Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.
Кіріспе............................................................................................................1
I Тарау.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.............................................5
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы........................................10
II Тарау. Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері...............................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі............................... 21
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
Тақырыбы: «Әлемнің құқықтық жүйелері»
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Мамандығы: 5В030100- юриспруденция
Орындаған:
Ғылыми жетекші: Мукашева Г.К. аға оқытушы
Курстық жұмыс
__ ________2012ж. қорғалды
Бағасы____________________
Қостанай, 2012ж
Мазмұны.
Кіріспе.......................
I Тарау.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
II Тарау. Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық
жүйелері......................
2.2. Қазақстан
Республикасының құқықтық
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қоғамның құқықтық өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке – жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық
құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез – келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 – жылдардың аяғынан бастапенді.Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Тақырыптың
зерттеу деңгейі. Құқытық жүйесінің зерттеуінің тарихнамасы
бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді.
Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші
заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар
С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов,
Рене Давид, Камилла Жофре – Спинози, К.
Цвайгерт, Х. Кетц және т. б. құқықтық жүйелер
туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде
құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.
Зерттеу обьектісінде.
Барлық құқықтық жүйелерінің пайда болуы,
қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған
әдеттік құқықтық қатынастар, олардың
табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу
кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады. Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады, оның біріншісі жалпы құқытық жүйеге түсінік беру және қазіргі кездегі құқықтық жүйенің негізгі салалары. Ал екінші бөлімі, әлемнің құқықтық жүйелері туралы және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе туралы айтылады.
І ТАРАУ. Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.[4]
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші - құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.[8]
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.[1]
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей - ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз - құқықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.[7]
Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.[2]
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт — бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім - бұл
жүйеге құқық саласының бір
Құқық саласы - қоғамдағы
барлық нормативтік актілерді жүйе-
Құқық - салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі
өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық
институтты, бөлімді және құқықтық
саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі
құқық жүйесінің негізгі
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық - бұл сала қоғамды; мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Қаржы (қаражат) құқығы
- бұл сала әр елдің мемлекеттік
қаржы-қаражат көлеміндегі
4. Жер құқығы - бұл сала
жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық,
5. Азаматтық құқық
- қоғамның ең күрделі
6. Еңбек құқығы —
азаматтардың еңбек
7. Жанұялық құқық -
осы саладағы ерлі-
8. Азаматтық-процессуалдық
құқық азаматтардың азаматтық,
еңбектік, жанұялық шағым істерін
қарағандағы қарым-
9. Қылмыстық құқық - қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық - процессуалдық құқық - милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы - қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.
12. Халықаралық құқық
- мемлекеттердің арасында
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.