Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2015 в 19:58, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

ИНДУСТРИЯ.docx

— 38.72 Кб (Скачать файл)

2015-2019 жылдарға арналған екінші  кезеңінде Үкімет нақты басым  салаларды айқындау, экспорт бағдарын  арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің  мамандануын тереңдету секілді  мәселелерге барынша мән берген. «Бірінші бесжылдықта негізінен  қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту  шаралары жүзеге асты, сонымен  бірге екінші бесжылдық үшін  қуатты салаларды қалыптастыруға  өндірістік негіз қаланды. Халықаралық  сарапшыларды тарта отырып, қосылған  құн тізбегіне қатысты зерттеулер  жүргіздік. 300-ден астам өнім сараланып, оның ішінде шикізаттық база, технология мен өндіріс мүмкіндігінің  қолжетімділігі, нарықтық әлеуеті мен экономикалық тиімділігі есепке алына отырып, 36-сы басым ретінде айқындалды.

Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарына кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады.

Қазақстанның   «EXPO-2017»  дүниежүзілік көрмесін өткізу   құқығына  ие  болуы Қазақстанды    әлем елдеріне  танытудың  жаңа кезеңі ғана емес,   инновациялық  дамудағы   қуатты серпінге  негіз болады.

«ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік  тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.

Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.

Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.

 

Ел экономикасын дамытудағы проблемалар мен оларды шешу жолдары

 

 Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған  мемлекеттік экономикалық саясатын  қалыптастырады және экономика  салаларын әртараптандыру арқылы  дамудың  шикізаттық бағытынан  қол үзу арқылы елдің тұрақты  дамуына қол жеткізуге бағытталған.  Дегенмен де қазіргі таңда ел экономикасын дамытуда проблемалар да жоқ емес. Оларға:  экономиканың шикізатқа бағытталуы; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы, кәсіпорындардың техника және технология жағынан артта қалуы; отандық ғылымның нарықтық экономикаға  нашар бейімделуі; ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы; экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы; менеджменттің экономиканы ғаламдану  үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі т.б.

 Осы проблемаларды  шешу мен Стратегия аясында  алға қойылған мақсаттар мен  міндеттерге қол жеткізу үшін  Даму Банкінің қызметін жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық  қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі  корпорация, Инновациялық қор сияқты  арнайы даму институттары құрылған  болатын.

 Елімізде индустриалды-инновация  -дамудың дұрыс жолдарының бірі.

 Индустриалды-инновацияны  дамыту мен оны жүзеге асыруда  инновациялық қордың рөлі ерекше.  Қазақстанда инновациялық жүйені  дамытуға арналған барлық алғы  шарттар  бар: ғылыми әлеует, инновациялық  және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық  кәсіпкерлік. Бұл технопарктер мен  бизнес-клубтардың құрылуын, ғылыми  зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық  жобалардың іске асырылуы мемлекеттік  –жекеменшік әріптестік тәсілдерінің  кеңінен қолдануын көздейді. Ұлттық  инновациялық қор жобаларды дамытудың  әртүрлі кезеңдерінде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап  өндірістің кеңейтуіне дейін. Ұлттық  инновациялық қордың қаржыландыруының  тетігі –жоба құнынан 49 пайызға  дейін үлестік инвестиция салу.

 Ұлттық инновациялық  қордың портфелінде бірнеше жобалар  бар. Одан басқа, қазақстандық ғалымдар  мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап  тәжірибе - конструкторлық зерттемелерге 48 грант берілді. Қордың одан арғы міндеті - өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан шығу  және тәжірибе конструкциялық зерттемелерді қаржыландыру. Елде тәжірибе конструкциялық зерттемелердің  бірі – кәушікті гидридтеу катализаторы. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушіктің өндірісінде, негізінен екі елде ғана – Германия  мен Жапонияда қолданылады.

Қазіргі таңдағы индустриалды-инновация картасы

 

 Жалпы қазіргі таңда  индустриалды-инновация картасы  – елімізде жағымды инвестициялық ахуал, бизнеске қолайлы белбеу қалыптастырып отыр. Осындай маңызды қадамдардың арқасында еліміздің қаржы-несиелік, фискалдық, тарифтік экономикалық саясат заманауи талаптарға сай бола бастады. Мемлекет инвесторларға тек міндет қоймай, қаржы және қаржылық ресурстар  бойынша қол ұшын созып келе жатқанын да айта кетуіміз керек. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүздеген тетік іске асырылып отыр. Олар –инвесторларды, инноваторларды, экспорттаушы компанияларды қолдауға бағытталған және «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Өнімділік-2020» бағдарламалары. Биылғы жарты жылдықта 75 инновациялық жоба іске қосылады, бұл дегеніміз 114 млрд теңгенің инвестициясы игеріліп, 10 мыңға жуық қазақстандықтар тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз.

 Елбасы  атап көрсеткендей, 2010 жылы экономикадағы өсімнің  жеті пайызын осы жылы іске  қосылған жаңа кәсіпорындар қамтамасыз  еткені белгілі. Ал биылғы жылы  осынау индустриалды дамудың  үлесі ел экономикасын тағы  да 2,6 пайызға арттыра түседі деп күтілуде.

 Бүгінде Қазақстанның  жолы – индустриалды инновациялық  дамудың кең арнасына айналып  отыр.

 Индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасының негізінде  ағымдағы жылдың өзінде бірнеше  объектілер іске қосылды. Бірінші  жартыжылдықта бес объекті өз  ісін бастады. Атап айтсақ:

1) «Кормовик-Евротехнология»  ЖШС премикстер мен концентраттарды  өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру;

2) «Юр-ИнвестСтрой» ЖШС  асфальт өндіру зауыты, қуаттылығы  жылына 850 мың тонна;

3) Жылына 1800 тонна сүт  өнімдерін өндіру зауыты «Байсерке  Агро» ЖШС;

4) Пішінді құбырларды  өндіретін завод «Компания SONIK»  ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна  құбырларды өндіру;

5) Хундай жүк автомобильдері  мен автобустарын ірі-тораптық  жинақтау бойынша жоба «Хундай  АвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін өндіреді.

2011 жылғы екінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылды:

1) Индустриялық (станционарлық) қорғасын-қышқыл аккумуляторларын игеру «Қайнар АКБ» ЖШС, іске қосылуы қараша айында.

2) Текелі қаласында 3,65 га  жерінде жылыжайдың құрылысы  «Green House- Жасыл үй» ЖШС іске қосылды;

3) Вакуумдық орауышта  блокты ет және ірі тілімді  еттерді шығару бойынша етті  қайта өндіру кешенін құру  «Байсерке Агро» ЖШС іске қосылуы  желтоқсан айында. Сонымен қатар  Республикалық Индустрияландыру  картасының аясында екі объектіні  іске қосу жоспарланған: Шарын  өзенінде Мойнақ СЭС және «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі; «Агрофос-Оңтүстік» жобалау компаниясы, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммониленген супер фосфат өндіріп шығаруға мүмкіндік беретін техникалық шешімді қолданысқа енгізуде; Құрылыс секторында екі жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында жеке  меншік инвестормен бірге келесі элеметтері бар толық циклді өндірістік кешеннің ұйымдастырылуын ескеретін жоба қаржыландырылды: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндірісінің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлі санаттарына арналған қолжетімді баға бойынша бөлме аралық есіктерді шығаруын және сатуын қалпына келтірді. Агроөнеркәсіптік кешенде: Қытай компаниясымен бірге тракторларды құрастыру өндірісі іске қосылды; Балқашта «АВ Metalls» ЖШС құйма шойын шығару бойынша тәжірибе өнеркәсіптік металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бір сатылы шойын өндіріс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік қондырғы.

 Бұдан басқа Қазақстанның  өзге өңірлерінде  де формацевтика, мұнай-химия, металлургия, агроөнеркәсіп, құрылыс салаларында көптеген  жобалар іске асуда. Соның ішінде біздің елде шетел қызығушылық танытып отырған формацевтика, мұнай, металлургия өнеркәсіп салалары бар.

 Қазақстан Республикасының  экономикасын дамытуда  инновациялық  жобаларды қажет ететін өнеркәсіптің  кейбір салалары да жоқ емес. Біз аграрлық елміз және біздің  осы салада ресурстарымыз бар. Еліміз агроөнеркісіптік қуаттардың  жетілдіру мен асыл тұқымды  шаруашылықтардың дамытуымен айналысуы  керек. Сонымен қатар тек шикізат  экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық  өнімнің терең өңделуіне ерекше  назар аударуы өте маңызды. Бұл  үшін үздік агротехниканы қолдану  маңызды, қатерлі егін шаруашылығы  аймағында жоғары өнімділікті  қамтамасыз ете алатын ииновациялық  энергия және су сақтайтын  технологияларды жетілдіру қажет. Келесі маңызды сала – бұл  металлургия өнеркәсібі. Бұщл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкілікті өнім өндірілуі үлкен маңызға ие. Біз IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау,био және нанотехнологияларды  дамытуға күшті бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсібінің дамытуында да сақталады. Біз үшін перспективті салаларды анықтап алу және әрі қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады.

 Бірақ, технологиялар  туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің  дамуы жайлы ұмытуға болмайды. Ғылыми іргесіз инновациялар  болмайды. Одан басқа жаңа жоғары  технологиялы жабдықтарды енгізумен  бірге, ел үшін сауатты мамандардың  болуы маңызды. Сондықтан технологиялық  дамумен бірге кадрлар әзірлеуіне  назар аудару керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр. Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.

Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған. Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.

 
 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.«Жаңа кезең – жаңа  экономика» атты Н.Ә. Назарбаевтың  мақаласы. Астана. 2003 жыл // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты //http:www.akorda.kz.

2. 2010-2014 жылдарға арналған  үдемелі индустриалдық-инновациялық  даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы.

3. Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. Астана, 2003 жыл. http://kz.government.kz/

4. Бесбоғда Алтай. Индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасы не береді?  http://www.alashainasy.kz/economica

5. http://www.primeminister.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясы