Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 20:15, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Қонақ үйдің басты көзі – турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................... 3-6

Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы мен тиімді жұмыс
істеуінің байланысы................................................................................... 7-11
1.2 Сапа мәні ...................................................................................................... 12-15
1.3 Қонақ үй мекемелеріндегі қызмет сапасының орны
мен ролі........................................................................................... 15-21
Қызмет көрсету сапасының моделі..................................................... 21-25
Сапа функцияларын құрастыру негізінде қызмет көрсету
сапасын талдау............................................................................................. 26-27
Қонақтың қонақ үй қызметін қабылдауы мен бағалауы............. 28-30
1.7 Қонақүй шаруашылығына қарасты мәліметтерді жинау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы................................................................ 31-35


ҚР-ғы қонақүй қызмет көрсету сапасын көтеру. Үлгі ретінде «Риджент Алматы» қонақ үйінің кәсіптік-шаруашылық талдау
Қазақстан қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері................................................................................................................ 36-40
«Риджент Алматы» қонақ үйіне мінездеме.................................... 40-44
«Риджент Алматы» қонақ үйінің қызмет көрсету сапасы........ 44-50
Қонақ үйінің ұйымдық құрылымы.................................................... 50-53
«Риджент Алматы» қонақ үйінің шаруашылық қызметінің талдауы.......................................................................................................... 53-55
Тұтынушының қанағаттану индексін анықтау.............................. 55-57
«Риджент Алматы» қонақ үйінің экономикалық
көрсеткіштері............................................................................................. 57-64

Қонақ үйдің қызмет көрсету сапасына жетілдіру жүйесіне негізгі ұсыныстар
«Риджент Алматы» қонақ үй қызметінің сапасын талдау жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулар............................................. 65-68
Қонақүй қызметтері сапасын басқару мәселелері.......................... 68-74
сапа аудитінің негізгі амалдары.......................................................... 74-78
Сапа бақылауының бағдарламасы...................................................... 78-81

Қорытынды............................................................................................................. 82-84
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 85-86

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қонақ-үйде-қызмет-көрсету-сапасын-көтеру.docx

— 195.80 Кб (Скачать файл)

- дәйектілік;

- алдыналушылық;

- сенімділік;

- қол жетерлік;

- коммуникативтік;

- ұқыпты көзқарас.

Дәйектілік қызметшілердің уәделескен қызметті дәл көрсете білу қабілетін білдіреді. Сапалы қызмет көрсету бағдарламасын дәйектілікті қамтамасыз етуден бастау керек. Дәйектіліктің негізін қызмет көрсетушілердің жете білушілігі құрайды. Қызмет көрсетушілердің жете білмеушілігін байқатпауда қонақ үй ғимаратын жаңарту, қайта құру ісіне жұмсалатын үлкен шығындар да, клиентке жылы шырайлы, жарқын жүзді қызмет көрсету де көмектесе алмайды. 

Алдыналушылық – клиентке дер кезінде көмек көрсетуге дайын болып, қалтықсыз қызмет көрсету. Қызмет көрсету барысында күтпеген жеағдайлардың болып қалуы немесе клиент ерекше бір тілектер білдіруі мүмкін (бөлмеге ақ рояль немесе «корольға лайық кең көлемді» кереует қою және т.б.). Мұндай жағдайларда мекеменің ерекше тиімді шешім қабылдау қабілеті бағаланады. Осындай түрлі аяқасты жағдайлардың болып тұруы қызмет көрсету аясындағы мекемелердің, соның ішінде қонақ үй мекемелерінің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сол себепті, алдын ала мұндай мәселелерді жою нұсқаларын дайындап, жұмыс принциптерін жасау керек.   Мұндай жағдайларда әрбір нақты мекеменің  талап қойғыш, жанжалды клиенттермен жұмыс жасау принциптерімен сәйкес пайда болған мәселелерге қатысты бірден әрекет ете алатын қызметшілер тобының сапалы жұмысы қажет. Қонақ үй мекемелерінде өткізілген зерттеу жұмыстарының көрсетуі бойынша, осындай қайшылықты жағдайларда қызмет көрсетушілердің ойында ең алдымен  туындайтын пікірлер қатарында - өзін-өзі қорғап, нақты мәселенің туындауына еш қатынасы жоқтығын дәлелдеу екендігі байқалады.  Бұл жағдай басшылықтың клиенттерді қанағаттандыру жөнінде қамқорлық жасауына қызметшілердің сенімсіздікпен қарайтынын көрсетеді. Бұлай болмағанда, қайшылықты шиелендіріп, өзінің дұрыстығын дәлелдәудің орнына, олар ең алдымен мәселені шешіп, «қыңыр» клиентке көңілдерінің кеңдігін көрсеткені жөн болар еді. Клиент расында да әрқашан әділ бола бермейді. Дегенмен, қонақ үй мекемесі клиенттің әділ еместігін дәлелдеуімен не пайда таба алады? Мұндай жағдайда мекеме клиентін жоғалтатыны күмәнсіз, ал жаңа клиентті табу одан әлдеқайда қиынырақ және қымбатқа түседі. Клиенттерге қызмет көрсету халықаралық ассоциациясының өткізген зерттеулері бұрынғы клиентті сақтап қалудың орнына жаңа клиентті тарту бес есе қымбатқа түсетінін көрсетті. Техникалық көмек бағдарламаларын зерттеу институтының өткізген басқа зерттеуі қанағаттанбаған клиенттердің 91% бұл мекемеге ешқашан қайта оралып келмейді және олардың әрқайсысы кем дегенде тоғыз    басқа клиенттермен өз ойларымен бөлісетінін алға тартады. Бірақ шамамен 54-тен 70% дейін клиенттердің жасаған шағымдары қанағаттандырылған болса, олар өздерін «ренжіткен» мекемеге қайта оралып келеді. Егер де пайда болған мәселелер өзінің шешімін өте тез тауып жататын болса, онда клиенттердің саны  95 %-ға дейін өседі.

Сенімділік – қызметшілерге сенім артуға болатынын көрсете білу. Сенімділікті қалыптастыру үшін тұтынушылардың ең көп сенім артатын сыртқы белгілеріне көңіл бөлу аса маңызды болып табылады. Қонақ үй кіре берісінің, бөлмелерінің, мейрамханасының жиһаздануы, бөлмелердің тазалығы мен қызметшілердің жайдары жүздері – мұның бәрі қызмет көрсету сапасының сыртқы белгілеріне жатады. Осы белгілерге қарай клиент белгілі бір мекемеде бәрі де ойдағыдай екендігі және оған сенім артуға болатындығы жөнінде нәтиже жасайды.

Қол жетерлік — қызмет көрсетушілермен оңай байланыс орната алу. Мәселен, егер қонақ бөлмесіне таратушыны шақырған болса, ол шақырылған жерге бірнеше сағат емес, минутта барып болуы қажет. 

Коммуникативтік — қызметшілер мен клиент арасындағы қажетті ақпаратты уақытымен ұсынылмауына байланысты болатын түсінішпеушілікті болдырмайтын қызметті қамтамасыз ету қабілеті.

Ұқыпты көзқарас — мекеменің клиентке ұсынатын жеке қызмет көрсетуі мен көңіл бөлуі. Бұл қызмет сапасы сипаттамасының басты құндылығы әрбір клиент басқа адамдардың талғамдарынан өзгешеленетін өзіне ғана тән талғамға ие бола алатындығында. Клиенттің мекемеге деген сенімділігін қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсету барысында белгілі бір клиенттің мекеме үшін ерекше екендігін және оның жеке талғамдары есепке алынатындығын баса айту керек.

Қызмет сапасын қарастырғанда  мынадай стандартталмаған анықтамалар  пайдаланылады: "талапқа сәйкес келеді – сәйкес келмейді", "деңгейден жоғары – төмен", "жақсы - нашар", "талаптарды қанағаттандырады - қанағаттандырмайды" және т.б. Мысалы: "Отандық қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келмейді". Шағын аудандық қонақ үйлердегі қызмет сапасына «қанағаттанарлықсыз» бағасын қоюға болады. Қызмет сапасына байланысты стандартталмаған терминдердің кең таралуы орынды деп айтуға болады, себебі, олар қонақжайлық мекемесі жұмысының сапалы сипаттамаларының жанжақтылығын көрсетеді.

Қызмет сапасы тұтынушы көзқарасымен.

Қонақжайлық мекемесі үшін потенциалды  тұтынушы қызмет нарығындағы сапаны қалай түсінетіндігі өте маңызды, яғни «сапа» деген ұғымды қарастырғанда  басты көңіл тұтынушы тұлғасына  аударылады.

Тұтынушы қызмет сапасын бағалар  кезде оған көрсетілген қызмет пен  оның  өзінің күткен қызметін салыстырады. Күтілген қызмет күтілген сапаны білдіреді  және ол тұтынушылардың жеке нормалары  мен тілектеріне, көрсетілген қызмет жөніндегі объективті түсінігіне немесе басқа салыстыру стандарттарына сәйкес келеді. Қызметті бағалау ұқсас қызмет ұсынушыларға жүгіну тәжірибесіне, қызмет түрін білуіне, нарықтық коммуникацияларға (жарнама деректері, БАҚ, каталогтер, проспекттер), тұтынушының жеке тілектері мен өндірушінің бедел-бейнесіне байланысты болады. Пайдаланылатын қызмет қабылданатын сапа ретінде таңдаулы сезіну әсеріне, қабылданғанды түзеу мен оған бейімделуге байланысты болады.

Таңдаулы сезіну әр тұтынушының жеке мінезіне, мүдделеріне, жеке қасиеттеріне, біліміне, сонымен қатар қызметті пайдалану жағдайына байланысты бір қызмет түрінің барлық тұтынушылармен әртүрлі қабылдануын білдіреді. Сапаны сезінудің ситуациялық ерекшеліктеріне ұсынылған уақытты (мысалы, асыққанда байқамауға болатын нәрсені, асықпай отырып, бөлшектеп қарауға болады), нақты жағдайды (мысалы, нашар ауа-райында демалушылар, әсіресе шипажайлық қонақ үйлердің клиенттері бөлме жиһазына, тамақтану сапасына көңіл бөле бастайды) жатқызуға болады.

Сапаны сезіну қабылдау барысында  қалыптасқан ойларға икемделуі  мүмкін. Егер сезінетін сапа ойдағыдан  азғана ауытқыса, тұтынушы сезінгенін өзінің ойындағысына келтіреді. Бірақ, егер қабылданатын қызмет ойдағымен  мүлдем сәйкес келмесе, қарама-қарсылық әсері пайда болады: ойдағы неғұрлым жоғары болса, қарама-қарсылық әсері  күшейе түседі.

Қанағаттанбаудың аса қиын жағдайлары көбіне адам өз санасында белгілі  бір бейнені қалыптастырып, ал сонан  соң ұсынылған ақпараттан өзінің жасап алған бейне шеңберіне  кіретін ақпаратты ғана қабылдау кезінде қалыптасады. 

Үнемі қабылданғанды түзету тұтынушы белгілі бір қызмет түрі жайында білуі мүмкін басқа адамдардың – достарының, жұмыстастарының, көршілерінің тәжірибесін қолданған кезде қалыптасуы мүмкін. Нәтижесінде жағымды әсерлер қатайып, ал жағымсыздары шеттетіледі немесе керісінше болуы мүмкін.

Тұтынушының қызмет сапасын қабылдауының сипатталған моделі бұл ұғымды үш құрама бөліктердің бірлігі ретінде  қарастыруға мүмкіндік береді:

-негізгі сапа;

- талап етілетін сапа;

-  тілек етілетін сапа.

Негізгі сапа — бұл тұтынушының пікірінше, міндетті түрде, әлбетте болуға тиіс қызмет қасиеттерінің жиынтығы. Бұл сапаларды тауып алуға үміттенген тұтынушы, ол жөнінде өндірушімен әңгіме қозғамайды. Қонақ үй мекемесінің қызметі үшін негізгі сапалар мынадай болады:

- қонақ үйге орналасқанда таза  төсек-орын мен орамалдардың болуы;

- қызметші әйелдің бөлмені күнде  тазалауы; теледидар мен бөлмедегі басқа аппаратураның мүлтіксіз жұмысына 4 кепілдіктің болуы;

- қонақтың тұрған күндеріне  соңғы төлем ақысын қатесіз  санау.

Қызметтің негізгі сапасын қамтамасыз ету мекеменің тұрақты күш-жігерлері  мен қор шығындарын талап етуі мүмкін. Сонымен бірге өндіруші сапаның  негізгі көрсеткіштері тұтынушы көзінде қызмет құндылығын айқындай алмайтынын, бірақ, басқа жағынан  қарағанда клиентте жағымсыз әсер тудыруы  мүмкіндігін есте сақтауы тиіс. Өндіруші қызметтің негізгі сапасына қажетті  көңіл бөлмесе, ол өзінің бедел-бейнесі  мен артындағы бизнесіне мықты  қауіп-қатер төндіреді.

Талап етілетін сапа — бұл қызметтің техникалық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығы. Олар қызметтің өндіруші жоспарлағанына қаншалықты сәйкес келу-келмеуін көрсетеді. Қызметтің талап етілетін қасиеттері жеке жарнамаланып, өндірушімен кепілдендіріледі.  Қонақ үй қызметінің талап етілетін техникалық  сипаттамаларының мысалдары: бөлмелерде коммуналды қолайлылықтардың (ванна, дәретхана), кондиционердің, жиналыс залының, сөйлесу залының және т.б. болуы.

Тілек етілетін сапа тұтынушыға ол тіптен армандамаған, оларды жүзеге асыруды мүмкін деп санамаған ұсынылған қызметтің күтпеген құндылықтарын ашады. Тілек етілетін сапа көрсеткіштерінің ерекшелігі - тұтынушы оларды өзі ойлап таппауы керектігінде. Ол, әдетте, оларды талап етпейді де, бірақ олардың ұсынылатын қызмет ішінде болатынын жоғары бағалайды. Қонақ үйдің тілек етілетін сапаларының қатарында бөлмелердегі спутниктік немесе кабельдік теледидар; қонаққа өзіне қонақ үйде болғанынан естелік ретінде фен, қол шатыр, фирмалық косметикалық құралдар және т.б. қалдыруға ұсыну; кешкі асқа тегін шампан бөтелкесі т.б. Егер көрсетілген қызмет, тілек етілетін сапамен қоса, жақсы жасалған болса, тұтынушылардың қанағаттанулары бірден жоғарылап, өндірушінің нарық аймағын кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер береді. Тілек етілетін сапаның көрсеткіштері болып табылатын қызметтің қосымша түрлерін жүйесіз, тәртіпсіз ұсыну кейіннен өндіруші үшін маңызды мәселеге айналуы мүмкін.  Өндірушінің көрсетілетін қызметтің тілек етілетін сапасын үнемі есепке алып отыруы жаңалықтарды енгізуде оның потенциалды мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып табылады да, қызмет түрінің нарыққа шығып, әрі қарай жақсаруына, сонымен қатар мүмкін бәсекелестердің алдына түсуіне жағдай жасайды. Қызмет сапасының тілек етілетін көрсеткіштеріне, ең болмаса, олардың көшірмесін жасағанға дейін бәсекелестердің қолы жетпестей болуы керек.

Сапаның тілек етілетін көрсеткіштерін жүзеге асыру көбіне жақсы ойластырылған  түрлі технологиялардың комбинациясы мен тұтынушы нені қалап, оны қалай  қолданатыны жөніндегі өндірушінің  терең білімінің нәтижесі болып  табылады. Өндірушінің жаңадан жасалған қызметтің тілек етілетін сапасын есепке алуы қоғамның жаңа мұқтаждарын қалыптастыруда септігін тигізеді.

«Қызмет сапасы» ұғымын үш бөлімнен тұратын жиынтық ретінде қарастыруға  болады:

- әлеует сапасы (техникалық сапа);

- үрдіс сапасы (функционалды сапа);

- мәдениет сапасы (әлеуметтік сапа).

Әлеует сапасы немесе техникалық сапа қонақжайлық мекемесінің өндірістік жағдайына қарасты белгілерден тұрады. Қонақ үй қызметіне қатысты қонақ үй бөлмелерінің, мейрамханадағы тағамдардың, жалға берілетін автомобильдердің, коммуникациялық техниканың сапасы.  Тұтынушының қонақ үй қызметін алғанға дейін оның техникалық сапасын ішін-ара бағалауға мүмкіндігі бар.

Функционалды сапа - бұл қызметшілермен тікелей қатынас жасаған кездегі қонақ үй қызметін ұсынудың үрдіс сапасы (бөлмені тағайындау, рецепцияда тіркелу, бөлмеге дейін ере жүру, жүкті жеткізу, түрлі қызметтерді ұсыну және т.б.). Жоғары функционалды сапа,  клиенттің ойындағысына толық сәйкес келмесе де,  бөлме жөніндегі пікірін өзгерте алады. Дегенмен, функционалды сапа нашар болған жағдайда қонақ үйдегі ең керемет бөлме де туындаған қанағаттанбау сезімін өзгерте алмайды.

Әлеуметтік сапа – қонақтарға қатысты қонақ үй қызметшілерінің мінез-құлқы мен көзқарасынан тұратын мәдениет сапасы болып табылады. Әлеуметтік сапаның маңызды  белгілеріне қызметшілердің жылы шырайлылығы, ықыластығы және сыпайылығы жатады.

 

1.4 Қызмет көрсету сапасының моделі

 

Л. Бери қызмет көрсету сапасына қойылатын  басты талаптарды қарастыратын қызмет көрсету сапасының «аралық моделін»1 ойлап тапты        (1 – сурет).

1 сурет – Қызмет көрсету сапасының аралық моделі

 

Бұл модель клиенттердің көрсетілген  қызметпен қанағаттанбауының себебі болып табылатын бес алшақтықты сипаттайды:

1. Компания басшылығының тұтынушылық  үміт пен оны қабылдаудың арасындағы алшақтығы. Бұл алшақтықтың себебі қонақ үй әкімі тұтынушының қызмет көрсетудің жоғары сапасы деген түсінікке қандай мағынаны салып отырғанын білмеуінде болып отыр. Тұтынушының не нәрседен үміттеніп, не нәрсені талап ететіндігін қызмет көрсету сапасын анықтаудың ең алғашқы және ең негізгі сатыларында білу керек. Бұл сатының тәжірибелік мәні өте зор. Қызмет көрсету дәрежесі тұтынушының ойынан шығуын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, оның талғамын біліп алған дұрыс. Қызмет көрсетудің сапасының нақты және көрнекі түрде бағаланатындығынан  қызмет көрсету аясындағы бірінші алшақтық тауар өндірісіне қарағанда қызмет көрсету аясында маңыздырақ болып табылады. Бұл алшақтықтың пайда болуына мыналар әсер етеді:

    • өткізілген маркетингілік зерттеулердің төменгі тиімділігі;
    • тұтынушы мен қызмет көрсетушінің арасындағы кері байланыстың барабар еместігі;
    • басқарудың күрделенген көпсатылы құрылымы.
  1. Басшылықтың тұтынушы үмітін қабылдауы мен оның қызмет көрсету сапасының егжей-тегжейін ашуда өзгеруі.

Бұл алшақтық моделі тәжірибеде кеңінен таралған. Тұтынушылардың кей үміттері, олардың талғамын дұрыс түсінуде қиындықтардың пайда болуына байланысты, дұрыс бекітіліп, жүзеге асырыла алмайды, сол себепті, қонақ үй басшылығында көрсетілетін қызмет сапасы жөнінде жалпыға бір пікір болмайды. Бұл алшақтық мыналардың әсерінен пайда болады:

Информация о работе Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру