Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 16:41, дипломная работа

Краткое описание

Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ………………………………………………………….
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу …………………………………………………...
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі …………………...
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ……………………………….
2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын аналитикалық бағалау………………………………………
Қазіргі жағдайдағы бюджеттің орындалуына талдау…………...
2.2 2005 жылғы республикалық бюджет туралы…………………….
3. Қазақстан Республикасы бюджеттік үрдістің нарықтық
экономикадағы маңызы …………………………………………………
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ………………………………………………………………….
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту. …………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджет.doc

— 491.50 Кб (Скачать файл)

Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары      

1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн  өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн  сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ  мемлекеттiк қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады.      

2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар  бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң  шығыстары болып табылады.      

Бюджеттiң құрылымы     

1. Бюджеттiң құрылымы  мынадай бөлiмдерден тұрады:     

1) кiрiстер:     

 салықтық түсiмдер;     

 салықтық емес түсiмдер;      

 негiзгi капиталды сатудан  түскен түсiмдер;     

 ресми трансферттер  түсiмдерi;     

2) шығындар;     

3) операциялық сальдо;     

4) таза бюджеттiк кредит  беру:     

 бюджеттiк кредиттер;     

 бюджеттiк кредиттердi өтеу;     

5) қаржы активтерiмен  жасалатын операциялар бойынша  сальдо:     

 қаржы активтерiн сатып  алу;     

 мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;      

6) бюджет тапшылығы (профицитi);      

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):     

 қарыздар түсiмi;     

 қарыздарды өтеу;     

 бюджет қаражаты қалдықтарының  қозғалысы.     

2. Бюджеттердi бекiту және  бюджеттердiң атқарылуы туралы  есептердi түзу осы баптың 1-тармағында  көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады.      

 Бюджет кiрiстерi     

1. Салық және басқа  да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын  және мемлекеттiң қаржы активтерiн  сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.     

2. Салықтық түсiмдер - Қазақстан  Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер. 
      3. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.      

4. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер  болып табылады:     

1) мемлекеттiк мекемелерге  бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк  мүлiктi сатудан түсетiн ақша;     

2) мемлекеттiк материалдық  резервтен тауарларды сатудан  түсетiн ақша;     

3) мемлекет меншiгiндегi жер  учаскелерiн жеке меншiкке сатудан  немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша; 
      4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.     

5. Ресми трансферттер  түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен  екiншісiне, Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн  трансферттер түсiмдерi.     

6. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн  енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң  күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.     

7. Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы  мақсаты болмайды.            

 Бюджет шығындары     

1. Қайтарылмайтын негiзде  бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.     

2. Бюджет шығындары мынадай  түрлерге бЈлiнедi:     

1) мемлекеттiк мекемелердiң  қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;      

2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен  өткiзуге байланысты шығындар;     

3) мемлекеттiк тапсырысқа  арналған шығындар - мемлекеттiк  саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк  органдардың өздерiнiң тұтынуына  арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;      

4) жеке тұлғаларға ақшалай  төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн  ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне  сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай  нысандағы төлемдермен байланысты  шығындар;     

5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттiк мекемелер және қоғамдық бiрлестiктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру;     

6) ресми трансферттер - бюджеттiң  бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорына трансферттер төлеу;     

7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн  орындауға арналған шығындардың  өзге де түрлерi.     

3. Заңды тұлғаларға субсидиялар  нақты саланы немесе қызмет  аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту  мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.      

 4. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.       

 Операциялық сальдо     

1. Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.      

2. Бюджет шығындарының бюджет кiрiстерiнен асып түскен сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады.     

3. Бюджет кiрiстерiнiң бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.     

4. Бюджет шығындарында бюджеттiк даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол берiледi. 
      Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс. 
      5. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi орта мерзiмдi фискалды саясатпен айєындалады.      

Таза бюджеттiк кредит беру     

 Таза бюджеттiк кредит  беру бюджеттiк кредиттердiң және бюджеттiк кредиттердi өтеудің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.       

 Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар               бойынша сальдо     

1. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар:     

1) қаржы активтерiн сатып алуды;      

2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қамтиды.      2. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.     

3. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттiк меншiктегi заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiндегi операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер.      

4. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.     

5. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.      

 Бюджет тапшылығы (профицитi)     

1. Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.     

 Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады.     

2. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.      

 Бюджет тапшылығын қаржыландыру  (профицитiн пайдалану)     

1. Бюджет тапшылыын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.     

 Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.     

 Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi.     

2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.      

 Бюджет профицитiн  пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.      

 Бюджет профицитiн  пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.

 

 

 

 

1.3 Мемлекеттік  бюджетті жоспарлау мен жобаладың  теориялық және методологиялық  аспектілері

 

      Республикалық  бюджет  жобасын  дайындау үшін  Қазақстан Республикасының    Президенті бюджеттік  комиссияны  құрайды. Бұл  комиссия Эконмиака және бюджеттік жоспарлау  Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет жобасының  негізгі  болжамдық көрсеткіштерін  қарастырады.Бюджеттік процесте  басты роль Қаржы Министрлігіне  келеді. Ол ҚР-ның Президентінің  жыл сайын халыққа үндеуін  ескере отырып, территория  дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі  параметрлеріне негізделе  отырып  алдағы үш жылдық мерзімге  мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда     елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының  ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық)  индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы  Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл Министерства  ҚР  Үкіметінің кеңейтілген  отырысында қарастырылатын квартал сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының  қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика дамуының тенденциясына  көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік эксперттердің ақпараттарына негізделеді.  

     Индикативті  болжамды көрсеткіштерімен салыстыра  отырып экономиканың фактілі көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.

     ҚР-ның экономика  және бюджеттік жоспарлау Министерствасы  басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.Және заңдамамен көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың сала аралық координациясын басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет  жобасын құрастырады.

      Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасының құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.

       Әлеуметтік-экономикалық  дамудың көрсеткіштерінің нақты  тізімі өкілетті органмен анықталады, яғни  ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен келісіп жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі.

       Республикалық  индикативті жоспарды жүзеге  асыру екі кезеңнен тұрады.

Бірінші этапта алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын Республикалық индикативті жоспар жасалынады.

      Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына,басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын  жібереді. Одан кейін Министрлік  алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының  макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын  жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан                кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді.

     Екінші кезеңде  елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып, бөлімдердің корректировкасы жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау