Акша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.

Содержание

КIРIСПЕ……………………………………..........……...…….…..............1
I АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ ...................... 2
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым...............................................................2
1.2 Ақша айналысы және оның заңы..........................................................6

II АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ .........................................9

2.1 Қағаз ақшалар және олардың айналысы .............................................9
2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері ..........................13
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................……...………18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................…...……….…20

Вложенные файлы: 1 файл

нурик.docx

— 57.89 Кб (Скачать файл)

2.      Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

3.      Ақша айналысы санының өсуi.

Айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша, банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.

Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі, ақша масасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнде ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;

М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;

М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;

L – оған М3 агрегаты  және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады.

Қорыта айтқанда, әрбiр  келесi ақша атрегаты өзiнен алдынғылардың барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды. Бiрақ оның алдынғыға қарағанда өтiмдiлiгi төмен.

Ақша жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне тән ақша-несие жүйесiмен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшiн – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екi ақша агрегаты қолданылады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгередi.

Ақша жиыны бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:

1.      Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;

2.      Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;

3.     Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке несие беруiмен;

4.     Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алуымен; 

Ақша жиыны көлемiнiң өзгеруiне айналыстағы ақша жиынының өзгермелiгi мен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етедi. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуiне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруiне, срнымен бiрге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелiк операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейiне және т. б. байланысты өзгередi.

Ақша жиыны айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнiмдi орналастыру коэфицентiнiң төмен екендiгiнiң көрсеткiшi. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары конъюктура барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшандығын көрсетедi. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына керi пропорционалды әсер етедi, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттiлiгi азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектiлерiнiң ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегi ұзақ мерзiмдi салымдардың ұлғаюын көрсетедi.  

 

II   АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ  

      2.1 Қағаз ақшалар және олардың айналысы 

Қағаз ақшалар – бұл  нағыз ақшалардың өкілдері болып  табылады. тарихта олар айналыста  жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда  болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста  жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың  айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне  байланысты пайда болды.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаларға ауысу негізгі себептеріне  келесiлер жатады:

·     Металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз. Яғни металдарды алып жүру, оларды тасымалдау қиынға түсті. Сонымен қатар егер белгілі бір тұлға көп ақшалармен саудаласу үшін міндетті түрде үлкен ақша салатын ыдыстармен жүрген. Ал ол өз кезегінде сол адамның дереу көзге түсуін, соның салдарынан оның өміріне қауіп тудыруы мүмкін еді.

·     Металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету сипатының орын алуы, жасанды металдардың шыға бастау барысында бiлiнуi;  Яғни, бұл жерде белгілі бір мемлекет өз қызметтерін және өзінің жағдайларын жақсарту үшін ақша айналысы заңына сәйкес келмейтін металл ақшаларды көптеп шығарумен байланысты және ол өз кезегінде саудаласуда әділетсіздікті туғызады;

·    Бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда қымбатқа түсуi, яғни қоғамдық қатынастардың күннен күнге дами түсуіне байланысты айналысқа көптеген ақша қаражаттары қажет болды. Ал металл ақшалар шығарудың мөлшері шектеулі және оны шығаруға көп қаржы қажет болды. Егер қағаз ақшалар пайда болмағанда бүгінде металл ақшалар өндіру үшін металлдарға деген сұраныс өсіп, жалпы ақша құнының өз бетімен өсіп кетуі орын алар еді;

·     Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Бұл әсіресе елдің қиыншылық жағдайларға тап болуын, соғыс уақыттарында және бюджеттік шығындардың әр түрлі себептермен пайда болған  тапшылығын жабу мақсатымен көрініс табады. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін қағаз ақшаалрды шығарудың негізгі себебі халыққа уақытында қағаз ақшалар эмиссиялап ақша төлеу әлеуметтік мәселелерді уақытша шешеді.

Алғашқы қағаз ақшалар  б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания отары  болған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз  ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Сонымен қағаз ақшалар  – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.  

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста  ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:

·      айналысқа артық ақша эмиссиялау,

·      эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн;

·      төлем балансының қолайсыздық жағдайы.

Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие  саясатының биылғы және алдағы 2007-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның  деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2007 жылы 7,0%-9,0%-дан, 2008 жылы 6,5%-7,5%-дан  және 2009 жылы 6,0%-7,0%-дан аспауы керек         

            2005-2009 жылдардағы инфляция деңгейі

Қазiргi уақытта алтын  тауарға тiкелей айырбасталмайды  және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай  ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие  ақшалардың құнын өлшеу ретiнде  көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды  көрсетедi,  өйткенi өзiнiң құны жоқ. Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.

Бүгінде еліміздің ақша айналысындағы  қағаз ақшалардың құрамы келесідей  көрініс табуда. Елімізде бүгінде  қағаз ақшалардың айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200 теңгелік банктік билеттер және 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 теңгелік металл монеталар  айналыста жүр.

Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды  ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн  еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге  нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Қағаз ақшамыз теңге толық  қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен  бастап іске асты. Бұл салада әлемдік  стандарттарға қол жеткізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік  араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.

Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде  осы деңгейде сапалы түрде қысқа  мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып  табылмайды.

Ұлттық банктің бұндай қатаң ақша айналысын реттеу саясаттарын  жүзеге асыруының себебі еліміздегі жылдан жылға ақша массасының және оның ішінде айналыстағы қолма-қол  ақшалардың көлемі өсіп бара жатыр. Бұл  өз кезегінде ақша айналымының тиімді жүргізілуі заңын бұзып, инфляциялық  көріністерге алып келеді. Жалпы еліміздегі соңғы жылдардағы ақша массасының өсу  шамаларын және қолма-қол ақшалардың құрамы жылдан жылға экономика салаларының  дамуымен бірге өсіп келе жатыр. Оны  келесі 2003-2005 жылдарға арналған талдау көрсеткіштерінен көре аламыз. Сонымен  қатар елде қолма-қол ақшалармен қатар қолма-қолсыз ақшалар да жылдан-жылға  өсіп келе жатыр. Оның басты себебіне соңғы жылдардағы экспорттық қызметтердің көлемінің ақшалай сипатының  тым жоғары өсіп кетуі, елдегі әлеуметтік сала бойынша халыққа айлықтардың  өсуі және жалпы экономиканың өсуімен  тікелей байланысты болып. Осы аталған  барлық ақшаларды елдің ақша массасы  деп те атасақ болады. Осы ақша массасындағы қолма-қол ақшалардың үлесін келесі 1-ші суреттен көре аламыз. Егер ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесі артық болатын  болса, онда елде инфляциялық тоқулар  басталады. 1-ші сурет бойынша зерттеу бойынша ұлттық экономикада ақша массасының қарқындап өсуі және оған қоса қолма-қол ақшаның да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Сондай-ақ ақша массасындағы қолма-қол ақшалар үлесінің  бірқалыпты екендігін көре аламыз. Кесте 1 - Қазақстандағы ақша айналысының құрамы

Көрсеткіштер

2007

2008

2009 (8 ай)

    Ақша массасы (М3), млрд. теңге

971,2

1634,7

1881,3

    Қолма-қол ақшалар  (М0), млрд. теңге

238,7

379,3

402,0

   Салымдардың барлығы, млрд. теңге

732,5

1255,4

1479,3

   Экономиканы дамытуға несиелер, млрд. теңге

978,1

1484,3

2037,0

   Қайта қаржыландыру пайызы, %

7,0

8,0

8,5(6айішінде 7,5% болған)


 

 

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Сондықтан қағаз ақшалардың айналыстағы үлесі мен қажетті мөлшерін нақты белгілеу ақша айналысының бұзылуының, инфляцияның алдын алады. Бұл мәселе әсіресе Қазақстан үшін өте маңызды болды. Оның басты себебі, осыдан 8-9 жыл бұрын экономикада жоғары инфляция деңгейінің пайда болуының басты себептерінің бірі жалпы шаруашылықтың дамымауы, істелген шаруашыылқ қызметтер болмағандықтан айналыста артық ақшалар үлесі өсіп кетті және мемлекетеміз бюджеттік тапшылықты уақытша жауып отыру үшін айналысқа артық қағаз ақшалар шығаруға мәжбүр болуымен сипатталады. Сол кездерден елімізде ақша айналысын реттеу үшін ақша-несие саясатының қызметтері және экономика салалырын дамыту негізінде бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының ақша айналысы біршама тұрақтанып, ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ алдағы уақыттарда еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатындағы басты міндеті ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның нығаюына жағдай жасау болып табылады. 

2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері

Несиелiк ақшалардың мынадай  түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа  да коммерциялық қызмет көрсету кезінде  өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы  қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға  душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек  өнім несиеге сатылады. Несиені  қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.

Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады.  А.А. Фелдманның айтуынша:  «вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов,  осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель – бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.

Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем  міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді  борышқор, яғни вексель беруші тауарды  несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған  белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель  берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

Информация о работе Акша айналысы