Қаржы менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 15:40, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
I тарау Банктік қаржы менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банктегі қаржы менеджментінің түсінігі және қажеттілігі......................3-8
1.2. Қаржы менеджментінің негізгі бағыттары.............................................9-13
II тарау Банктердегі қаржылық басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру.....................................................14-18
2.2. Банктерді басқару принциптері ..............................................................18-24
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары..............................25-29
3.3.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қорытынды ......................................................................................................30-31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

курс. __аза__станды__ __неркас¦пт¦к корпороцияларды__ инвестициялы__.docx

— 92.82 Кб (Скачать файл)

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-кұлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық  стилінің екі түрі болуы мүмкін:

  1. түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
  2. шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы кұзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-кұлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп  көрсетіледі:

  1. еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);
  2. еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);
  3. құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);
  4. құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын  ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты  әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың әэне қайта дайыидаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

 

III тарау Банктік менеджментті  жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасындағы банктік  басқарудың жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау ретінде ең алдымен ағымдағы және келешектік жоспар мен олардың уақтылы орындалуына бақылау жасалуы түсініледі. Банктердің көшпілігінде басқару процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:

а)жоғарғыбасшылық;                 
          ә) бөлімше басшылары;

б)мамаңдандырылған функциональды бөлімдердің басшылары. 
           Стратегиялық жоспарлар, әдетте, 3-5 жыл мерзімге дейін құрылады.             Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:

  • банктің жалпы стратегиясын эксперттер тобы әзірлейді және алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, қолдауы тиіс;
  • стратегия жасап шығару барысында нақтылы іске асатын мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
  • ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
  • қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
  • стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі,
  • негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;

Жоғары  басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлардың орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады. Банктегі қаржылык менеджмент мыналарды басқарады:

  • банктің меншікті капиталын;
  • активтерін;
  • қарыздың (заем) қаражатын;
  • пассивтерін;
  • пайданы;
  • инвестициялық қоржынды;
  • коммерциялық банктің өтемпаздығы.

Меншікті капитал - АҚ, не болмаса  ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырағысыз бөлігі. Меншікті капиталды жарғылық қор түрінде қалыптастыру дегеніміз - коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы ізашар, міндетті түрде болатын кезең.

Меншікті  капиталды басқару сапасы былайша  бағаланады:

а) тартылған  капиталдың (облигациялар, ұзақ мерзімді сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен аспауы тиіс);

ә) дивиденд төлемдерін ұқсас банктер тобы бойынша тиісті орташа көрсеткіштермен салыстырумен.

Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:

  • банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
  • I және II деңгейдегі капитал арасындағы арақатынас (негізгі және екінші реттегі);
  • тәуекелді ескеріп, безбенделген, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
  • «левереджа» (тетік) коэффициенті;
  • жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
  • активтердің сапасы.

Отандық тәжірибеде банктің меншікті капиталына мыналар кіреді:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • әр түрлі қорлар;
  • ағымдағы жылдың пайдасы.

Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір бөлігін құрайды.

Активтерді басқарудың негізгі  принциптеріне мьшалар жатады:

- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;

- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);

- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру; 
         -  активтердің табысты болуын қалау.

Басқару жүйесіндегі коммерциялық банк. Стратегиялық менеджмент коммерциялық банкті басқару мәселелерін қаржы нарығының объектісі ретінде қамтиды.

Отандық банк жүйесін реформалау процесі  елдің қаржылық секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда  жұмыс істейтін банктердің жалпы  саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік - 2.

2002 жылдың  ішінде банктердің жиынтық мемлекеттік  капиталы 32%-ға (37,9 млрд теңге) асты  және 161,2 млрд теңгені құрады. Банк  капиталдануының айтарлықтай өсуі  жалпы банк жүйесінің баянды  тұрақтылығының артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 1 қаңтарында 33 банктің жиынтық меншікті капиталы 1 млрд теңгеге тең болды немесе  артты. Капиталдандыру мен банктердің  ресурстық базасының өсуі жағдайында  депозиттердің едәуір түсімі  есебінен банк активтерінің ұлғаюы  жалғаса береді. 2002 ж. ішінде банктің  жиынтық активтері 40,2%-ке өсті  және 1145 млрд теңге сомасын құрады.

Республикада  банк жүйесінің нығаюы мен қаржылық қызмет көрсететін қазақстандық сатушылардың клиеттерінің мүддесін қорғауға мүмкіндік  беретін шаралар қабылдануда. Оларға мыналар жатады, мысалы:

  • халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын 1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) (бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
  • депозитгердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге) кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
  • 2000 ж. наурызында «ҚР-ның банк құпиялары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау.

Коммерциялық  банк  стратегиясын құрудың типтік  схемасына мыналар кіреді:

а) жалпы  мақсат;

ә) уақытша  ауқым;

б) стратегиялық бағдар:

  • банктің болашақтағы рөлі;
  • басқару міндеттері;

в) банктің жағдайын талдау:

  • банктің жағдайын (статусын) бағалау;
  • бэселестік позиция;
  • клиенттермен қарым-қатынас;
  • каржылық жағдай;

г)іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды 
анықтау:

  • жаңа қаржылық қызмет көрсету;
  • жаңа қаржылық қүралдар;
  • жаңа клиенттер;

ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;

д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;

е) банктік әлеуеттің дамуы;

ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;

з) қосарланушы талдау жүргізу.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға мыналар кіреді:

  1. несиелік қатынастар технологиясы;
  2. несиелік тәуекелділік.

Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас элементтері бұлар:

  • банк кірістерін басқару;
  • банк пайдасын қалыптастыруды бақылау;
  • сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы мен пайда деңгейін бағалау;
  • банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.

Коммерциялық банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттіліктілектерін қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді./3.220-222б/

 

3.3.КОММЕРЦИЯЛЫҚ Банктерді БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері

Менеджмент ұйымдастыру және  басқарудың  оңтайлы  жүйесі  туралы  ғылым. Менеджменттің  мағынасы  әр түрлі. Менеджмент сөзі  тар  мағынасында  белгілі  бір  адамдар тобын ұйымдастыру  мен басқаруға қатысты болса, оны  кең мағынасында  банктің  қызметі  мен оның қызметкерлерінің ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады. Менеджменттің  негізін өз ісін басқару  субъектісін білу, өз еңбегі  мен ұжым  жұмысын ұйымдастыру  қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму  және  шығармашылық қызметке  ынта  таныту  сияқты  адамдық фактор  құрайды

Менеджментің  негізгі  фигурасы  өзі айналысып отырған істің  даму болашағын  көре білуге  қабілетті , нақты  жағдайда  тез бағалай  білетін , алға  қойылған мақсатқа  жету  үшін  оңтайлы  шешім таба  білетін  кәсібі  басқарушы  болып  табылып табылады. Осыған байланысы  менеджер  жоғары  біліктілік , ой  өрісі  кең , тәукелге  бара  білетін  қайсар, белгіленген  жоспарды  іске  асыру , ұжымда жетекші  болу  сияқты  нақты  кәсіби және  қасиеттерге  ие  болуы қажет.

 Дамыған  елдерде  менеджмент  өндіріс нәтижелерін  көтеруде  маңызды  факторлардың  бірі  болып саналады. Салыстырмалы  түрде  қосымша  қаржысыз аз шығынмен  жоғары   нәтижеге  жетуге  болатындықтан менеджментке  сонғы  жылдары  ерекше  мән беріліп жүр.

 Менеджменттің  негізгі   мақсаты – басқарудың оңтайлы   жүйесі  есебінен  пайда  табу.

 Демек, менеджмент бизнеспен,  кәсіпкерлік  қызметпен қатаң  бәсекелістік  жағдайында дамыған  нарықтық қатынастары  бар  елдердегі  бизнеспен, кәсіпкерлік   қызметпен тығыз байланысты . Жетістікке  жету үшін  немесе  істі  дамыту  үшін, оңтайлы   алғышарттарға   ие  болу  үшін басқару    жүйесін үнемі  жетілдіріп отыру , теория  мен практика  жиналған білімді  тез менгеру , өзгермелі жағдайда  жаңа  ерекше  шешім табу қажет.

 Пайда табуға  ұмтылу –  менеджменттің  бір  ғана  мақсаты  емес. Қазіргі  менеджментте  қоғамдық қажеттілікті  қанағатандыру   факторы  менеджмент қызметінде  басты   орындағы  әлуметтік   этикасын сарам олжаға, пайданы   өсіруге ұмтылу , емес , қоғамға   қажетті  тауар  өндірісі  мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды . сонғы жылдары менеджмент мақсатында  адам  бойындағы қабілеттерге  жол ашатын ұжымдағы  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  ісі де  кіретін болады .

 Менеджмент ғылым  ретінде   барлық қызмет саласына  ортақ  мына  пинциптерді  сипаттайды:

  1. басқару субъектісі  әрекеттің  нақты  мақсатқа  жетуге  бағытталуын.
  2. олардың алға  қойған мақсаттарының, нәтижесінің және  құралдарының  ортақтығын
  3. Құрамына  жоспарлау, талдау , реттеу  және  бақылау енетін басқару процесінің  кешенділігін.
  4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін  келешекке арналған және  ағымдағы  жоспардың бірлігін.
  5. Оларды  іске  асырудағы маңызды   фактор ретінде қабылданған бақылауды .
  6. Ұжымның және   оның  әрбір мүшесінің шығармашылық белселділігін, табыстылығы  мен жетістігін материалдық және  моральдық тұрғыдан  ынталандыру.
  7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға  жол ашатын жеке  жұмысты .
  8. жұмысшылардың кәсіптік  денгейін  көтеруге , үнемі оқуға және  қызметтің жаңа  білімі  мен салаларын менгеруге мүдделілікті .

     9 Ұжымдағы жақсы психологиялық   жағдайға бағдарлауды.

Информация о работе Қаржы менеджменті