Еліміздің экологиялық проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:05, реферат

Краткое описание

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Еліміздің экологиялық проблемалары.docx

— 24.12 Кб (Скачать файл)

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы  әлемдік көлемдегі проблема болып  табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік  конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы  Конвенцияда Киото хаттамасына  қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан  қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді  өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.

Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың  шығарындыларын қысқарту жөніндегі  сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық  тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық  инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру  мүмкіндігімен инвестор рөліндегі  бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру  үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің  экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына  квоталар жөніндегі перспективалары  ашады.

Киото хаттамасын біткеннен  кейін нақты жобалар мен іс-шараларды  іске асыруды көздейтін Қазақстан  Республикасында қызған газдардың  шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға  дейінгі бағдарлама әзірленетін  болады.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты  қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық  шаралар тиісті нәтиже бере алады.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын  жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне –  өзі шек қою. Халықтың экологиялық  санасын қалыптастыру міндетті экологиялық  білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық  психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

Әрбір экономикалық табысымыз  үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан  біз табиғатты аялай білейік!

 


Информация о работе Еліміздің экологиялық проблемалары