Ашық тәрбие сағаты « XXI ғасыр көшбасшысы »

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:16, практическая работа

Краткое описание

Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту; Тәрбиелік: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін артыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Вложенные файлы: 1 файл

Ашық тәрбие сағаты 1.doc

— 69.00 Кб (Скачать файл)

Ашық тәрбие сағаты

« XXI ғасыр көшбасшысы » интелектуалды ойыны Сыныбы : 6 Сабақтың тақырыбы : « Ел болашағы - білімді ұрпақта »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке , Отанды сүюге , адалдыққа , білімді азамат

болуға және жеке құзырлы тұлға болуға тәрбиелеу . Білімділік: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Дамытушылың: Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту; Тәрбиелік: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін артыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы (XXI ғасыр көшбасшысы). Пән.аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих, орыс тілі, география,    ағылшын тілі.

Барысы. Мұғалім. Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар     халқымыздын болашағы,  еліміздің  ертеңі.   Оқушылардың  ой-өрісін   кейейтіп.  есте  сақтау   кабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызыгушылыктарын арттыратын «Ел болашағы білімді ұрпагында» атты сайысымызды бастаймыз.

Мұгалім:  Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды.  Әр уақытта .да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген, Бір жаңа, жарыстың бірі ескірген, Айнала отырып ап исі қазақ. Азаматын өзара  күрестірген. Сахна төріне бүгінгі  сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайык. Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Мұғалім: Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс IX кезеңнен тұрады. Сайыс бағдарламасы

I. Таныстыру.

II. Ұрандары.

  1. «Бәйге» (Оқушыларға сұрақтар койылады).
  2. «Өлең сөздің патшасы» (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу).
  3. «Тіл - өнер» (Мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ. орыс. ағылшын тілінде жазады).

VI. «Қасиетті жетілік» (Тест сұрақтары беріледі. Таңдаған конвертінің ішінде қазақ 
тілінен 7 сұрақ, қазақ әдебиетінен 7 сұрақ, Қазақстан тарихынан 7 сұрақ бар. Тест жүйесі 
бойынша орындап әділқазыларға тапсырады. Тексеріледі, ұпай саны аныкталаы.)

VII. «Ділмар» (Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Қалаған такырыбы бойынша, яғни 
таңдаған кеспе қағазда қандай тақырып көрсетілсе, сол тақы-рып бойынша шешендік 
өнерін байқатады. Окушының ой-өрісі, тіл байлығы ескеріледі).

Тақырыптар төмендегідей:

А) Ана тілін ардақтайық.

Ә) Ауыл - алтын бесік.

Б) менің анам

В) Тәуелсіз ел - мәңгілік ел

Г) Денсаулық - зор байлық

Ғ) «Мектеп - кеме, білім  теңіз»

VIII.- «Өнерлінің өрісі кең» (Сайыскерлердің    өнер байқауы актерлік шеберліктерін көрсету).

IX. «Жоға» (Соңғы кезеңге ұпай саны көп екі оқушы шыгады).

Ескерту:Әр кезеңнен кейін оқушылардың ұпай саны хабарланып отырады.

Мұғалім:Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап. кейде  шешер шиені.

Жақсы сөзге  жан семірерчқашанда,

Жолданады сайыскерлер  сәлемі! / кезең: «Сәлем - сөздің анасы»

Қатысушыларрет-ретімен  өз таныстыруларын айтады. II кезең. Қатысушылар ұрандарын айтады. 1-оқушы: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп». 2-окушы: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі». 3-оқушы: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

4-оқушы: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске». 5-оқушы: «Ал, балақай, күш жинаудан қалыспа, Содан кейін қыран болып қалықта». 6-оқушы: «Достықта: досқа жан-тәнімен берілу, өмірде: сенімді тірек». 7-оқушы: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды». Ұпай сандары хабарланады. III кезең: «Бәйге сұрақтары»

  1. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы. (Абай)
  2. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы. (Ы.Алтынсарин (1841 -1889))
  3. Респуликамыздың рәмідері (ту, елтаңба, әнұран).
  4. Қазақта тұңғыш әпопея жазған (М.Әуезов).
  5. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын.(Жамбыл (1846-1945))
  6. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары (1835-1865ж.)

•7.   Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігі  туралы  заңның  қабылданған  уақыты. (1991 ж. 16-желтоқсан)

  1. Абайдың аса дарынды шәкірті (Ш.Құдайбердиев)
  2. Мұсылман діні (ислам)
  3. Қазақстан республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды?(1995ж. 30-тамыз)
  4. «Жеті жарғы»ереже заңдарын кім шығарды? (Тәуке хан)
  5. Орта ғасырда Түркістан қаласьі қалай аталды? (Иассы)
  6. Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  7. Үйленген ұлға берілетін үлес (енші)
  8. Республика күні (25-қазан)
  9. «Аттандыру» өлеңінің авторы (Жамбыл)
  10. «Дала» поэмасының авторы (І.Жансүгіров).
  11. «Вальс королі» (Ш.Қалдаяқов)
  12. «Құрық» сөзінің мағынасы (жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы).

20. Сөздің ең түпкі бөлшегі (түбір) 
'21. Екі кісінің сөйлесуі (диалаог).

  1. Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
  2. «Атын адам» табылған жер (Есік обасы, Алматы облысы)
  3. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді? (3)
  4. Тұңғыш қазақ журналы («Айқап»)
  5. Қазақ      әліппесін      жазған      және      алғаш     оқу      құралын      жазғаи      кім? (А.Байтұрсынұлы. 1873-193 8ж.)
  6. Арабиядағы қасиетті бас кала (Мекке)
  7. Сөз өнер жарысы (айтыс)
  8. «Райымбек!»дастанының авторы (М.Мақатаев)
  9. Қазақ даласының жарық жұлдызы (Ш.Уәлиханов)
  10. «Талап кыл артық білуге» деген өлең жолын кім жазған? (Абай).
  1. «Шығыс ұлына хат» кімнің шығармасы? (Баубек Бұлқышев) Әр баланың ұпай саны есептеледі.

IV кезең: «Өлёң - сөздің патшасы» 
Мұғалім: Абай атамыз былай деген еді: 
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің мәнерлеп өлең оқу шеберлігін бағамдаймыз.

  1. Т.Айбергенов «Ана»
  2. М.Мақатаев «Достық»
  3. І.Жансүгіров «Аттың азалы әні» («Құлагер» поэмасынан үзінді)
  4. М.Шаханов «Төрт ана»
  5. С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан үзінді
  1. Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» Әр баланың ұпай саны есептеледі.

V кезең: «Тіл - өнері»

(Мақал-мәтелдегі   орнынан   түсіп   қалған   сөздер   қазақ,   орыс,   ағылшын   тілдерінде айтылады.)

Полиглот (үш тілде магынасын ашу)

  1. Ауылдан асқан байлық жоқ, ... қымбат қазына жоқ. (кітап-книга-Ьоок)
  2. Талапсыз жас, Қанатсыз (құс-...птица - §ігф.
  3. ... қылыгымен көркем.(к;ьо- девочка - §Ш)
  4. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ. (тіл- язык - Іоп§ив)
  5. Көңілдегі сырды ... білдіреді. (көз- глаза - еуе$)
  6. Білім - теңіз, ...    кеме. (мектеп- школа - $кооІ)
  7. Отансыз адам - бұлбұл. (Орман -лес -/оге$і)
  8. Өнер алды ... тіл. (қызыл - красный - гесі)
  9. Көсем ел бастар, шешен ... бастар. (сөз - слово - н>огсІ)
  1. ... көңілі балада. (ана- мать (мама) -тоіһег) Әр.баланың ұпай саны есептеледі.

VI кезең: «Қасиетті жетілік»

Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептеледі. Аптада жеті күн бар. Көкті жеті қабат, жерді  жеті қат десе, көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін білген» дейді.Ендеше оқушыларымызға қазақ тілі, казақ әдебиеті, Қазақстан тарихынан 7 сұрақтан тест беріледі (21 сұрақ) (Әр оқушы тақтада ілулі тұрған аузы жабық конверттерді таңдап алады, ішіндегі тест сұрактарын белгілеп, әділқазыларға ұсынады, жауап оқылады, жүргізуші дұрыс-бұрыстығын дауыстап оқиды).

Қазак тілі І.Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.

А) төзім

Ә)үлкен

Б)шашпа

В)денелі

Г)шолақтау

 

2.Дерексіз зат есімді  көрсет.

А)қағаз, дәптер

Ә)бала, ата

Б)ақыл, ой

В)үй, көше

Г)тау, орман З.Шығыс септігіндегі өздік есімдікті көрсет.

А)өзімде

Ә)өзіміздің Б)өзіммен  В)өзімнен Г)өзіме 4.Сөйлемнің қай  стиль түріне жататынын анықта.  Туу,  ит-ай...  Сонша ұмытпай жүр бәрін.

А)көркем әдебиет стилі

Ә)публицистикалық

Б)іс-қағаздар стилі

В)ғылыми стиль

Г)ауызекі сөйлеу стилі 5. Драмалық шығармалардагы ремаркаларға қандай тыныс белгісі қойылатынын  көрсет. Амангелді. Миша! Жайнаққа. Әкет машиналарыңды!

А)үтір

Ә)жақша

Б)қос нүкте

В)сызықша

Г) тырнақша б.Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.

А) Мырзашөл, қосаяқ

Ә)Атауыз, Алакөл

Б)Қаражорға, Есекқырған

В)Жетіқарақшы, ұлтабар

Г)Ақбозат, Темірқазық 7.Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсет.

Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр жігіт.

А) ауыр

Ә)мінезі

Б)ол

В) жігіт

Г)сыныбымыздағы

Қазақ әдебиеті

1.   «Туғанда дүние  есігін ашады өлең, Өлеңмен жер  қойнына кірер денең ...» Үзінді

Абайдың қай  өлеңінен алынған? А) «Ғылым таппай мақтанба»

Ә) «Өлең - сөздің патшасы»

Б) «Құлақтан кіріп бойды алар» 

В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» 

Г) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»

2. М.Жұмабаев поэмасын көрсет.

А) «Айт» Ә) «Батыр Баян»  Б) «Кім жазықты?» В) «Қазақ» Г) «Рабиға»

3. Г.Потанин кіммен бірге оқыды?

А)А.Байтұрсынов Ә)С.Торайғыров Б) А.Құнанбаев В) Шоқан Уәлиханов Г) Ы.Алтынсарин

4. М.Әуезовтің 1917жылы жарық көрген тырнақ-алды мақаласының аты.

А) «Философия жайынан»

Ә) «Ғылым»

Б) «Адамдық негізі - әйел»

В) «Оку ісі»

Г) «Мәдениет һәм ұлты»

5. VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкері.

А) С.Сараи Ә)Ж.Баласағұн Б)М.Қашқари • В) А.Иассауи Г) Қорқыт

6. «Аяз би» ертегісіндегі бас кейіпкердің есімі. 
А) Мадан

Ә) Жаман Б)Зерлі хан В) Жүсіп Г) Кендебай

7. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға жазған өлеңінің аты қалай аталады? 
А) жазған жоқ

Ә) «Сегіз аяқ»

Б) «Бес нәрседен қашық  бол»

В) «Үміт еткен көзімнің нұры балам»

Г) «Арман»

VII кезең «Өнерлінің өрісі кең» (Оқушылардың актерлік шеберлігін анықтау) Өнерлі де әсемпаз кең өрісті, Жүрегі - айна , көңілі - ояу келісіті (ұпай сандары есептеледі)

ҮІІІ кезең « Жорға  » ( Бул сайысқа екі оқушы гана қатысады ) 1 - ші оқушы :

  1. Репрессия құрбандарын еске алу күні ? (31 тамыз )
  2. Теңіз құсы ? (Шагала )
  3. Шешендіктану ? (Реторика )
  4. « Бөтен » сөзінің синонимі ? (жат)
  5. Шөл кемесі ? (Түйе)
  6. Оптикалық пирбор ? (Микроскоп)
  7. Сауат ашатын кітап ? (Әліппе)
  8. Абылайханның лақап аты ? (Сабалақ)
  9. Мұсылмандардың қасиетті кітабы ? (« Құран» )

 

  1. Жасанды арна ? (Канал)
  2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың басталған кезі ? (1914 ж .)
  3. Қарасөзбен жазылатын әдеби жанр ? (Проза)
  1. Шешендіктің түрлері ? (Әлеуметтік - саяси , сот ісіндегі шешендік , діни шешендік , әлеуметтік - тұрмыстық , академиялық шешенндік )

2 - ші оқушы :

  1. « Қарлығашби » атанған адам ? ( Төлеби )
  2. Сәкеннің романы ? ( « Тар жол , тайғақ кешу »)
  3. Атилла кім ? ( Ғұндардың билеушісі)
  4. Шешендік сөз ? (Ораторства )
  5. Би падишасы ? ( Шара Жиенқұлова )
  1. Қан тоқтататын әлемент ? (Иод) 7 Байланыс аппараты ? «Телефон)

 

  1. Мұсылмандардың діни ғимараты ? (Мешіт)
  2. Жамбыл мен Құлмамбет айтысы қай жылы өтті ? (1881 ж .)

 

  1. Шөлмек ыдыстың қақпағы ? (Тыгын)
  2. Екінші Дүниежүзілік соғыс қай жылы басталды ? (1939 / 1 - сентиябрь /

Белыияга)

  1. Жерді қоршап тұрған газ қабаты ? ( Атмосфера )
  1. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді ? ( 3 кезеңге ) А) XI - XIII ғ. - Майқы , Аяз би

Ә) ХІҮ - ХҮІ  ғ. - Асан қайғы , Жиренше Б) ХҮШ ғ. - Төле , Қазыбек , Әйтеке бп )

Мұгалім :

Осымн сайыстың шарттары аяқталады . Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын    • есептегенше « УКөрермен көзайымы » жанкүйерлер өнерін тамашалайық .

Мұгалім :

Тұлпардан тұғыр озбас  шабылса да ,

Оған да үкі, тұмар тағылса да ,.- дегендей , сөз әділқазылар алқасына    беріледі .

Жеңмпаздар марапатталады .

Қорытынды : Мұгалім :

Жер бетінде адам өмір өткізер , Бар нәрсеге білім қолды жеткізер . Бар ізгілік тек білімнен алынар , Білімменен аспанға жол салынар .

Білімділік  пен ізгілікті бойымызга дарыта білейік.


Информация о работе Ашық тәрбие сағаты « XXI ғасыр көшбасшысы »