Ұлттық экономикадағы жаһандану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 19:16, реферат

Краткое описание

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global— әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.

Содержание

КІРІСПЕ
І) Әлемдік жаһандану
1.1. Жаһандану түрлері
1.2.ЖаҺандану баламалары
1.3. Жаһандық демократия
1.4. Жаһандық ақпараттық кеңістік
1.5. Жаһандық теңсіздік
1.6. Жаһандануға қарсы қозғалыс («жаңа антикапитализм»)
1.7. Жаһандану үлгілері
ІІ) Ұлттық экономикадағы жаһандану
2.1)Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы
2.2) Кедейшілік проблемасын шешу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Жаһандану реферат.doc

— 118.50 Кб (Скачать файл)

 Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың ерекшелігі ретінде  “жаңа кедейлер” деп аталатындардың  пайда болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр.           

 “Жаңа кедейшілік” ауқымы  ауылдық жерлерде тұратын халықтың  есебінен едәуір кеңейді. Ауыл  халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды.            

 Қазіргі жағдайда өңірлік  кедейшілікті ерекше бөліп көрсету  керек. Табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейіне жетпейтін отбасылардың  үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.           

 Халықтың табыс деңгейі бойынша  теңсіздігі еңбекке ақы төлеудегі  айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.           

 Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп  отырған әлеуметтік саясаттың  негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:

1) табыстар саласында ең төменгі  әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз  ету, олардың бастапқы негізі  маңызды өмірлік игіліктер мен  қызметтердің әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Рыноктың дамуымен табыстардың жаңа түрлері ғана пайда болып қойған жоқ, халықтың тұтынушылық шығындарының құрылымдары өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сақтандырудың әртүрлі нышандары және т.б. Осының бәрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа құрылымына көшу қажеттігін алға тартады, оның үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкіндіктері ұлғаюда.

Республика Үкіметі мақұлдаған әлеуметтік реформаларды тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа ең төменгі күнкөріс деңгейі енгізілді, ең төменгі тұтыну себеті азық-түлік тағамдарының көбірек ассортиментін қамтиды (20-ның орнына 43 түрлі атаулы).           

 Жаңадан ең төменгі күнкөріс  деңгейін енгізу маңызды материалдық  игіліктер мен қызметерді тұтынудың  ең төменгі шекті деңгейін неғұрлым нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етпейді. Бұл өз кезегінде неғұрлым күшті әлеуметтік диспропорцияны анықтауға және халықтың неғұрлым әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау шараларын талдап жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы тек қана ең төменгі күнкөріс деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен күнкөрістің ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.

2) салааралық және салаішілік  деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т.б.);

3) республикада орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;

4) ауылдағы еңбекпен қамтылу  құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т.б.);

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі таңда дамушы елдер үшін жаһандану процесі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер баршылық. Жаһандану процестері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіндегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жағдай жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік-экономикалық қүрылымын түбегейлі өзгертіп, бар күшжігерін салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің «ойын ережелеріне» бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. жаһандық мемлекеттік жүйе — қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет — оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте — қоғамдық және саяси — бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз-бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мүндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру қүралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфра-қүрылымдық іргетасына негізделген.

 

 


Информация о работе Ұлттық экономикадағы жаһандану