Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.

Содержание

Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Вложенные файлы: 1 файл

ГОТОВЫЙ ДИПЛОМНЫЙ (2).doc

— 478.50 Кб (Скачать файл)

Тінту кезінде табылатындар және алынатын заттар:

  1. Қылмыс қарулары;
  2. Қылмыстың ізі бар немесе қылмыстық қайраткершіліктің жемісі болатын заттар;
  3. Ұрланған мүлік, жануарлар, құжаттар, ақшалар немесе бағалы заттар;
  4. Жасырынған қылмыскерлер;
  5. Жасырып қойған мәйіт немесе оның мүшелері;
  6. Іс үшін маңызды мән-жайды көрсететін құжаттар (суреттер, жазу басылған таспалар, киноленталар, қолхаттар, күнделіктер, хаттар, квитанциялар және т.б.);
  7. Материалды зардаптың орнын толтыратын немесе болуы мүмкін тәркілеуді жүзеге асыру үшін алынуға тиісті мүліктер мен бағалы заттар;
  8. Айналымға тйым салынған заттар мен құжаттар.

Тінту мен алуға дайындық, тінтуді немесе алуды жүргізу  туралы шешім қабылдаған кезде тергеуші дәлелді қаулы шығарады және тінтуге прокурордан рұқсат алады.

Тінтуді жүргізу үшін ізделінетін заттардың топтық белгілерін білген жеткілікті, бірақ та тінту  жүргізілмес бұрын жеке белгілері  туралы міліметтер жинап алған дұрыс, өйткені бұл табылған заттың іске қатыстылығы туралы сұрақты шешуге көмектеседі.

Тінтуші тінту мен  алу үшін құрылған топтың ішіне кіретін  адамдар туралы шешім қабылдау керек: еөмекшілер (анықтама бөліміні қызметкерлері), мамандар, куігерлер, әкімшілік өкілдері. Тінтуді жүргізу үшін іздестіру техникасын, темір іздегіштер, магниттік көтергіштерді, жарық құралдарын сол сияқты басқа да қажетті құралдарын дайындап қою керек. Тінту кезінде анықтама бөлімінің қызметкерлеріне жасырылған заттарды табу үшін дайындық кезінде жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма беру қажет.

Тергеуші қажетті ақпараттарды жинап болған соң тінтуді жүргізудің жоспарын құрады, оның ішінде мыналар  көрсетіледі: тінтудің уақыты, үй-жайға  кірудің тәсілі, қауіпсіздік шаралары, қатысушылар арасындағы міндеттерін нақтылау, тінтуді жүргізудің техникалық тәсілдері.

Тінту кезінде тергеуші табылған заттың іске қатысы бар немесе жоқ екенін анықтауда қиыншылықтарына  кездеседі. Бұндай жағдайда бірнеше  әдістерді қолданса болады. Тінтудің алдында ізделінетін заттардың түр-түсін толық сипаттап алу керек. Жәбірленушіден үлгі ретінде мата, түйме және тағы басқа объектілер, нәрселер алу керек, бұл үлгі нәрселер тінту кезінде табылған заттармен салыстыру үшін қажет.

Егер де талан-таражға  салу мемлекеттік кәсіпорыннан істелінсе, онда ұрланған затты тану үшін осы кәсіпорынның маманы шақырылуы мүмкін, бірақ та тінтуге қатысуға жәбірленушілерді шақыруға болмайды, өйткені күдікті заттар табылған жағдайда, оларды тану үшін көрсету мүмкіншілігін жоғалтады.

Ізделінетін заттардың суретінің көмегімен заттарды тануды жеңілдетуге болады, ол суреттерді жәбірленушіден алуға болады (мысалы, жәбірленуші ұрланып кеткен көйлегімен суретке түскен), немесе басқа тергеу амалдарында алынған суреттері бойынша (мысалы, оқиға болған жерді құрау кезінде қылмыскердің аяқ киімінің ізі суретке түсірілген, әрі табанының белгілері анық бейнеленген).

Тінтуді жүргізген кезде  салыстыру үшін оқиға болған жерді  қарау кезінде алынған мәіметтерді  қолдануға болады. Бұлар бекітіліп  алынған көлік құралдарының іздері, бұзу қаруларының іздері және басқа да іздері – пышақ жүзінің сынық бөлігі, үзілген түйме, көлік құралынан қалған бояу қалдықтары және т.б.

Дайындық кезеңінің  басты мақсаттарының бірі ізделінген заттар мен іздердің жасырылған орны болып табылады. Егер де айыпкер тұтқындалса, онда оған ізделінген заттың тығылған орнын өз еркімен көрсету керектігін айтып сендірген жөн.  Онда айыпкердің шынайы жауап беріп отырған сыбайластарынан жауап алу кезінде анықталуы мүмкін. Айыпкердің жеке басын анықтаудың да көмегі тиеді, оның бұрынғы заттарды тығу тәжірибесі, оның өз қолымен бір нәрселерді жасай алуы, қиялы мен ойының саты деңгейі, арнайы білімнің түрі, мамандығы, немен шұғыланатындығы және сол сияқты. Бұл деректер тығылған жерді тікелей көрсетпейді, бірақ та іздеуді қалай бағыттау керектігі туралы ақпарат береді.

Егер де айыпкердің туыстары мен достары тергеуге кедергі, не бөгет жасамаса, жақсы мінез көрсетсе, онда олардан ізделінген заттарды қайда  жасырып қоюы мүмкін екендігі туралы жауап алса да болады немесе анықтамалық ақпарат алынады.

Терегеуші тінту орнына шақыру мүмкіншілігін қарастырады. Мысалы, көлік құралын тінту мекемеде жүргізіліп жатса, онда куәгерлерді  сол жерден шақыруға болады, ал егер де көлік құралы жол бойында тінтілетін болса, онда куәгерлерді алдын ала шақыру керек. Пәтерді немесе жер үйді тінтіген кезде куәгер ретінде жақын араласатын көршілерін, сонымен қатар туыстарын шақыруға болады. [2.15. Б.56]

Көмекшілердің көлемін (басқа  тергеушілер, жедел іздестіру қызметкерлері, қоғамдық көмекшілер) тергеуші келесі тұжырымдар бойынша шешеді:

а) істелінетін жұмыстың көлеміне сәйкес. Мысалы, бір жағдайда шағын қызметтік кабинетті тінту  керек, ал екінші жағдайда – ауласы кең, қора-қопсылары көп үлкен  ауылдық үйді тінту керек болады;

б) тінтілуге тиісті үй-жайда  тұратын тұрғындардың санына сәйкес. Бұл жерде біріншіден олардың  қауіпсіздігін қамтамассыз  ету  қажет, екішіден тінтілетін үй-жайдағы  адамдардың іс-қимылын байқап, мінез-құлқын қадағалау қажет;

Тергеуші маманның қатысуы  туралы сұрақты нақты тергеулік ахуалға байланысты шешеді: іздеу кезінде, ізделінген затты анықтауда, тінту нәтижелерін бекіткенде қандай маман керектігіне сәйкес таңдалынады.

Егер де тінту мемлекеттік  немесе қоғамдық ұйымда жүргізілетін болса, онда осы ұйымның өкілінің қатысуын қамтамассыз ету керек. Тінту жерінде үй-жайдың иесі болмаса, онда пәтер иелері кооперативінің немесе жергілікті атқару органдарының өкілдерін шақыру керек.

Жеке адамды тінтудің жоспарын құрғанда, жедел топқа әр түрлі жыныстағы адамдарды қатыстыру керек.

Бұл тарауда тінту  туралы көп айтылған да, ал алу туралы аз айтылған, өйткені тінтуге қатысты  көптеген ережелер мен ұсыныстамалар  алуды жүргізгенде және оған дайындалған  кезде де қолданылады.

Сөйтіп, тінту мен алуды  жүргізуге дайындық туралы айта отырып, келесі элементтерге назар болу керек:

  1. Тінту мен алудың мақсаттарын анықтау;
  2. Ізделінетін немесе алынатын заттар туралы мәліметтерді анықтау;
  3. Тінту немесе алу жүргізілетін адамды танып-білу;
  4. Тінту немесе алу жүргізуге тиісті үй-жайлармен және жергілікті жерлермен танысу;
  5. Олардың жүргізілетін уақытын анықтау;
  6. Осы тергеу амалдарын жүргізу үшін құрылған жедел топты толықтыру және оларға арнайы түсініктемелер беру;
  7. Жедел топты қажетті ғылыми-техникалық құралдармен және көлікпен қамтамассыз ету.

Тінту мен алуды жүргізуді  жалпы ережелері, азаматтардың үй-жайына тиіспеушілік Қазақстан Республикасының  Конститутциясымен және басқа заңдармен  қорғалады. ҚР Қылмыстық іс-жүргізу Кодексімен де азаматтардың үй-жайының тиіспеушілігін қарастырылған.

Тұрғын үй тиісілмейді. Тұрғын үйге, онда тұратындардың еркінен  тыс кіру, оның қарауы мен тінтуін  жүргізу тек заңмен анықталған жағдайларда  және тәртіптерде ғана жіберіледі (ҚР ҚІЖК-нің 17-бабы).

Тінту мен алуды тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалған  өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу  туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары рұқсат беруі тиіс.

Тұрғын үйде онда тұрып жатқан адамдардың еркінен тыс алу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222-бабының 12 және 13-бөліктерінің ережелері бойынша жүргізіледі.

Айрықша жағдайларда, іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатқа пайдалануы мүмкін болғанда не іздестіріліп жатқан адам жасырылуы мүмкін болғанда тінтуді прокурордың рұқсатынсыз жүргізуге болады, бірақ жүргізілген тінту туралы, жиырма төрт сағат ішінде оған хабарлау қажет. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жүргізілен тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда бұл әрекет іс бойынша дәлел ретінде жіберілмейді.

Тінту мен алу куәгерлердің қатысуымен, ал қажет болған жағдайда маманның және аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Тұрғын үйлердегі, ұйымдардың  жайларындағы тінту немесе алу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222-бабының 14 және 15 бөліктерінде аталған  адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тінту мен алу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222-бабының 16-бөлігінде белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Тінту мен алу жүргізу басталар алдында тергеуші оларды жүргізу туралы қаулыны көрсетуге міндетті.

Тінтуге кіріскенде тергеуші іс үшін маңызды болуы мүмкін, алынуға  жататын заттар мен құжаттарды ерікті түрде беруді ұсынады. Егер олар ерікті түрде берілсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанына күмәндануға негіздер болмаса, тергеуші одан әрі іздеу жүргізбеуге құқылы.

Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесі оларды серікті  түрде ашудан бас тартса, тінту  жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Бұл кезде есік құлыптарын және басқа заттарды қажетсіз бүлдіруге жол берілмеуге тиіс.

Алу кезінде тергеуші алынуға жататын заттар мен құжаттарды беруді ұсынады, ал бұдан бас тартса, алу мәжбүрлі түрде жүреді.

Тергеуші сол үй-жайда  тұрып жатқан адамның немесе басқа  адамдардың жеке өмірінің  тінту мен алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті.

Тергеуші тінту немесе алу жүргізіліп жатқан үй-жайда немесе орында тұрған адамдарға тінту немесе алу аяқталғанға дейін ол жерден кетуге, сондай-ақ бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тиым салуға құқылы.

Тінту мен алу жүргізген  кезде тергеуші іске қатысы болуы  мүмкін заттар мен құжаттарды алумен шектеуге тиіс. Айналымға салуға тыйым  салынған заттар мен құжаттар олардың  іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс.

Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге  және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетіледі, буып-түйіледі және тінту немесе алу жүргізген  жерде мөрмен бекітіледі және куәгерлермен бұған қатысып отырған басқа  адамдардың қол қоюымен куәландырылады.

Тінту жүргізген кезде қажет  болған жағдайда фотосуретке, киноға түсіру және бейнежазба жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-нің 232-бабы).

Осылайша, тінту, жеке адамды тінту  және алу тергеу амалдарының заңдық ережелерін талдадық, тінтуге тікелей  қатысы бар тұрғын үйдің тиіспеушілігі ҚР Конститутциясымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен қорғалатындығын және барлық тінтулер мен алулар үшін ортақ қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын қарастырдық.

Осы айтқандарды әрі қарай терең  зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституцияның 25-бабын, ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 17-бабынан, 222-бабының 12-16 бөліктерін, 230-234 баптарында көрсетілген.

Тінту тактикасының тәсілдері, тінтуге  тиісті үй-жайдың иелері заттар мен  құжаттарды жою немесе орын ауыстырып жасыру мақсатында уақыт ұту үшін тінтуге келген іздестіру тобын әр нәрсені сылтауратып кіргізбеуге тырысады. Сондықтан, тексеруші кенеттен, яғни ойда жоқтық факторын жүзеге асыру мақсатында тінтілуге тиісті үй-жайға кіру тәсілін алдын-ала шешіп алады.

Тұрғын үйге кірудің тәсілдерін таңдаған кезде осы үй иесін сендіретін ең ықтимал сылтауды таңдау керек. Кіру үшін ең қарапайым сылтау – бұл  телефон шебері, өрт инспекторы, электр бақылаушысы және с.с. ретінде  өзін таныстыру.

Пәтерге немесе үйге тез арада кіру үшін үй иесінің таныстарынан көмек сұрауға болады. Осындай өтініштермен тергеушілер көбіне көршілеріне барады, бірақ та олардың тінтілуге тиісті адаммен қандай қатынаста екенін алдын-ала біліп алған жөн.

Өтініштерге қарамастан есікті ашудан бас тартса, одан әрі шұғыл, әрі шешуші қимылдар істеу керек, нақтылап айтсақ: өздерін таныстырып айтып және не үшін келгендерін түсіндіріп, арнайы құралдармен тез арада есікті бұзып кіру қажет.

Тінтуді бастардың алдында үй-жайдың иесін тінту қаулысымен таныстырып және оған қаулыда көрсетілген заттардың өз еркімен беруін ұсыну керек. Бірақ та заттарды өз еркімен беру тінтуді жүгізбеуге негіз бола алмайды.

Тінту кезінде тұтқында емес айыпкердің қатысқаны ұтымды болар  еді, өйткені іздеуді жүргізгенде оның іс-қимылын, мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін құпия қойманың немесе тығылған заттың орнын анықтауға көмектеседі. [2.17. Б.59]

Егер де адам заңға  қайшы келетін қандай да болсын затты  жасырған болса, онда ол тауып алады  деген үрейден туған психологиялық күйзелісте болады. Тінтуді жүгізген кезде психологиялық күйзеліс ұлғаяды және бұл жағдайда қобалжудың сыртқы сипаттары көріне бастайды – сасқалақтау ұлғаяды, терлеп-тепшіп, терең дем алуы, күрсінуі көбейеді, мінез-құлқының өзгеруі сасқалақтануынан немесе немқұрайлығынан, әңгімешілдігінен немесе үнсіздігінен, есінен танып қалу  және әдеттегі мінез-құлқынан ауытқуынан білінеді. Әдеттегі мінез-құлықтан және психологиялық жағдайының өзгеру белгілерін анықтау тінтілетін адамның мінез-құлқын үзіліссіз бақылаудың мақсаты болып табылады. Іздестірілген заттардың орнына іздестіру тобы жақындаған кезде, тінтілушінің қобалжуы ұлғая түседі. Бұны ескеру өте маңызды және дұрыс түсіне білу керек, өйткені  басқа да себептерден туындауы мүмкін.

Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау