Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 18:20, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты - бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың дидактикалық жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- Педагогикалық технологиялардың психологиялық педагогикалық мэнін ашу.
- Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясының теориялық негіздерін окып - үйрену ;
- деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың жолдарын айқындау;
4

- Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың тэжірибелік эксперименттік жұмыс нәтижесі.

Содержание

Кіріспе 3
1. Оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері 6
1.1. Оқытудың жаңа технологияларының психологиялық - педагогикалық
мэні 6
1.2.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі.„„„„„„„„„„ ,,,,,13 II .Математика сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын
пайдаланудың тэжірибесі 19
2.1. Бастауыш мектепте математиканы оқыту процесінде денгейлеп саралап
оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі 19
2. 2. 2.2. Бастауыш сыныптарда денгейлеп саралап оқыту технологиясын
пайдалану бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижесі 29
Қорытынды 36
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

Саралап мат.doc

— 299.00 Кб (Скачать файл)

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология -бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық жэне адам ресурсын олардың бір-біріне өзара эсерін , білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.

Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің . жобасы. (Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.,1989)

Былайша айтқанда , педагогикалық технология- оқу-тэрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тэрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды қүрамдас бөлігі.

Педагогикалық технологиялар - бү_л білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пэндер мен эдістемелердің, оқу-тэрбие процесін үйымдастырудың өзара ортақ түжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмүнының,формалары мен эдістерінің күрделі жэне ашык жүйелері, мүнда эр позиция басқаларына эсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын қүрайды. Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тэрбие беру ісі педагог-мамандарға үлкен жүк артады. «Тэлім-тэрбие мен оқыту ісінің нэтижесі іс-әрекеттерден гөрі мүғалімдерге көбірек тэуелді» - деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытга да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.

Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық   технологиялармен   қамтып   жетілдіруді   талап  етеді.   Осы   түрғыда

10

 

оқытудың жаңа технологияларын жете меңгерш, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мэні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мүғалімнің интелектуапдық кэсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жэне басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі эсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тэрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-эрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шыгармашылық қабілет эр баланың табигатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

А.К.Колеченко: «Педагогикалық технология - қойылган мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дагдыны жэне қатынасты қүрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны»,- деп көрсетеді. Мүнда галым мақсатқа жету үшін қолданылатын бір-бірімен өзара байланысты эдіс-тэсілдердің жиынтыгы ретінде қарастырады .

Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бүл келесі түсіндірмеден айқын көрінеді:

«Педагогикалық технологиялар - бүл білімнің нақты мақсаттарымен біріктірілген пэндер мен эдістемелердің, оқу-тәрбие процесін үйымдастырудың өзара ортақ түжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмүнының, формалары мен эдістерінің күрделі жэне ашық жүйелері, мүнда эр позиция басқаларына эсер етіп, нэтижесінде оқушының дамуына жагымды жагдайлар жиынтыгын құрайды». В.П.Беспальконың бұл пікірі жөнінде Қ.Қабдықайырүлы, Л.Н.Оразбекова «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Бес жыл бойы жүргізілген кең де, көпсатылы эксперимент бізге оку процесінің параметрлік моделін жасау туралы жемісті

11

 

болжамды ұсынуға мүмкіндік береді, мүнда элгі үш қүрам елерліктей өзгертілген түрде қатысады, біз оқу процесінің ақпаратты моделі дидактикалық мақсаттан сырт қала алмайды деген көзқарасты қуаттаймыз»,-деп көрсетіпті.

Технологияландырудың қажетті шарты оқу процесінің ақпараттық моделін таңдап немесе қүру болып табылады. Өкінішке орай, педагогика пэні бойынша бірде-бір оқулықта немесе монографияда оқу процесінің моделі туралы мэселе топта қойылмаған.

Г.К.Селевко педагогикалық технологияларды мэнділігіне,

қолданылуына, үйымдастырылуына қарай топтарға бөледі:

- қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикальтқ, пэндік, жеке 
эдістемелік, модульдік);

философиялық     негізіне      қарай      (материалистік,      идеалистік, диалектикалық, ғылыми, ізгілікті жэне т.б.);

психикалық    дамудың    жетекші    факторына    қарай    (биогендік, социогендік, психогендік);

ғылыми    түжырымдамасына    қарай    (ассоциативті-рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология);

-түлғалық күрылымдарға  бағытталғанына қарай (ақпараттық, эрекеттік, сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы);

- қүрылымдық жэне мазмұндық сипатына қарай (білімділік, тэрбиелік, 
жалпы жэне кэсіби бағытты т.б.).

Кез-келген педагогикалық технология бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын ғана емес, оның жеке түлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

12

 

1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліп.

«Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО үсынған халықаралық білім жүйесіне сэйкестендірілген. Осы Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр .

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмүны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі кезде педагогикалық технология табысты түрде енгізіліп, мектептерде білім беру жүйесі мен оқу процесін қайта жобалау жүмыстары жүзеге асуда, білім берудің өзіндік үлттық үлгісі қалыптасуда.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мэлім. Мысалы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың "Дамыта оқыту", Ж.Караевтың "Деңгейлеп саралау" технологиясы, М.М.Жанпейісованың "Модульдік оқыту" технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институгы "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген "Сын түрғысынан ойлауды, оқу жэне жазу арқылы дамыту" технологиясы, "Ынтымақтастыққа оқыту" технологиясы т.б. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше жүмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу эдістерін жаңа мазмүнды қажет етеді.

13

 

Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде оқу пэндерін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.

Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке түлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқтапсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, элеуметтік психологиялық танымын, сүранымын ескеру талап етіледі.

Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең - оқулықтағы жаттығулар -өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жүмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жүмыстар жүйесі.

Оқушыны деңгейге бөліп окыту үшін сабақ жаіьаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жүмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатындығы тексерілді. Өз бетімен жүмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жүмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа үмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы аркылы емес, оқушыларға койылатын талаптардың эртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының максаты - эрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету, өз бетімен дами алатын, эр түрлі өзгерістерге бейімделе алатын баланы дамыта отырып үйрету, тэрбиелеу.Ж.Қараев деңгейлік өзара байланысты зерттей келе, бүл деңгейлердің білік, белсенділік, түрткі білім сапасы деңгейлерімен сэйкестігін анықтады. Үйренушілік пен алгоритмдік деңгей - білім дүрыстығына, толық орындағанына, іске қосылғанына, эвристикалық пен шығармашылық дүрыстығына, жүйелілікке, беріктілігіне сэйкес. Осы негізде ол өзінің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қүрды.

14

 

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Ол - оқыту қүралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, окытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды жэне дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сэйкес эртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа оқулықтар мен оқу қүралдары қажет. Бүлар: эңгімелесуші - оқулықтар, оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жүмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші - оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды біткеннен кейін, жүмыс дэптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Бүл тапсырмалар оқушының жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктілігі мен дағдысын дамытуға арналады. Деңгейлік тапсырмалар тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы материалдарды қамтиды және ең дарынды деген оқушының қабылдау деңгейіне лайықталып қүрастырылады.

Ж.А.Қараев технологиясында жалпы деңгейлік тапсырмалар 1, 2, 3, 4, деңгейде беріледі.

1 - деңгейлік тапсырма - мемлекеттік стандарт деңгейі. Бүл деңгейді барлық бала орындауға міндетті.

2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді. Оқушылар бүл тапсырманы орындауға қүқылы.

4 - деңгей - шығармашылық деңгей. Ол балалардың шығармашылық жүмыс істеуіне арналған.

Әр сабаққа қүрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге жэне өткен сабақтарды пысықтауға арнап қүрылады, бүл деңгейді топ, сынып оқушылары толық орындайды, онда үлгермеушілік жоқ .

Педагогикалық жүйені жобалаудың басты дидактикалық шарттары денгейлеп саралап оқыту технологияға қойылатын төрт шартқа негізделген:

1. Денгейлеп саралап оқыту технология оқу процесінің нэтижелі болуына жүз пайыз кепілдік беруі керек.

15

 

  1. Оқушының өз бетімен жасайтын оқу-танымдық қызметінің қүрылымы мен мазмүнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет.
  2. Оқу мақсатын диагностикалық нэтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дэл тексеріп, бағалауды қажет етеді.

4. Практикада оқу процесінің толықтылығы қамтамасыз етілуі тиіс. 
Педагогикалық процесті жобалау негізіне белгілі бір технология

алынуы тиіс. Педагогикалық технологияны жобалау деп, түлға қасиеттерін қалыптастырудың бір немесе бірнеше заңдылықтарына, осы заңдылықтарға сүйенетін идеяларға негізделген оқыту, тэрбиелеу, дамытудың жобасын түсінеміз.

Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мүғалімнің әдістемелік дайындығы жэне сабақ жүргізу тэсілдері мен эдістеріне, сонымен қатар педагогикалық жобалау теориясын меңгеруіне тікелей байланысты.

Көптеген зерттеушілер мақсат нэтижелерді әрі қарай нақтылай түрде игеру деңгейлерін бөліп көрсетеді. Мысалы, В.П.Беспалько оқу материалын игерудің төрт деңгейін атап өтті:

Үйренушілік - репродуктивті іс-әрекет деңгейі. Оқушы есеп қүралдарындағы мақсат, жағдаят жэне оны шешу іс-қимылдарының сәйкестігі туралы қорытынды жасауы керек. Тани білу іс-әрекеті.

Алгоритмдік - екі компоненті - мақсат, жағдаят берілген есептерді қарастырады. Оқушы есепті шешерде бүрыннан меңгерген іс-қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білу қажет.

Эвристикалық - өнімді іс-эрекеттің бірінші деңгейі. Оқушы жағдаятты дәлдеп, оны шешу үшін амалдарды таңдап алуы қажет.

Шығармашылық деңгей - өнімді іс-эрекеттің ең күрделі деңгейі. Оқушы өзі мақсат қылып, өзі оны түжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.

Ж.Қараев деңгейлік өзара байланысты зерттей келе, бүл деңгейлердің

білік, белсенділік, түрткі білім сапасы деңгейлерімен сэйкестігін анықтады.

16

 

Үйренушілік пен алгоритмдік деңгей - білім дүрыстығына, толық орындағанына, іске қосылғанына, эвристикалық пен шығармашылық дүрыстығына, жүйелілікке, беріктілігіне сэйкес. Осы негізде ол өзінің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қүрды.

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта қүрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруде қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмүны, технологиясы оның нэтижесіне қарап бағаланатындығын және ондай жетістіктен сырт қалуға болмайтындығын өмірдің өзі дэлелдеп отыр. Білім берудің бүгіні мен болашағы білімді алып, білік пен дағдылық машыққа қол жеткізумен шектелу емес, оны ілгері дамытып жетілдіру жэне өздігінен іздеп тауып, уақытқа лайықты пайдалана білуде дербестік көрсету қажеттігі көзделуде.

Информация о работе Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану