Қаржы менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 15:40, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
I тарау Банктік қаржы менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банктегі қаржы менеджментінің түсінігі және қажеттілігі......................3-8
1.2. Қаржы менеджментінің негізгі бағыттары.............................................9-13
II тарау Банктердегі қаржылық басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру.....................................................14-18
2.2. Банктерді басқару принциптері ..............................................................18-24
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары..............................25-29
3.3.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қорытынды ......................................................................................................30-31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

курс. __аза__станды__ __неркас¦пт¦к корпороцияларды__ инвестициялы__.docx

— 92.82 Кб (Скачать файл)

4. Менеджмент  мазмұны сонымен қатар енбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

  • жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымың атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
  • американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші роль ойнайтын тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім кабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

Ұжымды басқарудағы басты міндет - менеджер әрбір кызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық  қатынастағы жетістікгің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне. яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

Ұжымды басқаруда менеджер білуі  тиіс үш фактордың орны ерекше:

  • ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
  • әр қызметкермен тіл табыса білу;
  • ұжым алдына қойылған міндетгерді шешу үшін әр қызметкерге 
    ықпал етудің тәсілін таба білу.

Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырма беру, оларды нақты көрсеткіштермен (сандық және сапал көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпаратық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз  ету міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылыгына қарай жіктей отырып оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

 Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға аткарушыға беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-құлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық  стилінің екі турі болуы мүмкін:

  1. түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
  2. шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. 
    Мінез-құлыктың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы құзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша  басшы мінез құлқын анықтайтын мамандардың  төрт тобы бөліп көрсетіледі:

  1. еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);
  2. еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);
  3. құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);

4) құзыретгі және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын  ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуіңің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдай  жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру.  Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

 

 

 

 

Қорытынды

Осы курстық  жұмысымызды қорыта келе, банктік  менеджмент-жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушыларының қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар  мен операциялар жасау процесі.

Басқару қатнасы менеджмент предметі болып  саналады. Банк капиталымен оның ресурстарымен  басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару кешені банктік менеджменттің объектісі  болып табылады.

Банктік менеджментің қызметі: ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін артыруға қаржылық материалдық ресурстарды  сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде  банк қызметін коммерцияландыруға бағдарланған.

Банктік менеджментінің ерекшелігі алға қойған мақсаттарға қатысты банктік  менеджменттің бірқатар счандық, сапалық  және әлеуметтіккөрсеткіштерді орындауға  бағдарланатындығынан тұрады.

Сандық  көрсеткіштердің банк қызматін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттерімен  олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі несие салымдары, инвеститциялар: банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.

Сапалық көрсеткіштер-банктің кірістері  мен шығыстарын көрсеткіштері, қаржы  айналымын жылдамдық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша  клиенттердің талант-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері. әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемеларды шешу дәрежесін сипаттайды. Банктік менеджментті екі келіс тұрғысынан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тарапынан оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жатады: ұжымды басқарудың екі үлгісін-жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Хамитов  Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.

2. Искакова  З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.

3. Бердалиев  К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.

4. Указ Президента РК, имеющий силу Закона "О банках и банковской   деятельности   в   РК"   от   31    августа    1995г.

5. Финансовый анализ: Учебник /Под ред. Ефимовой О.В.- М.: Бухгалтер, 2002г. - 528с.

6. Финансовый  анализ в коммерческом банке:  Учебник /Под ред.Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. - 256с.

7. Финансовый  анализ в коммерческих и некоммерческих  организациях: Учебник /Под ред.Гвозденко  А.А.-М.:Финансы,2001г. - 320с.

8. Финансовый  анализ коммерческой деятельности: Учебник /Подред.АбрютинойМ.С.-М.:Финпресса,2002г. - 176с.

9. Финансовый  менеджмент: Учебник /Под ред.Павлова  Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2001г. - 269с.

10. Финансово-кредитный словарь /М.: Финансы и статистика 1983г.І-Ш  тома.

11. Управление финансами: Учебное пособие Под ред. Кукукиной И.Г.-М.: Юристъ,2001г.

12. Управление  финансами: Учебное пособие /Под  ред. Тренева Н.Н.- М.: Финансы,2000г.

13. Банковское  дело.Стратегическое руководство/  Под ред.Платонова В., Хиггинс  М.: Консалтбанк,2001г.

14. Банковские  риски под.ред. Зотова В.С., Бишкек,2000 г.

15. Банковское дело Под ред. Лаврушин О.И.-М.: Изд.РОСТО,1992г.

 

 

 



Информация о работе Қаржы менеджменті