Қиын балалармен жұмыс істеудің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 19:55, курсовая работа

Краткое описание

Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалымен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Қазіргі кезенде еліміздің нарықтық қатынастарға өту жағдайында отбасының жылдар бойына қалыптасқан құндылық негіздері әлеуметтік экономикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе жаңа әлеуметтік шындықтан сұраныстарына сәйкес отбасындағы ұрпақ тәрбиесі дағдарысты жағдайға кез болып отыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Отбасында баланы тәрбиелеу
2.Бастауыш оқушылардың мінез-құлќын зерттеу.
3.Отбасының балаларға тигізетін әсері.
4.Ата-аналарға оқушылар проблемасынан кеңес беру.
Тәжірибелік бөлім
Баланыњ мінез-құлќы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

трудные дети.doc

— 150.00 Кб (Скачать файл)

В.В.Трифонов зерттеулерінде “қиын оқушы” анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегіне ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы.

 Осы категориядағы балалардың  жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және  биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Біраз зерттеулер  (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.В.Минковский, И.Ф.Мягков және т.б. ) “қиын балалардың” басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тыс қоры шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінезқұлыққа айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы – құрдастармен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.

“Қиын балалар”, “мінез-құлықтағы қиындық” ұғымынан басқа, “қиындықпен тәрбиелену” ұғымы да кеңінен қолданылады. “Қиындықпен тәрбиелену термині тәрбиеленушінің педагогикалық әсерге қарсылығын және оны түсінгісі келмейтінің бейнелейді. Бұл қарсылықтың басты себебі – көп жағдайда жеке тұлғаның қалыпты дамудан қалыс қалуынан болады.

Осыдан мінездегі жаман қылықтар туады. “Қиындықпен тәрбиелену” – баланың теріс мінез-құлқы, даужанжал. Кейде бұл қайшылық  табиғи түрде, тек бір-бірін түсібеуден шығатын  дау-жан-жал екенін айтуға болады.

Ал мұндай даукейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жайылуы мүмкін.

“Қиындықпен тәрбиелену” мәселесі Г.А.Формунатовтың еңбектерінде зерттелген. Өзінің зерттеулерінде  “Қиын бала” ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына конбейтін балаларды жатқызады. “Қиын балаларға” ол психикалық бұзылудан жапа жеккендерді жатқызады. Г.А.Фармунатов  қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептерін түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірнеше топқа ол ескінің әсерін, ол екіншіге оларды қиналтатын ішкі дау – жанжалдарды жатқызады.

1.2 Дау – жанжалдардың тууы негізінде балаларды көбінесе мынадай мінез бітістер : қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қосарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады.

“Қиын балалар” намысқой келеді. Олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенің сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, “маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адал екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін”, - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.

 Ұзақ мерзімде дау-жанжал  баланы қиын атандырып ғана  қоймайды, сонымен бірге оның  жүйке – жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін. Балаларда ішкі даужанжалда ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады. Л.С.Ваготский “қиындықпен тәрбиеленумен” күресуден нақты жолын анықтап беруі.

Өзінің “қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы ” еңбегінде ол былай жазады, жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы” да нәтижеге жетуге болады. Л.С.Ваготский жеке адам тәрбиесі психалогиасының маңызды бір мәселесі – иффектілік-қажеттілік ортасымен сананың байланысың көтерді.

 Соғыстан кейінгі жолдарда  қиындықпен тәрбиеленушілердің  әлеуметтік мәселелеріне үлкен  көңіл бөлінді, ал 1950 – 60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады.

1950 -70  жылдары зерттеушілер негізгі  зейіндерін “қиындықпен тәрбиеленетін”  балалармен жасөспірімдерге себепші болатын әлеуметтік – психологмялық және психо-педагогикалық факторларға бөлді.

1970-80 жылдар “қиындықпен тәрбиелену”  мәселесі отандық ғылымда жан-жақты  зерттелгеніне куә боламын.

Мінез-құлықтың ауытқушылығы мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған  жаңа автор Л.С.Славина  болды. Мұндай мінезге ол эффектігі психологиялық ерекшелігін  алды және  бұл саладағы балаларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспады.

Салдарынан өте күшті эмоционалды қайғыру және жан күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен, санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайда меңгерлеуді жатқызады.

Бастауыш мектеп оқушыларының мінез-құлқындағы қиындық мәселемен И.П.Воропаева, И.В.Козубская, В.П.Сенько т.б. айналысты. Олар  мінез-құлқында, қиындығы бар жеке балалардың кейбір ерекшеліктерін анықтап көрсетті.

Бастауыш мектеп жасындағы,  қиындықпен тәрбиеленушілердің негізгі себептерін айқындап, оларды жеңіп шығудың жолдарын көрсетті.

Отбасының өзінің ұрпақ тәрбиелеу секілді тарихы парызынан ажырап қалу қаупі де ақиқатқа айналып отыр.

 Қазақстанда соңғы жылдары  демографиалық ахуалдың төмендеуі аналармен жас балалар өлімінің көбеюі, аналар денсаулығының күрт нашарлауы, отбасында бала тууыдың кеми түсіп, керісінше жұмыссыздар санының өсуі өте қауіпті қатерлі жұқпалы аурулардың көбеюі отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінің маңызды әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.

Отбасы бала үшін әрі тіршілік ету ортасы әрі тәрбиелік орта болып есептеледі. Бала өмірінің алғашқы кезеңінде басқа әлеуметтік – тәрбиелік ықпалдарға қарағанда отбасы ықпалы ерекше орын алады.

Бұл кезеңде отбасы ақпарат хабарлары ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, жолдастарымен құрбылары, достары әдебиеттің және өнердің т.б. әлеуметтік орталардың негізгі ықпалын өзі атқарушы тәрбие ортасы болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуында отбасы адам тәрбиесінің алғашқы бесігі болып саналады.

Отбасынан басталған оң тәрбие адамдар арасындағы қарым-қатынастың, адамның алдағы барлық еңбек және әлеуметтік өмірінің бағытын айқындаудың негіз болып табылады.

 Егер отбасы және тұлғаның  қалыптасу процесі мен нәтижесінде  шешуші ықпал жасайтын әлеуметтік фактор деп есептелсе онда дұрыс тәрбиелік ықпалды ұйымдастыруда ең алдымен отбасына қоғам және мемлекет басты назар аударуы қажет.

Себебі рухани адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты отбасы ең ауқатты мемлекет болудың тірегі болып есептеледі. Бұл аксиомадан тарихта бірде – бір өркениетті ел шет қалған емес. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Ең алдымен мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, кітапхана, мұражайлар, театр, кино, түрлі спорттық, туристік орталықтары нарық экономикасына байланысты  акционерлік бірлестіктер, фирмалар, әртүрлі қоғамдар, орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатта қарым – қатынаста болуы болашақ, ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуге мүмкіндік жасайды.

Осыған орай отбасының мынадай тәрбиелік рөлі айқындалды. Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып есептелуі өркениетті, зайырлы құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны отбасы болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік  қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек арқауы.

Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, жынығуына, рухани және адам дамуына ең құнды жалпы  адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы.

Отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы : отбасының әлеуметтік міндеттерінің  өзегі тәуелсіздікке ие болған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуіне елжанды азамат тәрбиелеу :

Отбасы баланың мамандықтың еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы ; отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы. Сонымен қазақстандықтардың келесі ұрпағы тәуелсіз  мемлекеттің мұрагерлері, жан – жақты жарасымды болып өсуі отбасымен тікелей байланысты екенін көреміз. Алайда қазіргі отбасы әлеуметтік жағынан қолдау таппай “көптеген қиындықтарға кездесуде”.

 Бүгінгі танда көптеген отбасылары  өзінің кұші мен уақытын отбасының  және балаларының материалдық  жағын қамтамасыз етуге жұмсайды  да, рухани дамуы мен жетілуіне  уақыттары қалмайды. Әлеумет –  танушылардың зерттеуі бойынша жұмыс жасайтын аналар бала тәрбиесіне, тәулігіне  0 минут, ал жексенбі күндері 30 минут қана бөле алады екен.

 Ата – аналардың көпшілігінің  балаларымен рухани қарым –  қатынаста болу (бірге кітап оқу, бірге отырып теледидар көру, театрға баруы т.б.) мүмкіндігі мүлде жоқ деуге болады.

Балаларды отбасында тәрбиелеуде орын алып отырған кемшіліктер : отбасындағы экономикалық жағдайдың төменгі деңгейде болуы (еңбек ақының аздығы, өмір сүруге қажетті тұрмыстық заттардың жоқтығы) балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, денсаулығына қажетті тағамдардың жеткіліксіздігі, қоғамдық өмірдегі мәдениетін құлдырауы отбасының психалогиялық тұрғыдан болашаққа сенімділігі бүгінгі танда әсіресе аналарға екі жақты ауыртпалықтың түсуі – бір жағынан, жұмысы болса екінші жағынан отбасына қамқорлық жасау.

 Отбасында әлеуметтік, тұрмыстық  адамгершілік қарым – қатынастың  бұзылуынан ажырасудың барған сайын орын алуы. Ал ажырасқан отбасында бала тәрбиесі қиындай түседі. Нарық экономикасы жағдайынан туындаған қиындықтардың бірі – мектеп пен отбасы арасында өзара тығыз байланыстың болмауы ; жетім балалар мен тастанды балалардың  әлеуметтік ортада кең орын алуы : Жоғарыда орын алған отбасы тәрбиесіндегі қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтарға   әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан талдау – жасағанымызда, олардың обьективті жағдайлардан туындап отырғанын көреміз.

Отбасы тәрбиесінде кең орын алып отырған проблемалардың бірі – отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Бұл үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, жаңа адамгершілік қасиет – сапаларды орнықтыру, халықтың ғасырлар бойы жинақталған адамгершілікке негізделген салт – дәстүрлер мұрасын отбасы тәрбиесінің өзегіне алынуы керек.Осы орайда отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұлғадан толымды адам болып жетілуі мынадай міндеттермен айқындалады.Еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік рухани құдіретті күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты екендігі болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол қасиеттерді қастерлей білуге үйрету, дағдыландыру адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым – қатынас, жоғары мәдениеттілік, адамгершілік, мінез құлық, әдет – дағдысын қалыптастыру : қоғамның жаңа тарихи даму кезеніңде жас ұрпақты экономикалық бизнесте білімділігімен, кәсіпкерлігімен, адамгершілік жоғары парасаттылық қасиетімен қатар бәсекелік қабілеттілікте адалдық көрсете білуге тәрбиелеу ; жас ұрпақтың адамгершілік  тәрбиесінде ықпал ету, жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру толыққанды отбасының бірлігі мен тәрбиелігіне байланысты болатындығы ; мектеппен отбасы ұлттық төл мәдениетіміздің кемелде келбетін, салт – дәстүрдің, әдет – ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан  мұрасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеудің ұжымды жолдарын пайдалану.

1.3 Оқушылардың ішкі позицияларын қайта тәрбиелеу жұмыстарын да пайдалана білсек, олардың мінез – құлықтарындағы адамгершілік сипаттарын іріктеп алып, соған негіздеп жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыда жүргізіп жағымсыз қылықтарын жоюға болады.

Көптеген “қиын”  оқушылардың  мінез – құлықтар стреатипін өзгертіп  адамгершілікке, тәрбиелеуде ұнамды психикалық күйлерін яғни қуанышты эмоциалын пайдаланса, оларды мектептегі қызықты да тартымды қоғам жұмыстарына белсенді қатыстыруға болады.

Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін балаға мүмкіндіктер мен жағдайлар туғызып отырған жөн . Жағдай туғызу оқушының мінез – құлықтарына онды қасиеттерді қалыптастырып, өзін өзі тәрбиелеуге себепші болатын бірден бір тәсіл.

Балалар мен тәрбие жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық тәсіл – олардың ұнамды қасиеттерін айқындап, соған сәйкес дара тапсырмалар беру.

Сонын негізінде “қиын” балалардың нигативтік сынаржақты белгілерін тежеу барысында және қоғамдық жұмыстарға қатыстыру процесінде өз күшіне,, қабілетіне бейімділігіне сенімдерін арттыру қажет.

Бала тәрбиенің нашарлауына шешесі тарапынан бақылау болмағандықтан өз бетімен жүріп, көше жолдастарының ықпалында болған  “көшенің” ықпалы баланың мінезіне қаталдық, менмендік сияқты жағымсыз сипаттарды қалыптастырған.

Осының негізінде бала мен шешенің арасында туған келіспеушіліктің саны баланы сабауға, жәбірлеуге итермелеген. Әрине, баланы жәбірлеу оның үлкенге деген сенім көлемін төмендетіп, мұғалімдердің талап тілектеріне қарсы  қиқарлық тіл алмау, дөрекелік жасауға себепші болған.

Ендігі кезекте оқушыға жасалған мінездемелерге сүйене отырып біз эксперименттік жеке тәрбие жұмысының жалпы мақсатын белгіледік.

 Оқушыны мектептегі қоғамдық  жұмыстарға тарту. Баланың спорт  ойындарына сүйіспеншілігін арттыра  отыру тәртіптілікке еңбекқорлыққа  тәрбиелеуі әрбір тәрбиеші оқушының  дербес ерекшелігімен ынта –  ықыласын және тұрмыс жағдайын ескеріп айқын, жүйелі, тиянақты талаптар қояды.

Әрбір оқушыға жүктелетін педагогикалық тапсырмалар оқушылардың бар жағдай – мүмкіндіктермен  сәйкестендіріліп ойластырылуы жөн. Әрине, міндеттелген тапсырмалардың орындауы. Педагогикалық тарапынан қадағаланып тексеріліп отырылуы керек.

Этикалық әңгімелесу – мектептегі оқу – тәрбие процесіндегі ең басты әдістердің бірі болып саналады.

Бұл әдіс оқушыны зерттеп тануда және тәрбиелеуде, күделікті оқу – тәрбие процесінде, әсіресе жеке тәрбие беру әдістерінде қолданылып өз ерекшеліктерімен көзге түседі.

Тәрбие әдістерінің бірі - әңгімелесу ол  тәрбиенің басқа түрлеріне тән болғанымен, тұрасында тәрбие  процесінде ең қажетті құрал.

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің мазмұны