Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:33, лекция

Краткое описание

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Вложенные файлы: 1 файл

_ндіріс статистикасыны_ д_ріс материалдары.doc

— 880.50 Кб (Скачать файл)

ХШБ мен ҰЕЖ міндеттеріндегі  ұқсастықтар:

- экономиканың дамуын сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесін анықтау; 

- макроэкономикалық көрсеткіштер  бойынша талдау жасау;

- макроэкономикалық статистиканың  көрсеткіштері мен статистиканың  басқа бөлімдерінің(еңбек, салалық, қаржы, банк, сыртқы экономикалық) көрсеткіштерін үйлестіру, байланыстыру.

Екі жүйенің әдістемелік принциптеріндегі ұқсастықтар:

- ұлттық шаруашылықтың өндіріс  процесі үздіксіз қайталанатын  экономикалық жүйе деп қарастыру;

- тұтыну құны ағымдарын табыс ағымдарынан шектеу;

-тұтыну құнының, табыстың ағымдарының,  ресурстар құнын бөліп көрсету;

- өндіріс табыстарын  қайта бөлу  процестерінің табыстарынан айыра  білу;

- өнімді аралық және ақырғы  өнім деп топтастыру, тұтынуды  аралық және ақырғы

- ұдайы өндірілетін және ұдайы  өндірілмейтін қорларды (активтерді) айыра білу;

-  негізгі капитал мен материалдық   айналым қаржыларының қорын бөліп  көрсету;

- қор жинауды жалпы және таза  негізде есептеу (жалпы қор  жинаудан амортизацианы шегергенде  таза қор жинақтау анықталады)

ХШБ мен ҰЕЖ көрсеткіштерін бағалауда (ағымдағы, тұрақты баға бойынша) да ұқсастықтар бар. Осындай ұқсастықтарды  ескере отырып «ауысалы кілт» әдісінің көмегімен екі жүйе арасындағы өзара  байланысты көрсетуге болады.

 

 

Лекция 2. Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар

1.Ішкі экономиканың  және сыртқы экономикалық байланыстардың  шоттары ҰЕЖ-нің құрамдас бөліктері

2.ҰЕЖ-де қолданылатын  негізгі топтастырулар мен жіктемелер

3. ҰЕЖ-де қолданылатын  баға түрлері.

 

 

Жалпы өнімнің ұдайы өндірістің, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта  бөлу, пайдалану процестерін, негізгі  капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды  қамтып көрсету үшін ҰЕЖ-де экономикалық операциялардың нәтежелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшін ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшін де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады) экономикалық әрекеттің бір аспектісіне қаыстьы болады.

Екі жақты жазу принципіне сәйкес әр операция шоттарда екі рет жазылады: бір рет ресурстарда екінші рет ресурстарды пайдалануда. Шоттар банастық куесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болу керек.

ҰЕЖ –нің кез келген шотының пайдалану  бөлігі баланстық  статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлігінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттың ресурстар бөлігіне көшіріледі. ҰЕЖ –дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.

1.Өндірістік шоттар тобы. Өндірістік  шоттар аралық және ақырғы  өнімді шығаруды, оларға жұмсалған  шығындарды есепке алады. Бұл  шоттар экономиканың салалары  және секторлары үшін құрылады. Салалар үшін құрылған шоттардың  жиынтығын «шығындар- өнім шығару» атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызметағымдарын бақылауға болады.

2.Табыс шотарының тобы. Бұл шоттар  табыстың пайда болуын және  институтциялық бірліктер арасында  оның қалай бөлінетінін көрсетеді.  Сол сияқты олар салық, басқа да трансфеттер арқылы табыстың қайта бөлінуін де көрсетді.

3.Капитал және қаржы шоттары.  Бұл шоттар негізгі қаржылардың  қорлануын және активтерді сатып  алуды қаржыландырудың әдістерін  айқындайды. Сол сияқты шоттар  экономиканың секторларының сатып алатын және бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді.

4.Ашық және жабық түрдегі  баланстық ведомосттар. Мұндай  ведомостар жылдың басандағы  және соңындағ активте мен  пассивтердің соммасн көрсетеді.  Осы мезгілдегі жеке секторлардың  немесе институтционалдық бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің үш түрі қарастырылады:

1) институтционалдық бірліктер  арасындағы операциалардың нәтежесінде  активтер мен пассивтерді сатып  алу;

2) активтер мен пассивтердің  бір жақты өзгеруі;

3) жеке активтердің бағасының  өзгеруіне байланысты активтердің,  пассивтердің құнының өзгеруі.

5. «Қалған әлем»шоттары немесе  төлем балансы. Төлем балансы  макроэкономикалық сараптау және  болжаудың негізгі құралы болып саналады. Бұл шоттар резидент және резидент емес бірліктер арасындағы барлық операциялар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәліметтері, экономиканың барлық секторларын төлеу қабілеті туралы мәліметтерді қамтиды.

6 Салааралық байланс («шығындар  -өім шығару» кестесі) үйлесімді  саларалық арақатынастарды, байланыстарды  көрсетеді. Бұл кесте төрт квадранттан  тұрады және халықаралық стандартты салаарлық классификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құрылды. Кесте жеке кәсіпорындар мен экономикалық салалары арасындағы байланыстарды талдауға мүмкіндік берді. Өзінің мазмұны жағынан салааралық баланс өндіріс шотына ұқсас.

7. Қаржы операцияларының жиынтық  кестесі шаруашылық бірліктерінің  қаржы ресурстарының құрылмның  өзгерістерін, экономикалық айналымның  қандай қаржы құралдары арқылы  іске асқанын көрсетеді.

8. Ұлттық баланстық кесте мазмұны  жағынан кәсіпорынның

 

ҰЕЖ-де ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР, КАТЕГОРИЯЛАР, КЛАССИФИКАЦИЯЛАР, БАҒАЛАР,

ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

 

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ

 МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Жалпы өнімнің ұдайы өндірісін, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерін, негізгі капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшін ҰЕЖ-де экономикалық операциялардың нәтижелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшін ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшін де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады) экономкалық әрекеттің бір аспектісіне қатысты болады.

Екі жақты жазу принципіне сәйкес әр операция шоттарда екі рет жазылады: бір рет – ресурстарда, екінші рет – ресурстарды пайдалануда. Шоттар баланстық кесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болуы керек.

ҰЕЖ-нің кез-келген шотының пайдалану  бөлігі баланстық статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлігінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шоттарды жабу үшін қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттың ресурстар бөлігіне көшіріледі. ҰЕЖ-дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.

  1. Өндірістік шоттар тобы. Өндірістік шоттар аралық және ақырғы өнімді шығаруды, оларға жұмсалған шығындарды есепке алады. Бұл шоттар экономиканың салалары және сектолрлары үшін құрылады. Салалар үшін құрылған шоттардың жиынтығы “шығындар - өнім шығару” атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызмет ағымдарын бақылауға болады.
  2. Табыс шоттарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және институциялық бірліктер арасында оның қалай бөлінетінін көрсетеді. Сол сияқты олар салық, басқа да трансферттер арқылы табыстың қайта бөлуін де көрсетеді.
  3. Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негізгі қаржылардың қорлануын және активтерді сатып алуды қаржыландырудың әдістерін айқындайды. Сол сияқты шоттар экономиканың секторларының сатып алатын және бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді.
  4. Ашық және жабық түрдегі баланстық ведомосттар.  Мұндай ведомосттар жылдың басындағы және соңындағы активтер мен пассивтердің сомасын көрсетеді. Осы мезгілдегі жеке секторлардың немесе институциялық бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің үш түрі қарастырылады:
  5. Институциялық бірліктер арасындағы операциялардың нәтижесінде активтер мен пассивтерді сатып алу;
  6. Активтер мен пассивтердің бір жақты өзгеруі;
  7. Жеке активтердің бағасының өзгеруіне немес жалпы бағаның өзгеруіне байланысты активтердің, пассивтердің құнының өзгеруі.
  8. “Қалған әлем” шоттары немес төлем балансы.  Төлем балансы макроэкномикалық сараптау және болжаудың негізгі құралы болып саналады. Бұл шотта резидент емес бірліктер арасындағы барлық операциялар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәліметтерді, экономиканың барлық секторларын төлеу қабілеті туралы мәліметтерді қамтиды.
  9. Салааралық баланс (“шығындар –өнім шығару” кестесі) үйлесімді салааралық арақатынастарды, байланыстарды көрсетеді. Бұл кесте төрт квадраттан тұрады және халықаралық стандартты салалық классификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құрылады. Кесте жеке кәсіпорындар мен экономиканың салалары арасындағы байланыстарды талдауға мүмкіндік береді. Өзінің мазмұны жағынан салааралық баланс өндіріс шотына ұқсас.
  10. Қаржы операцияларының жиынтық кестесі шаруашылық бірліктерінің қаржы ресурстарының құрылымының өзгерістерін, экономикалық айналымның қандай қаржы құралдары арқылы іске асқанын көрсетеді.
  11. Ұлттық баланстық кесте мазмұны жағынан кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне ұқсас. Бұл кесте тұтас экономика үшін құрылады және елдің ұлттық байлығының балансы болып саналады.

Экономикалық айналымның жекешеленген сатылары мынадай шоттарды

көрсетіледі: 

5-кесте

Шоттың № мен аты

Пайдалану

Ресурстар

Баланстық теңдеу

1

2

3

4

Аралық тұтыну

Жалпы қосылған құн

Жалпы шығарылған өнім

Жалпы шығарылған өнім-аралық тұтыну=жалпы  қосылған құн

  1. Өндіріс шоты

Еңбекақы, импортқа, өндіріске салынған таза салықтар

 

Жалпы пайда (жалпы аралас табыс)

Жалпы қосылған құн

Жалпы қосылған құн-еңбекақы-өндіріске, импортқа салынған таза салықтар=жалпы пайда (жалпы аралас табыс)

3. Табыстарды алғашқы бөлу шоты 

Берілген меншіктен түскен табыс 

Жалпы пайда (жалпы аралас табыс). Қабылданған  меншіктен түскен табыс. Өндіріске  салынған таза салық. Еңбекақы

Жалпы пайда (жалпы аралас табыс) –меншіктен түскен табыс сальдосы+өндіріске салынған таза салық+еңбекақы алғашқы табыстар сальдосы.

  1. Табыстарды қайта бөлу шоты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Табыстарды пайдалану шоты
  2. Капиталға байланысты операциялар шоты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қаржы шоты

Берілген ағымдағы трансферттер:

 

-табыс салығы

-әлеуметтік-сақтандыру жәрдемақы

-басқа ағымдағы трансферттер

Иеліктегі жалпы табыс

 

 

 

 

Ақырғы тұтыну

 

Жалпы жинақ.

Негізгі капиталдың қорлануы. Материалдық  айналым қаржыларының көбеюі.

Құнды заттарды  таза сатып алу

Берілген күрделі трансферттер

Таза несие (+) немесе таза борыш (-)

 

 

 

Қаржы активтерін сатып алу

 

Алғашқы табыстар сальдосы Қабылданған  ағымдағы трансферттер:

-табыс салығы 

-әлеуметтік-сақтандыру

-әлеуметтік-жәрдемақы 

-басқа ағымдағы трансферттер

Иеліктегі жалпы табыс 

 

Жалпы жинақ. Қабылданған күрделі  трансферттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таза несие (+) немес таза борыш (-).

Міндетті қарыздарды қабылдау.

Алғашқы табыстар сальдосы- ағымдағы трансферттер сальдосы= иеліктегі жалпы  табыс(институциялық бірліктің таза пайдасы)

 

 

 

 

 

Иеліктегі жалпы табыс-ақырғы тұтыну=жалпы  жинақ. Жалпы жинақ+күрделі трансферттер сальдосы+негізгі капиталдың жалпы  қорлануы+-материалдық айналым қаржыларының көбеюі-құнды заттарды, жерді, материалдық  емес, активтерді таза сатып алу=таза несие/таза борыш


 

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ

 ҰҒЫМДАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАР

 

Ұлттық шоттардың мазмұнын, оларды құру әдістемесін оқып үйренбес бұрын  ҰЕЖ-де қолданылатын ұғымдар, терминдер , категориялар, топтастырулар, классификациялармен  таныс болу қажет.

ҰЕЖ-де мынадай ұғымдар қолданылады: тауар, қызмет, өнім, нарықтық емес қызметтер, трансферттер, экономикалық өндіріс, өндірістік әрекет, экономикалық аймақ резидент, экономикалық мүдде орталығы, аймақтық анклавтар, еркін аймақтар, институциялық бірлік, ішкі және ұлттық экономика, сыртқы сауданың жалпы өнімі, импортқа салынатынсалық, экономикалық бірлік, сала, сектор, “қалған әлем”.

Тауар деп материалдық-заттық түрдегі  еңбек нәтижесін айтады.

Қызмет – жеке адамның, қоғамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру үшін істелген әрекеттің нәтижесі.

Өнім деп сатуға арналған тауар мен қызметті айтады. Әдетте өнім оны өндіруге жұмсалған шығынды жабатындай бағамен сатылады. Келісім бойынша қаржы делдалдарының шартты түрде есептелген өнімі және өз үйінде тұрудың шартты құны да өнім дп есептелінеді.

Нарықтық емес қызметтер деп мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ағымдағы тұтынуы болып саналатын қызметтерді айтады.

Трансферттер – ақша не зат түріндегі табыстың қайта бөлінген бір жақты ағымдары. Трансферттердің орнына табыс, өнім ағымдары талап етілмейді. Трансферттер ағымдағы және күрделі болып екіге бөлінеді. (“Табысты бөлу”, “Капиталға байланысты операциялар” шоттарында трансферт туралы толық мағлұмат беріледі).

Экономикалық өндіріс – экономикалық ғылымдағы негізгі концепция, ол құн және ұлттық табыс пайда болатын салаларды анықтайды. Экономикалық өндірістің қазіргі теориясы бойынша тауар өндіру, қызмет көрсетуге байланысты істелген барлық әрекет экономикалық өндіріс сферасын құрайды. Экономикалық өндірістің бұл концепциясы ҰЕЖ әдістемесінің негізі болып есептелінеді. ҰЕЖ-де үй шаруашылығының тамақ дайындауы, бала тәрбиелеу, үйді таза ұстауы сияқты әрекеттері экономикалық өндіріс болып саналмайды. Өйткені біріншіден, мұндай әрекеттер туралы мәлімет жинау қиын, екіншіден, аталған әрекеттерді бағалау әдістері де анық емес. 1993 жылғы БҰҰ-ның ҰЕЖ-де экономикалық өндіріс экономиканың “көлеңке жағын”, яғни салық төлемес үшін тауар мен қызметті жасырын түрде шығаруды да, заң бойынша тыйым салынған тауар мен қызмет өндіруді де қамтиды.

Сонымен, экономикалық өндіріс сферасы мынадай әрекеттерден тұрады:

  • сатуға, тұтынуға, қор жинауға арналған тауарларды өндіру;
  • қаржылық емес қызметтер көрсету;
  • қаржы мекемелерінің (банктердің сақтандыру компанияларының) әрекеттері;
  • қоғамға, үй шаруашылығына нарықтық емес қызмет көрсететін мемлекеттік басқару ұйымдарының әрекеттері;
  • үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың (саяси паритялар, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар) әрекеттері.
  • үй қызметшісінің әрекеті;
  • үй иелерінің өздері тұтыну үшін істеген үй қызметтері.

Информация о работе Өндіріс статистикасының дәріс материалдары