Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игерту жолдары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 10:07, доклад
Краткое описание
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Бұл әдісті қолдану сәби шағынан
бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар
бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті
есейгендеде) жалғыстырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық
іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық,
баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас
процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.
- менің қызымның қолы
қайсы? – дейді анасы сәбидің
қолын ұстап, қол деген сөзді
ерекше бөліп дауыстап – міне, қолы!
Қолы қандай десеңші! Қазір біз оны сабындап,
жұмсақ жөкемен ысқылаймыз. Міне, қолы
да жақсы сабандалды! Ал, екінші қолы қандай?
Міне, екінші қолы! Бұл қолында сабындаймыз,
енді қолдарын шайамыз, алдымен мына қолды,
сосын екіншісін, енді екі қолымызда тап-таза.
- Алты айлық бала үйретушінің
сөзін жәй ғана тыңдайды, күлімсірейді,
ойнайды. Тоғыз айлығында немесе жасқа
толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға
талпынады.
— Ко,— дейді қыз, ең алдымен
анасының сөзіндегі екпінді ұғып.
—Қол. Менің қызым жақсы сөйлейді.
Қол. Қане, тағы бір айтшы.
—Ко,— дейді қыз бір қолын көтеріп.
—Тағы бір қолың қайда?
— Қо.— дейді сәби екінші қолын
көтеріп.
Бұл кезде сәби қол деген сөздің
жалпы мағынасын ұғады, яғни бұл сөздің
өз қолын ғана емес, анасының, әжесінің,
қуыршағының қолын білдіретіндігін түсінетін
болады.
Еліктеу әдісі бүдан гөрі ересек
балаларды тілге үйрету кезінде кез келген
ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде
балалар оларды бір орыннан екінші орынға
ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді,
шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды
және олардың сапасын, қимылын атайды.
Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге,
оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс.
«Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?»
«Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды
ма?», «Автомобиль қалай белгі береді?
Паровоз ше? Пароход ше?» — деп сұрайды
ересек адам. Бала жауап бере отырып, тәрбиеші
сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай»,
«Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!». Сол
арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.
Баланық «құрылыс салуына»
көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың
затын, оның бөлшегін атайды,
құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің
іс — әрекетін атайды.
Мысалы, бала ересек адамның
кемегімен «конструктордың» тетіктерінен
машина құрастырады.
— Шыңғыс, біз не құрастырамыз?
Автомобиль ме? Қандайын? «Волганы» ма
немесе жүк машинасын ба?
—Жүк машинасын.
—Алдымен бізге доңғалақтар
керек. Шыңғыс, доңғалақтарды бере қойшы.
Сен не әкелдің?
—Доңғалақтар… Әкелдім.
—Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел,
раманы доңғалақтарға қоялық. Енді кабинасын
орнатайық…
Осылайша ізделіп, мотор, капот, руль,
қорап өз орындарына орнатылады. Өзі
кұрастырған автомобильдің белшектерін,
өзінің істеген іс-әрекетін айта отырып,
бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.
Сюжетті драмалық — рольдік,
«режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту
үшін колайлы жағдай ерекше көп болады.
Рольдік ойында бала ересек
адамдардың өміріндегі езі байқаған немесе
әңгімелерден білетін, есінде қалған әр
түрлі жағдайларды қайталайды: «мамам
балаларды тамақтандырып жатыр», «тракторшы
жер жыртып жүр», «электр монтері немесе
газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың
шақыруымен үйге келді», «мұғалім мектепте
балаларды оқытады» «космонавт Айға ұшады»
және тағы басқа. Бала ересек адамның қимылын
да, сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.
— Сіздің үйде жарық бар ма?
(«Сіздің үйде жарық бар ма?») деп сұрайды
Аслан (2,5 жаста) әжесінен жуырда келген
электр монтерінен келгенін қайталап
(ол сыртқы есіктің кіре берісіне тұрып
алып, қасын қимылдатады, жұмысшы адамнан
көргеніндей, өзінше «сұсты» болғысы келеді),
Әжесі ойынға араласып:
—Пробкалар үиімде күйіп кете
береді, оларға не болды екен, қарап көріңізші,
— дейді ол немересін сөзге шақырып, бұл
арқылы оны байланысгыратын диалогтік
сөйлеуге машықтандырады.
—Әзір емдейміз («Қазір жөндейміз»),
— деп «монтер» Аслан әжесін жүбатады.
Егер Асланға дер кезінде қажетті сөздерді
айтып отырса, диалог жалғаса беруі мүмкін.
«р е жиссерлік ойында бала
өзі роль алмайды, оны осы оқиғаға қатысатын
ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді
— балалар бақшасы, аэродром, зоопарк,
парад, ұрыс және с. с. балаға оның өмірлік
тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып
береді.
Мысалы, үш жастағы баламен
«қонаққа бару» ойынын ойнады делік. Тәрбиеші
балалардың алдына балалар бақшасына
қонаққа келген ойыншықтарды — қонақтарды
— қатарлап отырғызады.
—Бізге қонаққа бірінші кім
келді? Аю ма? Тағы кім келді? Матрешкама?
— деп сұрайды тәрбиеші.
—Міне, аю келді, матрешка келді,
— деп жауап береді қыз.
Сөйлеу мәдениетіне сәйкес
қонақтар сыпайы қарсы алынады, оларға
жылы сөздер айтылады.
—Ал, енді аю кетіп қалды: топ-топ,
есік жабылды. Аю жоқ. Кім жоқ?
—Аю жо-оқ.
—Аю жоқ. «Аю» — деп айт.
—Аю.
—Жақсы. Ал енді матрешка да
кетіп калды. Матрешка жоқ. Кім жоқ?
—Матрешка жоқ.
—«Аю кетіп қалды, матрешка
кетіп қалды. Аю да жоқ, матрешка да жоқ»,
— деп айт.
Бала бұл сөйлемді қайталайды
(еліктейді), сол арқылы грамматиканы:
зат есімді қолдануды үйренеді.
Драматизациялық ойында бала
таныс ертегілерден бір кейіпкердің ролін
алып, ойын процесінде өз кейіпкерінің
сөзін қайталайды, сол арқылы өзінің тілін
байытады.
Алты жасар Қайрат қарындасы
Айзере мен (2 жас 10 ай) «Қызыл Телпек және
сұр қасқыр» ойынын ойнап жүр. Ол, әрине,
қасқыр және аңшы, ал Айзере — Қызыл Телпек.
Қайрат-қасқыр әжені «жеп» үлгерді, диванға
жата кетеді де, мойнына дейін бүркеніп,
қарындасына бүйырады:
— Сен менен: сенің қай жерің
қандай? — деп сұрады.(!)
Қарындасы өз тұрғысынан артық
сез деп санағандарын тастап кетіп, бірден
толғандыратын нәрсеге көшеді:
—Әжей, аузың… неге үлкен,—
дейді ол толқып. Бірақ ағасы риза емес:
—Сен алдымен: көзің қандай,
құлағың қандай? — деп сұра! — Бірақ қарындасы
өзін-өзі игере алмай:
—Аузың қандай үлкен еді…—
қорыққанынан көздерін бақырайтып, қазір
оны «жеп қоятындай» күтіп тұр.
Ағасының бұлай ойнағысы келмейді:
— Мама,— деп айқайлайды ол,—
мен оны жемеймін! Ол дұрыс ойнамайды.
Сюжетті ойындар үйренген тілдік
материалды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру
болып табылады. Балалар алдарына әдейі
белгілі бір өмір жағдайында айтылған
ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің
сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп
қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте
балалардың тілін жаттаған әзіл-ысқақпен,
әндермен, санамақтармен байыта түседі.
Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде
жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп
ойнайды және алдымен әзіл-ысқақты, санамақты
езі айтып, өлеңді де өзі әндетеді. Баланың
ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас
шамасына байланысты. Мысалы, балалардың
бірінші жылында ойнайтын «Алақай-ау,
алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен
ғана ойналады, бала оның тек .қимылына
ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын
басына қояды т.с.с.). Үш жасар балалар «Каравай»
ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән
салып қана .қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге
ілесіп ойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер
жасап тұрайық! Қолдан ұстасайық! Айналып
жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына
тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді
кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын!» — деп
қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын
өз беттерімен ойнай алады, ролді зеребе
тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. Олар
үшін мынадай санамақ оқу өте жақсы:
Күнбе-күн, күнбе күн,
Сүрғылт қоян діңде отыр.
Сұрғылт қоян, қара, әне,
Галя шықты далаға.
Қолға орамал алады,
Галя әнге салады.
Көкірегі үркіп, дүбірлеп (Л. Прокофьев)
Бұл өлеңде сөздің тамаша үйлесуі,
би әуенінің тартымды ырғағы бар. Лексикасы
тартымды. Әнші, биші қыздың және масаттанған
қоянның поэтикалық образы балаларды
таңырқатады. Өлеңдегі салыстырылмалы
грамматикалық формалар («түбірде», «түбірден»)
грамматиканы оқытуда тамаша дидактикалық
материал болып тұр. Тәрбиешінің кейбір
тұрмыстық іс-әрекетті орындау кезінде
айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.
Мысалы, ұйықтар алдындағы жуынуға
қызықтыру үшін тәрбиеші сәбидің біреуіне
қарап:
—Али, суға: «Су, су менің бетімді
жу!» — деп айт дейді.
—Али, жақсы айттың! Ал енді
Дария айтсын!.. Әуезхан!
Балалар ықыласпен айтады. Сөзді
жігермен онша артикулдей алмайтындарға
тәрбиеші мынандай ұсыныс жасайды:
Бала үшін орындауы анағұрлым
қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу
әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі,
әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің
сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен
тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді,
бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей),
әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің
сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді,
дыбыстарды, грамматикалық формаларды
немесе дәнекер тексті еске түсіруге және
оны орнымен қолдануға итермелейді.
Үш жасқа аяқ басқан балалардың
сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды
артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу
әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана
алады.
1. —Али, қоңыздың қалай ызыңдайтыны
есіңде ме? — деп сұрайды тәрбиеші. Бала
есіне түсіреді:
—Ол… ж-ж-ж… .
—Ал маса қалай ызыңдайды? —
деп тәрбиеші баланы ұқсас дыбыстың артикуляциясына
жетелейді.
—Маса… з-з-з-…
Бұл тәсіл сөзбен елестетуге
сүйенеді (сөзбен елестету үлгісі).
2. Осы мақсат үшін сюжетті
рольдік ойын тәсілін пайдалануға
болады:
— Самал, Сейтжан, Нұрсұлтан!
Сендер қоңыз боласыңдар, ал Али, Айзере,
Дария, сендер маса боласыңдар. Бір-бірлеріңе
қарсы ұшып, ызыңдаңдар.
Сөздің мағынасын, мысалы, көкөніс деген
сездің мағынасын, есте қалдыру әр түрлі
жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Арнайы осы мақсатқа
арналып стол үстіне көкөніс қойылған
ас үйге тәрбиеілі балаларды ертіп әкеліп,
бәрінен былай деп сұрайды:
—Стол үстінде не жатқанын
көріп тұрсыңдар ма?
Балалар көргендерін тізіп айта бастайды:
—Сәбіз, …қияр… помидор… баклажан…
—Мұның бәрін бір сөзбен не
деп атайды?
—Бұл көкөніс,— дейді балалардың
біреуі жауап беруге асығып.
—Дұрыс, бұл көкөніс,— деп баланы
көтермелейді тәрбиеші.
—Дәл осы жерде жатқандардан
басқа тағы қандай көкөністі білесіңдер?
—Кәді де көкөніс,— дейді бір
қыз.
—Капуста, картоп, шалқан, .пияз,
сарымсақ — көкөніс,— деп қосады тағы
біреуі…
Көріп отырғанымыздай, бұл жағдайда
бізге бұрыннан белгілі нақты объектіні
бақылау тәсілі пайдаланылады, бірақ әдіс
жаңа — сәйлесу әдісі.
2. Тәрбиеші нақты көкөністің
орнына әр түрлі көкөніс бейнеленген суреттерді
пайдалануына болады, яғни суретке сүйену
тәсілін қолданады, бірақ бұл да сөйлесу
әдісі болады.
Суретке сүйену тәсілін, салыстыру
үшін, мысалы, жеміс-жидек
сөзін қосу аркылы күрделілендіруге болады.
Мұндайда балаларға берілетін сұрақ —
тапсырма мынадай болуы мүмкін:
— Балалар, міне көкөніс пен
жеміс-жидекті бейнелейтін суреттер. Кім
осыларды тез екіге: көкөніс пен жеміс-жидекке
бөліп бере алады? Егер үлестіріп берілетіні
тиісті материал болса, әрине, мұндай жұмысты
ұйымдастыруға болады: әр балада суреттердің
жиынтығы болуға тиіс.
Нақты затқа немесе суретке
сүйену тәсілі дидактикалық ойындар мен,
яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен
шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі
бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан
соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік
береді. Кез келген дидактикалық ойында
баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер
бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы
берілетін кез — келген білімді бала сөйлеу
түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу
тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық
ойындар да бар,— бұл сөйлеу түріндегі
дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадан
тұрады:
1) балалар белгілі дыбысқа
сөз ойлап табады:
—[С] дыбысынан басталатын затты
көрсет.
—Стол, сөре, сақина, сырға…
2) ересек адамның суреттеп
айтып беруімен заттардың атын
атап, оңай жұмбақтарды шешеді:
— Маған әріптермен толтырылған,
суреттер салынған көп қағаздан түратын
нәрсені әкел.
—Маған ертегі немесе өлеңі
бар нәрсені әкел.
Балалар кітапты әкеліп береді.
Әрине, мұндай суреттеп айтып
беру бес-алты жасар балаларға ұсынылады;
— «Өзі кішкентай болғанмен,
«бөркі қазандай» — бұл не, қане айта қойшы,—
дейді тәрбиеші балалармен бірге орманда
саңырауқұлақ теріп жүргенде немесе орман
ішінде жай серуендегенде.
Орман ішіндегі қой бүлдіргені
бар ашық алаңқайды тауып алғанда (немесе
өз бақшасындағы бүлдірген жүйегінде
тұрғанда) тәрбиеші мына жүмбақты оқып
беруіне болады:
Күн жағына түбірдің ;
Жас шыбықтар жүгірді.
Әр шыбықта жаңағы
Қып-қызыл от жанады.
Шыбықты иіп қалайық
— Отты жинап алайық. ,
(В. Фетисов);
3) балалар бұрыннан білетін
жұмбақтарды айтады немесе өздері жүмбақ
ойлап табады.
Дидактикалық ойынның басты
ережесі: балалар жұмбаққа арқау болған
затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап,
иіскеп, дәм татып көруі, егер ол дыбыс
шығаратын болса, тыңдауы) керек.
Балалардың жас мөлшеріне қарай
жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен,
тікелей толықтырылатын қос .құрылымдық
сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді
(әңгімелесу әдісін) пайдалану керек.
Бес жастағы бала үшін сөзбен
елестетуге сүйену (сөйлесу. әдісі) тәсілі.
— Балалар, «Кім көбірек?» ойынын
ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек
сөз қосар екен? Мен: «Аспазшы түскі асты
әзірлеп жатыр»,— деймін.
Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі (кешкі,
сәскедегі) асты әзірлеп жатыр», «Аспазшы
компот қайнатып (шыжғырып, қуырып, бұқтырып;
сорпа, щи: балық, ет…) жатыр» деулерің
керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім
сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы аула
сыпырушының, күтушінің, электр жөндеушінің,
слесарьдың, тәрбиешінің және басқа да
қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау
етуге болады.