Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:26, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылырмен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятың ең басты мәселелердің бірі - өркениетті, прогрешілдік қасиеті мол, сондай – ақ ұлтық тілін жоғалтпаған, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасы қамтамасыз ететің басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс- әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3-4 бет
І тарау. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ...................................................................................................................................5-14бет
1.1.Патриоттық тәрбие ұғымының мәні және оның педагогикалық
еңбектерде зерттелу жағдайы..........................................................................5-9 бет
1.2.Бастауыш мектеп оқушыларында Қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастырудың маңызы...............................................................10-12 бет
ІІ тарау. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ................................ 13-31бет
2.1.Оқу – тәрбие процесінде бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың шараларын жүзеге асыру жолдары мен құралдары...............................................................................................................13-22бет
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотиз сезімін қалыптастыруда тәжірбиесі ............................................................................... 23-26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................... 27-28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................29бет
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Патриотизм Құралай..doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың.

Достарын келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан есессің,  ылаңсың,

Қара шұбар жылансың .

Хан есессің, аянсың,

Айыр құйрық шаянсын, - деп  әшкерлеуі  жас ұрпаққа  ой салады.

Махамбет өлендерінен  халықты ханға  қарсы көтерген  патриоттық сөздер  естіледі. Махамбет өлендерінің  біздің қазіргі  жастарымызға  рух беретін және тарихи  жағдайлармен  таныстыратын  өткірлігі осында.

 Махамбет өлендері  де жастарымызға  патриоттық рух  себеді. Мұнда тарихи  шындық, болған  іс баяндалады. Махамбет жырларында  Исатай бастаған  шаруалар көтерілісінің   алдына қойған  мақсаттары мен  тілекері  айқын көрінеді. Махамбер өзінің  өлеңдерінде  хан, би,  сұлтандардың  жауыздығын  әшкерлеп,  еңбекші бұқараны  теңдікке  жеткізуді  арман еткенін айтады.

Ең алдымен бұл өлендердің  балалар үшін  басты қасиеті  – адам өмірі туралы  дұрыс ұғымдар  беретіндігінде. Сонымен қатар  Махамбет  өлендерінің  жастың үлкен, кішісіне қарамай  екеуіне бірдей қызмет  ететін жағы да осы  тұрғыда танылады. Бұл өлеңнің  балалар ұғымына  жақын тағы бір  пайдалы жағы–мұнда  тарихи шыңдық, болған іс баяндалады. Адам  баласының  бүкіл  өткендеу жолында  туған  мәдениетті әбден құнттап білу арқылы ғана , оның қайта  қорытып шығару  арқылы  ғана мәдениет  жасауға  болатындығын  анық ұғынбасақ, бұл міндетті  біз ойдағыдай  орындап шыға алмаймыз.

Бұл шығармада балалар  ойына  қозғау салып оларды қызықтыратын  бір өзгешелік–Махамбет  өз басына  түскен  қуғын–сүргінді,  ақырет–азапты  кісі ұғымына  дәл тиетін  екінші бір  сол сияқты  жәндіктер  ортасында  болатын оқиғаға  салыстыра  суреттеу  арқылы  көрсетуінде. Оқуға да, түсінуге де, жаттауға да  сондайлық  икемділігімен  бала сезімін  билеп алады. Ең алдымен бұл өлеңнің  балалар үшін  басты қасиеті  адам өмірі  туралы дұрыс ұғымдар  беретіндігінде деп танылады.

Махамбеттің  ақындық  өнерлерінің  терең  мәніне бойлап, орасан зор мазмұны мен асқақ рухын ұғынамыз. Халқымыздың батырлық дастанына тән күмбірлеген асқақ екпін, Махамбет–ұлы рух, рух–от, рух–жан. Ол адам  жанының ең  қалтарыс  түкпіріне сәуле түсіретін нұрлы шапақ, адам жанының ең  бір нәзік қыл ішектерін қозғалысқа  келтіретін  ұлы сезім. Махамбет рухы дей  отырып,  тәуелсіздік алған еліне  жеткенше  асық болғаның  аңғарсақ: «Заулап ұштым  жеріме! Заулап ұштым еліме! Екпінімен заулаған айналам кетті  тітіреп. Айналам кетті  күркіреп», десе, сол тәуелсіздікті  тұрақты ете білуді жас  ұрпақтарына аманаттауы:

Елдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп  едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп  едім.

Әшкерлеуі бала  сезімін  билеп алады.

Махамбет  шығармасының  өзгешелігі-жігер рухының  молдығы  десек те артық емес.

Көркем шығармаларда, оның ішінде  ауыз әдебиетті  үлгілерінде  халық өміріндегі  әр дәуірден  құралған  батырлықты,  ерлікті  суреттеу оның басты  ерекшелігі  болып табылады. Мұндағы батырлық, ерлік, ар-намысқа берік,  қайтпас  ер жауына  мейлінше  қатал,  өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар  арқылы  жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені  сабақта беруге болады. Мұндай шығармалар  оқушыларды  батырлыққа,  ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке, ақылдылыққа  тәрбиелейді. Біріншіден мұндай  шығармалар балаларды  елін, өз жерін сүйетін намысына  берік, Отаншыл  етіп үйретсе, екіншіден, Отанына, еліне  қастандық  жасамақшы  болған  сыртқы жауларға  мейлінше  қатал болуға баулиды.

