Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 14:49, дипломная работа

Краткое описание

Цель исследования: Выделение биологических активных веществ из цветков
топинамбура, исследование структуру и состава физико – химическими способами;
Задачи исследования:
 Исследовать химический состав цветка топинамбура ;
 Определить содержание макро и микро элементов;
 Определить аминокислотный состав из цветков тапинамбура;
 Биологические активные вещи выявлять и делить;
 Выделенный состав эфирного масла, исследовать физико - химическими способами;

Содержание

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………....7
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Топинамбурға жалпы сипаттама.....................................................................8
1.2. Эфир майларына жалпы сипаттама...............................................................10
1.3.Эфир майларын қасиеттері және химиялық құрамы...................................13
1.4. Эфир майларын алу әдістері, емдік қасиеттері, қолдану аясы........ ..........15
II.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Жұмыстың нысаны және бастапқы заттарға сипаттама..............................19
2.2. Топинамбур гүлінің сулы және спиртті ерітінділерінің рН-ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау.......................................................................22
2.3. Топинамбур гүлінің қышқылдылығын, С дәруменін, пектинді және илегіш заттарды титриметриялық әдіспен анықтау.........................................................26
2.4 Топинамбур гүлінің құрамындағы антоциандар, полифенолдар, фенол қышқылдары, каротин мен флаваноид мөлшерін фотоколориметрлік әдіспен анықтау.....................................................................................................................34
2.5. Топинамбур гүлінің құрамындағы белок мөлшерін Къельдаль әдісімен анықтау.....................................................................................................................40
2.6. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын анықтау……....42
III.ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1. Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау ..................................................... 44
3.2. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтерді анықтау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау .......................................51
3.3. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын талдау....... ....53 3.4 Эфир майын топинамбур гүлінен бөліп, құрылысын, құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау...........................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………........ ........69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................70

Вложенные файлы: 1 файл

Илигай диплом.docx

— 1.94 Мб (Скачать файл)

Лаванда, жалбыз, шалфей, эвкалипттердегі эфир майының мөлшері 100 куб. м3-ге 20-60 мг. Ауаның электрлік күйін жақсартады, оның құрамындағы ауыр иондардың мөлшерін азайтады және өкпенің жұмысын жақсартады.

Жоғарыда аталған өсімдіктердің үйлесімдік мөлшері бойынша ағзаның көтерілген артериалды қысымын төмендетіп, керісінше төмендеген артериалық қысымын қалпына келтіреді, жүректің соғу қабілетін жақсартады, тахикардия (жүрек соғысының жиілігі) мен брадикардияны (жүрек соғысының баяулауы)  қалпына келтіреді, аритмияны төмендетеді. Сондықтан да жүрек-қантамыр ауруларына, әсіресе гипертониялық ауруларда емдікдік препарат есебінде қолданады.

Тимяннан алынған эфир майы бронхит пен өкпе қабынғанда  емдік мақсатта тиімді қолданылады  (Ткаченко и др. 1999)

Ароматерапияда ағзаға эфир майларын енгізу үшін ингаляция, ванна сияқты көптеген әдістер қолданылады [23,24].

       Эфир майының сапасы мен тазалығын білу үшін оның құрамы мен химиялық қасиеттерін білу керек.

Хош иісті  (ароматты) майлар құрамына сутек, көміртек, оттегі кіретін қосылыстардан тұрады. Бұл қосылыстар екі топқа бөлінеді: терпендерден тұратын көмірсулар (монотерпендер, циклді терпендер, дитерпендер) және құрамында оттегі бар (оттекқұрамдас) қосылыстар (эфирлер, альдегидтер, кетондар, спирттер, фенолдар, оксидтер (кейде лактондар мен азот, күкірттің қосылыстары да кездеседі).

Терпендер. Терпенді көмірсуларға лимонен (құрамында 90% цитрус майлары бар антивирусты зат), пинен (қарағай майында көп болатын антисептик), камфен, кадинин, кариофиллин,цедрин, дипентен,фелландрин, терпенин, сабинен, мирцин жатады. Бұл терпенді қосылыстардың кейбіреулеріне  асқынуға қарсы және бактерицидтік әсері күшті қасиеттер тән.

Эфирлер. Ароматты майларда кездесетін негізгі өкілдердің бірі. Оларға линалин ацетат (бергамот, мускатта, шалфейде, лавандада болады) және геранил ацетат (майоранда бар) жатады.Эфирлер саңырауқұлақққа қарсы және тыныштандыратын қабілетке ие, иісі жеміс-жидектерге ұқсас.

Альдегидтер. Цитраль, цитронеллаль, неральдар лимон иісі бар майлардағы (мелисса, лимон шөбі, лимонды эвкалипт, цитронелла) негізгі альдегидтер болып табылады. Альдегидтер–антисептикалық, седативті қабілеттерге ие.

