінде қалыптастыру  қажеттілігі белгілі болды. 
  •      Қорытынды
  •  Қорыта  айтқанда, экология жеке ғылым ретінде бірден қалыптаса қалған жоқ, ол тек қана 19-ғасырдың аяқ шенінде жеке ғылым ретінде мойындалды. Ю.Одумның (1975, 1986), Р.Риклефстің (1979), Р.Уиттеккердің (1980), Э.Пианканың (1981) еңбектері.      Тұрақты даму ұғымының  мағынасы « болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін  қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін  қанағаттандыру».
  •      «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық  және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи  ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи  ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының [1] баяндамасы болып табылады. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи  ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі  өз шегіне жеткендігі   және әлемнің  тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының  қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік  өндірістерді  көшіру, зиянды  өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар  басталды.   1980-ші жылдары «Тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ  қалыптастырылған  Брундтланд  комиссиясының есебінде қолданылды.  1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз  экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және  тұрақты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді.  Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады:   «Тұрақты даму  - қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ  ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады».  Анықтамаға келесі түсіндірме  берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ  мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағдайда емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстарды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды   бағдарлау  және  конституционалды  өзгерістер ағымдағы және болашақтағы қажеттіктермен үйлеседі».
  •  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:                    1. Г.Б. Бейсеева. Экология негіздері. Алматы, 2010
  •  2. Ф.Қ. Иштаева және т.б. Экология. Фолиант. Астана, 2008
  •  3. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова.  Экология.  Алматы, 2003.    4.  Н.М.Чернова, А.М.Былова.  Общая экология. М. 2004.
  •            5 . Андреева Т.А.  Экология в вопросах и ответах. М. 2006

Информация о работе Экологияның қысқаша даму тарихы