Қоршаған ортаның ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 18:00, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаның ластануы.
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі

Содержание

Кіріспе
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
1.2. . Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Негізі бөлім
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Географ.docx

— 40.88 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

 

Кіріспе

І. Қоршаған ортаның ластануы.

1.1. Қоршаған ортаның  химиялық ластануы.

1.2. . Қоршаған ортаның  биологиялық ластануы.

Негізі бөлім

ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.

2.1. Қазақстан полигондары.

2.3. Арал теңізі және  Балқаш көлінің экологиясы.

2.4. Каспий теңізінің  экологиясы

III Қорытынды.

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан субасу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Қоршаған  ортаның химиялық ластануы.

Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаудың негізгі көзі болып  отыр. Табиғи ортаға күн сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты  қалдықтары шығарылады.

Бізді қоршаған ортаның ластануы мынадай топтарға бөлінеді:

1. Химиялық ластану  (көміртек және күкірт оксидтері,  көмірсулар, пестицидтер, гербицидтер,  ауыр металдар, аэрозольдер).

2. Биологиялық ластану  (ауру қоздырғыш бактериялар мен  вирустар, құрттар, зиянкес жәндіктер).

Өнеркәсіптен бөлінетін  әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.

Бүкіл жер шарында  химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті  өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауаны  ластайтын улы заттардың 150-ден  астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған  елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірт диоксиді (SO2) кокс-химия зауыттары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және ол өсімдіктерге де көп зиян келтіреді.

Ауадағы фторлы сутек  өте улы зат. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары. Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алған адамның тыныс жолдарының сілемейлі қабығы қабынып, өкпесі ісінеді.

Цемент зауыттарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді. Ал фосфор зауытына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс. Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия зауыттарының маңайындағы топырақты, жан-жануарды, өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі  кезде ғаламдық экологиялық проблемаларды  тудырып отыр. Олар: жер шарындағы  жиі байқалып отырған жылыжай  эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, фотохимиялық у түтіндер.

 

 

1.2. Қоршаған  ортаның биологиялық ластануы.

Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен  адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі шамамен 1500000 жануардың 50000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Биологиялық ластаушыларды  жұқтырудың негізгі көзі топырақ  болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта  тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын  сақтамаудың салдарынан, жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы ауру қоздырғыштары адам организміне түседі.

Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына  себепші болады. Сондықтан артезиан суларын пайдаланар алдында қайнату  керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері – тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия ауруларының таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.

Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң, бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға, одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдардың бойын дендеп алып, ауырта бастайды.

Жұқпалы оба ауруын егеуқұйрық бүргесі таратады. Ал ұйқы ауруының қоздырғышы – трипаносомалар цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.

Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар  түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта  жұмыс істейтін адамдарды энцефалит  тырыспасына қарсы егеді. Жас  нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.

Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстандағы  экологиялық апат аймақтары.

2.1. Қазақстан  полигондары.

Республикамыздың аумағында  кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді.әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өһңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісіндегі кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.          

 Полигондардың ішінде Семей өңірі – ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы.  1991 ж тамыздың 29- да, халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпай келе жатқан қазақ даласының ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып жатқан  зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылғы Американдықтардың Жапонияның Херосима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5  мың есе күшті екен. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігінің, жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полингон Шығыс Қазақстанның 54 пайызына  Павлодар облысының 39 пайызына , Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын тигізіп келеді. Семей полигонының ұзындығы 600 шақырымдай. Сонымен бірге зардап шеккен жерлер көлемі 16 есе үлкен полигон көлемінен шамамен 304 шаршы шақырым. 

 Алғашқы ядролық  жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалды.  Ал 1953 жылы тұңғыш термоядролық қондырғы сынақтан өтсе, 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймақта жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық, 26 жер үсті, 91-і ауада , 8-і биіктікте жарылыс болса, 343-і жерасты, 215 көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы сынақтар. Ядролық сынақтардың үштен екі бөлігі қазақ даласында жарылған.        

 Ядролық сынақтардың  зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда, зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктер 1 млн. 57 мың адамда  болып тұр.       

1996-2000 жылдар аралығында 180-ге тарта ұңғыма шполдар бекітілген.  Көлемі футбол алаңындай жерді алатын радиациялық аумақтар қалыңдығы 1 метрлік фундаментпен жабылған. Полигон аймағындағы радионуклидтер мөлшері берілген нормадан 2-3 есе артық.          

1995 жылы  Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма , спектографиялық суреттер жер бетіндегі цезий-137 активтігі 65-100 мкм/сағат көрсетті.    

 Стронций 90 ең көп мөлшері Сарыөзек  жалғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған.  

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Арал теңізі  және  Балқаш көлінің экологиясы.

Арал теңізі –Қазақстанның  інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12  болған. Арал кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың т балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген.

1960 жылдардан бастап  Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер  көлемі бұрынғыдан Өзбекстан  мен Тәжікстанда-1,5, Түрікменстанда-2,4, Қазақстанда-1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 202 есеге артты. Халық санының өсуіне қарай суға деген қажеттілік те артты. 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді.

Арал өңірінде туындап  отырған қазіргі экологиялық  апаттар нышаны жыл өткен сайын  теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы  мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы  тоқтатылып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-23 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандырып отыр. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ол әлемдік климаттың өзгеруін, шөлге айналуды, атмосферадағы ауытқушылықтарды, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Балқаш көлі – Қазақстандағы  ең ірі экожүйелердің бірі. Көл  Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі-501 мың км2, ұзындығы-605 км, ені-9-74 км аралығында. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

Балқаш көлінің экологиялық  жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары: Іле тоғайының, шұрайлы жайылымдардың жойылуы, көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаңның ауаға көтерілуі, фауна мен флораның зардап шегуі.

Балқаш көлі деңгейі  соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары  батпақтанып, сорланып, тақырлар мен  шөлдерге айналуда.

Балқаш көлін құтқару  мәселелері:

1. іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді  пайдалануды реттеу.

2. қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін  тұрақтандыру.

3. ақдала және Шарын  массивтеріндегі күріш алқаптарын  азайту.

4. жер асты суларын пайдалану.

5. суармалы жерлердің  көлемін шектеу.  

 

2.3. Каспий теңізінің  экологиясы.

Каспий теңізі – жер  шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км2. каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы - өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізінің экологиялық  жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің деңгейінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайтын. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.

Информация о работе Қоршаған ортаның ластануы