Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2014 в 21:05, реферат

Краткое описание

Экологиялық факторлар – қоршаған ортаның тірі организмге әсер ететін әртүрлі сыртқы факторлары. Әрбір организм өзінің тіршілік ортасында: климаттық, эдафикалық (топырақтық) және биотикалық сияқты әртүрлі факторлардың әсеріне шалдығады. Экологиялық фактор ортаның әрі қарай бөлінбейтін, тірі организмге тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар болып табылады. Экологиялық фактордың әсер етуі орташалануы мүмкін, яғни оның әсері әртүрлі көптеген себепті-салдарлы байланыстар арқылы өтедеі. Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады.

Содержание

КІРІСПЕ
Тіршілік ортасы ............................................................................ 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қоршаған орта экологиялық факторларының жіктелуі ........... 4
Экологиялық факторлардың организмге әсері ......................... 6
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары .............................................................................. 10

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................... 11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................ 12

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 227.76 Кб (Скачать файл)

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

картография және геоинформатика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру

 
 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

        Орындаған: Ходжаева Р.А.

        Қабылдаған: Исанова Г.Т.

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

КІРІСПЕ

          Тіршілік  ортасы ............................................................................  3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Қоршаған орта экологиялық факторларының жіктелуі ...........  4
    2. Экологиялық факторлардың организмге әсері .........................   6
    3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары ..............................................................................   10

 

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................   11

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................   12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Экологиялық факторлар – қоршаған ортаның тірі организмге әсер ететін әртүрлі сыртқы факторлары. Әрбір организм өзінің тіршілік ортасында: климаттық, эдафикалық (топырақтық) және биотикалық сияқты әртүрлі факторлардың әсеріне шалдығады. Экологиялық фактор ортаның әрі қарай бөлінбейтін, тірі организмге тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар болып табылады. Экологиялық фактордың әсер етуі орташалануы мүмкін, яғни оның әсері әртүрлі көптеген себепті-салдарлы байланыстар арқылы өтедеі. Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның ком - поненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Бірақ  организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта де - геніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиын -тығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қоршаған орта экологиялық факторларының жіктелуі

Экологиялық факторлардың жіктелуінің негізгі принциптерінің бірі, оларды биотикалық (биогенді) және абиотикалық (абиогенді) факторларға бөлу. Біріншісі – қарастырылған организмді қоршап жатқан басқа организмді сипаттайды. Екіншісіне, қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттерін жатқызады. Осы факторлардың екі түрі де табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін (1 - сурет).



 

      ТІРІ ЕМЕС ТАБИҒАТТЫҢ                                 ТІРІ ЕМЕС ТАБИҒАТТЫҢ

  (абиотикалық)                                                     (биотикалық) 

  


     ТАБИҒИ АНТРОПОГЕНДІ                                              ТАБИҒИ АНТРОПОГЕНДІ



 

 

 

 

 

 

1 – сурет. Экологиялық факторларды жүйелеу

(Г.В. Стадницкий, 1996)

 

Бұл ұсынылған жүйеден басқа да экологиялық  факторларды бөлу, мысалы, әсер ететін уақыты бойынша – эволюциялық (температура, жарық, ылғал, тығыздығы) және нақты (қазіргі); кезеңдік әрекеті бойынша және кезеңдік емес (техногендік шығындар, табиғи катаклизмдер); тарихи (филлогенез дамуында, яғни түрдің тарихи дамуында) жүйелері де сондай – ақ организмдердің санына және тығыздыіыны тәуелсіз факторлар да бар.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан  қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады. Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді:                 

1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.                

2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты  қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.                

3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады. 

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

  1. Абиотикалық  факторлар - өлі табиғаттың әсері (климат, темпера -тура, ылғалдылық , жарық және т.б.).
  2. Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
  3. Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1. Абиотикалық факторларға  айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

 Топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар (судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.

2. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

3. Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Антропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл  тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі.

 

Экологиялық факторлардың организмге әсері

 

Экологиялық факторлардың әсерлері организмдердің  тіршілігін өзгертуімен анықталады. Организмдердің тіршілігі факторлардың көр– сеткіштерімен  байланысты болады. Организмдердің тіршілігі үшін қолалы жағдай туғызатын экологиялық факторлардың мәндері оптималды деп аталады. Факторлардың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдерің тіршілік әрекеті соғұрлым нашарлайды. Сондықтанда қалыпты тіршілік ету аймағы анықталады(2-сурет).

 

2-сурет. Фактордың интевсивтілігінің  тірі ағзалардың тіршілігіне  әсер етуі (В.А. Радкевич, 1988ж.)

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либихи (1848 ж) ашқан. 
Оны «Минимум заңы» дейді. «Минимум» заңының өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шешуші факторларын біле отырып мол өнім немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғары төзімділік қасиеті болады. Төзімділік заңы В. Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организімдердің факторларға деген талғамының шектелуі. Биосферадағы организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше экологиялық ортада қалыпты тіршілігін жалғастыра береді, организмдердің бұл тобын эвробионтты түрлер дейді. 
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз степобионтты организмдер дейміз. Сенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен: Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ақ тиін шектеулі фактор үшін – қорек.

Экологиялық фактордың тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады. Организмдердің экологиялық ортада класификациялауда негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын негізге аламыз. Тіршілік формасы дегеніміз – организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дұниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі.

Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Қошқаровтың жүйесі бойынша алынады:

а)жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос).

б) жартылай суда тіршілік ететіндер ( уақытша қорек үшін сүңгитіндер).

в) қызғыш формалар ( жер бетіне шықпайтындар, жер бетне уақытша шықпайтындар).

г) құрлық формалар 1) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жор- ғалаушылар); 2) жартас жануарлары; әуе формалары.

д) ағашқа өрмелейтіндер; 1) ағаштан түспейтіндер; 2) ағаштарда жүретіндер.

е) әуе формалары; 1) әуеден жемтігін ұстайтындар; 2) әуеден қарауылдайтындар.

Өсімдіктер әлемін ғалымдар зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде ботаник С. Раункиер жүйесі негізге алынады.

а) эпифеттер – топырақтар тамыры болмайтын ағаштарға асылып шырмалып өсетін өсімдіктер.

б) Фанерофиттер – жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен көптесін өсімдіктер жатады.

в) Хамефиттер — өркендері жер бетіне өсетін шөптесін жылдық өсімдіктер. Қыста өркендері үсімейтін өсімдіктер.

г) Гемикриптофиттер – жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер.

д) Криптофиттер немесе геофиттер – топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер.

е) Терофиттер – жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер.

 

Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1.Қатаң маусымдылықпен  әсер етуші факторлар (тәулік уақы -тының  уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)

2.  Маусымдылықсыз  әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады: ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.

3. Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).

4. Белгісіз әсер етуші факторлар - бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.

Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.  

Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды.

Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.

Ағымдар және оттегі.

Көптеген тіршілік орталарында жануарлар ағымының әсер етуін сезінеді. Ауа және су ағымдар болып бөлінеді және жануарлардың таралуында қоршаған ортаның реттеуші факторы болып табылады. Олардың әсері екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін басқа жаққа орнын ауыстыртады. 

Ауа ағымдары горизантальды түрде тұратын жел сипатта және жер бетінен шығатын термальды түрде болып бөлінеді.

Суда да ағымдар бар. Су ағымының жылдамдығы ауа ағымына қарағанда  аз болып келеді. Ол сарқырамаларды  үлкен шамада-6 м. секундқа дейін. Ең қуатты су ағымы мұхитта болады, жылы Гольфстрим  ағымдарында немесе суық компенсациялық  ағымдарында.

Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады.

Ересек адамдардың қанында гемоглабиндік байланысқан оттегінің мөлшері 1 метрге дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2-ткандерге таралады және сіңіреді.

Жануарлар үшін О2 негізгі зат тіршілік үшін қажетті. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардыңәртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.

Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу.

Информация о работе Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру