Ақпараттық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық икемділігін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 08:53, доклад

Краткое описание

Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Ақпараттық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық икемділігін дамыту.doc

— 43.50 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық икемділігін дамыту

 

Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады.

 

Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсаты көзделіп, еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқарылуда. Мұндай өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды.

 

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни,  жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

 

Инновациялық тұрғыдан жұмыстану білім беру жүйесін ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі – бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады.

 

Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ  оқушыларда  жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті  дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.

 

Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек.

 

Ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады (оқу іс-әрекетіндегі ерекшелік).

 

Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің  дамуына үлкен септігін тигізеді (психологиялық ерекшелік).

 

Бастауыш  мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының  өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін  ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі (тұлғалық ерекшелік).

 

Әлеуметтік зерттеулер бойынша адам баласының ақпарат алу, оны пайдалану икемділігінің артуына ақпараттық құралдардың, өмір сүріп отырған ортаның тигізетін ықпалы зор екені анықталған (әлеуметтік ерекшелік).

 

Көшеде компьютерлік ойын клубтарының көбеюі ата-аналардың көңілінде алаңдаушылық тудырып отыр. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқитын ер балалардың тәртібінде, мінез-құлқында өзгерістер пайда бола бастады, себебі мұндай нарықтық заманда өз межесін ғана көздейтін кәсіпкерлер баланың психологиялық, тұлғалық, физиологиялық даму ерекшеліктерін ескермейді.

 

Компьютерлік техникамен жұмыс жасау кезінде ескерілуге тиісті гигиеналық, эргономикалық талаптардың сақталуы мен әрбір оқушының денсаулығы туралы ақпараттарды бастауыш сыныптағы білім беру үрдісін ұйымдастырушы үнемі есте ұстауы қажет (физиологиялық ерекшелік).

 

Шығармашылық ойлау мен өз ойын  еркін жеткізе білу икемділіктерінің даму негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, бастауыш мектепте інформатика пәнін ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты пәндерімен ұштастыра отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінді. Бір топ оқушылар срует салу, келесілері шығарма, ссе жазу, үшіншілері өлең жолдарымен тақырыпты ашып көрсетуге тырысты. Мысал ретінде шығармашылық жұмыстардың бірнешеуін назарға ұсынамын.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ақпаратты жинақтаумен қатар оны түрлендіру, өзгерту икемділіктерінің дамуы байқалды. Сыныптағы бор, сүрткіш, есік тұтқасы, парта, орындық атынан жазылған эсселердің компьютерде жазылуы оқушылардың мәтінді теруге ғана емес, оны ойдағыдай мазмұндық  тұрғыдан жазуға қызығушылығын туғызды. Бұл тапсырманың күрделілігіне сәйкес үйде мәтін құруға, сыныпта оны теруге және топ алдында қорғауына мән беріледі. Жобалау әдісімен жұмыстану арқылы оқушылардың оқу икемділіктері жетіледі. Төменде

 

4-сынып оқушысы А.Бердешовтың белгілі мысалды бүгінгі күнгі технологиялық дамуға сай түрлендіргені беріледі:

Компьютер мен тышқан.

Тышқан жүр сеуіл құрып, ойнақ салып,

Бір уақыт жүгіріпті басқа қарап.

Компьютер өлтіруге айналыпты,

Басын түрткен тышқанды ұстап алып.

Жалынды сонда  тышқан: “өлтірме-,” деп,

“Ағатай, маған зиян келтірме”-, деп.

Компьютер  сонда күліп былай депті:

“Сорлы  тышқан,

Не жақсылық қайтады сен байғұстан?”

Дегенмен  жалынғасын тышқан іні

Қиыпты жүгірмекке нөкерлікті

Содан тышқан темірмен ұстасыпты,

Пернелерді  толықтырар дос болыпты.

2003ж

 

Ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау  бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу басылымымен жұмыс жасау икемділіктері жетіле түседі.

 Ақпараттық технологияны қолдануға негізделген қазіргі білімнің парадигмасы өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын шығармашыл, жан-жақты біліммен, мәнді қызығушылықпен және дәстүрлі емес жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алатын үздіксіз дамыған ақпараттық қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға түріндегі нәтижеге бағдарланғандығында. Сол себепті құзыреттілікке бағдарланған  оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық икемділігін дамыту