Қазіргі заман психологиясының міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 09:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады

Содержание

І.Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Психологияның тарихы....................................................................................5
2.2.Қазіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері....................7
2.3.Қазіргі заман психологиясы.............................................................................8
2.4.Тәрбие психологиясы......................................................................................17
ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................21
ІV.Пайдалаланылған әдебиеттер.....................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Қазіріг заман психологиясы мінжнттері.docx

— 46.67 Кб (Скачать файл)

«Педагогикалық шығармашылық» және «педагогикалық шеберлік» ұғымдарын талдай отырып, ғалым олардың мағыналары жағынан ұқсастығын атап көрсетеді. «Шебер деп өз мамандығын терең игерген қызметкерді атауға болады. Шеберлік үлкен тәжірибеге байланысты. Шебер бола қоймаған жас мұғалім де шығармашылықпен жұмыс істей алады».

ХХ жүзжылдықтың соңында психология мен педагогикада шығармашылық туралы әртүрлі мәліметтер жинақталды. Бірақ, жаңа білімге енгізіп, жетілдіру үшін, барлық ақпараттық материалдар өз кезегінде мағыналылықты, жүйелілікті қажет етеді. Бұндай жаңа білімге шығармашылық тұлғалардың типтерін, шығармашылық тұлғаның ақылының белгілері мен сапасы, шығармашылықтың пайда болуының механизмдері мен формалары, шығармашылық еңбек шарттары мен оның түрткісін жатқызуға болады.

2.4.Тәрбие психологиясы

Тәрбие сөзі  «тәрбиә» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады.Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі : бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba). 
     Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады.Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.  
     Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді : ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, 
 оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде.  
      Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді.                          Мұны С. Л. Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен «acterminare» – белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл – күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды.  
      Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие педагогикасы. Бірақ тіл алудың не алмаудың  психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы  туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп, тәрбие жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына сай тәжірбиенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерминизм принцін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданады. Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын т. б. бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге ұмтылады.  
       Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете алуы неге байланысты? 
Мұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл – күйімен санаса отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде ешқандай жасырын сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір балаларға «қиын» деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл – сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының (соның ішінде ата – анасының, мектептің) кемшілігі.  
      Бұл айтылған мәселелер тәрбие жұмысын толық қамти алмайды. Себебі оқушыға тіл алдырудан басқа, оның азаматтық қасиетін және осыған орай, әдептілігі мен сыпайылығын, интеллектуалдық сапасын, эстетикалық талғамын  дамыту қажет. Осыған қарағанда «тәрбие» деген ұғым бір жағдайда кең мағынада(осыған аталғнн қасиеттер және оқыту процесі де жатады). Екінші жағдайда тар мағынада, яғни тіл алдыру, тәртіп сақтау мағынасында айтылады.     
        Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, Х1 ғасырдың ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие тағылымының бастауы боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: «Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі… Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының – жетелі  адамдар тобының , зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы», пайдалы еңбектің көзі болуы  шарт – деп ой түйеді. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиегісіндегі басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе болады. 
      Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты. 
     Низамидың тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің  әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жас- тар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды. «Ләйлі –Мәжнүндегі»  жеке адамдардың бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы – бүгінгі адамгершілік, ақыл – ой, еңбек пен еңбек тәрбиесі нің бастауы – негізгі сілемі. 
     Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ой – пікірін, бүгінгі тұрғыдан талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцип – тәрбие мен білімнің халықтығы. 
      Омар Хаям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты- деген ой түйді. Еңбек тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді.

Үшеуінің мәңгілік категория, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі демократиялық бағытты – еркін тәрбиенні жақтады. Оның өлеңдерінің сарыны адамды жан – жақты жетілдіру. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы тәрбиенің бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп тұрады.

Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – жастарды еңбекке баулу. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл – ой, патриоттық эстетикалық, адамгершілік, экологиялық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екенін дәлелдеп берді, оған өлең жолдарын, ғақияларын арнады.

 ІІІ.Қорытынды

   Қазіргі кезде еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

  Сонымен, психология  дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін  зерттейтін ғылым. Психология алдында  тұрған теориялық және тәжірибелік  міндеттердің көпшілігіне байланысты  қазіргі уақыттағы психология  ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы  оның заңдылықтарын оқытып - үйрету  психологияның негізгі міндеті  болып табылады. Соңғы онжылдық  көлемінде психологиялық зерттеулер  шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа  ғылыми бағыттар мен пәндер  пайда болды. Психологиялық мәліметтердің  басқа ғылымдарда қолданылуы  және, керісінше, психология олардың  нәтижелерін қаншалықты шамада  қолдануға құзырлы екені, психологияның  ғылымдар жүйесінде алатын орнына  байланысты болады. Қандай да  бір тарихи кезеңдегі ғылымдар  жүйесіндегі психологияның алатын  орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу  үлгісінің жалпы философиялық  бағытын айқын көрсетті. Қоғамның  рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.

    Психологияның  жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі қызметінің мағынасы  мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі  бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің  объектісі адам болатын, барлық  ғылыми пәндердің интеграторы  болып саналады. Белгілі психолог  Б. Г. Ананьев психология адам  туралы мәліметтерді нақты-ғылыми  білім деңгейінде талдауға ыңғайлы  екенін көрсете отырып, бұл мәселені  толығымен өңдеді.

    Қандай күрделі  болса да барлық психикалық  құбылыстардың материалдық негізінің  қызметін бас миы қабыршығындағы  уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы  және қызмет жасауы салдарынан  психикалық құбылыстар адамның  іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты  қабылдауына ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Пайдаланылған әдебиеттер

1. Чернилевский Д.В. Креативные  аспекты становления образовательной  системы. - М., 1996.

2. Шевченко Л.Л. Педагогическое  творчество. - М., 1996.

3. Рахимов А.З. Психология творчества. - Уфа, 1995.

4. Гнатко Н.М. Проблема креативности  и явления подражания. - М., 1994.

5. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое  творчество. - М., 1990.

6. Калмыкова З.И. Продуктивное мышление  как основа обучаемости.- М., 1981.

7. Козырева Л.А. Лекции по педагогике  и психологии творчества. - Пенза, 1994.

8. Морозов А.В. Диагностика креативности //Монография. - М., 2002.

 

~ ~

 


Информация о работе Қазіргі заман психологиясының міндеттері