Ұлттық аралық жанұялардың психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Жанұя қоғамның маңызды әлеуметтену институттарының бірі болып табылады. Жанұяның қалыпты міндеттерің атқаруынан көбісінде жұбайлардың жеке бақыты, физикалық және әлеуметтік аман-саулық тәуелді болады
Ұлттық аралық жанұя жанұяның ерекше типін ұсынады, себебі ондағы жұбайлар әртүрлі этностардың өкілдері болып табылады. Әртүрлі этностардың өкілдерінің арасында некелерді қию - өткен тарихи құбылыс. Бірақ ұлттық аралық жанұялардың институты совет одағында кең таралған. СССР кезіңінде Қазақстанда интенсивті ұлттық аралық жанұялардың пайда болуы байқалады. Бұл тың жерді игеру кезінде және халықтың миграциялық процесстің өсуімен байланысты болды. Сонымен, 1979 жылда әрбір бесінші неке ұлттық аралық жанұя болды. ҚМ Агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы ұлттық аралық жанұялар 19,7%-ды құрастырды.

Вложенные файлы: 1 файл

Семья полиэт казақша.doc

— 938.00 Кб (Скачать файл)

         Қазақстанда күйеу мен қалындықтың ұлты бойынша некелердің бөлінуі үлкен қызығушылық тудырады. Осында олардың арасында тең емес тенденция байқалады, әсіресе қазақ пен ұйғырлар арасында. Қазақ-әйелдерге қарағанда қазақ-ерлер 2,1 ден 7 дейін жиі басқа ұлт өкілдерімен неке қияды, ал ұйғырлар, өз ұлтының әйелдеріне қарағанда – 3 есе жиі. Осындай тенденцияны Орта Азияның басқа да республикаларында және Кавказда кездестіруге болады. Ерлі-зайыпты жұбайларда орыс, украин, белорусс, неміс халықтарының әйелдері қатысатын некелерде кері жағдай байқалады. Олар жиі, өздерінің ұлттарының еркектеріне қарағанда, басқа ұлт өкілдерімен неке қияды.

        Қазақстанда корей халқының өмір жолдасын таңдау кезінде жеке еркектердің және әйелдердің жоғары бағалауын мысал ретінде ажыратуға болады:

         

Таңдайды 1970-ші 1970-ші 1980-ші 1980-ші 
                                   орыстар қазақтар орыстар қазақтар  
еркектер 70,7 9,7 54,7 20               
әйелдер                        42,2                         33,3                       56,6                     23,7

 

70-ші жылдар үшін 41 еркек-корейлер ішінен 70,7 пайызы орыс қыздарын таңдады, ал 45 әйел-корьянкалар – 42,2 пайызы орыс жігіттерін таңдады.

80-ші жылдар үшін  95 еркек-корейлер 54,7 пайызы орыс қыздарын таңдады, ал әйелдердің ішінен 56,6 пайызы орыс жігіттерін таңдады. Қазақ ұлтының жастары үшін артықшылдықты талдасақ – 70-ші жылдары еркек-кореицтердің 9,7 пайызы қазақ қыздарын таңдады, қазақ-ерлерді корьянкалар ішінен 33,3 пайызы таңдады; 80-ші жылдар үшін қазақ қыздарын корей-ерлері 20 пайыз таңдады, қазақтарды корьянкалар ішінен 23,7 пайызы таңдады.

        Сонымен, егер 70-ші жылдары жас жігіттер үлкен артықшылдықты орыс қыздарға берсе, онда 80-ші жылдары – бұл пайыз маңызды кішейді  (70,7 және 54,7), ал осы онжылыдқта қазақ ұлтының қыздарын жиі таңдауы байқалады (9,7 және 20) [114].

         Ұлттық аралық некелерді қию жиілігі белгілі дәрежеде халық аймағының этникалық құрылымына тәуелді болады және осыған кіретін аймақтың негізгі ұлттарының бірігуінен ұлттық аралық жанұялар пайда болады. Мысалы, Қазақстанның солтүстігінде орыс, украин, беларусс – халықтарының арасында некелерен көп таралған, осы ұлттар бір-біріне тиюі мен мәдениет – тұрмыстық өмір - бойынша жақын болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде этномәдениеттік жақындылық қазақ пен өзбек, қырғыз, ұйғыр арасында некелер түрінде байқалады. Соңғы жылдары қазақтар мен орыстардың арасында неке қию көбейе түсті.

         Бар әдебиетті зерттеу негізінде ұлттық аралық жанұялардың келесі типологиясын ұсынуға болады:

1. «Туысқандық» халықтар деп аталатын өкілдерінен туратын жанұялар, олардың мәдениеттері, дәстүрлері мен тілдері жақын болып келеді (мысалы, абхаздар және адыгылер, абазиндер және черкестер, орыстар және украиндер, қазақтар және қырғыздар, қазақтар және өзбектер);

2. «Туысқандық емес» ұлттардың өкілдерінен құрастырылған отбасылар: мысалы, қазақтар мен славян халықтары;

3. Үшінші тип «Туысқандық емес» халықтармен ұсынылған, бірақ жалпы бір дінге кіреді: мысалы, осетин мен орыстар, татар мен дагестандар;

 4. «Туысқандық» халықтардан құрастырылатын жанұя, бірақ әртүрлі дінге сенетіндер: мысалы, абхаздар христиандар және адыгылер мұсульмандар;

5. Ұлттық аралық жанұяға кіретін бір ұлтқа кіретін өкілдер, бірақ әр түрлі діндерді ғибадат ететіндер: осетин христиандар және осетин мұсульмандар /28/.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында тек  қана ұлттық аралық жанұялардың типтерінің саны өсіп қана қоймай, сонымен қатар олардың жалпы саны үлкейді. Ұлттық аралық жанұялардың өсуі бірқатар факторлармен байланысты. Ұлттық аралық жанұялардың пайда болуына объективті факторлар ретінде келесіні ажыратуға болады:

    1. қоғамның индустриализациясы;
    2. әйелдің эмансипациясы;
    3. қоғамның саяси құрылымның өзгеруі;
    4. халықтың ұлттық құрылымы (этникалық мозаика);
    5. анау не мынау этнос жыныстық және жас пропорияларының құрылымы;
    6. қатынасатын этностардың әлеуметтік-кәсіби, білім мен салалар құрылымының ұқсастығы;
    7. этностың миграциялық жылжымының әртүрлілігі;
    8. ішкі жанұялық қарым-қатынаста этникалық нормалардың үйлестігі;
    9. екі тілдің болуы;
    10. халықтардың әлеуметтік нормативті мінез-құлықтың этникалық ерекшеліктері;
    11. күшті этникалық және діншілділік нанымдардың болмауы;
    12. ұлттық аралық бағыттар;
    13. халық өмірінің урбанизациясы;
    14. әртүрлі халықтардың өкілдеріне толеранттық қатынасты қалыптастыру бойынша тәрбиелік жұмысы;
    15. заң шығаратын негіздің жетілдіруі.

Жеке-дарылық  деңгейде басқа ұлттың өкілін неке жұбайы ретінде таңдаудың субъективті факторларына әсер тигізетін  ретінде келесіні ажыратуға болады:

1) өмір сүру ортасы;

2) білім денгейі;

3) кәсіби денгейі;

4) жеке құндылықтар  мен бағдар жүйесі;

5) ұлттық аралық қарым-қатынаста жеке тәжіребе.

Халықтың зерттеу мәліметтерінің корреляциялық талдау зерттеушілерді келесі қорытындыға әкеледі, ұлттық аралық некелердің қиюылына үлкен әсер халықтың ұлттық құрылымы мен этникалық мозаика тигізеді [47].

Өткізілген зерттеулердің  нәтижелері негізінде, ғалымдар белгілейді, совет одағы кезінде ұлттық аралық жанұялардың пайда болуына жұбайлардың әртүрлі дінге жатуы аз әсер тигізген. Қазіргі қоғамның даму тенденциясы бойынша әлеуметтік әртүрлілігі ұлттық аралық неке қиюға әсер ететін факторларға жатпайды.

Ұлттық аралық некелердің өсуіне әсер ететін жетекші факторлардың бірі екі тілдің тарауы болып табылады. Жанұяның барлық мүшелеріне түсінікті тілсіз жекеаралық және ішкі отбасылық қарым-қатынас мүмкінсіз. Ғалымдар өздерінің зерттеулерінде ұлттық аралық қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде  орыс тілің белгілейді. Сондықтан, кеңес республикалардың ішінде орыс емес халықтардың арасында орыс тілді жақсы білу ұлттық аралық жанұялардың даму факторы болып табылды [40].

Неке – бұл екі  адамның одағы болғандықтан, отбасы мәселелерін талдау кезінде күйеу мен қалындық тек қана жасын есепке алмай, сонымен қатар олардың неке жұбында үйлесімділігің ескерту керек. Жұбайлар арасында жастары бойынша ең табиғи айырмашылық 1-ден 4-ке дейін аралықты қамтиды және осында еркек үлкен болу керек. Моноұлттық некелерде әдетте құрдастар қияды (күйеу мен қалындықтын жастары бірдей болып келеді). Әртүрлі жастағы некелерде, күйеу қалындықтан, немесе қалындық күйеуден маңызды үлкен болып кездесетің жанұялар әдетте ұлттық аралық болып келеді.

Дүниетанымның қалыптасудың негізгі факторлардың бірі – білім болып табылады. Бұл тек қана әлем туралы елестерді кеңейтетін білім қоры емес, бұл өзі -өзінің ұлтты туралы, басқа халықтар туралы білім болып келеді, сонымен қатар бұл бағытталған тәрбие процесі осы арқылы адамның санасы икемді және кеңейе бастайды. Ғылымда жұбайлардың білімі жанұяның тұрақтылығына және табыстылығына әсер тигізетіні туралы бірмағыналы пікірлер жоқ. Солай, Петров Ю.П. айтқан, жоғары білімнің болуы - жұбайлардың бақытты мен неке тұрақтылығының кепілі деп айтуға еш негіз жоқ. Бірақ зерттеулердің көбісі белгілейді, екі жұбайдың да жоғары білімнің болуы, әсіресе күйеудің білімінің жоғары денгейі неке сапасына жағымды әсер тигізеді  [67].

Ұлттық – аралық некелердің санының  өсуі – дәстүрлі өмір қалпының өшіруінің  салдары болып келеді. Жекеаралық қатынастардың дәстүрлі жүйесінің ең маңызды бітісі – жеке адамның туған-туысқандардан және көршелердің байланысына тәуелділік, бұл әлеуметтік-психологиялық, солай сияқты экономикалық тәуелділік болу мүмкін  [84, с.98].

Дәстүрлі өмір қалпының элементтерің сақтау, үлкен адамдардың өздерінің балалары мен немелеріне неке жұбайларын таңдауға маңызды әсер тигізуіне қолдау жасайды. Осында үлкен әсер жас адамдарға қарағанда көбісінде жас қыздарға тигізіледі. Этноәлеуметтік зерттеулер бойынша әйелдер еркектерге қарағанда ұлттық аралық некелерді сирек қияды және сонымен қатар бұл туралы ойларға сақ қарайды  [84, с.99].

Жұбайлық өмірге маңызды әсер тигізетін факторлардың бірі, неке қиюға  ата-ананың қатынасы болып табылады. Жастар неке қиюға ата-аналардың келісімін сұрайды.

Көптеген әдебиеттерде белгіленген, ұлттық аралық отбасылардың өмір қалпына тұру жері – қала немесе ауыл , үлкен әсер тигізеді. Ұлттық аралық неке қалада қиылғанда үйлену салтында ұлттық бітістер болмайды, ішкі аралық қатынастарда орыс тілі үстем болады, жанұяның тұрмыстық өмірі аралас болады. Жұбайлардың аккультурациясы белгіленеді. Ауыл жерде тұратын осындай жанұяларда айтылған байқалмайды.

Соңғы уақытта үйде болатын бос уақыттың ролі өсе бастады.  Бос уақыт тәрбиенің, дамуының және әлеуметтенудің маңызды құралы болып есептеленеді. Бос уақытта адамдардың рухани байлығы ерекше дидактикалық күштерінен тыс дамыйды. Бос уақытты дұрыс емес ұйымдастыру неке-отбасылық қатынастарға жағымсыз әсерін тигізу мүмкін [31].

Ұлттық спецификасы  көзқарасынан анықтау, әртүрлі ұлттағы жұбайлар жанұя шеңберінде өзінің жеке беделін бағалауы қызық тудырады. Бұл факт тұрғын ұлттарының өкілдері үшін үлкен маңызға ие болады. Еуропалық жанұялардың өкілдері аралас жанұялардың өкілдері сияқты оған үлкен мән бермейді. Осыдан, аралас жанұялар қатынастардың жоғары негізінде қалыптасатыны туралы қорытынды жасауға болады [34].

Ұлттық республикалар  үшін көршілердің, таныс адамдардың қоғамдық пікірлеріне үлкен мән берілетіні дәстүрлі. Зерттеулер бойынша көбісінде гомогенді жанұялар қоғамдық пікірмен үлкен дәрежеде қадірлейді [53].

 

 

    1. Ұлттық аралық жанұяларда жұбайлардың өзара қатынастарының психологиялық ерекшеліктері

 

          Біздің республикада көп ұлттық некелер – көп таралған құбылыс. Жанұяда тұлғаның басқа этникалық халықтарының өкілдеріне қатынасының негізі салынатыны туралы әлеуметтік зерттеулер мен сараптамалық болмыс осыған дәлел болады. Туғаннан бастап сол ұлттың этникалық әлеуметтенуді және инкультурация процесстерің өтіп, тек қана жанұяда адам кішкентай жасынан бастап сол ұлттың дәстүрлер мен дағдылардың,  әлеуметтік және адамгершілік құндылықтардың тасымалдаушы болып табылады.

          Жанұя қатынастарының этнопсихологиясының пәні ретінде келесі үш болмысты айтуға болады.

Біріншіден, ұлттық-психологиялық  ерекшеліктердің әсер тигізетіні:

- жұбайлар, балалар және де басқа жанұяның  мүшелері арасында біріккен өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас барысында жеке аралық қатынастардың ерекшелігі;

- принципиалды маңызды ортақ  шешімдерді қабылдау;

- тәрбиешілік және басқа әсерлердің  ерекшелігі.

     Екіншіден, ұлттық айырмашылықтар,, моно, би, полиэтникалық жанұяларда оларға тән моральдік және адамгершілік құндылықтармен,  мінез-құлық пен іс-әрекет формалары, спецификалық дүниетану мен дүние қабылдау дәстүрлерде және ұлттық айрықша тұлғаның қалыптасу тәсілдерінде көрінеді.

Үшіншіден, жанұяның әртүрлі этникалық  мүшелердің арасында қайшылық жағдайлардың пайда болу себептеріне және фактілеріне  психологиялық талдау жасау.

       Адамның неке қию мен жанұяны құрастыруға дайындығының алғашқы түсінігі ретінде оның жанұялық қатынастардың, бірінің алдында міндеттердің болуы, отбасы мен балалар үшін жауапкершілікті түсіну, жанұя өмірінде болатын машақаттылықты және жеке дербестігін шектелуінің мойындаумен байланысты болады. Осы барлық ерекшеліктерде өзінің ұлттық көрінісі бар.

        Ұлттық аралық жанұяда жұбайлардың өзара қарым-қатынасы күйеу мен әйелдің жеке бір-бірімен қарым-қатынасқа негізделеді. Ұлттық аралық жанұяда жұбайлардың өзара әрекеттесу процесінің қалыптасу мен дамуы өте күрделі болып келеді. Себебі әрбір этникалық халықта ол өзінің жеке заңдылықтары бойынша іске асырылады. Ол бірінен-бірі болатын кезеңдерге бөленеді және оған кіретіндер: жанұялық өмірмен, оның психологиясымен және ол туралы жылпы елестермен алғашқы танысу; өзінің жеке отбасына байланысты көзқарастардың қалыптасуы; жеке некеде жанұя туралы өзінің елестерін іске асыру; моно немесе гетероэтникалық орта шекарасында жанұя өмірінің  тәжіребесін жинақтау; жанұя іс-әрекеті сұрағы бойынша жеке елестерді әрі қарай жетілдіру. Осымен қатар ең бірінші маңызға жұбайлық қатынастардың дамуы мен оның этникалық спецификасы үлкен мағынаға ие болады.

Көптеген  жұмыстарда ұлттық аралық жанұялардың  негізгі өсу факторларының бірі дәстүрлі туысқандардың және көршелермен  байланыстың әсерінің әлсіреуі болып  табылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта қалалық түрдегі этностар (мысалға алсақ эстондарда) неке ерлі-зайыпты іздестіру жағдайында туысқандар және көршелер шеңберінің функциялары басқа ішкі контактілерге ауысу мүмкін, мысалы достық немесе өндірістік. Ұлттық аралық некелерді құрастыру әртүрлі себептерге байланысты дәстүрлі мезоқұрылыммен байланыстың әлсіреуінен тәуелді болады. Бірақ өте топтасқан этностарда күйеулер мен қалыңдықтар араласқан некелерді қияды. Бұл, әдетте, өзінің этносында маргиналды орын алатын адамдар болып табылады. Осыдан ұлттық аралық жанұяны құрастыру – бұл тек қана жеке таңдаудың нәтижесі емес, жеке отбасылардың немесе индивидтердің  ішкіэтникалық әлеуметтік бақылаудан «шығып қалу» салдары болып табылады [13].

Информация о работе Ұлттық аралық жанұялардың психологиялық ерекшеліктері