Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері
11
1.1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
11
1.2
Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы
13
1.3
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары
21
2
Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері
29
2.1
Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері
29
2.2
Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы
35
3
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері
47
3.1
Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
47
3.2
Жер учаскелерінің сервитуты
56
3.3
Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері
66

Қорытынды
75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Өтебаева жер нарығы.doc

— 557.50 Кб (Скачать файл)

"Жер" және "жер телімі" терминдерін ажырата білу қажет. "Жер" термині, әдетге өңгіме игерілмеген меншік туралы болғанда қолданылады. Ал, "жер телімі" термині кандай да бір болмасын жақсарту жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде осы телімді мақсатты пайдалануға болатын белгілі бір аумақ бөлігін анықтау үшін қолданылады. Сонымен жер телімі дегеніміз белгіленген шекарасы, көлемі, орналасқан аумағы, құқықгық мәртебесі және басқа да сипаттамалары мемлекеттік кадастрде және жерге құқықты тіркейтін мемлекеттік құжаттарда көрсетілген жер үстінің бір бөлігі.

Жердің құны, басқа да тауарлар сияқты, оның болашақта табыс көзі бола алатын ағымдағы кұндылығын көрсетеді. Коммерциялық пайдалануды көздейтін жер телімінен түсетін алдағы табыстар учаскені игеру мен пайдалану шығындарын шегеріп тастағандағы күтілген жалдау ақысының (шартты түрде есептеген рентаның) мөлшері деңгейінде болады.

Меншікті бағалаудың батыстық үлгісінде олар шартты түрде үш сыныпқа бөліне қолданылады: салыстырмалы, табысты, нормативті. Бұл әдістер кез келген жылжымайтъш мүлікті, оның ішінде өндірістік және өнеркәсіптік мақсаттағы жер телімдерін бағалау үшін де пайдаланылады.

Салыстырмалы әдісті қолдану кезінде бағалаушы ең алдымен жылжымайтын мүлік рыногындағы жер телімдерінің нақгы саудасына зер салады да салыстыру мақсатына қажетгі рыноктық ақпаратгарды жинақгайды. Ол ақпараттар катарында сату бағасы, жалдау ақысының мөлшері сияқгы көрсеткіштер болуы тиіс. Одан кейін мәмілелерді жасау барысында осы ақпараттарды объектілерді бағалау үшін пайдалану мүмкіндіктері карастырылып, олардың дәлдігі мен ақылға қонымдылығы тексеріледі. Соңында ұқсас объектілер мен бағалау объектілерінің айырмашылықтарына қажетті түзетулер енгізіледі. Бұл түзетулер жер телімдерінің көлеміне, орналасуына, жер картасының типіне, рельефіне, экономикалық жағдайына т.с.с. қатысты жасалады. Салыстырмалы әдістің артықшылығына оны пайдаланудың карапайымдылығы жатады. Кемшілігіне салыстыруға болатын керсеткіштердін тапшылығы себепті туындайтын қиыншылықгар мәселесі кіреді [22].

Табысқа байданысты әдіске ең алдымен, жер рентасын капиталдандыру әдісін жатқызуға болады. Жер рентасын капиталдандыру әдісін жер телімін ғимараттар мен құрылғылардан бөлек жалдау жағдайында қодданған тиімді. Бұл жағдайда жалдаушыға мүліктің әрбір түрі үшін салық және басқа да шығындарды көтеру жауапкершілігі жүктеледі. Келісім шарттары жалдау рыногындағы ситуацияны дәл аңғарып, тап басқан болса, онда жер үшін жалдау ақысын тікелей капиталдандыруға қол жеткізіледі.

Жер телімін бағалаудың нормативтік әдістері катаң пайдалануға негізделген. Жер бағасын нормативтік белгілеу тек мақсатты түрде қолданылады және оны қолдану уақытша және амалсыз жүзеге асырылады, себебі нормативтік әдіс жер кэтынастарын реттеуге арналған және жер рыногының орнығып, дамуы үшін пайдаланылатын әлеуметтік шара болып табылады. Сонымен, жердің нормативтік бағасы пайдалану мақсаттары ұқсас жер телімдерінің рыноктық бағаларының 75%-ынан аспауы тиіс. Яғни, жердің нормативтік бағасы жаппай бағалау нәтижесі болуы қажет, мүның өзі шын мәнінде әділдікке жол сілтер шаралар болатындығы анық. Дегенмен, жердің нормативтік бағасын аныктаудың қиындығы да едәуір, бүның өзі дамыған жер рыногының кзлыптасып болмауымен түсіндіріледі: жердің кешенді негізделген рыноктық бағасының болмауы оның нормативтік бағасын жасауға қиыншылық тудыратыны баршаға белгілі мәселеге айналып тұр.

 

1.3. Жер нарығын мемлекеттік  басқаруды құқықтық реттеу механизмі  және оны жүзеге асырудың жолдары

 

Елімізде жер нарығын мемлекет тарапынан құқықтық жолмен реттеу тәртібі арнайы бекітілген заңнамалардың көмегімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен “Қазақстан 2030 жылға дейін даму бағдарламасына” сәйкес елді дамытудың негізгі мақсаты-Қазақстанның барлық халықтарына экономикалық және әлеуметтік жағынан қолайлы жағдай жасау мен ұлттық бірлікте демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет және саяси тұрақтылықтағы егеменді мемлекет құру. Нарықтық экономика тұсында қоғамдық қатынастарды дамыту, оның ішінде жер қатынастарын құқықтық реттеудің маңызы зор. Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаты-жер ресурстарын ұтымды пайдалану және өтімді пайдалану, жер нарығы мен жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қатынастарын реттеy саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралардың кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу; 3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындау мен жерді қорғаныс және қауіпсіздік қажеттері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; 4) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін құжаттардың нысандарын бекіту; 5) облыстық өкілді және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңірегінде қала маңы аймақтарын белгілеу мен өзгерту; 6) жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және осы аумақтардың резервіне қалдыру тәртібін, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту; 7) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту; 8) жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу; 9)облыстардың және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу; 10) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жүктелген өзге де функциялар [23,24].

Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың астананың) өкілдік және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оның аффнлирленген тұлғаларында жеке меншік құқығында белгілі бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілейді. Бұл жер қатынастарының барлығы Қазақстан Республикасының жер ресурстарын мемлекеттік басқаруға жатады және ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Жер кодексіне және өзге де заң актілеріне сәйкес жерге мемлекеттік меншікке қатысты билік жүргізу функциясын да жүзеге асыра алады. Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен әкімдердің құзыреті:

а) Жергілікті өкілдік органдардың және өзін-өзі басқару органдарының құзыреті. Жергілікті өкілді органдардың тиісті аумақтарда жер қатынас-тарын реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) басқа да табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекіту; 2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекіту; 3) жергілікті бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі шығыстарды бекіту; 4) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйі туралы есептерін тыңдау; 5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараны белгілеу туралы шешімдер қабылдау; б)ҚР Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының зан актілерінде олардың құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жер заң актілерінде белгіленгеи өкілдеттіктер шегінде тұртын халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті өкілдік орғандар өз қызметінде жер қатынастарына билік жүргізу құқығына ие болмайды. Бұғін мына жағдай жатпайды: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінін шекті (ең жоғары) мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстық; (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен белгіленеді. Өкілдік және атқарушы органдар өздерінің бірлескен ұсыныстарының негізінде ҚР Үкіметіне Қазақстан Республикасының азаматтарында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оныц аффилиирленген тұлғаларында жеке меншік құқығында белгілі бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті оң жоғарғьі) мөлшерін белгілеуі туралы өтініш жасауы мүмкін. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен суармалы жерлерді пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, суармалы жерлердегі ауьл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленуі мүмкін.

ә) Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының құзыреті. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық- астананың) атқарушы органның жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) басқада табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзірлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; 3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру; 4) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру; 5) мемлекеттік ғылыми-зерттеу, oқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми ұйымдары мен олардың тэжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлері үшін жерді резервте сақтау; 7) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын габиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердің барлық санаттарынан жер учаскелерін беру және алып қою соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; 8) Қазақстан Республикасы Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген құзыретіне сәйкес аудандар арасындағы жер қатынастарын реттеу; 9) орман қоры жерін қоспаганда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; 10) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін жер ресурстарын пайдалану мен қоргауды үйлестіру, оған басшылық ету және бақылау жасау; 11) ҚР Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының заң актілерінде оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер [25,26].

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретіне мыналар да жатады: 1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру; 2) мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; 3) тиісті өкілді органның бекітуі үшін оларға әкімшілік бағыныстағы елді мекендер аумағының жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын қамсыздандыру.

Атқарушы органның басшысы жер қатынастарын мемлекетті реттеу функциясын жердің меншік иесі-мемлекеттің атынан жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік органдардың құзыреттілігі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында кеңірек көрініс тапқан. Аудандық (қалалардагы аудандардан басқа) атқарушы органдардың құзыреті. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыреті елді мекендер жерін қоспағанда, аудан шекарасының шегінде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады: 1) басқа да табиғат қорғау шараларының кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуымен қамтамасыз ету; 2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құэырына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекен аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 3) арнайы жер қорын құру;1

Қалалық атқарушы органның құзыреті. Облыстық маңызы бар қалалық атқарушы органының қала шекарасының, (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) басқа да табиғат қорғау шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі қалалық бағдарламаларды әзірлеп, тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз eту; 2) тиісті өкілді органның бекітуі үшін өзіне әкімшілік бағыныстағы елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

Аудандық маңыэы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою оның ішінде сатып алу арқылы алып қою мәселелері жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық өкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құқықтық жағдайы және олардың құзыретіне мыналар жатады: 1) жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; 2) жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 3)мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру; 4) жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру; 5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау; 6) жерді аймақтарға бөлу негізінде оның пайдаланылуын жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекарасын белгілеу; 7) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау; 8) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау; 9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру; 10)жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; 11)жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;12)пайдаланылмай жатқан жерді және Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жерді анықтау; 13) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қолдану; 14) жерді пайдалану мен қорғау мәслелеріне қатысты респубкалық облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалармен жобаларға сараптама жүргізу; 15) егер құрылыс, пайдалы қазбалар мен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру; 16) Қазакстан Республикасының жер заңдарын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұcқaмалap беру: 17) Қазакстан Республикасының жер заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 18) ҚР жер кодексіндегі және Қазақстан Республикасының заң актілерінде олардың құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер [27,28].

Уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары өз қызметін Қазқстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жергілікті жерлердегі органдары туралы жаппы ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашада қабылданған қолданыстағы № 1776 ережесіне Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін заңнамада көзделген жағдайларда арналған атқарушы, рұқсат беруші және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар жер ресурстарын мемлекеттік басқару, топографизлық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар, олар заңды тұлғалар болып табылады. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ жоғарыда аталған ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеде агенттіктің негізгі міндеттері көзделген, функциялары, құқықтары және басқа да қызмет түрлері белгіленген. Агенттіктің ережеде белгіленген міндеттері мен функциялары жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті жерлердегі органдарының Қазақстан Республикасы жер кодексінде көзделген құзыретімен дәлме-дәл келеді. Агенттіктің тек кейбір функциялары ғана Қазақстан Республикасы жер кодексінде аталмаған. Мысалы, жерлер және оларды санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларына байланысты бөліп беру туралы, жерді пайдалану мен қорғаудағы мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қалпына келтіру туралы, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есеп жасау, атқарушы органның қарауына жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын заңнамада көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы ұсыныс жасау, атқарушы органның жер заңдарына қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныс жасау және т.б.

Есін енді жинаған халық нарықтың парығын түсінген. Жердің қадірі енді білінді. Таң атпаймын десе де күн қоймайды емес пе. Жер дегеніміздің планета үстіндегі адамдар қызметінің, тұрмыс-тіршілігінің өзегі болып табылатын, ең маңызды табиғи ресурс екенін ескеруіміз керек. Жер-адамзат күнкөрісінің басты көзі, өндірістің негіздерінің негізі. Қазақта жер дауы және жесір дауы ежелден бар дүние. Республикамызда жер кодексі жарық көргеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ осы ескі ауру қайта қоза түскендей болып отыр. Әрине мұны жаңа заңның жамандығы немесе қажетсіздігі деп түсінбеуіміз керек. Мәселе сол заңның әрекет ете бастауында болып отыр. Өйткені, заң күшіне енген сәттен бастап жердің қадір-қасиеті артты, экономикадағы ең басты нысан, мәселелердің мәселесі болып есептелетін жер де енді айналысқа түсе бастады. Бір есептен алғанда бұған қуатымыз керек. Өйткені мына нарық заманында дүниедегі барлық заттың иесі болып тұрып, сол барлық затты өндіретін жердің иесіз қалуы тиісті емес қой. Жер мейлі мемлекеттік меншіктік нысан болып табылса да оған азаматтардың иелік көзқарасы қажет. Жер иелігіне құқық беру мәселесі де жаңа заңда осыған орайлас орынды қозғалған деп ойлаймын. Жаңа заңның тағы бір жағымды жағы, ол Қазақстан азаматтарына жер иеленуде артықшылық жағдайын берді. Заңда кез келген кәмелет жасына толған Қазақстан азаматына қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ауыл шаруашылығына жарамды жерлерден жер бөліп беру мүмкіндігі көзделген. Ал сол азамат өзіне жер ала-алмай отырса, ол өзінің мүмкіндігін заңды негізде дұрыс пайдалана алмауынан және жергілікті жерлердегі жерге қатысы бар мемлекеттік шенеуніктердің тарапынан болатын келеңсіз жағдайлардан туындайды. Сонда қазіргі даулар біздің байқауымызша, жердің тапшылығынан немесе жоқтығынан емес, қайта мемлекет су тегін бөліп берген сол жерге дұрыс иелік жасай алмаудан, әйтпеген жағдайда қолындағы құқықты дұрыс жүзеге асыра білмеуден келіп туындап отыр. Ал бұл ойландыратын және үкіметтің назарын аудартуға әбден лайық мәселе. Неге ? Себебі, бұл мәселе күні ертең жаппай құбылыстық сипат алып, асқына түсуі мүмкін. Осы уақытқа дейін жер әділ бөлінді ме, бөлінбеді ме, біз бұл туралы ештеме айта алмаймыз. Оған жаңа заң да толық жауап бере алмас. Себебі бұл заң Қазақстандағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің басым бөлігі иеліктерге бекітіліп бергеннен кейін күшіне енген болатын. Демек ендігі мәселе ауылды жерлерде мал бағып, егін еккен қарапайым адамдар сол өздеріне бекітілген жерлерден күні ертең айырылып қалмай ма деген сұраққа тіреледі [29,30].

Информация о работе Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері