Акционерлік қоғамның нарықта алатын орны мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2014 в 15:38, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы акционерлік қоғамдардың қаржыларын зерттеуге арналып, бұл бағытта кәсіпкерлік ұйымның бір түрі ретіндегі акционерлік қоғамдарды қызметінің құқықтық астарын ашуға бағытталған.
Мен курстық жұмыста келесі сұрақтарды қарастырдым: акционерлік қоғам ірі кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде, акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде ұйымдастырылу ерекшеліктері, акционерлік қоғамды басқару ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдар қызметінің ерекшеліктері, акционерлік қоғамдар қаржыларының ұйымдастырылуы, Қазақстанда акционерлік қоғамдар және құнды қағаздар нарығының жағдайы, Қазақстанда акционерлік қоғамдарды дамытудың проблемалары мен дамыту жолдары

Вложенные файлы: 1 файл

KIRISPE.docx

— 66.78 Кб (Скачать файл)

Бұл  акционерлік  қоғамның   мәселелері   2004 және  2006  жылдар  аралығындағы  мәселелерді   құраған,  ал  қазіргі   уақытта  бұл  компания  2007- 2009  жылдарға  дейін   проблемаларды  шешуге  үлкен  мақсат  қойып  отыр.  Мысалға  айтатын  болсақ   бірінші   ақпаннан  бастап   бұл  компания  интернет  желіссіндегі  тарифтік  көрсеткіші  5% төмендеді . Тағы  бір  мақсатта  заң  тұлғалардың  байланыс  жүйесін  қостыру  жөнінде  25% төмендетеді  бұлар  Астана,   Алматы,   Қарағанды,  Павлодар  және  Өскеменде  осындай  мақсатта  төлем  ақы  32000- нан  24000- мыңға  түспек.  Сонымен  қатар  ұялы  телефон  байланысында  төмендету  мақсатта, тұр.  Бұл 5,97  тенгеден  5,69 тенгені  құрайды,  яғни  он  секунд  сөйлескені  үшін. Акционерлік  қоғам қазахтелеком  осы  мәселелерді  орындай  отырумен  қатар  халық аралық  деңгейде  орын  алды.  Ал   жалпы  акционерлік  қоғамның  қазіргі  нарықтағы  проблемаларды  шешу  жолдары  2010  жылға  дейінгі  кезеңде  арналған  негізгі  бағыттары  мыналар  болып  табылады:

1.ішкі  институтционалдық   инвесторларды  дамыту .

2.акционерлердің  шығарған  бағалы  қағаздарын  және  олардың 

туындыларының  сапасын  жақсартуды  ынталандыру  және  қаржы 

құралдарын  жаңа  түрлерін  енгізу .

3. инвесторлардың  құқықтарын  қорғауды  жетілдіру  және  зейнетақы  мен  резервтік  активтердің  сақталуын  қамтамассыз  етеді .

4.акционер  қоғамның  нарықққа  шығарған  бағалы  қағаздарын  техникалық  инфро құрылымын  дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ШЕТЕЛДЕ АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік  қоғамдар  туралы шетелдік заңнаманың  даму  тенденциясын бақылай  отырып, отандық акционерлік  заңнаманы  жетілдіруде  бірыңғайландыру жөніндегі  пікірлер  айтылуда.Еуропалық тәжірибе акционерлік қоғамдар туралы  шетелдік  заңнаманың  даму дәрежесі, қазақстандық  акционерлік  қоғамдардың  тәжірибелік  қызметінде  ескерілуі , кез келген  акционерлік  қоғам өзінің  бағалы қағаздарын  халықаралық  қаржы  рынокторында  айналыста болғандықтан қалайтындығымен  түсіндіріледі. Ғылымда акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгілері туралы біркелкі пікірлер жоқ. Бір ғалымдардың көзқарастары бойынша акционерлік қоғамдар Ежелгі Римдегі серіктестіктерден, келесілер қазіргі кезеңгі акционерлердің мәртебесіне ұқсас несие берушілердің мәртебелері бар мемлекеттік займның ортағасырлық жүйесінен туындаған деген ой білдіреді.

Тарихи талдау акционерлік саланың қалыптасуына келесі кезеңдердің ықпал еткендігін білдіреді:

  • акционерлік компаниялардың Ежелгі Рим уақытындағы алғышарты;
  • капиталистік кезең;
  • социалистік кезең.

Жалпы заңды тұлғаның  шығу тегін, дамуын рим құқығынан аламыз. Сол тұрғыда корпоративтік құқықтық қатынастың дамуының негізгі тарихи кезеңдерін Ежелгі Рим тарихымен ұштастыра отырып қысқаша қарастырып өтейік.

Акционерлік компанияларға ауысудың ежелгі нысаны ретінде Ежелгі Римдегі мемлекеттік табыстарды жалға беру мақсатында және 3, 5 не 100 жылға бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын locationes немесе venditiones деп аталатын шарт негізіндегі societates vectigalium publicorum. ды  айтуға болады. Societates vectigalium publicorum тұлғалары мемлекет алдында шектелмеген мүліктік жауапкершілікте болып, алдын ала кепіл енгізуге міндетті болды. Мемлекетпен осындай шартқа отырушы тұлға не тұлғалар қызметтерін жүргізу үшін қажетті қаражаттарды қалыптастыру түріндегі серіктестікті құрып, публикандар болып аталды. Серіктестіктің құрамына толық жауапкершілікті артатын толық серіктестер (socii, socii argentarii) және салым шеңберінде жауапты болатын салымшылар (affines) кірді. Серіктестіктің басында бағынушы лауазымды тұлғалары және провинцияларында вице-директорлары (promagistri) бар директор (magister) тұрды.

Әйгілі орыс цивилисті Н. С. Суворов: "Рим әкімшілігі көтермелі операцияларды өздері жүзеге асырып, өзге мәмілелерді жеке кәсіпкерлерге берумен ерекшеленетін" дейді. Кейбір зерттеушілердің ой-пікірінше, публикандар серіктестігінің сипатты белгісі болып, азаматтық айналымға өз мүлігінің меншік иесі ретінде қатысуы болды. Н.С. Суворов ежелгі римдік публикандар қызметі туралы келесі пікір білдіреді: "Әсіресе Рим мемлекетінің аумағы кеңейгеннен соң, ұлғайған провинциялардың операциялары үшін үлкен капиталдар қажет болды". Осы реттерде публикандарға аса жоғары талап қойыла бастады. Бірқатар қайнар көздерде публикандардың римдік серіктестігінде қатысу үлесі дербес сатылуға, айырбасталуға, сыйға тартылуға және мұраға қалдыруға жатты, яғни құқықтың дербес объектісі ретінде қарастырылғандығы айтылады. Сонымен қоса, сол уақыттарда серіктестік үлестерін сату жүргізілетін. Яки, қазіргі   заманғы биржалық операцияларына тектес қатынастар сол заманда да орын алып, бұл қатынастың туындауы серіктестіктерді акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгісі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, И.Т.Тарасов societates vectigalium publicorum қазіргі уақыттағы коммандиттік серіктестікке ұқсас және акционерлік қоғамға ешбір тақау еместігі жөнінде сөз етеді. Себебі, АҚ-лардың өзге ұйымдардан айырмашылығы ретінде акцияны шығару танылады,  әлбетте,  сол уақыттарда акцияның болмағандығы туралы білеміз.

Осы жерде И.Т.Тарасовтың ежелгі римдік societates vectigalium publicorum'ды қазіргі таңдағы сенім серіктестіктестігінің негізі ретінде қарастыруға болатындығы туралы ой-пікіріне қосылуға болады. Серіктестік қызметіне толық серіктестердің міндетті қатысу қағидасын, бұл ұйымның толық серіктестер мен салымшылардан қалыптасатындығын ескере отырып, публикандар серіктестігін тарихтағы алғашқы акционерлік компаниялар деп мүлдем айта алмаймыз.

Ежелгі Римде корпоративтік қатынастың туындауына, қалыптасуына өзге де заңды тұлғалар әсер етті. Мәселен, Н.С.Суворов collegia қатарына публикандар серіктестігімен қоса, діни алқаларды, жерлеу, кәсіпшілер алқаларын және бағынушы қызметкерлер алқаларын жат-қызады. И.П.Грешников болса, collegia- ны тек пірлер алқасымен шектейді .

Жоғарыда аталған заңды тұлғалар тек жеке құқықтық сипатқа ие болды, сондықтан оларды қазіргі заманғы акционерлік  компанияларға тән ету үшін, тек бір маңызды элемент жетіспеді. Ол акция. Акция арқылы жеке мүдде жалпыға айналушы еді. 1407 жылы бірінші акционерлік компания Генуэздік банк (banka di San Giordio) дүниеге келеді. Генуэздік банк алғашқыда 1345-ші жылықұрылды делінсе, өзге қайнар көздер бойынша 1371 жылы құрылды.

Банк алдындағы қатысушының міндеті үлесті төлеумен анықталды. Банкте табыстарына байланысты қатысушыларға проценттер төленді. Ұйымның қызметінің басында оны басқару келесідей жүзеге асырылды. Генуэздік мемлекеттің шенеунігі - прокуратордың лауазымы, банк несие берушілер бірлестігінің сайлаулы өкілі - протектордың лауазымымен ұштасады. Нәтижесінде сәйкесінше үлестерге ие сегіз прокуратор-протекторлардан сайланатын орган құрылды. Басқару органы ретінде, сондай-ақ, прокуратор мен протекторлармен тағайындалатын, аса көп үлес санына ие қатысушылар санынан  52 адамнан құрылатын кеңес танылды.

1569 жылғы жарғыға сәйкес  қатысушылардың құқықтары кеңейеді. Басты басқару органы ретінде  қатысушылар жиналысы танылып, кейін  Генуэздік банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Патерсонның Ағылшындық банкісі және Францияда Лауевтік банк құрылды. Жиналыс кворумы - 300 адам (1633 жылы жаңа кворум - 250 адам белгіленді), шешім 1/3 дауыспен қабылданатын болды .

Атқарушылық қызметті бір жылға сайланатын протекторлар кеңесі жүзеге асырады. Протекторларды әрқайсысы кем дегенде 25 үлеске ие 32 қатысушыдан қалыптасатын ерекше алқа сайлауға құқылы болды. Генуэздік банктің мысалында басқарудың үш буынды жүйесі пайда бола бастады: қатысушылар жиналысы, ерекше алқа, протекторлар кеңесі. Басқарудың осындай құрылымы тарихта алғашқы рет туындайды. Аса үлкен функциялар қатысушылар жиналысының қолында болып, ол банк қызметінің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қабылдады. Ерекше алқаның құзыретіне протекторлар кеңесі мүшелерін сайлау мәселесі жатса, протекторлар кеңесі күнделікті қызметті  басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болды. Осындай нысанда банк ХVIII  ғасырдың соңына дейін әрекет етіп, үлестері құндылығын жоғалтқаннан кейін өз қызметін тоқтатты.

ХVI ғасыр еуропалық мемлекеттер экономикасы үшін жаңа кезең. Бұл әлемдік сауда  аумағының  кеңейтілуімен және еуропалық капиталдың қолданысымен байланысты болды. Еуропаның  экономикалық мүдделерін жүзеге асыру үшін жаңа ұйымдық   нысан, капиталистік элементін қолдануға негізделген кәсіпкерлік бірлестіктің жаңа түрі қажет болды. Бұл нысан тарихи тұрғыдан отаршыл компаниялар болды, кейін жетілдіре келе, ХІХ ғасырда    заң шығарушы мен жаңа құқықтық конструкция "акционерлік қоғам" қалыптасты.

Англия, Голландия  және басқа да елдер ХVI- ХVII ғасырларда сауда жүргізу және отарларды игеруге өз мемлекеттерінен айрықша құқықтарға ие ірі отаршылды компанияларды құру жолымен жүрді. Ғасыр шеңберінде 60 тектес бірлестіктер құрылып, оның әйгілілері голландтық, ағылшындық және Француздық Ост-Индтік компаниялар болды.

ХVI ғасырдың  соңы Голландияда өнеркәсіптің, сауда-саттықтың  дамуымен, әсіресе жаңа су жолдары мен жаңа елдердің ашылғандығынан су айналым саласының қарқынды дамуымен сипатталады. Голландияға Бразилия, Үндістан, Африка мемлекеттерімен сауда қатынастарын құруға үміттенуші, кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылушы адамдар жинала бастайды.

Голландтық Ост-Индтік компания 1594 жылы құрылады. 1622 жылдан бастап компанияны басқаруда директорлар  орталықты органының ролі артты. Жыл сайын есеп жүргізетін және өткізілген тексеріс бойынша өз қорытындыларын ұсынатын, құрамында екі қатысушысы бар ревизиялық орган құрылды. Компанияны басқарудың құрылымы екібуынды болды: қатысушылардың жалпы жиналысы, компания директоры. Өзге ұйымдармен салыстырғанда компанияның деңгейін көтеретін және голландтық саудагерлер үшін қызығушылық тудыратын фактор болып компания міндеттемелері бойынша қатысушылар жауапкершілігінің шектеулілігі танылды.

ХVІІ ғасырдың 30 жылдары Голландияда сансыз банкроттықтардың нәтижесінде көрініс тапқан акционерлік алыпсатарлық уақытша тоқтатылып, ХVІІІ ғасырдың басында қайта жаңғырды.

Англияда акционерлік компаниялар ХVІ ғасырдың соңында және ХVІІ ғасырдың басында пайда болып, алғашқыларының бірі болып сауда жүргізу мақсатында құрылған Ағылшындық Ост-Индтік компаниясы саналады. Ағылшындық Ост-Индтік компанияның құрылуына Англо-Гамбургтік сауда компаниясының құрылуы әсер етті.

Ю.В.Петровичева өзінің ғылыми еңбегінде Біріккен Корольдікте  (Англияда) компанияларды  құру  және даму тарихи үш кезеңде өтті дейді, олар:

  • корпорациялардың корольдік грамотамен құрылу кезеңі,
  • парламент статутының құрылу кезеңі;
  • нормативтік тәртіппен жауапкершілікті шектеулі компанияларды инкорпорациялау  кезеңі.

Ағылшындық Ост-Индтік компанияның басты басқару органы  қатысушылардың жалпы жиналысы болды. Жалпы жиналыс жылдық, сондай-ақ кезектен тыс жиналыстың өткізілуі де қарастырылып, ол комитетпен қатар, бас директорды сайлайды. Комитет мүшелері және бас директор бір жылға сайланады.

Англияда Ост-Индтік компаниямен қатар, Оңтүстік қоғам, Оңтүстік-Американдық компаниялар әрекет етті. Бұл ұйымдардың Ост-Индтік компаниядан өзгешіліктері болмағанымен, олар корпоративтік қызметтің қалыптасуына әсер етті. Тарихқа назар аударсақ, корпорациялар мен биржалық алыпсатарлықтың сол уақыттарда бірге жүретіндігін байқаймыз. Англиядағы өнеркәсіптік өндірістің дақпырты әр алуан жобаларды қаржыландыру үшін ақшалай қаражатты тарту мақсатында тұлғалардың кең шеңберіне акцияларын сататын компаниялардың пайда болуына әкелді. ХVІІІ ғасырда Англияда көптеген акционерлік компанияларды құру кезінде  бағалы қағаздармен байланысты алыпсатарлық операциялар сансыз қулықтармен ұштасып, нәтижесінде күдікті жобаларға ақшалай қаражаттарын енгізген қатысушылардың арқасында тек компанияны құрушылар ғана табыстарға жетті. Сол тәріздес компаниялардың акцияларының құны бір сәтте жүз процентке көтерілетін және түсетін. Тұлғаларды әрқилы күдікті істерге тарту арқылы, акциямен алыпсатарлықты жүргізу кейін акционерлік компанияларға сенімсіздікті туғызды.

11 маусым 1720 жылы парламентпен "сабынды көпіріктер туралы" әйгілі Babble-Act заңы қабылданады. Бұл  заңда мемлекеттің рұқсатынсыз  корпоративтік құқықтарға иеленетін  кәсіпорындарды жарамсыз ететін, жауапкершілігі шектеулі компанияны  құруға тыйым салатын нормалар  көрініс тапты. Әлбетте, бұл нормаларды  бұзушылар саны көбейген соң, Оңтүстік мұхит компанияларының  ұсынысы бойынша Babble-Act'тың маңыздылығын  жоғарылататын scire facias деген атауымен  бұйрық шығарылады. Бұйрық акционерлер, алыпсатарлар және құрылтайшылар арасында үрей тудырды. 1734 жылы акция және өзге бағалы қағаздармен алыпсатарлықты өткізуге тыйым салушы заң қабылданды. Babble-Act 1824 жылы күшін жоғалтып, ал бұл құрылтайшылықтың аса жайы-луына әкеліп, тек бір жылдың ішінде 101 690 000 фунт стерлинг соммасына акционерлік компаниялардың құрылуына ықпал етті.

Babble-Act'тан кейінгі кезеңде  Англияда акционерлік қоғамдардың  заңи негізі болмай, сол уақыт  аралықтарында жеке компаниялар  тек парламент не коронаның  рұқсатымен құрылуға құқылы болды. 1856-1867 жылдары "Компаниялар туралы" заң, 1862 жылы Англиядағы акционерлік  компаниялардың қызметін реттеуші  арнаулы заң қабылданады. Бұл  заңның жарық көруі Францияға  да ықпалын тигізді. Себебі, дәл  сол жылы Франция мен Англия  арасында халықаралық шарт жасалып, оған сәйкес ағылшындық қоғамдар  өз қызметтерін Францияда жүзеге  асыруға мүмкіндік алды.

Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта алатын орны мен мәні