Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.

Содержание

Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Вложенные файлы: 1 файл

ГОТОВЫЙ ДИПЛОМНЫЙ (2).doc

— 478.50 Кб (Скачать файл)

Айыпталушы, сезікті немесе жәбірленуші, сондай-ақ олардың қорғаушылары (өкілдері) тергеушінің рұқсатымен тінтуге немесе алуға қатыса алады.

Тінту немесе алу кезінде  фотосуретке, киноға түсіруді және бейнежазу  жүргізуді қолданған жөн.

Тінту және алу, әдетте, күндіз жүргізіледі. Кезек күттірмейтін ерекше жағдайларда мұндай тергеу іс-әрекеттері түнгі мезгілде жүргізілуі мүмкін.

Тергеуші тінтуге немесе алуға кірісе отырып, іс үшін маңызы болатын заттар мен құжаттарды ерікті түрде тапсыруды ұсынады.

Егер тергеуші объектіні  ерікті түрде тапсырудан бас тартуға  кездессе, ол алуды мәжбүрлі түрде  жүргізеді. Егер тапсыруға жататын  объектіні табу үшін іздестіру әрекеттерін жүргізу қажет болса, тергеуші тінту жүргізу туралы қаулы шығарады да, тінту жүргізіп, табылған объектілерді алады.

Тінту кезінде іздестірілетін объекті ерікті түрде тапсырылып, алынуға жататын заттар мен құжаттардың  жасырылуына қауіптенуге негіздер болмаса, тергеуші одан әрі тінту жүргізбеуге құқылы.

Тінту жүргізу кезінде  иесі оларды ерікті түрде ашудан бастартса, тергеушінің жабық тұрған кез  келген қойманы немесе үй-жайды ашуға  құқығы бар. Алайда мұнда оларды орынсыз  зақымдауға жол берілмеуі тиіс.

Тінтудің немесе алудың қалыпты өтуін және оның нәтижелері жарияланбауын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші үй-жайдың ішіндегі немесе осы  тергеу іс-әрекеті өтіп жатқан орындағы адамдарға ол жерден сыртқа шығуға, сондай-ақ тінту немесе алу аяқталғанға дейін бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Қажет болатын жағдайларда әрбір қатысушы адамнан тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында алынған мағлұматгарды жарияламау туралы қолхат алынуы мүмкін.

Тінту немесе алу процесінде іске қатысы бар заттар мен құжаттар ғана алынады. Іске қатысы бар-жоқтығына қарамастан, қолдануға тыйым салынған объектілер де алынуға жатады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1982 ж. 13 маусымдағы  Жарлығымен бекітілген "Сотгың үкімімен тәркілеуге жатпайтъш мүліктердің тізбесінде" белгіленген және іс жүзінде алу мүмкін болмайтын заттардан басқа кейін төлеттіріп алу шарасы қолданылатын мүлік алынуы тиіс.

Тінту немесе алу кезінде  табылған объектілердің барлығы  куәгерлерге және басқа қатысушы адамдарға көрсетіледі. Әдетте, алынатын заттар мен құжаттар ішу немесе алу жүргізілген жерде тексеріліп, мұқият сипатталуы тиіс. Осыдан кейін алынатын объектілер буып-түйіліп, мөрмен бекпіліп, айғақ адамдар мен тергеушінің қол қоюымен куәландырылуы тиіс.

Тінту және алу хаттамасында мәжбүрлеудің болған-болмағаны немесе құжатгар мен затгардың өкілетті адамға ерікті түрде берілген-берілмегені көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, іздесгірілетін объекгілердің табылған орны мен мән-жайлары, заттар мен құжатгардың алынған орны көрсетіледі. Егер алынған заттар мен құжаттарды олардың көптігі мен ұсақтығына байланысты хаттамаға енгізу қиын болса, хатгамаға іздеп табылған және алынған объектілердің атауы, мөлшері, салмағы, көлемі көрсетілген тізімдеме қоса тіркеледі.

Тінту жүргізуге бірнеше адам қатысатын кезде, әсіресе тінту үлкен аумаққа, көптеген үй-жайларда (мысалы, бау-бақшалы, қора-қопсылы, айналасында жер телімі бар жеке үй және т.с.с.) жүргізілсе, онда іздестірілетін объектіні кім тапса да, оны алуды уәкілетті адам ғана жүргізеді. Мұнда іздестіру объекгісінің қайда және қалай табылғанына тергеушінің көзі жетуі тиіс. Тінту мен алуға қатысатын өзге адамдардың шамадан тыс бастамасы іске зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда жүргізілетін тергеу іс-әрекетіне тергеушінің іс жүргізу басшылығы аса маңызды болып табылады.

Тінтуді немесе алуды  жүргізу туралы ҚІЖК-нің 203, 234-баптарында көзделген жалпы талаптарды сақтай отырып, тиісті хаттама жасалады. Қосымша  тіркеу құралдары ретінде кино таспасы  немесе фотосурет, сондай-ақ дыбыс және бейнежазулар қолданылуы мүмкін.

Хаттама екі дана етіп жасалуы тиіс, өйткені оның көшірмесі  осы тергеу іс-әрекеті жүргізілген  адамға, ол болмаған жағдайда - оның отбасының кәмелетке толған мүшесіне немесе тұрғын үйді пайдалану ұйымының немесе жергілікті атқару органының өкіліне, сондай-ақ, егер тінту немесе алу ұйымда жүргізілсе, оның өкілдеріне қолхат алу арқылы беріледі.

 

- Хаттаманың кіріспе  бөлімінде мыналар көрсетіледі:

- тінту немесе алу  жүргізілген орын және күн;

- оның басталу жөне  аяқталу уақыты;

- тергеушшің лауазымы, атағы, тегі мен аты-жөні;

- тінту немесе алу  жүргізуге негіз болған қаулы  туралы нұсқаулар;

- тергеу іс-әрекетіне  қатысушылар жөніндегі мағлұматтар;

- тінтуге немесе алуға  қатысушыларға олардың құқықтары  мен міндеттері түсіндірілгені  туралы белгі.

Хаттаманың сипаттамалық бөлігінде мыналар көрсетілуі тиіс:

- тінту немесе алу  жүргізілетін адамға осы жөніндегі  қаулыны жариялау туралы;

- іздестірілетін заттарды  немесе құжаттарды ерікті түрде  беру туралы ұсыныс;

-    іздестірілетін  затгар мен құжаттар қашан және қандай жағдайларда табылған (ерікті түрде берілген немесе мәжбүрлі түрде алынған), олардың қазіргі жай-күйі;

-    оларды табу  үшін қандай құралдар қолданылған;

- қандай үй-жайлар  немесе қоймалар ашылған, қалай,  қандай себептермен ашылған;

- тінтілетін адам тәртіп бұзатындай, сондай-ақ іздестірілетін объекгілерді жоюға немесе жасыруға тырысатындай қарсы әрекет көрсетті ме;

- тінтілетін адамның  өзінен заттардың немесе құжаттардың  табылу фактісі бойынша берген  түсініктемесі.

Хаттаманың қорытынды бөлігінде мыналар сипатталады:

- мөлшері, өлшемі, салмағы,  өзіндік белгілері және мүмкіндігінше  құны дәл көрсетіліп алынатын  объектілердің тізбесі. Сипатгау  кезінде заттардың нақты белгілерін (мысалы, қанның ізі, алтын жүзік  немесе есірткі зат жене т.с.с.) көрсетуге тырыспау керек, мұндай жағдайларда олардың түсі, өлшемі секілді айырым ерекшеліктері ғана көрсетіледі;

- буып-тую әдісі, оның  сыртындағы жазулар, алынған заттың  атауы, тергеушінің мөрі мен  айғақ адамның және тінтілетін  адамның қойған қолындағы таңбалардың толық мәтіні;

- иесіне немесе оның  өкілдеріне сақтауға берілген  заттардың тізбесі;

- хаттамамен, сондай-ақ  тінтуге немсе алуға қатысқан  адамдардан түскен мәлімдемелермен  таныстыру жене оларды жариялау.

Хаттамаға осы тергеу іс-әрекетіне қатысқандардың бәрі қол қояды, онда тінту немесе алу хаттамасы көшірмесінің кімге берілгені көрсетіліп, осы адамның қол қоюымен куәландырылады.

Тергеуші тергеу амалдарына қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды  тарта отырып, олардың жеке басын  анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізудің тәртібін түсіндіреді.

  1. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу ісін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді;
  2. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негізделген әдістері қолданылуы мүмкін;
  3. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызуға жол берілмейді;
  4. Тергеуші тергеу амалдарына қатысуға анықтау органының қызметкерін тартуға құқылы.

Алдын ала тергеу барысында  шығарылатын қаулылар, алдын ала тергеу процесінде кодекске сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушінің аты-жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімнің мәнісі мен негіздері, қаулының кодекстің қай бабына негізделіп шығарылатыны көрсетіледі. Қаулыға тергеуші қол қояды.

Қылмыскер өзінің және қылмысқа қатысушылардың әшкерленбеуі үшін қылмыс құралдарын, қаруларын, қылмысты айқындайтын  іздерді, құжаттарды және қылмыстық  жолмен табылған заттарды мұқият жасыруға тырысады. Ал бұл заттардың толық  және дер кезінде табылуы қылмыстық іс бойынша дұрыс, яғни әділ шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Қандай қылмыс жасалса  да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер  жасап, қылмыстың ізін суытып, дәлелдеме  заттарды тығып, жоюға тырысады. Сондықтан  тергеу қызметкерлерінің міндеті қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада тауып алу. Осындай айғақ заттарды тез арада тауып алуға көмектесетін тергеу амалдарының бірі – тінту. Тінтуді уақыт өткізбей дер кезінде жүргізу керек, өйткені  бұл тергеу амалы неғұрлым кеш жүргізілсе, соғұрлым оның нәтижесі кемиді. Яғни, қылмыскер тінтудің болатынын сезіп, дәлелдемелік заттардың көзін жоюға немесе орнын ауыстырып жасыруға тырысады.

Тінту тек қана жеткілікті негізгілер болған жағдайда ғана прокурормен санкцияланған, тергеуші немесе анықтамашының шығарылған қаулысы бойынша жүргізіледі. Жеткілікті негіздер деп тергеу кезінде анықталған немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде алынып, кейін процессуалдық жолмен тексерілген мәліметтерді айтамыз, яғни бір адамда немесе бір жерде қылмыс қарулары мен құралдары, құжаттар, заттармен бағалы заттар және басқа да іс бойынша маңызы бар объектілер болуы мүмкін деп ойлайтындай мәліметтер жеткілікті көлемде болғанда ғана жүргізіледі.

Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі.

Тінту жүргізуге аталған  заттардың немесе құжаттардың белгілі  бір үй-жайда немесе өзге орында нақты адамда болуы мүмкін деп  болжауға жеткілікті деректердің болуы  негіз болып табылады.

Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 230-бабы).

Сонымен тінту дегеніміз  – бұл іс бойынша маңызы бар  объектілерді тауып және оларды алу  үшін тінтілетін адамның және оның жанұя мүшелерінің қармағындағы мекен-жайларды, ғимараттарды, жер аймақтарын күшпен тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері. Сонымен қатар тінту іздестіріліп жүрген адамды табу мен өлген адамның мәйітінің жатқан жерін анықтау мақсатында да жүргізіледі. Тінтудің ерекше түріне жеке адамды тінтуді жатқызсақ болады, өйткені басқа тінтулерге қарағанда ол адамның денесінен, оның киімінен және бойынан іс бойынша маңызы бар заттар мен құжаттарды іздеп табуға бағытталған тергеу амалы. Ал бұның жүргізу заңдылықтарының ерекшелігі – бұл тінтілуші адам мен тінтілушінің жынысы бір болуы және тергеу амалына қатысушы куәгерлер мен мамандардың да жыныстары бір болуы керек. Немесе тінтудің анықтамасын былай берсек те болады, тінту – бұл жеке адамды, тінтілетін адамның және оның жанұя мүшелерінің немесе ұйымның қарауындағы мекенжайларды, ғимараттарды, жер бөліктерінде қылмыс қаруларын, қылмыстық жолмен табылған заттар мен бағалы заттарды, басқа да іс бойынша маңызы болуы мүмкін объектілерді табу және алу үшін күшпен тексеруге бағытталған тергеу әрекеті. Тінту ізделініп жүрген адамды, мәйітті және оның бөліктерін табу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. [2.11. Б.45]

Алу іс үшін маңызы бар  белгілі бір заттар мен құжаттардың  қайда және кімде екені анық болғанда, оларды алып қою мақсатымен жүргізіледі (ҚР  ҚІЖК-нің 231-бабы).

Алу - бұл тергеушімен  жеке немесе заңды тұлғалардан іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттарды алудан тұратын тергеу амалы және алынуға тиісті объектілер кімде, қай жерде, түр сипаты қандай екенін дәл анық болғанда ғана жүргізіледі.

Алу үшін деректі негіздер болып мыналар табылады: іс бойынша  жиналған дәлелдемелер немесе жәдел  іздестіру ақпараттары.

Алудың процедуралық негізі: тергеушінің дәлелді қаулысы, бұл жағдайда прокурордың рұқсаты  қажет емес, тек қана ерекше жағдайларда, яғни мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алған жағдайда ғана алу туралы қаулыға прокурор рұқсат беруге тиіс.

Тінтудің негізгі мақсаттары – қылмыс құралдарын, дәлелдемелік заттарды табу және алу, сонымен қатар  мәйіттер және тергеу мен соттан жасырынып жүрген адамдардың орнын анықтау. Тінтудің қосымша мақсаттары болып мыналар табылады: айналымға салуға тыйм салынған барлық заттар мен құжаттарды табу, сонымен қатар түскен зардаптың орнын толықтыру үшін немесе үлгісін іздеп табу.

Тінтуді әр түрлі дәрежелеуші  белгілер бойынша бөлуге болады. Объектісі  бойынша: үй – жайды тінту; жергілікті жерді тінту; көлік құралдарын тінту; жеке адамды тінту;

Тексерілген объектінің көлемі бойынша: 1) негізгі; 2) қосымша (негізгі  тінту кезінде тексерілмеген аумақты тінтіген жағдайда).

Жүргізілуінің кезектігі  бойынша: 1) алғашқы; 2) қайта тінту, егер де алғашқы тінту сапасыз жүргізілсе, онда тінту қайта жүргізіледі. Қайта  тінту тактикалық тәсілдің бір бөлігі болуы мүмкін, оны жүргізгенде тергеуші сезіктінің алғашқы тінтуден кейін өзін еркі сезініп, үйіне заттар алып келеді деген сезікпен жүргізіледі.

Бірден тінтіген объектілердің  саны бойынша: бір іс бойынша өтіп жатқан бірнеше адамды бір уақытта  тінту немесе бір адамды, бірақ  та әр жерде (пәтерін, ғимаратын немесе басқа пәтерін және т.с.с.); жекеленген, тінтуге бір ғана объект енетін болса.

Осылайша, тінту дәлелдемелерді жинау мен зерттеуден тұратын  процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатады. Оны жүргізу туралы шешімді  әбден ұқыптап және мұқият бағалап ұйғару керек, өйткені бұл жеке басына, сонымен қатар тұрғын үй-жайға қол сұғуға болмайды деп көрсетілген конститутциялық кепілдікке тікелей байланысты.

Тінтудің мақсаттары:

  1. Жаңа дәлелдемелер табу (қылмыс құралдарын, ұрланған заттады және с.с іздеп табу);
  2. Бар дәлелдемелерді тексеру;
  3. Версиялар мен болжамдарды тексеру.

Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау