Желілік технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2015 в 20:38, реферат

Краткое описание

Ethernet – жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды. Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап, олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда, тиімді болып саналады. Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желінің жұмысы тиімсіз бола бастайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Практика отчет 17.docx

— 98.19 Кб (Скачать файл)

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды ғана көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Кең тараған адаптерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Пернетақта

Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.

Пернелік тақта стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгігі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:

- алфавиттік-цифрлік және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орынның белгісі.;

- функционалдық  пернелер: F1 - F12

- әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), Prіnt Screen және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;

Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up, Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер

Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар теру режиміне көшеді.

Бағыттауыш ( ) пернелер мен Home, End, Page Up, Page Down пернелерінкурсорды басқару пернелері деп атайды.

Delete, BackSpace пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, BackSpace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.

Бір сөзбен, екінші сөз «бос орын» пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.

Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.

Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда , мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернелер тақтасындағы кішкене шам жанып белгі береді.

Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер енгізу.

Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркеу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен бірге пайдаланылып, іртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады.

Esc пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

 

 

"Тышқан  тәрізді қол тетік"

Тышқан пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын тішкене тетік.

Компьютерлік жүйелер

Әрбір компьютер аппарттық (Hardware) және программалық (Software) жабдықталудан тұрады.

Аппараттық жабдықтар (Hardware)

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

Орталық процессор барлық есептеу мен информация өңдеу істерін орындайды.

Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше

интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программмаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

Интегралдық схема-кристалл арқылы іске асырылған электрондық схема. Ол компьютерлердің аппараттық жабдықталуының негізгі элементтерінің бірі.

Программалық жабдықтар құрамы (Software)

Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.

Программалық жабдықтар құрамы: қолданбалы программалар, жүйелік программалар, мәтіндік программалар болып келеді.

Қолданбалы программалар - белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептеулерді шығаруға арналған программалар тобы.

Мәтіндік программалар – мәтін түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны.

Тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады.

Жүйелік программмалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар: операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары - утилиттерден, драйверлерден(сервистік программалар) және програмалау тілдерінен тұрады.

Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады.

Утилиттер - жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оның сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

- микропроцессор;

- оперативті есте  сақтаушы құрылғы;

- тұрақты есте  сақтаушы құрылғы;

- қоректену блогы  мен мәлімет енгізу – шығару порттары.

Сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

- информация енгізу  құрылғылары;

- информация шығару  құрылғылары;

- информация жинақтауыштар.

 

 

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

  • Шығару құрылғысы

  • Мәліметтерді алмасу құрылғысы

  • Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

Принтерлер мен плоттерлер

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиялықтүрлері бар.

Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.

Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің әрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты және өте жоғары.

Плоттер медициналық зерттеулерде электрокардиографияда (ЭКГ), фонокардиографияда (ФКГ), эхо энцефалографияда (ЭЭГ) және т.б. қолданылады.

Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

Бұлардан басқа факс-модемдер және мультимедиа бар, факс - модемдер олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс - модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Ал мультимедиа - информацияны бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі - түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады.

 

 

Енгізу – шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді.(принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады.)

Информация о работе Желілік технологиялар