Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 22:25, практическая работа

Краткое описание

Теміржол құрылғылары поездардың белгіленген ең жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуға тиіс: жолаушылар поезы-сағатына 140 км, рефрижераторлық поездар-сағатына 120 км, жүк поездар сағатына 90 км. Теміржолдың кейбір бөліктеріне ЖТМ бекіткен мөлшерде дифференциалды жылдамдық қойылады. ЖТМ жолдардың техникалық механизмдері. Жолаушылар поезы сағатына 140 км-ден жоғары жылдамдықта жүретін кейбір жекелеген теміржол бөліктерінде құрылғыларға ЖТМ-нің инструкцияларына сәйкес қосымша талаптар бекітіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе1.doc

— 292.50 Кб (Скачать файл)

Өрт туындау, жүк төгілу, кему барысында авария карточкасында  көрсетілген шараларды орындау үшін қатерлі жүк вагондарын бағыттау жолдарының (орындары):

- Төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда станса кезекшісі станса объектісі мен адамдар қауіпсіздігі үшін ИДП 16-тарауымен және Жергілікті техникалық нұсқаның 21-бөлімімен толықтай сәйкес, аз шамадағы қатер есебімен басқа да шешім қабылдауға құқылы.

Темiр жолдың бастығының орынбасар (тасымалдауларды қызметтiң  басшысымен) бекiтiлетiн станциялар тра сәйкес келедi:

- тасымалдаулардың (темiр  жолдың құрамында бөлiмшелер болған жағдайда) темiр жолдың бөлiмшелерi бөлiмше басшысымен;

- қызметкерлерi осы станцияларды  қызмет көрсететiн негiзгi локомотив  жиналатын орыны басшымен;

- сигнализация және  байланыстың дистанциялары, жол,  аумағында осы станцияда болатын жабдықтаудың басшыларымен;

- қызметкерлерi осы станцияларды  қызмет көрсететiн вагон жиналатын  орыны басшымен.

Станциялар, станциялық диспетчерлер бойынша жұмыс орындарында  кезектi көшiрме ТЖА болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. станцияның негізгі құрылғыларымен ғимараттарымен танысу

3.1 Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі

Кілттік тәуелділік қүрылғылары  стрелкалар мен сигналдардың 
өзара тұйықталуын бақылаулық құлыптар арқылы қамтамасыз етуі тиіс.

Стрелкалық бақылаулық құлыптар:

- кілттің тек стрелканың жабық күйінде ғана алынуына жол беруі тиіс;

- стрелкаларды тек құлыптан суырылып алынған кілтте көрсетілген қалпында, үшкірдің рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жабуы тиіс;

- жанасқан үшкір мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған жағдайда стрелканың жабылуына жол бермеуі тиіс.

Сериясы бірдей стрелкалық бақылаулық құлыптарды бір станцияньщ шегінде, ал ірі станцияларда - бір стрелкалық ауданның және басқа аудандардың онымен іргелес орналасқан сгрелкалық қосындардың шегінде қолдануға тыйым салынады.

Станциялық блоктау:

- посттардың поездарды және станция ішіндегі маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеуінің дұрыстығына станция бойынша кезекші жағынан бақылау;

- әр түрлі посттардан басқарылатын стрелкалардың және сигналдардың өзара тұйықталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Сұрыптау  дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары. Сұрыптау дөңесгерінің механикаландыру және автоматтандыру 
құрылғылары құрамдардың есептік (жобалық) тарқатылу жылдамдығымен 
үздіксіз, үзіліссіз және қауіпсіз тарқатылуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр те- 
жеулік позициядағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықты іске асыруға 
мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Механикаландырылған сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жол-дары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиіс.

 

 

Дөңестік орталықтандыру:

- стрелкаларды жеке басқаруға;

- құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас стрелкалардың, сондай-ақ, жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік стрелкалардың электрлік тұйықталуын;

- басқару пультінде стрелкалар қалпының және стрелкалық секциялардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Дөңестік орталықтандыру стрелканың жылжымалы құрамның астындағы жағдайында бұрылуына жол бермеуі тиіс.

Сонымен қоса, стрелкалардың  дөңестік автоматты орталықтандыруы:

- программалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде ағытпалардың тарқауы процесінде сұрыптау дөңесінің тарату аймағының стрелкаларын автоматтық басқаруды;

- бұру сәтінде үшкір мен рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның оқшауланған стрелкалық секцияға енуіне дейін стрелканың бақыланатын қалпына автоматты қайтарылуын;

- тарқату процесінде стрелкаларды жеке басқаруға көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматтандырылған дөңестік орталықтандыруы бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғылары:

- құрамдарды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;

- ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматтық реттеуді;

- құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды;

- сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлаушы жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты  тоспалар. Автоматты өтпелік сигнал беруі тоқтау сигналын беруін автомобиль 
жолының жағына қарай бастауы тиіс, ал автоматтық тоспалар поездың те- 
мір жол өтпесіне келіп жетуіне дейін көлік құралдарының темір жол өтпесін 
ертерек босатуы үшін қажетті уақыт ішінде өздерінің жабық қалпына келіп 
үлгіруі тиіс.

Автоматты өтпелік сигнал беруі әрекетін жал ғастыра беруі, ал автоматтық тоспалар темір жол өтпесін поезд толығымен босатып болмайынша жабық қалпында қала беруі тиіс.

Поездың таяғаны  туралы автоматты түрде хабарландыратын  жүйелер Автоблоктауы бар аралықтар және стрелкаларының электрлі 
орталықтандыруы бар станциялар жол бойында жұмыстар жүргізіп жатқан 
қызметкерлерді поездың таяп қалғаны туралы "ҚТЖ" ¥К" АҚ бекітетін 
жоспарларға сәйкес автоматты хабарландыру жүйесімен жабдықталуы 
тиіс.

Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары. Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары:

- алдында орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы және орналасуы мен ақаулылықтың түрі жөнінде ақпарат жіберілуін;

- локомотив машинисіне поездарда ақаулы вагондардың бар жоғы жөніндегі немесе дауыстық хабарлағыштың поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы жөніндегі ақпарат жіберілуін;

- көрсеткіштің жарықты жолағының көмегімен;

- алдағы орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне ақаул ы жылжымал ы құрамның бар-жоғы және орналасуы мен ақаул ыл ықтың түрі жөніндегі жіберлетін ақпараттың тіркелуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған бақылау құралдарын қолдану, орналастыру және пайдалану  тәртібін "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Поездар мен вагондарда коммерциялық ақаулар ды автоматтық анықтау құрылғылары. Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық 
анықтау құрылғылары (поездар мен вагондарды коммерциялық тексерудің 
автоматтандырылған жүйесі немесе оның жекелеген элементтері — элек- 
тронды габариттік қақпалар, электронды вагон таразылары, телевизиялық 
бейнебақылау жүйесі):

- ақпараттың еденүсті құрылғылардан коммерциялық тексеру пункті операторының терминалына поезда ақаулылығы бар вагондардың (тиеу габариті, ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттары бұзылған, асыра жүктелген вагондар және т.б.) бар-жоғы және орналасуы жөнінде ақпарат жіберуді;

- жіберілген ақпаратты қағаздағы және басқа тасымалдағыштарда (дис-кеттерде, бейнекассеталарда) пайдалану және сақтау үшін бере отырып оператордың терминалдық құрал-жабдығында белгілеуді;

- тиісті құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған қызмет көрсету  құралдарын қолдану, орналастыру және пайда-лану тәртібін "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Поездар жүретін  маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын  алуға арналатын құрылғылар. Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар: сақтандырушы тұйықтар, қорғағыш стрелкалар, лақтыру табандықтары, лақтыру үшкірлері немесе лақтыру стрелкалары оларды орталықтандыруға қосу жөніндегі осы Ережелердің талаптарын қанағаттандыруы (сақтандырушы тұйықтар үшін тұйыққа қарай бастайтын стрелка), бөгегіш қалпының бақылауы болуы және поездардың қабылдау, жүру және жөнелтілуінің басқа жолдары мен маршрутттарына жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуіне жол бермеуі тиіс.

Қажет болғанда, лақтыру құрылғыларын (лақтыру табандықтары, 
лақтыру үшкірлері немесе лақтыру стрелкалары) орнату орындары 
Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы белгі беру жөніндегі 
Нұсқаулыққа сәйкес нұсқағыштармен жабдықталады. 

Байланыс. Темір жолдардың барлық телімдерінде поездық диспетчерлік, поездық станцияаралық, станциялық, желілік-жол, стрелкалық байланысы болуы тиіс.

Автоблоктаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде және барлық электрлендірілген телімдерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс болуы тиіс.

Кабельдік байланыс желілері бар телімдердің СОБ және байланыс электрмеханиктерінің қызметтік байланысы  болуы тиіс.

Сонымен қатар, темір  жолдарда поездар қозғалысын, билеттерді сатуды және желілік бөлімшелер жұмысын басқару ушін телефондық және телеграфтық байланыстың магистральдік, жолдық, жолдық өкімдік, билеттік-диспетчерлік, ақпараттық-есептеу,  жергілікті және басқа түрлері болуы тиіс.

Темір жолдардың барлық телімдері поездық радиобайланыспен 
жабдықталуы тиіс.

Поездық радиобайланыс  поездық локомотивтердің, моторвагон-ды поездардың, арнайы өздігінен жүретін  жылжымалы құрамдар машинистерінің:

- бүкіл диспетчерлік телім шегінде поезд диспетчерімен;

- аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен;

- бір аралықта жүрген қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің, моторвагонды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен;

- өтпелер және деполар бойынша кезекшілермен;

- жөндеу жұмыстарының басқарушыларымен және сигнал берушілермен;

- поездардағы және объектілердегі әскерилендірілген ведомстволық күзетінің атқыштарымен;

- кабинадан шыққан кезінде машинистің көмекшілерімен;

- жолаушы поезының бастығы мен (механик-бригадирімен) вагондарды қараушы-жөндеушілермен сенімді екі жақты байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Станциялардың жабылуы  салдарынан немесе станциялар бойынша  кезекшілердің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15 км-ден астам ұзаруы кезінде, радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін поездық локомотивтердің, моторвагондық поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистерінің аралықпен жүруі кезінде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланыс болған жағдайда ғана ең жақын орналасқан станцияның кезекшісімен радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат беріледі. Бұл ретте, машинистердің, поезд диспетчерінің және станциялар бойынша кезекшілердің поездар қозғалысын қамтамасыз ететін өзара әрекеттесуінің тәртібін және осындай аралықтардың тізімін тасымал-дар бөлімшелерінің басшылығы белгілейді. Поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар темір жол телімдерінде ендірілетін поездық байланыстың жаңа жүйелері аралықтардың ұзақтығына қатыссыз осы тармақта атап өтілген қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Поездық радиобайланыстың техникалық нормативтерін және пайдала-ну ережелерін "ҚТЖ" ¥К" АҚ, ал поездық  радиобайланыстың ақаулылығы кезінде  қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін — поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулық белгілейді.

Технологиялық қажеттіліктерге  байланысты, станцияларда 
станциялық радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары және 
жолаушыларға ақпарат беруге арналатын байланыс қолданылуы тиіс.

Станциялық радиобайланыс: маневрлік және дөңестік радиобайланыстың, станциялық технологиялық орталықтар, вагондар мен локомо-тивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық тексеру пункттері, контейнер-лік алаңшалар, техникалық құралдарға қызмет көрсету (СОБ, информа-тизация, байланыс, жол, түйіспелі торап және т.б.) және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендірілген ведомстволық кузет бөлімшелерінің же-лілерінде екіжақтық байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Бір станцияның шегінде әр түрлі  маневрлік аудандар үшін бірдей ра-диожиілікті қолдануға рұқсат берілмейді. Станцияның әр маневрлік ау-даны және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екіжақты парктік байланыс құрылғылары  парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл құрылғылар темір жолынан тыс аумақта шуылды азайту үшін бағытты түрде істеуі керек.

Информация о работе Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері