Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Макта.doc

— 521.00 Кб (Скачать файл)

Ұйымдастыру, экономикалық –құқықтың іс-шараларды нақты жүзеге асыру арқылы ірілендірілген агроқұрылымдардың жалпы өнімі бастапқы кезеңде 15-50,5 млн болса, келешекте бұл көрсеткіш 52,4-93,6 млн. тенгеге жетеді. Жалпы саланың кешенді және серпінді дамуына, өз ретінде малшаруашылығын қолдауға да тұрақты негіз бола алады.

Мақта саласының ұлғайып ұдайы дамуы ирригациялық- мелиоративтік жүйелерді жетілдіруге, жердің құнарын арттырып, қазіргі заманғы өндірісті және әлеуметтік инфрақұрылымды- жол, білім беру, денсаулық, «таза ауыз су», тағы басқа шаралар бойынша бағдарламаларды  дамытуға да мүмкіндік береді.

Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдар мақтаны бастапқы қайта өңдейтін, мақта өнімдерін жеткізіп берудегі маркетингтік іс-әрекеттерді бірлесіп жүзеге асыруда рынокта тең құқықты партнер болып  қалыптасуға ықпал жасайды.

 

3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын  дамыту жобасы.

Мақта кешенін дамытуда өндірістік  агроқұрылымдардың оңтайлы (іріленген) параметрлері және тиімді ұйымдастыруда маңызы бар.

Мақта саласына мамандандырылған суармалы жердегі қосалқы сала мал шаруашылығын дамытуға жем-шөп қорының жетімсіздігі шектеу болып тұр.  Оңтайландырылған (ірілендірілген) өндірісті мақта-жоңышқа-жүгері  ауыспалы егістік жүйесі негізінде оның әлеуетін қосалқы саланы дамытуға тиімді пайдалану мүмкіндігі туындайды.

Ауыспалы егіс жүйесіндегі дақылдар құрылымы: жоңышқа, жүгері жем-шөп қорын жасап малшаруашылығын дамытуға: сүт және ет өнімдерін арттыруға қолайлы өндірістік –экономикалық жағдай туғызады.

Ұсынылып отырған егістік құрылымы бойынша 1 га түсетін жем-шөп шығыны 100ц жем –шөп бірлігіне тең, соның ішінде жоңышқадан –40ц жем-шөп бірлігі, жүгері дәні және паясынан –60ц ж.ш.бірлігі. Егер  егістік құрылымы 65 га мақта алқабы, 25га жоңышқа және 7,5 га жүгері болса 65-70 бас шартты ірі қара малды жем- шөппен  қамтамасыз етуге болады, соның ішінде 25-30 сауын сиырды. 

Жем-шөп өндірісінде тойымды қоректі заттардың (белок, протеин тепе-теңдігі) артуы арқылы бір сауын сиырдан алынатын сүт 2500-3000 кг жетеді. Сондай-ақ өгізшелерді бордақылауды ұйымдастыру ет өнімін 1,2-1,5 есеге арттырады.

  Агроқұрылымда мақта-сүт-ет өндірісін кешенді ұйымдастырып  сапалы және арзан өнімге қол жеткізу үшін механизация деңгейін жоғарылату, технологиялық операцияларды орындайтын мәшинелер жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.

Әсіресе жем-шөппен дақылдарын баптайтын, жинайтын, ұсатып дайындайтын  техникамен қамтамасыз ету өте маңызды мәселе.

 

Мақта кешеніндегі ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп өндірісінің тепе-теңдгі

                                                                                                    кесте-19

1- Бастапқы кезең

Параметр өлшемдері

Орта   тауарлы агроқұрылымдар  жем-шөппен өндірісі, варианттары

1

2

3

4

І. Жоңышқа (құрғақ шөбі), га

50-75

75-100

100-125

125-150

өнім, ц/га

80,0

80,0

80,0

80,0

Жалпы өнім, тонна

400-600

600-800

800-1000

1000-1200

Жалпы жем-шөп бірлігі, ц ж/ш бірлігі

2000-30000

3000-4000

4000-5000

5000-6000

ІІ. Жүгері дәні үшін, га

15-25

25-30

30-38

38-45

Дән өнімі, ц/га

40,0

40,0

40,0

40,0

Жалпы өнім, тонна

60-100

100-120

120-152

152-180

Жалпы жем шөп бірлігі, ц ж/ш  бірлігі

630-1050

1050-1260

1260-159,6

159,6

ІІІ. Майдаланған  жүгері паясы, өнімі, ц/га

120,0

120,0

120,0

120,0

Жалпы өнім, тонна

180-300

300-360

360-456

456-540

Жалпы жем-шөп бірлігі, ц ж/ш бірлігі (К-0,10)

180-300

300-360

360-456

456-540

Барлық жем-шөп бірлігі, ц ж/ш бірлігі

2810-4350

4350-5620

5620-7052

7052-8430

1 бас ірі қара малға  жем-шөп шығыны, ц

21

21

21

21

Ірі қара малдың бас саны

134-207

207-268

268-336

336-400

Соның ішінде сиырлар (33,0%)

44-68

68-88

88-110

110-132

1 сиырдың өнімділігі, кг

2500

2500

2500

2500

Жалпы сүт өндірісі, тонна

110,0-170

170-220

220-275

275-330




 

Негіздеу: МҚМ АӨК ҒЗИ бекіткен нормативтерге сәйкес автор құрастырған.

 

Мақта кешеніндегі ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп өндірісінің  тепе-теңдігі

                                         кесте – 20

2- Болжаудағы кезең

 

Ірі тауарлы  агроқұрылымдардағы жем-шөп өндірісі, варианттар

1

2

3

4

1. жоңышқа (құрғақ шөп), га

150-175

175-200

200-225

225-250

Өнімі, ц/га

90

90

90

90

Жалпы өнім, тонна

1350-1575

1575-1800

1800-2025

2025-2250

Жалпы жем-шөп бірлігі, ц ж/ш бірлігі

6750-7875

7875-9000

9000-10125

10125-11250

ІІ. Жүгері дән үшін, га

45-53

53-60

60-68

68-75

Өнімі, ц/га

50,0

50,0

50,0

50,0

Жалпы өнім, тонна

225-265

265-300

300-340

340-375

Жалпы жем-шөп бірлігі, ц жем-шөп бірлігі

2363-2783

2783-3150

3150-3570

3570-3938

ІІІ. Жүгері паясы  өнімі. ц/га

120

120

120

120

Жалпы өнім, тонна

1800-2100

2100-2400

2400-2700

2700-3000

Жалпы жем-шөп бірлігі, ц ж/ш бірлігі

1800-2100

2100-2400

2400-2700

2700-3000

Барлық жем-шөп бірлігі, ц жем/ш бірлігі

10913-12758

12758-14550

14550-16395

16395-18188

1 бас ірі қара малға  жем-шөп шығыны,ц

21

21

21

21

Ірі қара малдың саны

520-608

608-693

693-780

780-866

Соның ішінде сиырлар (33,0%)

172-200

200-230

230-257

257-286

1 сауын сиырдың өнімділігі, кг

2500

2500

2500

2500

Жалпы сүт өндірісі, тонна

430-500

500-575

575-642

642-715


 

Негіздеу: МҚМ АӨК ҒЗИ бекіткен нормативтерге сәйкес автор құрастырған.

 

Жоғырдағы № 19,20 кестелерде мақта кешеніндегі ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп өндірісінің тепе- теңдігінің есептеулері келтірілген.

   Орта тауарлы агроқұрылымдарда ірі қара малдың басын 134-400 ге, соның ішінде сауын сиырдың 44-132 ге дейін жеткізуге болады. Сүт өндірісін 110-330 тоннаға дейін.

Ірі тауарлы агроқұрылымдарда ірі қарамалдың басын 520-866ға, соның ішінде сауын сиырдың саны 172-286ға, сүт өндірісі 430-715 тоннаға дейін жетеді.

Мақта  кешенінде мал шаруашылығын дамыту жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар мақта саласында  маусымды жұмысшылар күз-қыс айларында қосымша жұмыспен қамтылды, табыс табады.

Малшаруашылығын өнімдерін бастапқы және терең өңдеу үшін бірнеше кәсіпорындар ашуды қажет болады.

Мақта кешенін дамыту бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың азық- түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және мақташылардың табысын  молайту т.с.с.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1.  Мақта саласындағы өндірістік агроқұрылымдардың тиімділігі негізінен оңтайландырылған (ірілендірілген) шаруашылықтар есебінен қамтамасыз етіледі. Олар өндірісті мамандандыру мен шоғырландыру әлеуетіне ие.

Олардың капиталға инвестицияны және озық технологияны пайдалануда, саланы рационалды ұйымдастырып, өндірістің пайдалылығын арттыру мүмкіндіктері бойынша бірқатар артықшылықтары бар.

2. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласындағы агроқұрылымдардың басым бөлігі жалпы өнім көлемі, егістік жер өлшемдері, өндірісті мамандандыру деңгейлері бойынша ұсақтауарлы бытыраңқы  құрылымдар болып қалыптасқан:

  • 30,9 мың агроқұрылымның біреуінің орташа жалпы өнімінің құны 0,4-0,8 млн. тенгеден аспайды.
  • 79,3% агроқұрылымдардың егістік көлемінің өлшемдері 10 га-ны құрайды және  одан артықтары тек 10,3% тең.
  • Мақта кешенінің егістік құрылымында мақта монодақыл болып қалыптасқан, оның үлесі 87,6%. Жоңышқа және басқа дақылдарды орналастырудағы біржақтылық ауыспалы егіс жүйесін қалыптас-тыруға кереғар болып, жердің құнарлылығын арттыруға және мал шаруашылығына жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік бермей отыр.

3. Мақта өсіретін агроқұрылымдарды ірілендіру (оңтайландыру) екі кезеңде (І-ІІ) жүзеге асырылады. Негізгі мақсатқа жету, яғни бәсекеге қабілетті және тиімді шаруашылықтар ұйымдастыру үшін:

  • суармалы жерде мақта саласына ғылыми негізделген шаруашылықты жүргізу және мамандандыру бойынша кешенді жүйені енгізу қажет;
  • жер пайдалану мөлшерін оңтайландыру (ірілендіру) және тиімді дақылдар құрылымын орналастыру арқылы мақта-жоңышқа –жүгері ауыспалы егіс жүйесін қолдану тиімді;
  • нарықтық қатынастар жағдайында мал шаруашылығын ұйымдастыру және дамытудың маңызы зор;

4. Агроқұрылымдарды рациональды мамандандыру мәселелерін анықтаудың негізгі критерилері:

  • Қазақстанның Оңтүстігінде суармалы жердің өнімділігін арттыру мақсатында мақта және басқа да дақылдардың ауыспалы егіс жүйесіне негізделген оңтайландырылған (ірілендірілген) шаруа-шылықтарды екі кезеңде (І-ІІ) ұйымдастыру қажет;
  • Мақта кешенінде монодақыл жүйесін жою үшін агроқұрылымдар-дың егістік көлемі құрылымында 65-70% мақта, 25-30% жем-шөп дақылдар және 2-3% көкөніс, бақша, т.б. дақылдары орналастырылса оңтайлы егістік құрылымы қалыптасады.
  • Осындай құрылым өндірістік бағытқа сәйкес, 1 га егістіктің өнімділігін арттыруға, мал-шаруашылығын жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Осы негізде ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшем параметрлері өндірістік материалдық ресурстарды, техника мен технологияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

5. Мақта саласындағы ірілендірілген (оңтайландырылған) агроқұрылымдардың параметрлері статистикалық топтау және салыстыру, есептік – конструкторлық әдістермен анықталған. Бұл  варианттардың дұрыстығы Мақтаарал ауданындағы «Кетебай» өндірістік кооперативінің мысалында экономикалық –математикалық есептерді шешу арқылы негізделген. 

 

 Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың

 параметрлері

                                                                                    кесте-18

І. Мақта (бастапқы кезең –4 вариант)

Параметр өлшемдері

Орта тауарлы агроқұрылымдар  варианттары

1

2

3

4

Мақта алқабы, га

130-195

195-260

260-325

325-390

өнім, ц/га

24,0

25,0

26,0

27,0

Жалпы өнім, тонна

312-468

488-650

676-845

878-1053

Орташа жұмысшылар саны, адам

26-39

39-52

52-65

65-78

Жалпы өнімнің құны, млн.тенге

15,0-22,5

22,5-31,2

31,2-40,6

40,6-50,5

1га мақта алқабынан  түсім, мың.тенге

115,2

120,0

124,8

129,6

1 орташа жұмысшыға түсім, мың тенге

576,9

576,9

600,0

624,6

1 тонна шитті мақтаның  сату бағасы, мың тенге

48,0

48,0

48,0

48,0

1 тонна шитті  мақтаның  өзіндік қүны, мың.тенге

44,0

40,0

38,0

37,0

Пайдалылық деңгейі, %

9,1

20,0

26,3

29,8

Информация о работе Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері