Адамның эколого – құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 06:09, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында өмір сүру құқығы әр адамның негізгі құқығы болып саналады (15 бап). Бұл құқық Адам құқықтарының Хартиясымен, 1948ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясымен қаралған, және де бұл құқық БҰҰ қоршаған ортаны қорғау конференциясында қабылданған Стокгольм декларациясында бекітілген (1972ж.). Жеке тұлғаның экологиялық құқықтары туралы Қазақстанның қоршаған орта құқығында негізгі сұрақ деп санауға болады. Осыған байланысты олар құрамын және заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолдануын көрсетеді (ҚР Конституциясы 12-бап).

Содержание

1 Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
2 Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы
3 Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі

Вложенные файлы: 1 файл

Адамның эколого – құқықтық мәртебесі.docx

— 26.81 Кб (Скачать файл)

Тақырып: 2 Адамның эколого – құқықтық мәртебесі

Мақсат – студеттердің адамның эколого – құқықтық мәртебесі туралы білімін қалыптастыру

Жоспар:

1 Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері

2 Адам экологиялық  құқықтарының құқықтық реттеуінің  жағдайы

3 Азаматтардың  экологиялық құқықтарының қорғалуы  және кепілдігі

 

1 сұрақ Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясында өмір сүру құқығы әр адамның негізгі құқығы болып саналады (15 бап). Бұл құқық Адам құқықтарының Хартиясымен, 1948ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясымен қаралған, және де бұл құқық БҰҰ қоршаған ортаны қорғау конференциясында қабылданған Стокгольм декларациясында бекітілген (1972ж.).

Жеке тұлғаның экологиялық құқықтары туралы Қазақстанның қоршаған орта құқығында негізгі сұрақ деп санауға болады. Осыған байланысты олар құрамын және заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолдануын көрсетеді (ҚР Конституциясы 12-бап).

Осыған байланысты адам мүддесіне шешілмейтін экологиялық міндеттер қаралады, яғни әр адамның қоршаған ортаны қолдану құқығы, соның нәтижесінде қоршаған ортаны сақтауы және қалпына келтіру болып саналады. Адамның құқықтары мен бостандықтары туылғаннан пайда болады. Адамның экологиялық құқықтары болып – жеке тұлғаның заңда анықталған және бекітілген, табиғатпен байланыста адам қажеттіліктерін қанағаттандыру құқықтары.

Бұл құқықтар құқықтық реттеу дәрежесінде байланысты қоршаған ортада негізгі және өзге болып бөлінеді.

Негізгі құқықтар негізінен конституциондық және фундаментальдік болып аталады. Қазақстан Рспубликасында олар Конституциямен, адам құқықтары жайлы халықаралық – құқықтық құжаттармен бекітілген, оларға негізінен, Аадам құқықтарының жалпы декларациясы (1948ж.); Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы европалық конвенция (1950ж.), Әлеуметтік европалық хартия (1961ж.).

Негізгі конституциондық құқық болып жерге жекеменшік, әркімнің қоршаған ортаға құқығы, оның жағдайы жөнінде хабар және оның денсаулығына немесе меншігіне экологиялық құқық бұзышулықпег келтірілген шығынды толықтыру (31-бап). Қарастырылып отырған құқықта әркімнің қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне, қауіпсіздікке және гигиенаға жауап беретін (24-бап), сонымен қатар әркімнің денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға құқықтары (29-бап).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-бөлігінде негізгі экологиялық құқықтар категориясына, яғни адамның табиғи құқықтарына жатады. Осыны айта келе, Конституцияда адам құқықтарын шектеу қарастырылмайды. Олар субъективтік және табиғи құқықтар болып есептеледі.

Қоршаған орта нормативтер сапасының жүйесіне кіретіндер:

қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері;

шудың, тербелістің, магнит өрістері мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында агрохимикаттарды қолдануға жол берілетін шекті нормалар;

санитарлық және көмек аудандарының нормативтері.

Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.

Табиғат пайдалану лимиттері мен квоталары-табиғи ресурстарды шекті пайдаланудың (алып қоюдың), қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарылуы мен тасталуының, өндіріспен тұтыну қалдықтарын орналастырудың табиғат пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге белгіленген көлемі болып табылады.

Лимиттер мен квоталарды қоршаған орта сапасының қолданылып жүрген нормативтеріне, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өзге экологиялық құқықтар категориясы құқығына негізінен Қазақстан Республикасының заңдарында және өзгеде нормативтік заң актілерінде қаралған табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау құқықтар жатады. Мысалы, азаматтардың өз денсаулықтарын қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуінен қорғануы  азаматтардың ормандарға бару құқығы (ҚР Орман кодексі) және т.б.

Азаматтардың экологиялық құқықтарының арасындағы приоритеттік мағынаның қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғануға құқығы бар.

Адамның денсаулығы өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста. Адамның физиологиялық жағдайы әйтеуір табиғат жағдайымен байланысты, оның нәтижесі табиғат қолайлығының көрсеткіші.

Бұл құқықтар мемлекет қарауында және қорғауында.

Жоғарыда көрсетілген классификациялардан басқа экологиялық құқықтар реттеу түрлері бойынша бөлінуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясындағындай, адам құқықтары бойынша Халықаралық пактіде де азаматтық (жеке) құқықтар; саяси құқықтар; мәдени құқықтар; әлеуметтік және экономикалық құқықтар белгіленеді. Экологиялық құқықтар өз мазмұны бойынша және азаматтардың заңи белгілі экологиялық қызығушылықтары жоғарыда аталған құқықтарда жоғары немесе төмен дәрежеде көрінеді.

Азаматтық (жеке) құқықтар адамның денсаулығы мен меншігіне өзгелердің қол сұғушылығынан қорғалғандығын көрсетеді (мысалыға, қоршаған ортаның зиянды әсер етуінен).

Азаматтардың саяси құқықтары жеке тұлғаның мемлекеттік билікке қатысуына, билікке бақылау орнатуына мүмкіндіктер көрсетуде.

Мәдени құқықтар адамның экологиялық мәдениетінің жамуына, өсуіне көмек көрсетеді.

Әлеуметтік және экономикалық құқықтар адамға экологиялық мінездемелер бойынша өмірлік деңгейін арттыруға, эколгиялық қауіпсіз жағдайда еңбек ету құқығы, ластанған зиянды заттардан денсаулықты қорғауға, экологияқы білім алуға құқығы және т.б. бағытталған.

Экологиялық жағдайлардың адамға, қоғамға және мемлекетке маңыздылығын ескере отырып, адам экологиялық құқықтарының даму деңгейіне қарай өздігінен құқықтар бөліну қажет.

 

2 сұрақ Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы

 Азаматтардың экологиялық құқықтарынтану және реттеу – ол мәндік жаңашыл дамып келе жатқан заңдылығының бірі. Сондықтан, бұл құқықтың түрі Қазақстан Республикасының Конституциясымен танылған, соған байланысты азаматтар мен бірлестіктер өз меншігінде жерге құқықты, әркім қолайлы қоршаған ортаға құқықты, оның жағдайы жөнінде хабарлау және шығынды толықтыруға, денсаулығына немсе меншігіне экологиялық құқық бұзушылық келтірілген жағдайда өтуге. Қараластырып отырған құқықта әркімнің қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне, қауіпсіздікке және гигиенаға жауап беретін, сонымен қатар әркімнің денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға құқықтары.

Қоғам мен табиғаттың қатынасында сұрақты шешуде басқа да конституциондық құқықтар – еркін іздеу, алу, табыс ету, өндіру және хабарды кез-келген заңды әдіспен тарату, бейбіт жиналу, қарусыз, жиындар, митингілер мен шерулер өткізу, жеке үндеу, сонымен қатар мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі атқару органдарына жеке және коллективтік үндеулер жіберу.

ҚР Экологиялық кодексі 9.01.2007ж. азаматтардың қоршаған табиғи ортаның қолайсыздығы әсерінен денсаулығын қорғауды ғана бекіткен жоқ, және де азаматтардың қорғауды қамтамасыз етуге тәсілдерін көрсетті. Негізінен азаматтарға мына құқықтарды ұсынды:

а) белгіленетін табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтырушы жөніндегі шараларды жүзеге аысруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;

б) қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестірктер мен қоғамдық қорлар құруға;

в) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шешулер мен демонстрацияларға референдумдарға қатысуға;

г) қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

д) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзіне де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;

ж) айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап – арыз беруге.

Азаматтардың экологиялық құқық жүйесінде табиғатты қолдану, яғни адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды – экономикалық, сауықтыру, рекреациондық, эстетикалық, ғылыми, мәдени жағдайларда қолдану. Табиғатты пайдалануда азаматтардың құқықтары табиғи ресурстық заңдық актілерімен – Жер, Су, Орман кодекстерімен, Жануарлар әлемі туралы заңдармен және т.б. реттеліп отырады.

ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы заңында (1994ж.) азаматтар мыналарға құқықты:

қолайлы өмір сүру ортасына (қоршаған табиғи ортаны, еңбек ету жағдайын, демалуын, тәрбие алуын және қор ектенуін қоса), яғни адам организміне бүгін және болашақта қауіп немесе зиян тимеуі тиіс;

келтірілген зиянды немесе шығынды өз уақытында қайта толықтыру;

және т.б.

Қандай дәрежеде Қазақстан Республикасы және экологиялық заңдылығы тұтастай халықаралық талапқа немесе азаматтардың экологиылқ құқықтарын реттеуге жауап береді?

Бұл сұраққа жауап беру үшін, олардың жағдайымен халықаралық құжаттардың жағдайын салыстыру қажет. 1948ж. БҰҰ Бас Ассаммблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясы адамдарға қоршаған ортамен қолайлы қолдануға құқық бөлмейді. Ол декларацияның 3-бабында адамның өмір сүру құқығы арқылы айқылданған. Декларацияда әр адам денсаулығына және игілігіне керекті қолдау құқығы қаралған (25-бап).

Адам құқықтарының жалпы декларациясының жағдайы 1966ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған азаматтық және саяси құқықтық туралы Халықаралық пактте даму алды. Азаматтық және саяси құқықтық туралы Халықаралық пакттің 6-бабына сай өмір сүру құқығы адамның бұлжымас құқығы болып табылады. Ол заңмен қорғалады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқытары туралы Халақаралық пакт әркім лайықты деңгейде сүруін және өмір жағдайының жақсаруын орнатады (11-бап).

1972ж. БҰҰ  қоршаған орта туралы Стокгольм  конференциясында бірінші рет  халықаралық дәрежеде өз алдына  мәселе жөнінде қолайлы қоршаған  ортаға адам құқығы қаралды. Стокгольм  декларациясының 1 қағидасы былай  дейді: Адамның қоршаған ортада  еркіндікке, теңбе-теңдікке және  қолайлы жағдайда өмір сүруге  құқықтары, нәтижесінде лайықты  және өмірге жету, және ең бастысы  келешек ұрпақ үшін қоршаған  ортаны қорғауда жауапкершіліктің  жоғары болуы.

20 жылдан  кейін 1992ж. Маусымда БҰҰ қоршаған  орта және дамуы туралы Бразилиядағы  конференцияның 1 қағидасы Рио-де-Жанейро  сияқты: Орталық назарында тоқтаусыз  дамуда адамдар бар. Олар табиғатпен  жемісті өмір сүрулеріне құқықты.

Европа Кеңесінде берілген сферадағы қатынастарды реттейтін біршама құжаттар бар. Олардың негізгілері – Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау туралы Европалық конвенция (күшіне 1953ж. 3 қыркүйекте енді) және Әлеуметтік Европалық хартия (күшіне 1965ж. 26 ақпанда енді). Мына жағдайға көңіл аудару керек, оларда тек қана азаматтардың құқықтары ғана емсе, сонымен қатар оларды қорғау халықаралық-құқықтық механизмі қаралады.

3 сұрақ Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі

ҚР Конституциясының 40-бабына сай Қазақстан Республикасының Президенті адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып саналады. Бірақта конституцияда да, басқа да заңды актілерде ел басының бұл құзыреттерді орындауы анықталмаған.

Республика Конституциясында азаматтардың экологиылқ құқықтарының заңды жүйесінің кепілі қарастырылған. Жекеше түрде құқықтарды қорғау шегінде мынадай заңды процедуралар анықталады:

  1. құқықтар мен бостандықтардың соттық қорғауы;
  2. сотқа мемлекеттік билік органдарының қызметі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер және лауазымды тұлғалар шығамдану құқығы;
  3. мамандырылған заңдық көмек алуға құқығы;
  4. мемлекетпен келтірілген зиянды толтыру, мемлекеттік билік органдарының заңсыз қимылдарымен немесе лауазымды тұлғалармен;
  5. егер де мемлекет ішінде барлық құқық қорғау құралдары болмаған жағдайда, онда мемлекетаралық құқық қорғау органдарына барып көмек сұрау.

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына соттық кепіл бере отырып, ҚР Конституциясы әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын барлық заңға қайшы келмейтін әдістермен қорғауға құқылы екендігін орнатады. Сотта азаматтардың конституциялық емес экологиялық құқықтарының шешілуі және мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестікредің және лауазымды тұлғалардың қимылы ғана қарастырылмайды, сонымен қатар олардың қимылсыз отырғандары үшін де қаралыстырады.

Информация о работе Адамның эколого – құқықтық мәртебесі