Бұқаралық ақпарат құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:44, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ.docx

— 29.13 Кб (Скачать файл)

 

7. Интернет, Х-25, Х-45, э-почта сияқты электрондық ортаны пайдалану арқылы таратылатын ақпараттар мен мәліметтердің заңдағы мәртебесін (статус) белгілеген жөн. Әсіресе, осындай қызметті берушілер (сервис провайдер) уә пайдаланушылардың құқықтық жауапкершілігі нақтылануға тиісті. Мұндай заң Батыс елдерінде (мәселен, Германиядағы мультимедия туралы заң) мемлекет (э-мемлекет, e-state) және мемлекеттік емес құрылымдардың ресми құжаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

 

8. Мемлекет органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынастары, атап айтқанда журналистердің ресми жыйындарға қатысуы (аккредитациялау) және мемлекет органдарынан мәлімет алуы тағы да нақтылануы керек. Швейцария мемлекетінің парламенті 1994 жылы қабылдаған «Жұртшылықты мәліметтендіру туралы Заңында» бұл мәселе егжей-тегжейлі шешілген.

 

9. Мемлекетіміздің унитарлық сипатына, ұлттық егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық мүддеге, денсаулық пен моральдық құндылықтарға қарсы басылымдардың елімізде шығарылуы немесе шетелдерден елімізге кіргізілуі мәселесі БАҚ туралы заң актілерінде қарастырылуы және Үкіметтің қажетті шараларды қолдануы нақтылануы тиіс.


Информация о работе Бұқаралық ақпарат құралдары