А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 15:57, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда елімізде жаңа білім беру парадигмасының өзгеруі оның басты ұстанымдары болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа міндеттер артып отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір мұғалім А.С.Макаренко сынды әдіскер, педагогтардың педагогикалық мұраларын мектептің оқу үдерісіне ендіріп, пайдаланып отырғаны жөн.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бастауыш сынып оқушылары ұжымын ұйымдастыру мен оған педагогикалық ықпал жасау......................................................................5
2. А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулуда пайдалану.............................................10

Қорытынды..............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17

Вложенные файлы: 1 файл

А.С.Макаренко.doc

— 110.00 Кб (Скачать файл)

А.С.Макаренко педагогика теориясы мен халық ағарту жүйесiне арналған мұра қалдырған жаңашыл-педагог. Оның педагогикалық жүйесiне тән ерекшелiк -  педагогикалық проблеманы шешуді шеберлiкпен пайдалана бiлуi. Ол тәрбиенiң мақсаты мен негiзін анықтауда да өзiндiқ қатынас жасаған зиялы ұстаз.

А.С.Макаренкоға тән ерекшелiк, оны педагог қызметiнiң нәтижелiлiгi мен мұғалiмнiң жеке басына тән қасиеттiң арасындағы педагогикалық үдеріспен байланыстырудан тұрады. “Менiң пiкiрiмше, -  деп жазды, - тәрбие бағыты -  бұл педагогтың саяси сенiмi”. Тәрбие жұмысының негiзгi бағытын анықтауда төмендегi факторларды есепке алу керектiгiн ескертiп, ол – тәрбиешiлердiң еңбекке қатынасы, мiнез-құлқы, ерiк-жiгерi, әдістемелік шеберлiгi және саяси моральдық бейнесi педагогикалық үдерістің iргетасы дейдi. Өзiнiң ең күрделi психологиялық-педагогикалық еңбегiнде “… мен көптеген кеңес патриоттарымен қызметтес болдым, бiрақ олардың барлығы бiрдей оқушылармен, ата-аналармен тiл табысып сөйлесе алмайтын” - деп, педагогикалық қауымды алдын-ала сақтандырып отырды зиялы тәлiмгер. 

А.С.Макаренко тек қана кеңестiк халық ағарту жүйесiн ұйымдастырушы практик қана емес, сол сияқты педагогика теориясына жаңа ұғымдар енгiзген жаңашыл - ғалым да болды. Олар: “Мiнез-құлық гимнастикасы”, “жақын, орта және ұзақ перспективалар”, “тәрбие техникасы”, “ұжым мiнез-құлық гимнастикасының залы”, “салыстырмалы әсер ету педагогикасы” т.б.

Мектеп оқушыларының ұжымдық мүдделерiн қорғау мен кеңейту -  ұжым педагогикасындағы күрделi және мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерден ұстамдылық пен ыждағаттылықты талап ететiн үдеріс. Әрбiр педагогикалық ұжым оқушылардың мүдделерiн қорғау мен оны кеңейте түсуде өздерiнiң iзгi ниетiне айналдырса, А.С.Макаренко айтқандай, онда мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастық жоғарылап, педагогикалық үдеріс мәселелерін шешудi мектеп болып “бiр жеңнен қол шығарып, бiр жағадан бас шығарып” дегендей, өмiр салтының қалыптасуына ешбiр күмән жоқ.

Ұлы педагогтың педагогикалық идеясы бойынша бастауыш мектептегi оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен еңбекке баулу үшін мынадай ұсыныстар ұсынамыз:

1. Оқушылардың мұғалiм  талабын орындаудың өзi-өздерi басқара  алу дәрежеге дейiн көтерiлуi қажет.

2. Бiрлесе атқаратын қызмет  туралы мәлiметтердi жалпы бiлiм  мен әрбiр оқушының сенiмiне  айналдыру қажет.

3. Оқушылар мен  мұғалiмдер  арасындағы қарым-қатынасын нағыз  адамгершiлiкке негiздей отырып, ұжымды  педагогикалық ықпалдың субъектiсiне  айналдыру керек.

А.С.Макаренконың бұл жоғарыдағы айтылған бастауыш сынып оқушыларын ұжым арқылы тәрбиелеуге, еңбекке баулуға қатысты айтқан педагогикалық ой-пiкiрлері өзiнiң маңыздылығын бүгiнге дейiн жойған жоқ. Халқымыздың «Жақсының хаты өлмейді» дегендей, А.С.Макаренконың педагогикалық мұралары тек бiздiң елiмiзде ғана емес, бүкiл дүние жүзiнде зор беделге ие болуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Крупская Н.К. Таңдамалы  педагогикалық шығармалары. Алматы, 1973 ж.

2. Макаренко А.С. Соч. В 7 - ми томах. Москва, 1958 г.

3. Макаренко А.С. избран. Пед.соч. в 2 - х томах. Москва, 1977 г.

4. Макаренко А.С. Пед.соч. в 8 - ми томах. Москва, 1983 г.

5. Гордин Л.Ю. О педагогических  взглядах А.С.Макаренко. Москва, 1977 г.

6. Макаренко А.С. Ұстаздық  дастан. – Алматы, 1951 ж.

7. Макаренко А.С. Ата-аналар  кітабы. – Алматы, 1953 ж.

8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика. – Алматы, 2000 ж.

9. Макаренко А.С. Ата-аналар  кітабы. – Алматы, 1968 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану