Түйенің шығу тарихы мен лама түйе тұқымдастарына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:59, реферат

Краткое описание

Миллиондаған жылдар бұрын, геологиялық дәуірдің үшінші кезеңінде, Америка континентінде түйенің ежелгі тектері кеңінен таралған.
Ең ежелгі түйе тұқымдасының (Protylopus) қаңқасы туралы Вортман жазған. Қазіргі түйелердің бұл ежелгі тегі қоян мөлшеріндей ғана болған. Үшінші ғасырда ауа райының өзгеруіне байланысты жануарлар да өзгере бастады. Ылғалды тропикалық ормандардың орнында құрғақ жазық жерлер, шөпті алаңдар және қатқыл жер қыртыстары пайда болды.

Содержание

Кіріспе
Түйенің шығу тарихы мен лама түйе тұқымдастарына сипаттама
Түйенің шығу тегі
Лама
Альпака
Гуанако
Викунья
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

туйе 1 срс.docx

— 288.10 Кб (Скачать файл)

Түйенің шығу тарихы мен лама түйе тұқымдастарына сипаттама

Түйе түлігі сүтқоректілер  класы (Mammalia), жұп тұяқтылар отряды (Artiodactyla), күйіс қайтарушылар немесе тістері ай тәріздестер тобы (Ruminantia), мүйізгек аяқтылар туысы (Tylopoda), түйе тұқымдастар (Camelidae) түлігіне жатады.

 

 

Түйе ертеректе қолға  үйретілген үй жануарларының бірі болып  есептеледі.

Миллиондаған жылдар бұрын, геологиялық дәуірдің үшінші кезеңінде, Америка континентінде түйенің  ежелгі тектері кеңінен таралған.

Ең ежелгі түйе тұқымдасының (Protylopus) қаңқасы туралы Вортман жазған. Қазіргі түйелердің бұл ежелгі тегі қоян мөлшеріндей ғана болған. Үшінші ғасырда ауа райының өзгеруіне байланысты жануарлар да өзгере бастады. Ылғалды тропикалық ормандардың орнында құрғақ жазық жерлер, шөпті алаңдар және қатқыл жер қыртыстары пайда болды.

Осыларға байланысты жануарлардың аяқ құрылыстары өзгере бастады. Protylopus төрт башпайы болса да, алғашқы екі башпайының дамымағандығынан ол тек қана үшінші және төртінші башпайларымен ғана жер басып жүрді.

Бас сүйегінің формасы  бойынша бұл жануар қазіргі ламаға ұқсас болды.

Келесі эволюциялық кезеңде  түйе тұқымдасының өкілі Poebrotherium алғашқыдан ірірек, мөлшері қошқардай болды. Үшінші және төртінші башпайларының ұшында азырақ тұяқтар пайда бола бастады.

Түйе тұқымдасының үшінші қазбалық формасы – Procamelus. Бұл жануар қазіргі ламаның мөлшеріндей болды. Аяқтарының бүйір башпайлары толығымен жоғалған, ал жоғарғы ауыз қуысында қос жұлқар тістері сақталған.

Procamelus тұқымдасынан – өркешсіз түйелер (лама) және өркешті түйелер секілді екі тармақ тарайды.

Геологиялық апат салдарынан түйенің ежелгі тектері өз отандары – Солтүстік Америкадан дүние жүзінің басқа да аймақтарына ауыстырылады, бірқатары оңтүстікке, Оңтүстік Американың таулы аймақтарына, ал енді бірқатары сол кезеңдегі геологиялық құбылыстардың әсерінен Америка мен Азияны қосқан бұғаз арқылы Азияға өтіп кеткен. Азияға өткеннен кейін түйелер дене мүшелерінің үлкею бағытындағы өзгеруін жалғастырды. Болашақ эволюциялық дамуы осы жануарлардың құрғақ жазықтық жағдайына бейімделушілік жолдарымен жүрді. Түйенің жабайы тектері Азиядан Еуропа мен Африкаға өтті.

Өркешсіз түйелер (лама) тармақтарының эволюциялық дамулары таулы аймақтарда тіршілік етуге бейімделу жолымен өтті. Таулы жерде тіршілік ету жағдайы дене мөлшерінің өсуіне септігін тигізбегендіктен, олар сол кездегі тектерінің көлемінде сақталынып қалды.

 

 

Оңтүстік Американың өркешсіз түйелер тобының қазіргі кезде  төрт түрі бар. Олар қолға үйретілген лама мен альпака және жабайы өсетін гуанако мен викунья.

Ламаның түйелерден айырмашылығы — өркеші болмайды. Дене тұрқы 120 — 175 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 90 — 100 см,салмағы 48 — 95 кг. Лама Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының биік беткейлерінде қолда өсіріледі. Лама Оңтүстік Америкада (негізінен Перуде) бұдан 2000 — 2500 жыл бұрын қолға үйретілген. Ламаның жабайы екі түрі (гуанако, викунья) және Перу мен Боливияда қолға үйретілген екі түрі (лама, альпака) бар. Қорегі — шөптесін өсімдіктер. Жыныстық жағынан 2,5 — 3 жылда жетіледі. 11 ай буаздық мерзімнен кейін жалқы төл туады. Лама мен альпаканы таулы жерде көлік ретінде және бағалы жүні, дәмді еті үшін қолда ұстайды. Жылдан жылға саны азаюда. Олардың арасынан викунья қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Лама – жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Ол биік тауларда 40 – 50 кг жүкпен тәулігіне 25 – тен 35 километрге дейін жол жүре алады.

Альпака – жүнінің сапалы болуына байланысты өте жоғары бағаланады. Осыған байланысты альпаканы Анд тауын мекендейтін тұрғылықты үнді халықтары біздің эрамызға дейінгі үшінші ғасырда қолға үйреткен.

Альпаканың жүні ұзын, тығыз  және ламаның жүніне қарағанда жіңішке  болуына байланысты Оңтүстік Америкада  жүннің бірден – бір қоры болып есептелінеді. Оны әр екі жылда бір рет жүндейді, ал бүкіл тіршілігінде небәрі үш – төрт рет жүнделеді.

Жақын арада альпаканы  оның жабайы туысы викуньямен шағылыстыру  арқылы пано – викунья атты гибридтік ұрпақ алынды. Бұл ұрпақ викуньяның сапалы жүні мен альпаканың мол жүні үндесіп бағалы жүн шикізатын береді.

 

 

 

Гуанако – күні бүгінге дейін тау аймақтарын мекендейді. Оңтүстік Американы мекендейтін жабайы сүтқоректілердің арасындағы ең биік жануар болып табылады. Оның биіктігі 110 см, салмағы 90 кг болады. Терілері қызғылт, тек қана мойын мен аяқтарында ақшыл таңбалар кездеседі, ал денелерінің қалған жерлері қызғылт қоңыр түсті қалың жүнмен көмкерілген. Олар тобымен жүреді, төрт – он ұрғашы гуанаконы бір бура басқарып қорғаштап жүреді. Өте жүйрік. Шапқан кездегі жылдамдығы 55 километрден асады.

 

 

Викунья – Анд тауының ең биік жақтауларында келесімен жүреді. Денсінің биіктігі 75 см – ден аспайды, салмағы шамамен 45 кг болады, кеуделері ақ дақты, терілері сары – қоңыр түсті болып келеді. Олардың жүні өте жіңішке болады. Бір бурасы 10 – 12 га жайылымдық жерде бес – он бес бас ұрғашы викуньядан тұратын келені қатаң бақылауда ұстайды.

Викуньяның ботасы туа  салысымен жүріп кетеді. Осындай  ширақтығына және мекендейтін жерлері  таудың биік ұштарында болуына қарамастан жабайы өседі дегенмен викунья адамдардың қамқорлығы арқасында ғана сақталып келеді.

Викуньяны қорғау мақсатында Боливия мен Перуде қорық құрылды. Осындай жұмыстардың арқасында  Боливия мен Перуде викуньяның саны 1965 жылғы 6 мың бастанбүгінгі күні 70 – 77 мыңға жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Түйенің шығу тарихы мен лама түйе тұқымдастарына сипаттама
  1. Түйенің шығу тегі
  1. Лама
  2. Альпака
  3. Гуанако
  4. Викунья
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. З.Мұсаев, А.Төреханов, Б.Сейдалиев // Түйе шаруашылығы. // Алматы – 2007.

Информация о работе Түйенің шығу тарихы мен лама түйе тұқымдастарына сипаттама