Нөлдік циклдік жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 03:00, курсовая работа

Краткое описание

Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік циклдік жұмыстары деп атайды. Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді. Топырақты өңдеуге дейін дайындық жұмыстарын орындайды, олар бөліп берген территорияда негізгі жұмыстарды орындауға дайындалудан тұрады.

Содержание

Кіріспе
1. Курстық жұмысты орындау үшін бастапқы мәліметтер
2. Имараттың жобасы, көлденең және
бойлық қималары, қазаншұңқырдың жобасы
3. Топырақтың сипаттамалары
4. Құрамалы темір-бетон конструкцияларының спецификациясы
5. Жер жұмыстарының көлемін анықтау
6. Жұмыс көлемінің ведьмосі
7. Жер жұмыстарын өңдеу кезіндегі пайдаланылатын машиналар
8. Еңбек шығыны, машина уақыт және еңбек ақы калькуляциясы
9. Жер асты суларын төмендету жұмыстары
10. Жинақтау кранын таңдау
11. Жер асты жұмысын өңдеу технологиясы
12. Сапаға қойылатын талаптар
13. Жұмыс өндірісінің мерзімдік графигі
14. Техника – эканомикалық көрсеткіштері
15. Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар
16. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 177.72 Кб (Скачать файл)

Біреуі соқпа тәсілімен қатқан топырақты бұзып, ал екіншісі қопсытылған топырақты өңдеп жатқан екі эксковатор 50 м  радиусында бір учаскеде қатар жұмыс істеуге болмайды.

Қатқан топырақты жару тәсілімен қопсытқанда жарылудың қауіпті әсерінен адамдарды, үймереттер мен ғимараттарды және механизмдерді қорғайтын қауіпсіз аймақты сақтау керек.

 

Жинақтау жұмысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

 

Жинақтау жұмыстары құрылыс жинақтау жинақтау жұмыстырының барлық кешенінің ішінде ең бер қауіптісі болады, ол үлкен биіктікте жұмыс орындаумен және әр түрлі жүк көтергіш жабдықтар арқылы түзілістердің ауыр элементтерін ауыстыру және орнатумен байланысты. Сонадықтан құрылыс түзілістері және машиналарының жұмыс сенімділігін көтеру, еңбек технологиясы мен ұйымдастыруын толық жетілдіру көбнесе еңбек жағдайлары және жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін болжайды.

Ерекше атап көрсететін жайт, құрылыс түзілістерін жинақтау әдістері жинақтау жұмыстарын өндіру технологиясының аықтаушы факторы болады және оларды қауіпсіз жүргізу тәсілдері жұмыс өндірісі жобасында (ЖӨЖ де) міндетті түрде болуы қажет. Құрылыс жинақтау жұмыстарын қауіпсіз өндіруін қамтамасыз ету бойынша шарттар құрылыстың мерзімдік жоспарында, құрылыстың бас жоспарында, технологиялық карталарда және түсініктемеде бейнелеп көрсетіледі. Түзілістерді зауыдта дайындау және оларды құрылыс алңына тасымалдау биіктікке түйісу қосу сынмарын азайту мақсатымен жинақтау блоктарына түзілітерді барынша көп ірілендіруге мүмкіншілік жасайды. Сондақтан жинақталатын түзілістердің технологиялығын оларды жерде ірілендіру арқылы көтеруге болады, бұл биікте істейтіндерге қолайсыз және амалсыз қауіпті жағдайларда жұмыс істеуге тура келетін, биікте орындалатын қауіпті операциялар санын айтарлықтай азайтады.

Сонымен бірге қазіргі құрылыс-жинақтау жұмыстарын биікте жүргізу қажеттілігімен тығыз байланысты. Уақытша жинақтау құрылғыларын немесе жер бетінен 5 м артығырақ түзілістерден тікелей, жабындылардан немесе жұмыс төсемдерінен орындалатын түзілістерді орнату. Жобалық қалпна орнатылған элементтерді ілмектен босату оларды тек сенімді және берікті бекіткен соң ғана рұқсат етіледі. Жеткілікті қаттылығы жоқ элементтер көтеру кезінде нығайтылуы керек. Жамылғының шеткі қатар тақталарын көтерер алдында тұрақты немесе уақытша қоршаулармен жабдықтайды.

Сақтықтың ерекше шараларын желді ауа райында қолдану қажет. Жел күші бес балдан артық болғанда (жел жылдамдығы 7,5 – 9,8 м/с) үлкен желкені бар ірі өлшемді жабындары (саңылаусыз қабырға жабындары, табақ металл түзілітері т.б.) жинақтау тоқтатылады. Сыртқы ауаның теріс температурасында төсеніштерді, түзілістерді мұзданудан сақтау үшін арнайы шаралар қолданады, жұмыс өндірісінің маңында жылыну үшін бөлмелер жабдықталады. Биікте орналасқан жұмыс орындары желден қорғайтын қалқандармен немесе жеңіл жиналатын баспаналармен жабдықталады. Жинақтау жұмыстарын қауіпсіз орнатудың ең бір маңызды шарты жинақтау крандары тұрақтылыған және жүк көтергіш құралдар сенімділігін қамтамасыз ететіндей етіп оларды дұрыс пайдалану. Тұрақтылық дәлме-дәл көлденең және тік қалыпта сенімді негізгі дұрыс орнатумен қамтамасыз етіледі.

Мұнаралы крандардың тұрақтылығын жоюға әсер ететін негізгі факторлар: шамадан артық жүк тиеу, жел кушінің әсер етуі, рельс жолдарының нашар жағдайы, кранға динамикалық әсер ету. Салмағы кранның жүк көтергіштігіне жақын жүктерді шамамен 10 см көтеру керек, содан соң кранның түзулігі мен тұрақтылығына көз жеткізген соң көтеруді одан ары жалғастырады.

Желдің куші алты балл болғанда (жел жылдамдығы 10-12 м/с) крандағы жұмыстар тоқтатылады  және айдауға қарсы тетіктермен рельс жолына бекітеді. Кранасты жолын үймеретке жақын орналастырғанда үймереттің шығып тұрған бөлігімен кранның айналатын конструкциялар аралығы, ең кемінде 75 см, қауіпсіз аралығын қамтамасыз ету керек.

Жыланбауыр табанды крандардың тұрақтылығы әдетте көлденеңтұрақтылығын тексеру есебімен шектеледі, яғни жүгі бар жебе жыланбауыр табанының жүрісіне перпендикуляр орналасқан жағдайда. Ілмек жабдықтарын есепке алғанда көтеретін жүктің салмағы өздігінен жүретін жебелі крандарды қауіпсіз пайдалану үшін олардың жүк көтергіштігінен аспауы қажет. Кранның тұрақтылығын көбейту үшін басқа құралдар қолдануға болмайды. Жүк көтергіштері, жинақтау крандары және басқа машиналармен механизмдер жұмыс істегенде қауіпті алаң (зона) пайда болады. Осы алаңды анықтау және қоршау жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін көтеретін шараның бірі болады. Қауіпті алаңның шегі жүкті ауыстырғанда оның құлауы мүмкін деген жерден көлденең аралығы бойынша анықталады. Егеде кранмен ауыстырғанда – жүкті көтеру биіктігі 20 м дейін болғанда бұл аралық 7 м кем емес, биіктігі 20 м-ден 100 м дейін болғанда  - 10 м кем емес, ал көтергішпен ауыстырғанда – жүк көтеру биіктігінің ¼ кем емес болуы керек. Сонымен қауіпті алаңның өлшемң жобада көтергіш платформасының ең үлкен өлшемі есебімен және жүкті көтеру биіктігінің  ¼ кем емес қосылып алынады, бірақ барлық жағдайда 5 м кем алынбайды.

Қазіргі мөлшерге сәйкес строптар, қамту және басқа текелаждық аспаптарды мезгіл-мезгіл сынаудан өткізу керек. Строптарды пайдалану алдында жүк салмағы шамасынан 2 есе асатын жүкпен сыналады. Траверстер мен қамту ілмектерін есептен 25% асатын жүкпен 10 мин ішінде сынайды.

 

 

 

      1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1. «ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ».  С.Қ. Хамзин, Әбішев А.Қ. Алматы: «Баспа», 1997. 384бет.
  2. «Технология строительных процессов подземной части здания. Методические указания». Абішев А.К., Алмата, 2002. 27 бет.
  3. «Проектирование земляных работ, устройство фундаментов». Хамзин С.К., Тәженов А.Е., Москва,1989.
  4. «Технология строительных процессов, курсовое и дипломное проектирование». Хамзин С.К., Карасев А.К., Москва, 1989
  5. ЕНиР II выпуск 1 «Земляные работы»
  6. ЕНиР 4 выпуск 1 «Устройство монолитных, бетонных и ж/б конструкций»
  7. ЕНиР 11-1,3,7
  8. ЕНиР 9 выпус 1-2

Информация о работе Нөлдік циклдік жұмыстары