Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3-4
I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі ......................................................5-7
1.2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері ..................................................................................................................................8-13 1.3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары......14-19
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау............................................................20-31 III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты............................................................32-37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Агробизнес курстық жұмыс.docx

— 89.66 Кб (Скачать файл)

Экономиканың агро азық-түлік саласының негізгі қызметін келесідей тұжырымдауға болады: тұрғындардың жоғары сапалы тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін жеткілікті сан мөлшерінде және қол жеткізерлік бағамен қанағаттандыру. Үлкен мағынада, бұл өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтиды. Осыған байланысты, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік  өндіру мен нарығына мемлекеттік ықпал ету жүйесі ретінде, экономикалық саясаттың өзге бағыттарының ресурстық базасына «орнатылған» болуы қажет.[5]

Мемлекеттік аграрлық саясатты жасауда келесі мәселелерді ескеру маңызды: жерді иелену, пайданалу және қолдану және де ауылшаруашылық өндірісінің өзге де факторларымен туындайтын, қатынастар; материалды-техникалық ресурстарға, ауылшаруашылық өнімдеріне, шикізаттарға және азық-түліктерге сұраныс пен ұсыныс; нарықтың инфрақұрылым жағдайы; ауылшараушылық өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің бағасына қатынасы; ауылшараушылық тауар өндірушілердің табысының өзге тұрғындар топтары табысына қатынасы; тұрғындардың негізгі әлеуметтік-демографиялық және территориялық топтар үшін азық-түліктердің заттық және экономикалық жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігі.

Агроөнеркәсіптік кешен – ауылшаруашылық шикізатынан соңғы өнім өндірісін тікелей қамтамасыз ететін, өзара байланысты салалар жиынтығы. Оның тұрақты қарқынды дамуын қамтамасыз ету, тұтас АӨК, сондай-ақ оның әрбір құрылымдық бөлімшесінде, әсіресе негізгі саласы – ауыл шараушылығында тұрақты ұдайы өндірісіне жетумен жүргізіледі.

АӨК – салалардың тұтас кешенінің күрделі интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Оған сан алуан, күрделі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік иелері мен шараушылық формасына жататын кәсіпорындар, агроқұрылымдар, мекемелер жатады. Шаруашылық механизімі бұл жан-жақтылықтың тұтастығын қамтамасыз етеді; келісілген мүдделер, шаруашылық жүргізудің барлық формаларының субъектілерінің тең құқылығы негізінде, тұтас бірлік ретінде АӨК өзін-өзі басқаратын бөлімдерінің мақсатты бағытталған тиімді қызмет етуі.

Ұдайы өндіріс процесінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестер өзара қиылысады. Шаруашылық механизімі әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлардағы өндіріс бірліктерінің шараушылық еріктерін қамтамасыз етіп, шешім қабылдауда ресурстармен, технологиялармен, ұйымдастырулармен, икемді экономикалық тұтқалармен қолайлы шаралар жүргізу қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. АӨК - өндіріске қатысушылардың табиғатпен және тәуекелмен байланысты, биожүйелердің қызмет етуімен байланысты өзара қатынастарының үйлестілігін қамтамасыз ететін механизім.

Қызмет ету-салалық құрылымы АӨК үш салаға бөледі:

  • біріншісі, ауыл шараушылығы өндіріс кезеңдерінің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін салаларды және өнеркісіп салаларын біріктіреді: ауылшараушылық машина жасау және өсімдік шараушылығының өнімдерін қорғау құралдары мен химиялық тыңайтқыштар өндірісі;
  • екінші сала, ауыл шаруашылық және орман шараушылықтарын (біз өзіміздің зерттеу негіздеріміз ретінде тек осы салаларды аламыз)  қамтиды;
  • үшіншісі, ауылшараушылық өндіріс өнімдерінің соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын қамтамасыз ететін салалар тобы құрайды: қайта өңдеуші және дайындаушы салалар, сауда және қоғамдық тамақтану салалары.

Ендеше, АӨК экономикалық жүйесі өзара кезекті байланысты салалардан тұрады. Әрбір сала және сфера, агроөнеркәсіптік тұтас ұдайы өндіріс процесінің белгілі бір фазасының қызметін орындайды. Осыған байланысты, АӨК әрбір буыны алдыңғы буын өнімінің тұтынушысы ретінде болып, олардың көлемдері мен құрылымы бірін-біріне сәйкес келуі тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің  негізгі         

 бағыттары 

Агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және   шынайы   азық-түлік   қауіпсіздігіне   қол   жеткізу, агробизнесті дамыту үшін экономикалық реформаларды дамыту және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін мәселелері ерекше бөлігі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы  жағымсыз  жағдайларға  алып  келуі  мүмкін.  Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

-          Нарықтық  қатынастарды  дамытуға  ынталандыратын  заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

-    Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру   және   басқа   мәселелерді   дұрыс   шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру:

-    Агроөнеркәсіп   өндірісін   тұрақтандыру,   тауар   өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;

-    Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

-    Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру;

-    Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу;

-    Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, 
әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысын тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;

-    Ғылыми    зерттеу,    селекциялық    және    асылдандыру    ісін қаржыландыру  және  ұйымдастыру,  ғылым  мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;

-    Ауыл     шаруашылығы     тауарларын     өндірушілерді     ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

-     Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік 
ресурсын қалыптастыру;

-    Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын   сақтауға,   азық-түлік  сапасына  бақылау  жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

-    Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы 
кәсіпорындарын басқару;

-    Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құкықтық 
тұрғыдан қорғау.

Ауыл шаруашылығы өнімі рыногын мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несие және құқықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінін негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық (өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанға дейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.

Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты АӨК өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

- ауыл     шаруашылығын     несиелендіретін      банкілер     қызметін 
ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

- меншік және шаруашылық  жүргізу тәсіліне қарамастан  барлық ауыл 
шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанга дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде пайызсыз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін объектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;

- несиені қамтамасыз етуге  төмендетілген талап орнату;

- коммерциялық банкілерге  қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;

- ауыл  шаруашылығына несие  беретін  банкілерге  бағалы  қағаздар 
шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше 
қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне   қажетті   қаржылық   ресурстарды   арзандатуымен   қатар   тез жинақтауды жеделдетеді);

- несиелік қаржыны төмендетілуі  мен  қарыздың қайтарылмауынан 
туындаған    шығындарды    жабу    үшін    ауыл    шаруашылық    несиесін 
ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.[6]

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынғаландырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

Жалпы   алғанда,   салықтар   мен   аударулар   кәсіпорынның   жалпы табысының 20-25%-ынан аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-ынан 50%-ына дейін салыққа алынуы тек  қана  өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-дан астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі - жалпы   табысқа   салық   салу   қолданылуы керек. Одан әрі АӨК дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу, елді азықпен қамтамасыз ету мәселелері, әлеуметтік құндылықтары бар мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері болып табылады. Мемлекеттің қолдауынсыз ауыл шаруашылығы дамымайды, шаруа қожалары өздерінің болашақтағы мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтып, сәйкесінше банкроттыққа ұшырайды. Мемлекеттік қолдаудың көптеген аспекттері бар. Мысалы, агралық өндірістің дамуын, мемлекеттің қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды, бағаны реттеуді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісіне квота бөлуді, сырттан келетін арзан өнімдерге кедергілер қоюды, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды және  т.б. қолдау. 

«Даму, - С.Ожегов талдама сөздігінде  – бір жағдайдан екінші жағдайға, яғни жетілген жағдайға, ... қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға өтуі деп берілген». Өсуге қатысты: «Өсу – күшейту, нығайту. Даму процесіндегі жетілдіру». Ендеше, бұл екі маңызды түсініктерді өзара айыру мүмкіндігін беретін, маңызды айырма белгілері көрініп тұр. Егер өсу – сандық өзгеруінің арту процесі болса, ал даму – сапалық. Ендеше, бұл процестердің әр қайсысы өздерінің ерекше заңдарына бағынып және бірін бірімен сәйкес келмейтін нәтижелерге ие болады.Мысалы, өзінің физикалық мүмкіндік шегіне жеткен, цивилизацияның биосфераға әрдайым артып отыратын ықпалы – табиғи шектеулер мен кедергілерді бұзатын, экономикалық өсімінің бейнесі.

Америкалық зерттеуші Р.Сэмюэльс былай деп жазады: «Жапония – мемлекеттік меншіктің болмауынсыз мемлекеттік саясат елі», мұндағы айтқысы келгені, меншік формалары реттеуді қалайды, өйткені «реттеу мемлекеттік билікке қарсы келмей, икемді болу мүмкіндігін береді. Бұл Жапония мемлекетінің әлсіз екендігін емес, керісінше күшті мемлекет қана жеке қызмет атқаратын тұлғалардың әрекетін өзгерте алады, ал әлсіз мемлекеттер топтық мүдделердің ықпалында болады».

Қатал  бәсекелестік жағдайында фермерлік өндірістерінің және  олардың ерікті бірігулерінің өмір қабілеттілігі кәсіпкерлердің еңбегі мен өнер тапқыштығымен ғана емес, баға саясаты, несие және салық салу бойынша әртүрлі жеңілдіктердің берілуімен, дотация, субвенция және бюджеттен төленетін өзге де (оның інішде, натуралды өнім) төлемдермен жүргізілетін, күшті мемлекеттік қолдаумен анықталынады.

АӨК маңызды субсидияға қажеттілігі бірнеше себептермен негіздерлен. Біріншіден, бұл сала маңызды дәрежеде адамдардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап және өмір сүрудің қызметті ортасының кепілі. Екіншіден, ол материалды-техникалық ресурстардың үлкен көлемінің тұтынушысы болып табылып, ал бұл салада экономикалық өсу өзге салалардың, бірінші кезекте, қайта өңдеу салаларының дамуын ынталандырады. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы жұмыс күшінің үлкен бөлігін қамтиды. Төртіншіден, ол экономикалық, ең бастысы, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

 

II тарау  Қазақстанның АӨК мемлекеттік  қолдау мәселелері мен келешекте  даму бағыттары 

2011 жылы тиісті мемлекеттік  қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік  кешенін тұрақты дамыту жөніндегі  шаралар кешенін іске асыру  нәтижесінде:

- АӨК салаларын тұрақты  дамыту;

- ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көлемін 2007 жылмен  салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге ұлғайту;

- жыл сайын ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің өндірісін 5 % -ға ұлғайту;

- ауыл шаруашылығында  еңбек өнімділігін өсіру;

Информация о работе Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары