Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Макта.doc

— 521.00 Кб (Скачать файл)

 Бұл өлшем шаруашылықтың  техника және технологиялармен  қарулану деңгейіне қарай өзгеруі  мүмкін.

Ресейдің белгілі экономист – ғалымы А.В. Чаянов осы мәселеде мынадай тұжырымдама айтқан: «Егер шаруашылықты оңтайлы мөлшерде ұйымдастырмақшы болса, оның бастамашыларына қажет болатын жер, капитал және еңбек қолы жетіспеуі мүмкін. Мұндай жағдайда шаруашылық ең төменгі көрсеткішке ие факторға сәйкес ұйымдастырылуы керек» [4]

Біз қарастырып жатқан жағдайда агроқұрылымдарды ірілендіруді техника,  яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеу арқылы өзге параметрлерді - жер көлемін, адам санын анықтауға болады. Сондықтан шаруа қожалықтары ірілендіріліп қауымдасқан жағдайда мысалы, жалпы егістігі  80-га болып, мұның 60 га мақта немесе 1 баптау тракторының (МТЗ-80х) бір жылдық жүктемесіне тең болуы керек.

 

2.2. Суармалы жердегі  агроқұрылымдарды ірілендірудің  қағидалары мен тәжірибесі

 

«Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу экономика институтының» зерттеулері мен ұсыныстары  бойынша өндірісті шоғырландырудың бірнеше деңгейлері белгіленген. Олар - ең төменгі, рациональды және оңтайлы. Ең төменгі деңгейі-  кешенді мәшинелер жүйесімен озық технологияны пайдаланудың мүмкін болмауы. Ал, рациональды және оңтайлы деңгейлерде орта, сондай-ақ  ірілендірілген шаруашылықтардың барлық артықшылықтарын толық пайдаланудың мүмкіндіктері  болады. [6]

Келешекте мақта саласына пайдаланылатын суармалы жерлерге иелік ететін орта және ірілендірілген агроқұрылымдарға төмендегі жағдайларды ескерту қажет:

  • табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми-негізделген құрылымда  қалыптастыру;
  • жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін ендіруді қолға алу;
  • су және мелиоративтік  жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып су пайдаланумен  жер асты минералды суының деңгейін төмендетудің тиімділіктерін арттыру.

Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат жағдайларына орай  төрт аймаққа бөлінеді: [9]

Мырзашөл аймағына –Мақтаарал

Орталық аймаққа –Бөген, Арыс, Шардара

Түркістан аймағына –Түркістан, Ордабасы

Келес аймағына- Сарыағаш ауданы

Олардың ішінде ең үлкені Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -2/3 бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі жер бетіне 1,5-2 м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға қарағанда мақта үшін қолайлы.

Орталық аймақтың жері сұр топырақты сазды, жердің сорлану деңгейі төмен, кейбір өңірлерде жер асты суы тереңде жатыр, желді күндері көп.

Түркістан аймағының жері құмшауытты және сұрғұлт топырақты аралас. Жылына  180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.

Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым. Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.

Осы аймақтардың барлығындағы суармалы жерлер мақта саласына  мамандандырылған. Сонымен қатар басқа да дақылдар өсіріп мал шаруашылығын (ірі қара, сүт өндіру бағытында) дамытуға қолайлы.

Агроқұрылымдардың өлшем параметрлері осы мақта саласына мамандандыруға бейімделген жағадайда анықталуы керек. Өндірістегі қолда бар техника мен және технологияны пайдаланудың деңгейін есепке алып, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланумен бірге өндірістік факторлардың тиімділігін арттыруда негізгі бағыт болуы керек. Әсіресе, жер, материалды-техникалық құралдар мен еңбек ресурстары, тағы басқалар.

Агроқұрылымдардың оңтайлы (оптималды) өлшемдерінің критериі - ең жоғарғы өндірістік нәтижелерге жету, өндірістің жоғарғы еңбек өнімділігі мен пайдалылық деңгейін арттыру.

Өндірістік факторлардың ішінде агроқұрылымдардың жер көлемінің маңызы ерекше. Бізге  белгілі, жер ауыл шаруашылығындағы  негізгі құрал. Жердің  мөлшеріне қарай өнім, техника және еңбек ресурстары анықталады.

Мақта саласындағы агроқұрылымдар  жер көлемінің 65-70% мақта, қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта- жоңышқа ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса өнімдіділіктіде 3-4 центнерге арттырады. [8] Сонымен қатар мал шаруашылығын кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.

Агроқұрылымдарды ірілендіру үдерісінде ең төменгі және жоғарғы өлшем параметрлерінің критерилерін белгілеу керек, яғни бұл критерилерден кем немесе, артық болса да өндірістік –экономикалық  көрсеткіштер төмендеп, тиімсіз болады. Агроқұрылымдардың өлшем параметрлері критерилерінің деңгейін анықтауда өндірістің интенсивтік деңгейі мен  басқарудың оңтайлылығын есепке алған жөн.

РМК «АӨК кешенін және ауылдық аумақтарды  дамыту ғылыми –зерттеу экономика институтының» зерттеулері бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының рациональды өлшемдерін анықтаудың бірнеше әдістері тұжырымдалған. [6]

1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының көптеген тәжірибесін зерттеу және жалпы тұжырымдау әдісі. Бұл әдіс жылдық есептерді статистикалық өңдеу негізінде жүзеге асырылады. Зерттеулер табиғи- шаруашылық өңірлер бойынша мамандандыру мақсатында   жүргізіледі.

Көптеген есептік мәліметтерді зерттеп - өңдеу шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері қаншалықты жер, жалпы өнім көлемдеріне және тауарлы өнімге, мал басына, жұмысшылар санына тікелей байланысты екендігін анықтау мүмкіндігін береді.

Кәсіпорындардың жылдық есептерін статистикалық өңдеу, зерттеулердің негізінде межелер бірнеше жылдар бойы орындалса тұрақты көрсеткіштер шығаруға болады. Сонымен қатар статистикалық әдіс белгілі бір шектеулерге ие. Бұл әдіс бойынша болжаудағы мерзімде кәсіпорынның дамуымен өндірістік технологияны жетілдіруде техникалық прогрестің оптимальды өлшемдерін анықтауға тікелей жауап бере алмайды. Сондықтан статистикалық әдіспен қатар монографиялық зерттеулер әдісін пайдалану ұсынылады. Бұл әдістің артықшылығы- шаруашылықты жүргізуде жоғарғы нәтижелерге жеткен жеке  шаруашылықта өткізілген тәжірибенің нақтылығында.

2. Есептік –конструктивтік әдіс. Бұл  әдістің мәні сол, біріншіден өндірісті рационалды ұйымдастыруға  мүмкіндік береді, яғни жер өңдеу және малшаруашылығы жүйелерін, егістік алаңдарының құрылымын, технологияны, механизация деңгейін, басқаруды есепке ала отырып мамандандырады.

Белгілі бір анықталған мамандандыруға бейімделген жағдайға қарай жер өңдеу және мал шаруашылық жүйесі таңдалады. Соған сәйкес егістік және түлік құрылымы, ең тиімді ауыспалы егіс жүйесі және жем-шөппен қамтамасыз ету, прогрессивтік агротехника және малды бағу тәсілі, технологиялық жұмыстарды механизациялаудың деңгейі белгіленді. Осы жағдайларға қарай жалпы өндірістің өлшемдері анықталады. Сонымен қатар өзге де варианттар есептеулер және экономика- математикалық әдістер қолданылуы мүмкін.

Біздің зерттеулерімізбен тұжырымдамамыз бойынша мақта саласының ерекшеліктерін айқындауда: табиғатты, ауаның температуралық режімін, еңбек сыйымдылығының  жоғарылығын және ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін, оның сезімталдығын ескере отырып статистикалық- монографиялық, сондай-ақ есептік – құрылымдық әдістерді бірдей қолдану объективті  дәл нәтижелер береді.

Осы мақсатта Мақтаарал ауданындағы «Мақтаарал» кеңшарының мақта өсіретін бригадаларды ірілендірудің тиімділігі бойынша тәжірибесі мысал ретінде келтіріледі.  «Кетебай» өндірістік кооперативінің және «Хает» шаруа қожалықтар өзге де қауымдастығының  оптималды параметрлерін негізге ала отырып орта, ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдеріне жоба жасалды.

 

2.3. Ірі агроқұрылымдардың  артықшылықтары: “Мақтаарал” кеңшарының  ірілендірілген бригадаларының, «Кетебай»  ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері

 

Көп жылдық ізденістерімізбен зерттеулеріміздің нәтижесіне және мақта өсіретін ірілендірілген (оңтайландырылған) шаруашылықтардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.

“Мақтарал” кеңшарында бригадаларды ірілендіру бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылған. Мұның  ең соңғысы 1973 жылы “Кешенді механизациялау бригадалары” деп аталған. [7]

1973 жылы әрбір бригадаға 200-250 гектар мақта алқабы бекітілген. 2 жер жырту тракторы, 3 баптау, 2 тасымалдау  тракторлары, 2 жаңбырландыру қондырғысы, 5 мақта теретін мәшинелер, 16 тіркеме және басқа техникалары болды.

Қажетті мөлшердегі техникамен қамтамасыз етіліп, механизатор мамандарының кәсіби деңгейінің жоғарылығы әрбір жұмысшыға жүктемені 6-8 гектарға жеткізуге, сонымен қатар  гектарынан 35-42 центнер өнім алуға қол жеткізілді. Ірілендірілген бригадалардың артықшылығы сол техниканы, жұмысшы күшін қажет кезінде ең жауапты учаскелерге шоғырландырып еркін түрде бағыттауға, пайдалануға мүмкіндік болады. Ірілендірілген бригадалар  мөлшерінің негіз жалпылама көрсеткіші –шитті мақтаның жалпы өнімі. Бұл көрсеткіш егістік көлемі, өндірістің интенсивтік деңгейі туралы тұжырымдама жасауға негіз болады. Жалпы өнімі көп және егістік мақта алқабы үлкен кешенді механизацияландырылған бригадаларда еңбек өнімділігі жоғары, ал шитті –мақтаның өзіндік құны төмен болады. Ірілендірілген бригадалардың артықшылығы әсіресе, мақта жинаумен мұнан соңғы кезеңдерде, яғни шитті мақтаның қалдығын  жинау, келесі жылдың өнімі үшін күзгі-қысқы жұмыстарды жүзеге асыруда байқалады. Мұндай ұжымдарда жиын-терімді конвейерлік әдіспен жүзеге асырып, өз күшімен қысқа мерзімде аяқтауға болады. 

Қазіргі кезде  Мақтаарал ауданында ірілендірілген 75 агроқұрылым жұмыс істейді, мұның 23-і өндірістік кооперативтер, 10 серіктестіктер бір- бірден акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын. Біздің зерттеу-леріміз бойынша «Кетебай», «АШМ-сервис Орталығы», «Жаңа жол» және «Арай» өндірістік кооперативтері жоғары өндірістік –экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген. Еңбек шығыны аз технологиялық операциялардың басым бөлігін механизация күшімен орындап,  өнімділігін арттырған.

  Ауданның «Қарақай» ауыл әкімшілігіне  қарайтын «Кетебай» өндірістік  кооперативі бұрынғы кеңшардың  бөлімшесі негізінде «Қазақстан  Республикасы кооперативтер туралы» заңына сәйкес құрылған өндірістік кооператив өзінің жарғысы бойынша анықталған мақсаттарға жету үшін төмендегідей қызметтерді атқарады:  [15]

  • ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, тұқымдық шитпен қамтамасыз ету;
  • халық тұтынатын тауарлар өндіру;
  • сауда –саттық қызметі;
  • сыртқы экономикалық қызмет;
  • коммерциялық және халыққа қызмет көрсету.

Кооперативтің 437 мүшесі пайға берілген жер және мүлік үлестері біріктірілген. Өдірістік кооперативтің барлық жер көлемі 1125га, мұның 1006 гектары суармалы егістік. Ағын су К-25-1, К-25-2 шаруашылықаралық каналдары арқылы беріледі. Сонымен қатар 4 км ішкі ирригациялық жүйесі, 3 км қашыртқы - дренаж жүйесі бар.

Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ӨК-тің төмендегідей құрылымдық схемасы қабылданған.

 

«Кетебай» өндірістік кооперативінің құрылымдық схемасы




 

 



 


 

 

 


 




 




 

 

 

Негіздеу: зерттеулердің нәтижесінде автор құрастырған.

 

«Кетебай» ӨК ауылшаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру құрылымында бірқатар ауытқулар бар. Дегенмен  мақтаны монодақыл етпеген.

 

«Кетебай» ӨК ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру құрылымы

                                                                                                  кесте – 6

 

Дақыл түрлері

2001

2002

2003

2004

2005

Орташа                      5 жылда

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Жер көлемі, га

Үлесі, %

Барлық егістік жер

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

Соның ішінде: мақта

950

91,4

899

86,4

916

91,0

900

86,6

880

85,0

910

87,5

Жоңышқа

90

8,6

100

9,6

90

9,0

100,0

9,6

124

11,5

100

9,6

Басқа дақылдар

-

-

41

4,0

34

3,0

40

3,8

36

3,5

30

2,9

Информация о работе Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері