Акша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.

Содержание

КIРIСПЕ……………………………………..........……...…….…..............1
I АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ ...................... 2
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым...............................................................2
1.2 Ақша айналысы және оның заңы..........................................................6

II АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ .........................................9

2.1 Қағаз ақшалар және олардың айналысы .............................................9
2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері ..........................13
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................……...………18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................…...……….…20

Вложенные файлы: 1 файл

нурик.docx

— 57.89 Кб (Скачать файл)

Вексель шығарып және оны  пайдалануды дамыту ертеден несие  қаржы қызметін көрсету нарығының  басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.

Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы  қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған  елдердің ақша айналымында вексель  елеулі орын алады. Қазіргі кезде  электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың  ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды).

Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін  вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе  тауар ақша айналымын жеделдетеді.

Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа  түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат  құндылықтарының қорын азайтып  және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін  қамти алады.

Вексель нарығының қызметі  – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін  таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен  жасалатын несиелік келісім. Вексельді  шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.

Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель  берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа  да жағдайларын бақыласа, ол вексель  иемденуші серіктестің тек вексель  алған уақытындағы төлем қабілетін  ғана емес, сонымен қатар ол өте  маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде  бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге  біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған  міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы  нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

Басқа қарыз міндеттемелерінен  вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

·      Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;

·      Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;

·      Үшіншіден, вексельді айналмалылығы,  яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.

Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде  және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң екi түрi бар: жай  және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель  айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында  мынадай түсiнiктемелер берiлген:

Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу  туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын  вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель  берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген  ұсынысын сипаттайтын вексель.

Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң  айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы  ақша бiрлiктерi.

Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай  айырмашылықтары бар:

·      мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;

·      кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай банкноталар.

Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:

·      Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

·      Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;

·      Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;

·      Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуда қолданылады;

·      Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;

·      Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.

Чекпен есеп айырысу.  Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.

Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

·        Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;

·        Сатушы белгісіз болған жағдайда.

Біздің елімізде чек арқылы төлемдерді жүргізу 90 жылдың ортасынан бастап қолданған болатын. Осы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі чек арқылы төлемдерді жүргізуге қатысты екі нормативтік құжатты әзірлеген болатын, яғни Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысу ережесі және «Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің клирингтік палатасы туралы» ереже. Чекті өңдеу барысында  еңбектің көп қажеттігі, жалған чектің болуы, банкке бару қажеттігі, чектің дұрыс қолданылмауы, құралдың қорғаныс деңгейінің төмендігі және чектің өңделу мерзімінің ұзақтығы салдарынан бұл төлем құралының айналымы ұзаққа созылмады. Тез арада ақшалай  аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру барысында чектің тиімсіз екені байқалды.

Менің ойымызша Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысуды дамыту және жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін мынадай шараларды іске асыру керек:

1.    Клирингтік палатадаы, чектердің клирингтік жұмысының белсенділігін арттыру;

2. Төлем құралы ретінде чекке деген сенімділікті арттыру, түрлі жарнамаларды жүргізу;

3.    Тұрақты құқықтық базамен қамтамасыз ету;

4.   Шетел тәжірибелерін өзіміздің ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне сай қолдану мен іске асыру;

Нақты қазіргі кезеңде еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының №266 қаулысымен бекітілген «ҚР-ның территориясында чекті пайдалану ережесіне» сәйкес жүзеге асады.

Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады. Ұлттық банк елдің ақша-несие саясатының негізгі реттеушісі болып табылады. Сондықтан электрондық ақшаларды ендірудегі негізгі мәселе оларды реттеу болып табылады.

Ұлттық банктің осы электронды ақшаларды ендірумен болатын негізгі мәселелері:

·     Электронды ақшалар эмиссиясына рұқсат беру және эмитенттер ортасын анықтау;

·     Электронды ақшаларды реттеу мен оның айналысын ұйымдастыру;

·     Электронды ақша жүйесіндегі туындайтын тәуекелдер мәселесін шешу;

Ұлттық банк электронды ақшалар қызметіне рұқсат берсе өзінің ақша-несие реттеу мүмкіншілігін шектейді. Тіпті ақша массасына бақылау жасай алмай қалады. Себебі, оның ақша эмиссиясындағы монополиясы жойылады. Электронды ақшалар эмиссиясының ақша массасына әсері біркелкі болмайды. Егер ақша массасын санағанда электронды ақшаларды ескермесе, онда элетронды ақшаларды кәдімгі ақшаларға ауыстырған уақытта М 0 агрегаты азаяды және сәйкесінше депозиттер өседі. Оның әсерінен соңында М 1 агрегаты көбейеді, сөйтіп жалпы ақша массасы көбейеді. Сондықтан Орталық банк электронды ақша эмиссиясының көлемін белгілеп отыруы керек.

Енді келесі суреттен электронды ақшалардың ақша массасына әсер ету мүмкіншілігін әр бір дамыған елдер бойынша қарастырып және осы талдауға байланысты Қазақстан Республикасының элетронды ақшалар жүйесінің дамуын қарастырып өтейік. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, экономикалық қатынастарда ақша айналыс заңдылықтарының даму барысында ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдары жекелеген ұғымдарды  беріп келсе, ал нарықтық қатынастардың  дамуы негізінде барлық қоғамдық тауарлық қатынастар бір заңдылық шеңберінде көрініс тапқандықтан ақша айналысы мен ақша айналымы бір мағынаны білдіретін болды.  Сонымен, ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма –қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен  ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады. 

Мұндағы қағаз ақшалар – бұл  нағыз ақшалардың өкілдері болып  табылады. Бұл қағаз ақшалардың айналыста  жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың  айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне  байланысты пайда болды. Ал қолма-қолсыз ақшалар қазіргі қаржылық қатынастары  дамыған шаруашылықта есеп айырысудың маңызды формасы болып отыр. Себебі, қолма-қолсыз ақшалар ақша айналысының  дұрыс жолға түсуін, қолма-қол  ақшалардың мөлшерін азайтудың және кәсіпорындар мен банктер арасындағы сенімділіктің негізі екені белгілі.

Қазақстан Ұлттық банкі және қаржы  салаларының құрылымы бүгінде елімізде осы аталған ақша айналымын реттеу мақсатында айналыстағы ақшалардың қолма-қолсыз түрлерін кеңейтуге және оларды халықаралық стандарттарға  сай дамытуды көздейді.  Соңғы бірнеше жылда ұлттық экономиканың көрсеткіштері, ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың жалпы көлемінің өскеніне қарамастан, елдегі қаржы жүйесі ең тұрақты және жан-жақты дамыған, әлемдік нарық жағдайына үйлестірілген құрылым болып отыр. Әрине бұл еліміздің әр түрлі ақша айналымын реттеу заңдарын тиімді ұйымдастырғанының жемісі болып табылады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.      Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика,  2001ж. - 466 б.

2.      С.Б. Мақыш, Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.

3.      Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория.  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.

4.      Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд.

2-е,  - Москва: 1999г.

5.      Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.

6.      Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.

7.      Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.

8.      А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. - Экономическая теория. - Санк-     Петербург. -  2001. – 362 с.

9.      “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.

10. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2003ж.

11. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.

12. «О текущей ситуации на  финансовом рынке»  // Банки Казахстана,              

     № 10, 7- 2005 г. 2-3 стр.

Информация о работе Акша айналысы