Кетондар. Кетондар-хош иісті майлардың токсинді компоненттері болып табылады. Оларға  жусанда болатын туйон, батпақ жалбызында болатын пулгон жатады. Кетондардың барлығы қауіпті бола бермейді. Токсинді емес (улы емес) кетондар жасмин мен фенхель майларында болады.Олар  көбінесе жоғары тыныс жолдарын емдеуге қолданылатын иссоп, шалфейде болады.

Спирттер. Антисептикалық және вирусқа қарсы қабілеті бар пайдары топтардың бірі. Хош иісті майларда болатын спирттер улы емес. Оларға линалол (лаванда, линаолда, раушан ағашында болады) мен цитронеллол (раушанда, лимонда, эвкалипт, гераньда болады), гераниол (пальмарозда болады), борнеол,ментол, нерол, терпинеол, фарнезол, ветиверол, цедрол жатады.

Фенолдар. Бактерицидтік қасиеттерге ие болғанымен теріге де әсер етеді. Кең таралған ароматты майларға евгенол, (қалампыр мен лаврда болады) тимол (тимьянда болады), карвакрол жатады.

Оксидтер. Эвкалипт майында болатын қақырық түсіруге қабілетті цинеол-маңызды оксид болып табылады [25,26].

 

1.4 Эфир майларын алу әдістері, емдік қасиеттері, қолдану аясы

 

       Эфир майлары спирттерде, майларда және басқа да органикалық қосылыстарда жақсы ериді, сондықтан оларды алу кезінде жиі қолданылады. Эфир майларын алудың  негізгі әдістеріне дистилдеу, салқын күйінде нығыздау, мацерация және анфлераж және еріткіштермен экстракциялау жатады.

Сумен айдау әдістері. Эфир майларын өсімдік шикізаттарынан бөліп алудың ескі әдісі. Бұл әдіс  физикалық заң Дальтона-Реньенің парциалды қысымына сүйеніп анықталады. Бір-біріне араласпайтын екі сұйықты бірге қыздырғанда әрбір сұйықтың жеке қайнау температурасынан төмен температурада қайнайды. Бу түзетіннің су буы өсімдік шикізатынан өтеді де, тоңазытқышта конденсирленіп, қабылдауға жиналады.Эфир майларының жеке компоненттерінің қайнау температурасы 150−350°С аралығында болады. Мысалы, пинен 160°С−та қайнаса, лимонен−177°С, гераниол−229°С, тимол−233°С−та қайнайды.

Бұл заттар су буының қатысында 100°С шамасында айдалады. Скипидар мен судың қоспасы атмосфералық қысым 95,5°С жағдайында айдалып, қоспаның парциалды қысымының булары қайнау жағдайына, яғни, судың қайнауына дейін жетеді [27].

Бұл әдіс  аз құрал жабдықты қажет еткенмен, майдың шығымы аз болады, шикізаттың қайнауының әсерінен сапасы да төмендеуі мүмкін.

Су буымен айдау әдісі. Эфир майларын өндірісте алудың кең таралған бұл  әдісі-медициналық практикада, сонымен қатар, парфюмерия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аталған  әдіс те  физикалық заң Дальтона-Реньенің парциалды қысымы бойынша анықталады. Бұл әдісті шикізаттың құрамындағы эфир майлары жеткілікті жоғары мөлшерде және оның қайнау температурасы  сапасына әсерін тигізбейтін уақытта қолданады. Су буымен айдау үздіксіз жұмыс жасайтын айдағыш аппараттарда жүзеге асырылады. Айдағыш аппараттар немесе конденсатор, қабылдағыштан тұрады. Қабылдағыштарда май судан жеңіл болған жағдайда жоғарғы қабатына жиналады. Су түтікше арқылы тубусқа ыдыстың түбіне жиналады. Егер эфир майы судан ауыр болса, судың түбіне батып кетеді. Су түтікше арқылы сыртқа шығарылады. Вентиль арқылы бу жібереді. Кейде айдалған судың құрамында еріген күйде немесе эмульгирленген күйде бағалы эфир майы (мысалы, раушан майын алу кезінде) қайта дистиляттау арқылы   алынады.

Шикізаттың көп мөлшерін өңдеу үшін үздіксіз жұмыс жасайтын айдау аппараттарын қолданады. Су буымен айдау тек қана атмосфералық қысымда ғана емес, қатты қыздырылған буда да жүргізіледі. Айдалып жатқан майдың артуына байланысты эфир майы мен судың қатынасы өзгеріп отырады.

Төмен қысымда айдау кезіндегі температураны төмендете отырып, эфир майларының құрамдық бөліктерін өзгермеген күйде сақтап қалуға болады.

Тығыздығы бірден төмен эфир майлары судың бетінде қабылдағыштың жоғарғы бөлігіне жиналады. Айдау кезінде тығыздығы бірден жоғары эфир майлары судың астына жиналады.

Эфир майларын балғын  және кептірілген шикізаттан да анықтауға болады. Кейбір түрлері (лаванда, раушан, мелисса, бұрыш жалбызы) эфир майларын балғын күйінде айдауды талап етеді. Себебі, кептірілген шикізаттағы эфир майларының көп мөлшері азайып, су буымен айдау кезінде шығымы аз болуы мүмкін.

Өсімдік шикізаттарынан эфир майларының шығымын арттыру мақсатында тұздау  әдісін немесе дистиллденген суға қандай да бір тұзды қосу әдісін де қолданады.

Салқын нығыздау көбінесе цитрус майларын алу үшін қоданады. Цитрусты жемістердің сыртқы қабығы-терісі сығылығуынының нәтижесінде хош  иісті майларды сүзіп  алуға болады [28].

        Өмір қуаты, өсімдіктердің жаны деп эфир майларын қалай ғана атамаймыз. Оларда әр алуан қасиеттердің қырлары бар, олардың көпшілігі өмірдің белгілі бір жағдайларында адамға пайдасын тигізуі мүмкін.

Әр алуан физикалық әдістерді қолдана отырып, адам ағзасына құнарландырылған ұшпа заттардың әсер ету әдістері туралы мағлұматтар жиынтығын хош иісті терапия деп атайды.

Хош иісті терапия емдік мақсатта да, косметикалық мақсатта да қолданылады, тамаша босаңсу құралы болып табылады. Хош иісті терапияны қолдану әдістері көптеп саналады: бұл хош иісті шамдар, хош иісті ванна, хош иісті массаж. Эир майларынан жекелеген әтір де дайындауға болады, алайда иісті де абайлап пайдаланған жөн. Біріншіден, эфир майының иісін ұзақ иіскеу иіс аса құнарландырылғандықтан және оның адамға беретін әсері шынымен зор болғандықтан бас айналуын, тіпті жүрек айнуын тудыруы мүмкін. Екіншіден, кез келген адам терісіне эфир майын жағып жүре алмайды.  Майды теріге бірінші рет жағып көру керек. Күйдіру, қышыту, қыздыру сезімдері пайда болуы мүмкін. Бұл белгілер жоқ болған кезде және өзін-өзі сезіну дұрыс болса, ұнаған иісті денеге жағуға болады.

Эфир майларының түрлері мен қасиеттері мол, қажеттісін таңдау өз қолыңызда. Хош иісті терапия қоршаған ортаны жаңадан сезінудің тамаша мүмкіндігін береді, яғни бұл мүмкіндікке немқұрайды қараған дұрыс емес.

Эфир майлары тамақ өнімдерін ароматтау үшін, сусындарды, тұрмыстық химияның заттарын жасауда, фармацевтика өндірісінде, медицина мен ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер (скипидар) жасау үшін қолданады.

Әсіресе самырсын (хвой) ағаштарынан алынған скипидарлар, жалбыз эфир майлары, цитрустардың эфир майлары кеңінен қолданылады.

Эфир майлары әр түрлі өсімдіктерден бөлініп алынатындықтан емдік  мақсатта қолдануы  да әр түрлі. Әрі оларды қасиеттеріне байланысты жіктеп көрсетуге де болады.

Эфир майларының ерекше немесе қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: Антимикробты (бактерицидтік, антисептикалық) қасиеттері (эвкалипт, қайың жапырақтары,  қалампыр майы, қарағай майы, аир тамыры).

Асқынуға қарсы қасиеттері (камфора, түймедақ гүлі, мыңжапырақ шөбі, андыз тамыры).Спазмолитикалық (шаншып, түйнеп ауру кезіндегі) белсенділігі (бұрыш жалбызының жапырағы, түймедақ гүлі, кориандр жемісі т.б.)

Қақырық түсіретін қасиеттері (побеги багульника, фенхель мен анис жапырағы, андыз тамыры,чабрец шөбі. т.б.)

Седативтік қаиеттері (валериан тамыры, емдік мелисса шөбі, лаванда жапырағы.) Зәр айдайтын қасиеттері (қайыңның бүршік жапырағы, арша жапырағы). Регенирлеуші (қалпына келтіретін) қасиеттері (түймедақ жапырағының хамазулені). Шикізат базасының қысқаруына байланысты дүнижүзінде эфир майлары өндірісін  ығыстырып,  орнын органикалық синтез өнімдері басқан.

Кең таралған өнімдерінің бірі- скипидар және онымен бірге апельсин, лимон, жалбыз майлары. Эфир майлары тамақ өнімдеріне хош иіс беру үшін, сусындар, тұрмыстық химияның заттарын жасауда, фармацевтика өндірісінде, медицина мен ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер (скипидар) жасау үшін қолданады.

