Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------------------------------5
1.1 Мемлекеттік мекемелер шығындары және олардың түрлері---------------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары-----------------------------------------------------------------------8

1.3 Өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі бағыттары-----15

ІІ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ----------------------------------------------15
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары----------------------15
Орташа және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас--------------------------------------------17
2.3 Өсу траекториясы және ұзақ мерзім кезеңіндегі
өндірістік шығындар----------------------------------------------------------------19

ІІІ. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау--------------------------------------------------------------------------22


ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------27
ҚОСЫМША----------------------------------------------------------------28-31

Вложенные файлы: 1 файл

Ондирис шыгындары.doc

— 226.50 Кб (Скачать файл)

MC = VC/Q = Pl / Q = Pl / MPl;

AVC = VC/Q = Pl L/Q = Pl/Q = Pl / Apl;

AC = Pl / Apl + AFC.

Осы жерден біз  зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасында да бар. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа, шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.

Өндірістің  шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график түрінде көрсетейік. MС, АVС және АС қисықтарының V тәрізді  формасы жоғарыда айтылғандай шекті  шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі. Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVС қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені АҒС бұл кезде азаяды. МС мен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе  (МС > АС),   онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер  МС > АС болса, онда  АС-ның көлемі кішірейеді. Сонымен МС қисығы АС қисығының    минимум    нүктесінде    қиып    өтеді.    Осындай тәуелділік МС және АУС арасында да бар.

Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін тандаған кезде, өндірушілер  әрдайым орташа және шекті шығындардың  өзгерісін ескеріп отырады.

 Изокоста және ең кіші шығындар принципі

Изокоста дегеніміз – жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық. Изокостаның тендеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді Рl арқылы белгілейік, ал Рк — арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.

Сонда жалпы  шығын былай анықталады:

ТС = Pl  L + Pk  K

 Мұнда, Pl  L – еңбекке кететін шығындар 

Pk  K -  капиталға  жұмсалған шығындар  

Берілген тендеудің  жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның тендеуін былай жазуға болады:

Изокостаның бойында  орналасқан кез келген А жоне В  нүктелері үшін жалпы шығындар денгейі  бірдей. А нүктесіней В нүктесіне  жылжығанда қолданылған капиталдың саны К-ға азаяды, ал еңбек L-ге көбейеді.

Сондықтан, еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кетең   шығындардың   орнын   капитал   шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни:

Рl  L = - РkК.

Бұдан -  тең  екендігін көреміз. Яғни, изокостаның  бұрыштық коэффициенті, шығындар тұрақты  деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауыстыру шамасын көрсетеді.

Фирма берілген өнім көлемін (мысалы, 0 = 200) ең аз шығындармен  өндіру үшін қолданылатын еңбек пен  капиталдың санын анықтауы керек  деген есепті қарастырайық.

Q = - 200 дана өнім көлемін шығаруға сәйкес изокванта   көрсетілген. Үш изокостаны   қарастырайық. 1-изокоста    изоквантадан   төмен   орналасқан    және    ешқандай нүктеде олар қиылыспайды немесе бірін-бірі  жанап өтпейді,   яғни   өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік ресурстардың деңгейі аз. 2-изокостаны қарастырсақ, онда А нүктесі ТС2 изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендегі шығындар ең төменгі деңгейде болады.

Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:

MPl / Pl = MPk / Pk

В нүктесінде Q = 200 өнім бірлігін өндіргенден шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе ТС3 > ТС2. Сондықтан 3-изокоста берілген Өнім көлемін өндіргендегі неғұрлым жоғары шығындардың көрсетеді.

 

 

 

 

2.3 Өсу траекториясы  және ұзақ мерзім кезеңіндегі

өндірістік  шығындар

Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен  кезде өндірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді. Көптеген изокванталарды әөзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады. Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.

Бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғарыда ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі (капитал) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Біз қысқа мерзім кезеңіндегі шекті, орташа шығындардың қисықтарын алдық.

Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар кисығын түсіндіру үшін, ұзақ уақыт аралығында өндіріс (өнеркәсіп) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз. А1, А2, А3 қисықтары - көлемдері әр түрлі өнеркәсіп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік. Өнім шығару келемі 0 < 0 < 1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, есебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі    шығындармен    өндіруге    болады,  0< Q < 1500   болса,   онда   ұтымды   өнім   көлемі екінші    өнеркәсіпте,    ал    0 > 2700    болса,    үшінші өнеркәсіпте    өндірген    тиімді     болады. Өнеркәсіп көлемінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC көрсетілген.

Егер 3-тен әлдеқайда  көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 6.8-суретте керсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса-онда өндірістің әсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігін арттыру, жаңа технологаяны пайдалану және т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында және нәтижелерге жеткізеді. LRAC-тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.

Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRМС) осы мерзімдегі орташа жалпы  шығьш қисығын (LRАС),  LRМС -тын, ең төменгі деңгейі нүктесінде басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRМС өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRМС мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар (МС) мен орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияқты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.

Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.

Калькуляцияның  мына түрлері болуы мүмкін:

• жоспарлы - еңбек нағынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстын жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;

есеп берушілік (нақты) калъкуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, элекір энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;

•  нормативті калькуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдығы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;

жобалық калькуляциялар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;

• алдын ала жүргізілетін калькуляция - нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық (ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезенінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

Калькуляция барысында  шыгын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі - ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі - сүт, төл, көң).

Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.

Шығынды шығары тастау әдісі - мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, аи қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойьшша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады..

Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс - негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндірегін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэффициенттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.

Кезеңдер:

•  кешенді  шығынның жаллы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;

•    шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;

•    шығынның қалдығы белгіленген коэффициенттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;

•     тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.

Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.

Тапсырыстық әдіс - технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтай алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.

Өндірістік  шығынның тапсырыстық есебін ұйымдастыру  мына жағдайларда жүзеге асуы мүмкін: бірегей бұйымдарды немесе арнайы тапсырыспен орындалған бұйымдарды немесе бірқатар бұйым партиясын дайындауды бөлектеп дараландыруда ұйымдастырылуы мүмкін, өнім бірлігінің орташасы емес, дараланған өзіндік құн туралы ақпарат алу қажет (құрылыс, кеме жасау, құбыр жасау, полиграфия, жиһаздар өндіру, ҒЗЖ (ғылыми зерттеу жұмысы) орындау, құрастырушылық, жөндеу жұмыстары, аудиторлық және кенес беру қызметтері және т.б. ұсак сериялы, дара тұрпатты өндіріс).

Барлық тікелей  шығындар жекелеген тапсырыстар  бойынша шығын номенклатурасында белгіленген разрядта ескеріледі. Барлық қалған шығындар пайда болған орны бойынша ескеріліп, бөлу базасымен белгіленгенге сәйкес тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.

Жеке тапсырыс шығын есебі мен калькуляциялаудың объектісі болып табылады. Тапсырыстар бір бұйымға жеке (дара), ал ұсақ сериялы өндірісте бірнеше бұймдарға келіп түседі (немесе ашылады).

Есептің тапсырыстық әдісіне мына ерекшеліктер тән:

•   тапсырыстар  бойынша тығындарды қорытындылау (жалпылау);

•     тапсырысты орындау барысында оны есептен шығару;

•  тапсырыстар  есебінің карточкасын жүргізу,  сондай-ақ жанама шығынды жекелеген тапсырыстарға бөлу аса қажет.

 «Негізгі  өндіріс» талдамалық шоттар саны кәсіпорынға орналастырылған тапсырыстардың санына сәйкес келуі керек.

Қайта бөлу әдісі біркелкі өнім өндірістің барлық кезеңінде (шекті) нақты тізбекпен өтетін тасқынды (поточный) жэне сериялы өндіріс саласында қолдаылады. Калькуляциялау объектісіне әрбір кайта жасалып аяқталған өнім жатады, ал шығын есебінің объектісіне - қайта жасау, яғни келесі қайта жасауға жөнелтілуі мүмкін немесе тарапқа өткізілген жартылай дайын өнімді алумен аяқталған технологиялық процестің бір бөлігі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Берілген зерттеу  жұмысының І – тарауы «Өндіріс шығындары» деп аталып, ол бірнеше бөлімшеден тұрады.

           -   Мемлекеттік мекемелер шығындары  және олардың түрлері;

          - Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары.

Информация о работе Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау