Адам өміріндегі достықтың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 07:44, реферат

Краткое описание

Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ…
Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды.

Вложенные файлы: 1 файл

440____.docx

— 26.63 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану факультеті

 

 

 

 

 

ЭССЕ

Тақырыбы: Адам өміріндегі достықтың мәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Е – 113 студенттері

Тексерген: Жагыпарова Г.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2011

 

Адам өміріндегі достықтың мәні

 

Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ… 
           Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту – достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес, сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. 
 Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің. 
           Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы. 
 Досардың (тағдырдың жазуы солай болса) бірге жүрмеуі – достықты әлсірете алмайды деп ойлаймын. Өйткені, берік сенім орнаған соң жер алыс болса да, достық сезім бір-бірінен бір сәт те алыстай алмақ емес. Туған бауырыңдай қашан да саған жақын болады. Кемшілігін туғаныңдай түсінікті тілмен қысылмастан жеткізесің немесе өзіңнің қателіктерің мен ұсыныс, талабыңды оған айта да аласың…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]

Достық – ауыл шаруашылық кәсіпорны, өндірістік кооперативі. Қордай ауданы Степное ауылында орналасқан. 1930 ж. ұйымдастырылған ұжымшар негізінде 1997 ж. құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – масақты бидайдың, жүгерінің элиттік тұқымдарын селекциялау, өндіріп сату. Кооператив сондай-ақ, асыл тұқымды сиыр өсіріп, шошқа, ірі қара, қой бордақылайды. Облыстағы ең ірі шаруашылықтардың бірі: қызметкерлерінің жалпы саны 800 адам, жылдық айналым 160 млн. теңгеге жетеді. Жетекшісі – С.Қ. Сарғасқаев.

Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Достық – Мақтаарал ауданындағы ауыл. Достық ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Жетісай қаласынан оңтүстікке қарай 10 км жерде. Тұрғыны 2,6 мың адам (2003). Негізі 1946 ж. «Путь к коммунизму» мақта ұжымшарының құрылуына байланысты қаланып, Ждановское ауылы аталған. 1991 – 1997 ж. Достық ұжымшары деп аталды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. «Достық» мәдениет үйі, орта мектеп, емхана, кітапхана бар. Достық ауылынан мақта өсірушілер бригадирі Социалистік Еңбек Ері Ли Гым Ие шыққан.

Достық - Шардара ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 90 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында. Тұрғыны 3,0 мың адам (2003). 1977 ж. құрылған «Достық» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылған. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар.

Достық - Төле би ауданындағы ауыл, Қазығұрт ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы – Ленгер қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде. Тұрғыны 2,1 мың адам (2003). Іргесі 1961 ж. «Қазығұрт» сүт кеңшарының бөлімшесі болып қаланып, Александровка ауылы аталып келді. 1997 жылдан онда шаруа қожалықтары құрылды. Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Достық - Сарыағаш ауданындағы ауыл, Жартытөбе ауылдық округ құрамында. Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан. Тұрғыны 2,8 мың адам (2003). 1963 ж. құрылған Ленин атындағы көкөніс-сүт кеңшарының бөлімшесі болып, Стаханов ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылған. Достықта орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.[3]

Жалған достықты қалай анықтаймыз?

Британиялық кітапжегіш ғалымдардың айтуынша және Гвинеялық адамжегіш залымдардың дәлелдеуінше жалған достық былай басталады: 1-бөлім (Ми тоңқайту): Қыз жігітпен ойнап, қылығын көрсетеді. Жігіттің есі кетіп, тасын домалатып, назына жауап қайыра бастағанда, қыз аяқ астынан суып кетеді. Жігіт мән жайды түсінбей, «мен бірдеңе бүлдірдім бе?», «артық „движение“ жасап қойдым ба?» деп, тасын кері домалатып, көтін қысады… Қыз тап сол мезетте жігітті қайтадан өзіне тартады. Осылайша әрі-бері қыз ойыны басың айналып, миың шайқалғанша қайталана береді. 2-бөлім (Қаужау) Жоғарыда айтылған үздіксіз ми тоңқайту барысында, жігіттің назарын жоғалтып алмау үшін, қыз оған түрлі қыртыған мәнсіз сөздерді айтып, ұзын арқан кең тұсаудан шығармауға тырысады:

  • «Түсінгеніңе рахмет, сен нағыз азаматсың!»
  • «Неге жігіттердің барлығы сен сияқты болмайды екен, осы??»
  • «Сен сондай сүйкімдісің!»
  • «Менің жігітім нағыз оңбаған… шіркін сен идеал жігіт болар едің.»
  • «Сен маған ұнайсың» немесе «Сен ең керемет адамсың!»
  • «Сен маған ағам сияқтысың!»
  • «Егер менің жігітім болмағанда, мен сенімен жүруші едім.»
  • «Тууу, негізі менің талғамым нашар, неге мен сен сияқты жігіттермен кезікпедім екен?»

Сөйтіп жүріп, өзіне қыртым-сыртым сатып алып беруді, немесе басқалай қыдыртып, көңіл көтертуді меңзеп қалады, мақау жігіт сүмеңдеп айтқанына көніп, барын шашады. Қысқасы, ақшаға, назарға, уақытын бөлуге, жылауық әңгімесін тыңдатуға қаужай отырып, миын тоңқайтуды ұмытпайды. Жігіт қыздың өтірік шырмауында кептеліп, өмір бойы достық аймағынан шыға алмай мына жігітке айналады.

Сылтаулары (және оның аудармалары):

  • «Сен менен көп жас үлкенсің (қаусаған осырақ шалсың) немесе керісінше, сен менен тым кішкентайсың, (өйткені маған табыс табатын ағашкалармен „мутить“ еткен ұнайды).
  • Сен мені „анандай“ жағынан қызықтырмайсың (Сен сияқты ұсқынсыз жігітті көрсем көзім шықсын!)
  • Мен дайын емеспін, алдымен өзімнің ішкі дүниемді реттеп алуым қажет! ( сенсіз де мақау жігіттерім толып жатыр!)
  • Менің жігітім бар (мысығымның атын „Жігіт“ деп қойғам)
  • Мен әріптестермен жүріс жасамаймын (саған тіпті әртүрлі қалада жұмыс істесекте жоламас едім)
  • Мәселе сенде емес, менде (мәселе менде емес, сенде)
  • Мен қазір бар көңілімді жұмысқа бөлуім керек (зеріктіргенің соншалық, сенімен кездескенше, қызықсыз жұмысымды істегенім артық).
  • Мен биыл жеке өмірімді жоспарлаған жоқпын (Әсіресе, сен сияқты мұңайған боқ жоспарыма қалайда жоспарыма кірмейді)
  • Дос болып қалайықшы (мен сенімен қатынасты үзбей, ара-тұра өзімнің көңілдес жігіттерім жайлы айтып, керек кезінде мылжыңымды тыңдайтын тегін құлағым болғаныңды қалаймын, жылағым келгенде мұрын боғымды сүртіп, сүйеу болатын иығың керек, ұйқым келгенде басымды қойып, жастанатын боқ қарның керек)
  • Сен мен үшін тым жақсысың, мен саған лайық емеспін! (Былай тиісетін мін таба алмадым, бірақ бәрібір шопақ жегізіп нахқа жібергім келіп тұр)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам өміріндегі достықтың мәні