Әсіресе самырсын (хвой) ағаштарынан алынған скипидарлар, жалбыз эфир майлары, цитрустардың эфир майлары кеңінен қолданылады.

Эфир майлары мен эфир майлы өсімдік шикізаттары биологиялық активтілігі жоғары және бронха, бүйрек, бауыр арқылы ағзадан шығарылады.

Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.

   Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген [29].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

 

2.1. Жұмыстың нысаны  және әдістері

Ташкент облысы мен Алматы обылысында өсірілген  топинамбур  өсімдігінің 2012-2013 жылдардың тамыз-қыркүйек  айының ортасында жиналған  гүлдері алынды.

Шикізат алдымен анализге даярланды. Ол үшін топинамбур гүлін бөлме температурасында 3-4 күн кептірілді. Содан соң фарфор келіде ұнтақталды.  Анализге кептіріліп, ұнтақталған дайын шикізат пайдаланылды.

Тәжірибеге қажетті құралдар мен қондырғылар

МСТ 4517–87. Реактивтер. Анализде қолданылатын реактивтер мен ерітінділер дайындау әдісі.

МСТ 23932–90. Лабораториялық шыны құрал-жабдықтар мен ыдыстар.

МСТ 25336–82. Лабораториялық шыны құрал-жабдықтар мен ыдыстар. Түрлері, негізгі өлшемдері мен параметрлері.

МСТ 29252–91. Лаборотариялық шыны ыдыстар. Бюреткалар.

МСТ 1770–74. Өлшеуіш лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, сынауықтар. Жалпы техникалық жағдайлар.

МСТ 2922–91. Лабораториялық шыны ыдыстар. Градуирленген пипеткалар.

МСТ 9147–80. Лабораториялық фарфорлы ыдыстар және құрал-жабдықтар.Техникалық жағдай.

МСТ 20292–74. Өлшеуіш колбалар сыйымдылығы 100, 200, 500, 1000 мл. Техникалық жағдай.

МСТ 6709–72. Дистилденген су.

МСТ 13646–68. Нақты өлшеуге арналған сынапты шыны термометрлер.

МСТ 14261–77. Тұз қышқылы ерекше таза. Техникалық жағдай.

ТЖ 25–1819.0021–90. Механикалық секундомер.      

Шлифтелген қақпағы бар бюкстер, эксикатор, қысқыштар, сыйымдылығы 150-200 мл-лік шлифтенген конусты, шар тәрізді колбалар, фарфорлы тигельдер, шлифтенген кері салқындатқыш, сүзгі қағаздар, диаметрі– 7-9 см  фарфорлы табақшалар, су моншасы, аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф, 800-10000С температураға арналған муфельді пеш. Фарфорлы келі-келсап, микробюреткалар, 200-250 мл-лік конус тәрізді колбалар, воронкалар. Сыйымдылығы 50, 100, 200, 250, 500, 1000 мл-лік өлшеуіш колбалар, эксикатор,  су моншасы, 50-100мл стакандар, диаметрі 16-20 мм–лік сынауықтар, КФК–2 фотоколориметр, электроплиткалар, Мор пипеткасы, «И–160МИ» маркалы рН метрі, «ИРФ-454Б» маркалы рефрактометр, Сокслет аппараты.

Дистелденген су, 40%-тік, 70%-тік, 80%-тік, 90%-тік, 95%-тік, 96%-тік спирт ерітінділері, фенолфталеиннің спиртті ерітіндісі, 1% HCI, 2%-ті метафосфор қышқылы, 0,1 н 10% күкірт қышқылды мыс ерітіндісі, дихлорэтан, хлороформ, толуол, индигосульфоқышқылының ерітіндісі, 0,02 М калий перманганатының ерітіндісі, индигокармин, концентрлі күкірт қышқылы, вольфрам фосфор қышқылының ерітіндісі, концентрлі тұз қышқылы, 1% алюминий хлоридінің ерітіндісі, натрий хлориді, 9% лимон қышқылды аммоний ерітіндісі, 15%-тік Nа2СО3, натрий вольфраматы, 85% фосфор қышқылы, 0,1н Na0H ерітіндісі, 1н CH3COOH ерітіндісі, 5%-тік CuSO4 ерітіндісі, 1%- ті крахмал, 0,001н Na2S2O3., 1%-тік қымыздық қышқылы, 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісі, калий гексацианоферратының  сілтілік ерітіндісі, 2% -ті күкірт қышқылының ерітіндісі, 0,001н калий иодаты, KIO3 -ның кристалдары, петролейн эфирі, аммиактың сулы ерітіндісі, 0,001 н H2SO4 ерітіндісі, калий йододідінің кристалдары.

 

 Топинамбур гүлінің ылғалдылығын және күлділігін  анықтау

Информация о работе Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау