Су тапшылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 15:34, доклад

Краткое описание

Ауыз су тапшылығы бүгінде бүкіл әлемді алаңдата бастады.Көптеген елдердің ең басты проблемасына айналған су мәселесі кермиық даласы шөлейттеніп бара жатқан Қазақстан үшін де өзекті тақырып. Өйткені 1950 жылдары Қазақстанда 120 млрд. текшеметр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд. текшеметрге дейін кеміді деген де болжамдар бар.

Вложенные файлы: 1 файл

piktm2_1.docx

— 18.36 Кб (Скачать файл)

 

              21 ғасырдың ең қымбат дүниесі ауыз су болар ма?

 

Ауыз су тапшылығы бүгінде  бүкіл әлемді алаңдата бастады.Көптеген елдердің ең басты проблемасына айналған су мәселесі кермиық даласы шөлейттеніп  бара жатқан Қазақстан үшін де өзекті тақырып. Өйткені 1950 жылдары Қазақстанда 120 млрд. текшеметр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд. текшеметрге  дейін кеміді деген де болжамдар  бар.

Мамандар мұндай су қорының  азаюын біздің өзендеріміздің трансшекаралық екендігімен, су бастау алатын елдердің де суды пайдалану көлемін көбейтіп келе жатқанымен байланыстырады. Себебі, Памир мен Тянь-Шань шыңдарындағы мәңгілік мұздықтар 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал ол 2025 жылға  қарай 50 пайызға дейін азаймақ. Мұндай ғаламдық жылыну түбінде Орталық  Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы  су арналарының суалып-тартылып, жаппай құрғақшылық жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл өзекті мәселеге осы тұрғыдан талдау жасасақ, шындығында да еліміздің  ауыз суы Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріндегі су жолдарына тікелей  тәуелді екеніне көз жеткіземіз.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, еліміздегі ауру-сырқаттардың 80 пайызы күнделікті қолданатын ауыз судан бастау алады екен. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Ұлттық орталықтың мәліметтерінше, жылына сапасыз ауыз суды қолданудан 5000 қазақстандық қазаға ұшырайтыны, әрбір  екінші қазақстандық ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін суды пайдаланатындығы белгілі болып  отыр. Халықтың үштен бір бөлігі арнайы тазартудан өтпеген суды ішуде. Жағдай қазір осындай болғанда, болашақта  қара су қат тауарға айналғанда, қайтпекпіз?...

Суға байланысты қақтығыстың  басы өткен жылғы наурыз айында қырғыз-тәжік  шекарасында көрініп қалды. Тәжікстанның Исфара ауданының әкімі мен полиция  бастаған 150 тұрғыны шекараны бұзу арқылы Қырғызстанның Баткен ауданына лап  қойып, бұдан бірнеше жыл бұрын  Дүниежүзілік банктің қаржысына  салынған Ақсай өзеніндегі бөгетті  бұзып тастай жаздады. Суға қатысты  қақтығыс Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшылығы артуы мүмкін

Егер су ресурстарын пайдаланудың және басқарудың тиімділігі көтерілмейтін  болса, онда 2040 жылдарға қарай су тапшылығы  арта түседі.

 

 

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі  Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім  етті. Министрдің айтуынша, 2050 жылға  дейінгі стратегия бойынша 2020 жылға  қарай халықты, ал 2030 жылға қарай  ауыл шаруашылығын сумен тұрақты  қамтамасыз ету мақсаттары межеленген.

Яғни, 2050 жылға қарай су ресурстарына байланысты елімізде түйткілді  мәселе болмауы тиіс. Осыған орай, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі су ресурстарын  басқару жөніндегі мемлекеттік  бағдарламаны әзірлеуде.

"Жалпы, күтіліп отырған  суды тұтынудың арта түсу үрдісі  және су ресурстарымен қамтамасыз  етудің төмендеуі тапшылықтың  өсу қаупі бар деген тұжырым  жасауға мүмкіндік береді. Ал  мұндай проблемаға Қазақстандағы  сегіс су бассейінің алтауы 2020 жылға қарай ұшырауы мүмкін. Егер  су ресурстарын пайдаланудың  және басқарудың тиімділігі артпайтын  болса, онда 2040 жылға қарай су  тапшылығы жоғарылайды. Бұл өз  кезегінде халықты сумен қамтамасыз  етуге, экологиялық жағдайға кері  әсерін тигізуі мүмкін", дейді  Н. Қаппаров.

Оның сөзіне қарағанда, барлық тұтынушылар бойынша суды үлесті тұтынуды төмендету және тиімді пайдалану  бойынша жоспарланған шаралар жүзеге асса, онда жылына 15 миллиард теңгені  құрайтын 9,5 текше метр суды үнемдеуге  қол жетпек.стың басы осындайдан өршіп  жүрмесін.


Информация о работе Су тапшылыгы