Атқару органдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2015 в 12:24, реферат

Краткое описание

Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Өзектілігі
III.Негізгі бөлім
IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

кукыктан аткару органдар жуйеси.docx

— 42.98 Кб (Скачать файл)

                                                                Жоспар   

                      

 

 

I.Кіріспе

II.Өзектілігі

III.Негізгі бөлім

IV.Қорытынды

V.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Кіріспе

Атқарушы билік органдары — қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.

Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                

 

                                                  Өзектілігі

Атқарушы билік органдарының қолында мемлекеттік - биліктік өкілеттіктердің болуы оларды қолында мұндай өкілеттігі жоқ ұйымдардан ерекшелеп тұрады (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінен, түрлі мемлекеттік емес құрылымдардан)

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Негізгі бөлім

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесіболып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді

Атқарушы биліктің  басты міндеті — заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.  Бұл міндет  әртүрлі басқару  нысандарында  жүзеге асырылады.

Басқарудың әкімшілік — құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар  тудыратын, оның әрекетінің сырттай  көрсетілген   әрекеті. Атқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады. 
Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады. 
Қазіргі кездегі атқарушы билік органының құқықтық мәртебесінің негізі толығымен жалпы көзқараспен мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік органдары өздеріне жүктеген қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктік өкілеттіктермен бөлінген. Атқарушы билік органның атқарушылық билікті жүзеге асыруға арналған мұндай өкілеттілігі басқа да мұндай өкілеттілік берілген органдардан ерекшеленеді. 
Атқарушы билік органдарын мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен , субъектілерінің жарғыларымен және мәртебесін бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалған. 
Осы тұрғыдан Баяновтың пікірі бойынша: « Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік – құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік — құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік – құқықтық мәртебесін жан – жақты қарауды қажет етеді. 
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада «ұйым» деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым – тар мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы – кең мағынадағы ұйым. Сонымен ұйым дегеніміз – белгілі бір қызметті атқаратын адамдардың ұжымы. Бұл – ұйымды белгілі бір құрылым ретінде түсіну. 
Ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес сипаты бар түрлері ажыратылады. Біріншілерін мемлекет ресми түрде құрады. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен құрылады. (мысалы, партия) 
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік органдар жатады. 
Мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық жөнінен бірлесіп қызмет атқару үшін бірлестірілген адамдар ұжымы (өндіріс, қызмет көрсету, т.с.с. ). Бұлар, мысалы, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (зауыттар, фабриктер). 
Мемлекеттік мекеме – әлеуметтік – мәдениет немесе өзге өндірістік емес сипаты бар қызметті жүзеге асыру мақсатында бірлестірілген адамдар ұжымы. Бұл, мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орны. Мұндай кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынадай. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өздерінен тысқары қандай да болмасын басқарушылық функцияларды жүзеге асырумен айналыспайды. Кәсіпорын мен мекеменің ішіндегі басқарушылық сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес оның басшылары, яғни әкімшілік жүзеге асырады. 
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді де шамамен осылай сипаттауға болады, тек мына бір міндетті жағдайды ескере отырып, оларды мемлекет құрмайды және олар мемлекеттің атынан бола алмайды. 
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады, ол мына төмендегілерден көрініс табады. 
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Бұл, біріншіден, мынаны білдіреді, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекекеттің атынан қызмет атқарады , шаруашылық, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік – саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және, екіншіден, мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктер ауқымын береді, кәсіпорындар мен мекемелерде ондайлар болмайды. 
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік — биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: 
а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан. Олар не тікелей ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не төменгі тұрған атқарушы органдар үшін, не ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не қоғамдық (мемлекеттік емес) ұйымдар үшін, не ең соңында, тұлғалардың үлкен тобы, оның ішінде азаматтар үшін де міндетті (мысалы, жалпы міндетті болатын жол жүру ережелері, санитарлық – гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және өзге де ережелер); 
ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау (қадағалау) жасауды жүзеге асыру құқығынан; 
б) заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу, т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайда – мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. 
3. Мемлекеттік – биліктік өкілеттіктер барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандыұтан, атқарушы билік органдарының оларды пайдалануының шегін белгілеудің үлкен маңызы бар. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік – биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік – басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланады. 
Бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік – саяси құрылысқа басшылық жасау процесінде заңдардың жіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің ( оның ішінде осы органдардың өздерінің актілерін де) орындауды қамтамасыз ету үшін құрылады. Сондықтан, олардың биліктік өкілеттіктері атқарушы – өкім етушілік немесе мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық өмірдің аясымен шектеледі. Бұл мемлекеттік басқару аясы. Нақ осында шаруашылық кәсіпорындар мен әлеуметтік – мәдениет мекемелерінің жұмыстарын тікелей ұйымдастыру, меншіктің әр түрлі нысандары объектілерінің арасындағы байланыстарды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету іске асырылады. 
Заң шығарушы орган аталған аяда заңмен реттеу арқылы жалпы басшылықты жүзеге асырады. Сот билігі органдары бұл аяда басшылық жасау қызметімен жалпы айналыспайды. 
Сонымен, атқарушы билік органдарының функционалдық міндеті – атқарушылық – олардың мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктерді пайдалануының шегін айқындайды. 
4 . Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада, заң – мемлекеттік – басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Олардың ерекшеліктерінің қатарына сондай – ақ мынаны да жатқызған жөн, өзінің қызметін заңның негізінде және оны орындау үшін жүзеге асыра отырып, олар тек заңның нақты талаптарын тікелей орындауды ғана ұйымдастырып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқару аясында заңға тәуелді мінез – құлық ережелерін дербес белгілейді. 
5. Республикалық та, сондай – ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі және тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасы, оның құзыретінен табады ( міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі). Бұл органдардың құзыретінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі. 
6. Кәсіпорындар мен мекемелер сияқты, атқарушы билік органдары адамдардың әкімшілік – басқарушылық қызметкерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір ұжымы болып табылады. Бірақ, біріншіден, бұл сияқты ұжымның мақсаты кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарының мақсаттарынан елеулі түрде өзгешеленеді, ол атқарушы билік органдарының ерекше мақсат міндетімен алдын – ала айқындалады. Нақты атқарушы билік органын құрайтын ұжымның шегінде белгілі бір ұйымдық – құқықтық байланыстар құрылады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай – ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік – қызметтік қатынастар, өйткені атқарушы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. 
7. Атқарушы билік органдарының біріне – бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын (мысалы, министрліктердің департаменттері) ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Олардың қызметі нақты атқарушы билік органының өзінің қызметін өзінен тысқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында тиімділікпен орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін — өзі ұйымдастырудың ) көрінісі болып табылады. 
Атқарушы билік органдарының ұйымдық құрылымының бастапқы ячейкасы(ұясы) « Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша осы органның өкілеттіктерін нақты орындау және қамтамасыз ету үшін құрылатын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылады. 
8. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік – басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не республиканың бүкіл аумағында, не белгілі бір әкімшілік аумақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі жалпы басқарушылық функцияларды не арнайы сипаты бар белгілі бір басқарушылық функцияларды белгіленген қызметтің аясында жүзеге асыруды болжайды. Олардың ішінде реттеушілік, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақ көлемінде жүзеге асырылуы мүмкін. 
9. Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілеттілігі болады.» [1. 115 б.] 
Қызыловтың пікірі бойынша: «Қазақстан Республикасының Үкіметін Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. 
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер – Министрі Республика Президентіне енгізеді. 
Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. 
Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер – Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. 
ҚР Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне мынадай мазмұнда ант береді: 
« ҚР халқы мен Президенті алдында өз Отаным – ҚР экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш – жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс – әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін. Ант етемін.» 
Республика Үкіметі мүшелерінің: 
— Өкілді органның депутаттары болуға, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ. 
Үкіметтің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіліп отырады. 
Үкіметтің отырыстарын Премьер – Министр не Республика Президенті шақырады. 
Үкіметтің отырыстарында Премьер – Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер – Министрдің орынбасары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді. 
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен – екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығысыз қатысады. 
Үкімет отырыстары ашық болады. Президенттің не Премьер – Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. 
Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет регламентімен белгіленеді. 
Үкіметті Республика Премьер – Министрі басқарады. Ол: 
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; 
2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокурормен, басқа мемлекеттік органдармен қарым – қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; 
3) Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды; 
4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкімі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; Үкімет аппаратының басшысын, министрді оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; 
5) Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің біріңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады; 
6) Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап отырады; 
7) Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; 
8) Республиканың заңдарымен өзіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді атқарады. 
Премьер – Министр болмаған жағдайда оның міндеттерін Премьер – Министр белгіленген тәртіппен Премьер – Министрдің орынбасарларының бірі атқарады. 
Премьер – Министрдің орынбасарлары өз қызметін Республиканың Премьер – Министрі белгілейтін міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырады. »[2. 36 б.] 
Б.Б. Сейдештің пікірі бойынша: «Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органдары ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге Үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады. 
Министрлік — мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік – саяси, экономикалық, әлеуметтік – мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетке – салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік – құқықтық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың қызметтері бірінші жетекші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды. Ал ведомстволарға тек орталық органдар ғана емес, сондай – ақ департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады. Ал орталық мемлекеттік органдағы ведомство ол белгілі бір министрлік немесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады. Ведомстволар ішінде 2 топты бөліп көрсетуге болады: 1) Үкіметте құрылатын ведомства; мұнда ведомства Президенттің қатысуымен құрылып, ұйымдастырылады. 2) министрлік құрамында құрылып, қызмет ететін ведомства. Екінші топтағы ведомствалар өз тарапынан актілер шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды және жеке билік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Сонымен бірге тағы да бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі бойынша орталық мемлекеттік органға жатқызылады. Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады. 
Жергілікті атқару органдары. 
Атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар, қалалар, қала аудандарындағы әкімнің басқаруымен жергілікті орган атқарады. Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша жүзеге асырылады. 
— Үкіметке, Президентке және жоғары тұрған әкімшіліктердің басшыларына есеп береді; 
— Заңдылық; 
— Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету; 
— Өзінің қызметі мен қабылдаған шешіміне жауапкершілік. 
Олардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңды актілер арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін ұйымдық, құқықтық және материалды техникамен қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Сондай – ақ консультативтік кеңесші орган – коллегия құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды. 
Коллегияның отырысы қажет кезде мәслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала және астана әкімдерін лауазымды міндетке Қазақстан Республикасының Президенті тағайындап, міндетінен босата алады: 
Барлық әкімшілік – территориялық бірліктің әкімдері: 
— Өз құзыреті бойынша мемлекеттік – реттеу өкілеттілігін орындайды; 
— Территорияға сәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды; 
Әкімдердің қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады: 
— Белгілі территорияға сәйкес экономикалық және әлеуметтік даму туралы бағдарлама жобасын жасап, мәслихаттың бекітуіне ұсыну; 
— Мәслихаттың бекітуіне бюджет жобасын ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз ету; 
— Коммуналдық жеке меншікті басқару; 
— Жергілікті әкімшілікке лауазымды қызметке тағайындау және босату; 
— Қазақстан Республикасының «Жер туралы заңы» бойынша жер қатынастарын реттеу; 
— Қарыз (ссуда) және басқа да ұзақ мерзімдік міндеттемеліктер бойынша шешім қабылдау. 
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкім әкімшілік бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қалада басқа өкілеттік атқара алады. Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді. 
Жергілікті әкімшіліктің актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі керек, егер қайшы келетіндей жағдай туындаса, онда жоғары тұрған атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Президенті немесе сот тарапынан алынып тасталынуы мүмкін. »

 

Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:

1) әрекетінің сипатына қарай:

а) құқықтық;

б) құқықтық емес;

2) мақсаттылығына байланысты:

а) ішкі — ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады;

б) сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады;

3) көрсетілу әдісіне қарай:

а) ауызша және жазбаша;

б) конклюдентті.

Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық  және құқықтық емес деп бөлу.

Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:

1) нормативті-құқықтық актілерді  дайындау және қабылдау (құқық  шығармашылық депте атауға болады);

2) жеке нормативті актілерді  шығару (немесе құқық қолданушылық);

3) әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;

4) әкімшілік — іс жүргізушілік әрекеттер жасау;

5) заңды мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.

Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару — бұл атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған  және тек заңдардың  көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды  орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі. Тек осы құқықтық нысандарда ғана өктемік өкілеттіліктер  айқын көрініс табады.мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар  мен өкімдер шығаруы.

Жеке құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару — бұл көп жағдайда құқық қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын адрестік қолдану бойынша қызмет, мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардға айыппұл санкцияларын салу;

Әкімшілік келісімшарт жасасу — бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік — өкімді  өкілеттіліктер берілетін  келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.

Әкімшілік — іс жүргізшілік әрекеттерді жасау — бұл қызмет нақты заңды  істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:

1) бұл қызметте өктемдік өкілеттіліктер  жүзеге асырылады. Тиісті  қатынастарға азаматтарда, ұйымдарда қатысады, бірақ бұл қатынастарда басымдылықт бұқаралық  билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей, пресс — конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.

2) іс жүргізушілік қызметтің  нәтижесі  заңды істерді шешу, мысалы, заңды мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т.б.

3) іс жүргізушілік  қызмет іс жүргізушілік нормалармен  реттеледі; бұл нормаларда  процеске қатысушылар,  олардың құқықтары мен міндеттері, іс — әрекеттерді істеу тәртібі мен  мерзімдері анықталады,  құжаттарды, шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.

Заңды мәні бар өзге де іс — әрекеттерді жасау — қандайда болмасын құқықтық салдарларды  туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар  (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты  іс-әрекеттерді  істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу  құқығына, қару — жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б.  куәлік сияқты  ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың  салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар  аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру  қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

Басқарудың құқықтық емес нысандарына мыналар жатады:

а)  ұйымдық;

б) материалды-техникалық әрекеттер.

Ұйымдық әрекеттер мынадан көрініс табады:

- заңнамалардың немесе өзге  де актілердің мағынасын түсіндіру;

- қызметкерлер мен лауазымды  тұлғаларды аттестациядан және  инструкциядан өткізу;

- басқару органдарының жұмысын  тексеру және қорытындылау;

- төменгі басқару  органдарының  жетекшілерін қатыстыру арқылы отырыстар, мәжілістер өткізу , екі министрліктердің  алқаларын  біріккен отырыстарын және өзге де іс-шаралар өткізу.

Материалды-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:

а) органдардың және лауазымды тұлғалардың  жұмысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық- анықтама  жүргізумен;

б) іс қағаздарын жүргізу (хат алысу,  құжаттарды көбейту, көшірмесін дайындау, оларды сақтау);

в) тіркеу — есепке алу  жұмыстарымен,   қабылданған шешімдердің  негізінде  қажетті құжаттарды берумен (реестрге кіргізу,  тиісті нөмірін көрсету және т.б.).

Басқару  қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері   

  Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың  және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару  объектісіне (яғни басқарылатындарға — бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.      

Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:

1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;

2) ереже бойынша олар мемлекеттік  қызметті атқару кезінде іске  асырылады;

3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;

4) мемлекеттік — биліктік өктем  өкілеттіліктер берілген;

5) құқықтық және ұйымдық нысандарға  ие болады;

6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).

Информация о работе Атқару органдар жүйесі