Мектеп ауыз  оқушылары  мен балабақша  бүлдіршіндерін  туған  халқының  ауыз  әдебиеті  үлгілері  арқылы  патриоттық  рухта тәрбиелей  алсақ ғана біз  жас  бүлдіршіннің  жан дүниесін  жадыратып , келешекте  елің, жерін  қорғайтын, бойында  ұлттық және азаматтық  намысы бар  азамат тәрбиелеп  шығарамыз. Халық ауыз әдебиеті–балаларды Отаншылдыққа  тәрбиелеудің  сыннан өткен  мектебі. Сондықтан  жас ұрпаққа  өз еліміздің, халқымыздың  аса бай ауыз  әдебиеті  үлгілерін  үйретіп, сол үлгілер арқылы  патриоттық тәрбиеге  баулу–ұстаздар  мен тәрбиешілер қауымының  басты жұмысы.

«Жастай берген тәрбие–жас шыбықты игендей» деп, біз  балаларға  тәрбиені  жастайынан  халықтың педагогика  элементтері  мен халық ауыз әдебиеті  үлгілерін  пайдаланудан  бастауымыз қажет. Өз халқының алтын қорынан нәр алып, сусындаған  әрбір жас бүлдіршін болашақта өз Отанының  жанашыр азаматы,  елін–жерін қорғайтын ері болып өсері сөзсіз.

Балабақша  бүлдіршіндері  мен оқушылардың  ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық  талғамын  арттырып адамгершілікке, патриоттық сезімге  баулу ісінде  халық ауыз әдебиетінің  алатын орны ерекше естін шығармауымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотизм  сезімін қалыптастыру тәжірбиесі.

Бастауыш мектепте  патриоттық тәрбие  көбінесе балаларға  халық ауыз әдебиеті  және ақын – жазушылардың өлеңдері, және сыныптан тыс жұмыстар   арқылы беріледі. Бірақ бұнда мұғалімнің атқаратың рөлі өте зор. Тек өз жұмысын жықсы білген  ұстаз  және өз бойында  партиоттық сезімі  бар ұстаз ған балаларға нағыз патриоттық тәрбие бере алады.

Патриоттық тәрбие беруге қатысты материалдар бастауыш мектептің  оқу құралдарында көптеп кездеседі. Сондықтан, мектепке барғанда  патриоттық тәрбие  қалай беріліп жатқандығын  байқау мақсатында мұғалімнің тәжірбиесімен таныстым. Сонда байқағаным патриоттық тәрбие беру сабақта және сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Төменде сондай сабақтардан мысал келтіруді жөн көрдім. 

Сабақтың тақырыбы  «Даусты, дауыссыз дабыс, әріп, буын».

Сабақ мақсаты даусты, дауыссыз дабыс, әріп, буын туралы білімдерін тиянақтау. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Отаның сүюге, елін қорғауға баулу.

Сәлеметсіндер ме балалар, бүгін ерекше сабақ, қандай сабақ деп ойлайсындар ғой, бүгін жарыс сабағы болады. Қазір қатар бойынша бөлініп, жарысамыз.

Үйге тапсырма өткен  сабақты қайталау және батырлық, оқу, білім жайлы мақал-мәтел жаттап келу болатын.

Кәне балалар біз  дабыстарды, буындарды, әріптерді оқып бітірдік. Ал мен сендердің білімдерінді тексеріп көрейін.

1.Қазақ алфавитінде  неше әріп бар?

2.Әріп өзінің айтылуына  қарай нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыс нешеге  бөлінеді?

Балалар сұрақтарға жауап  берген соң.

Балалар ал мына тақтадағы сөздерді оқып көрейік. Кәне бәріміз бірге оқиық.Сөздердің мазмұнын ашындар.

Бірлік

Қуаныш

Бейбітшілік

Ашық аспан

Достық

Ынтымақ

Балалардан сөздердің  мазмұнын ашып болған соң, үй тапсырмасын  сұрауға көшті. Батырлық,  оқу, білім  түралы жаттап келген мақал-мәтелдерін айтып жатқанда сол мақал-мәтелдерді мұғалім тақтаға жазып жатты. Балалар мынадай мақал-мәтелдер айтты.

Білікті бірді  жығады,

Білімді мыңды жығады.

 

Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

 

Қоянды қамыс өлтірер,

Батырды намыс өлтірер.  

 

Білім-инемен құдық қазғандай

Балаларға бұл мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздырды ең алдымен, ал содан кейін  сол тақтада жазылған мақал-мәтелдерге мұғалім әр қатарға  тапсырма берді. Бірінші қатар дауысты  дыбыстарды тауып астын сызса, екінші қатар дауыссыз дыбыстарды табады, ал үшінші қатар сол мақал-мәтелдерді буынға бөліп айтуды тапсырды.

Келесі жаттығулар сол  сияқты дыбыстарға қатысты болды, ал ең сонында мұғалім батыр деген  сөзге өз түсініктерінді эссе түрінде  жазуда берді. Балалар сабаққа өте  белсенді қатысты.  Мұғалім сабақты қортындылап болған соң балалардан сабақ ұнады ма, қай жағынан ұнады деп сұрақ қойды. Балалар қысылмай өз пікірлерін айтты. Менің ойымша  мұғалім сабақта балалардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастырып,  материалмен сабақтастыра алды.

Сол сияқты тағыда алдында  айта кеткендей сыныптан тыс оқу  түрлері бар, солардың бірі тәрбие сағаттары. Тәрбие сағатынна мен 25-ші қазақ  республика күніне арналған тәрбиелік  сабаққа қатыстым. Сабақтың тақырыбы «Қазақстан елі–менің Отаным» еді. Сол сабақтан тағыда бір үзінді келтіргім келеді.

Сабақтың мақсаты оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенің түсіндіріп, ұлттық патриотизм  рухында  тәрбиелеуді көздеді. Қазақстан  Республикасының  картасы, рәміздері, нақыл сөздер көрнекілікке қолданылды.

Мұғалім сөз алып, барлық отырған ұстаздар, оқушыларды келе жатқан республика күнімен құттықтап  кетті. Қазақтың ұлттық батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күмейсің» деген. Өйткені Отан-қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға  адал қызмет ету-республика күніне байланысты тақпақтарын орындады.

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отыным,бау-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

 

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның.

 

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр  ағам!

Көбейткен  достың қатарын

Нұр аға-біздің ұлы адам.

 Балалар тақпақтарды  орындап кеткеннен кейін мұғалім тағы сөз алды.

Тәуелсіздіктің жемісі деген атпен мұғалім сөз сөйледі

1991жылы еліміз  тәуелсіз  мемлекет  болып жариаланды.

1994 жылы 4-маусымды еліміздің   рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан  Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

1995 жылы 30-тамызда   Ата Зыңымыз бірауыздан  қабылданды.

1996 жылы еліміздің  астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 1997 жылы Астананың тұсаукесер  тойы болды. Содан кейін Салтанат  биі орындалды. Балалардың орындауында  Отан туралы мақал-мәтел айтты.

  1. Үйінде атанның намысын қорға,

Шет жерде Отаныңның  намысын қорға.

2. Отаны  бардың  оты өшпес.

 

3. Өзге елде сұлтан  болғанша 

    Өз елінде  ұлтан бол.

 

4. Туған жердің күні  де ыстық,

    Түні де  ыстық.

 

5. Халықтың ортақ үйі  – Отаны.

 

6. Отан оттан да ыстық

 

7. Туған жерге туың  тік.

 

8.Отан үшін отқа  түс-күймейсің.

 

9.Отан-отбасынан басталады.

Мұғалім сөз алып тәрбиелік  сағатты мынадай сөздермен аяқтады. Республика күніне арналған  әдеби-музыкалық  кешіміз аяқталды.Сонында «Менің Қазақстаным» әні орындалды.

Қорыта келе егер осындай  тұрғыда ұстаздар сабақ түрі немесе тәрбиелік сағаттар өткізетін болса, біз өзіміздің болашақ жастарымызды Қазақстандық патриоттық сезімі жақсы  жетілген ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі Қазақстан  Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық сонына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көп ұлттық мемлекетте жекелеген  этностар өкілдерінің  ұлттық патриотизмі елде  тұратын барлық халықтың  ортақ патриотизмімен  байып отыр.Ал, көпұлттық мемлекеттегі  адамдардың  патриотизмі  олардың ұлтаралық  қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.

Президент  Н.Ә. Назарбаев  атап  көрсеткендей, 90 пайыз Қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің  Отаны  Қазақстан  деп есептейді.

Бұл құптарлық жай, өйткені  Қазақстандық патриотизм  азаматының, қоғамның,  мемлекеттің ортақ  күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан-өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны  сүю, қорғау осы  қоғамда өмір  сүріп жатқан барша  адамның  міндеті болмақ.

Негізінен патриотизм  көпұлттық  және ұлттық  бөліктерден  тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың  белгілі  бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа  тән дәстүрлерімен  тығыз байланысты.

Ал интернационализмді әрбір адамның  өзін сол мемлекет халқының  бір бөлігі ретінде  сезінуінен  түрлі  ұлттық қауымдастық  өкілдерінің ортақ Отанына деген  сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен  көруге болады.

Қазақ Республикасының  тәуелсіздігі жайында барлық ұлттардың  ортақ сана-аезімі қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы – Қазақстанда осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сенуі болмақ.

Жалпы Қазақстандық  патриотизм  дегеніміз-өзінді  республика  халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан  ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік  сезімі мен берілгендік, азамат ретінде  халық пен елдің  мүддесін қорғайтын  борышты сезіну  болып табылады.

Информация о работе Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі