Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------------------------------5
1.1 Мемлекеттік мекемелер шығындары және олардың түрлері---------------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары-----------------------------------------------------------------------8

1.3 Өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі бағыттары-----15

ІІ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ----------------------------------------------15
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары----------------------15
Орташа және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас--------------------------------------------17
2.3 Өсу траекториясы және ұзақ мерзім кезеңіндегі
өндірістік шығындар----------------------------------------------------------------19

ІІІ. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау--------------------------------------------------------------------------22


ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------27
ҚОСЫМША----------------------------------------------------------------28-31

Вложенные файлы: 1 файл

Ондирис шыгындары.doc

— 226.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін ұлттық табысты  тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени – тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай – ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік  емес сфераның  қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Мемлекеттің шығындарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті  болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түседі. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың мемлекет шығындары – мемлекеттік резервтерді жасау және толықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай – ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мақсатты белгісі  бойынша мемлекеттің шығыстары  экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі  бойынша мемлекеттік шығындар экономикалық аймақтар болып бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгісі  бойынша материалдық өндіріс  сферасында мемлекеттік шығыстары  өнеркәсіпке, құрылысқа ауылшаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау  мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді: өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен денен шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттік мекемелер  шығындары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың екі әдісі болады:

    1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен жәнет жетіспеген бөлігі – бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
    2. Сметалық – бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп атады.

     Ерекше  жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма – қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.

     Бюджеттік  қаржыландырудың мынадай нысандары  қолданылады: демеуқаржы, субенциялар,  субсидиялар. 

       Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-комуналдық шаруашылықтардың зиндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар-халықты  әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету  жөніндегі бағдарламалар мен  шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар-үлестік  негізде белгілі бір шараларды  қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс  және арнаулы қорлардың қаражаттары  есебінен ақша және заттай нысанадағы жәрдемақылар.

       Аталған нысандар (оларды қалыпты  жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік  қаржыландырудың түрін қабылдайды.Трансферттер  деп кең мағынада бюджеттен   және бюджеттен тыс қорларды  бір қажеттіліктерді қаржыландыру  үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.т жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

 

 

1.3   Өндіріс  шығындарын төмендетудің  негізгі  бағыттары

 

Шығындарды  жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың  жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі  бағыттарын айтуға болады:

    • ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
    • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми –  техникалық прогрестің жетістіктерін  іске асыру – бұл бір жағынан  өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын  көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан  тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір  мөлшерін мейлінше тиімді ету –  шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін  шешуге келгенде басты талап осы  болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің  ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек  жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының  ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпынас жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды  жетілдіруге келсек, онда бұл процесс  ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыру жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық – техникалық жыбдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми – техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады. Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің  басты факторлары:

    • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
    • өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
    • басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

 Өндірілетін  өнім көлемінің өзгеруі жалпы  және орташа шығындарды өзгертеді,  ал бұл жағдай баға мен фирмалар  ұсынатын тауарлардың мөлшері  арасындағы қатынасқа едәуір  ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ӨНДІРІС  ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары

 

Бұл тақырыпты  қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата  білу керек.

Бухгалтерлік  шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі  нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пеп материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлеми салықтар.

Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі   сатып   алынбайтын   өндіріс   факторлары пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға   меншік   иесінің   (фирма   басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды - барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.

Бұдан былайғы  талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз.     

Бұған дейін  айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп - белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезіңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (ҒС) және айнымалы (VС) шығындарын ажыратады, яғни:

ТС = ҒС+VС,

Түрақты шығындар (ҒС) деп - қысқа мерзім кезеңінде  өнім шығару көлемінің өзгеруіне  байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

Айнымалы шығындар (VС) деп - шығарылатын өнім көлемінің  өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың  жалақысы, салықтар, энергия мен  отын ресурстарын, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.

Жоғарыда   көрсетілген   анықтамаларға   негізделіп олардың графиктерін  тұрғыза аламыз.

Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар VС және ТС қисықтарының қысқа  мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектін жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.

Еңбек өнімділігінің  артуымен айнымалы шығындардың VС А  нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында  еңбек өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңынын әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды (А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VС қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осымен ҒС-тің жылжуы болып табылады.

 

2.2  Орташа  және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас

 

Өндірістік  шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен  қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.

Өндірістің  орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы  шығынның    (ТС)    өндірілген   өнім    көлеміне (Q) қатынасымен   анықталады   да,   өнімнің   бір   данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:

АТС = ТС/Q

Берілген көрсеткіш  өнімнің өзіндік құныньың жақын  нұсқасы болып табылады, бірақ  ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен  өзгешеленеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар (АҒС) және орташа айнымалы шығындар (АVС). Олар келесідей анықталады:

AFC = FC/Q       AVC = VC/Q

Өндірістін, шекті  шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің    (АТС)    өнім    көлемінің    өзгеруі  (дельта Q) қатынасына тең  болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосьымша шығындарды көрсетеді, яғни:

МС = ТС/ Q 

       Өнім шығару көлемі өскен кезде  тұрақты шығындар өзгермейтіндігі  белгілі, сондықтан жалпы шығынның  өсуі әрқашан айнымалы шығындардың  өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:

MC = VC/Q

       Орташа өнімділік пен орташа  шығындар арасында, сонымен қатар  шекті өнімділік пен шекті  шығындар арасында кері байланыс  бар. Жоғарыда айтылған байланыстарды   түсіну  үшін,   біз  еңбекті   тұрақты  төлем мөлшері   бар    Рl    жалғыз   айнымалы   фактор   деп қарастырайық. Бұл жағдайда:

Информация о работе Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау