Қанның буферлік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 15:27, реферат

Краткое описание

Буферлік жүйелердің адам ағзасы үшін маңызы жоғары. Адам қаны буферлік жүйелерге жатады. Адам ағзасында әсіресе, бүйректің бөліп шығару және өкпенің тыныс алу қызметтері үшін буферлік жүйелердің маңызы жоғары. Адам ағзасындағы сұйықтықтар (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа т.б.) қасиетінің бірі - олардағы сутегі иондарының тұрақты кон-центрациясын көрсетуі. Ағза сұйықтығының қышқылдылығының тұрақты болуының маңызы зор.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Буферлік жүйелер
В) Буферлік әсер
С) Буферлік сиымдылық
Д) Адам қанының буферлік жүйесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

қанның буферлік.docx

— 422.31 Кб (Скачать файл)

Қаны  I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV  топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататьш адамдарды өмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген — резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-). Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер — антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.

Қанның тобы мен резус-факгор белгілі заңдыпықпен тұқым қуалады. Мал қанының топтарында өлі күнге дейін белгісіз жәйттер көп. Мал эритроциттеріңде көптеген агглютиногеңдер болады, сондықтан қанды төрт топқа біріктіру мүмкін емес. Әрбір топты бірнеше агглютиногеңдер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жуйеге бөлінеді. Мәселен, ірі қарада 85 агглютиноген болғандықтан оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда -26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Патсаев Ә.Қ, Шитыбаев  С.А, Төребекова Г.А. «Физикалық және  коллоидтық химия» Шымкент, 2010 ж.154-163 бет

2.Патсаев Ә.Қ, Шитыбаев  С.А, Қ.Н. Дауренбеков «Бейорганикалық  және Физколлоидтық химия» Шымкент, 2004 ж.144-153 бет

3.Патсаев Ә.Қ, Жайлау С.Ж,  Шыназбекова Ш.С, Махатов Б.Қ, «Аналитикалық  химия» Шымкент, 2007 ж . 80-87 бет

4.Т.С. Сейтембетова «Химия», Алматы, Білім. 1994ж.

                                             Қаскелең


Информация о работе Қанның буферлік жүйесі