Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 20:07, лекция

Краткое описание

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу үлгілері.
Бонус және оның түрлері.
Роялти және оны есептеу тәртібі. Роялти төлеу тәртібі.
Үстеме пайда салығы. Үстеме пайда салығының ставкалары.

Вложенные файлы: 1 файл

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.doc

— 173.50 Кб (Скачать файл)

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

 

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерi.
  2. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу үлгілері.
  3. Бонус және оның түрлері.
  4. Роялти және оны есептеу тәртібі. Роялти төлеу тәртібі.
  5. Үстеме пайда салығы. Үстеме пайда салығының ставкалары.

 

Жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.

Жер қойнауын пайдаланушылар мынадай салықтары мен арнайы төлемдердi төлейді:

1) үстеме пайда салығын;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың  арнайы төлемдерiн:

а) бонустар (қол қойылатын және коммерциялық табу);

ә) роялтидi;

б) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi;

в) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.

Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екi үлгiге бөлiнедi:

1) бiрiншi үлгi -  өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінде көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

2) екiншi үлгi - жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ  Салық кодексінде көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерiн төлеуiн көздейдi, оларға:

  • экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы;
  • газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциз;
  • үстеме пайда салығы;
  • жер салығы;
  • мүлiк салығы қосылмайды.

Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн Салық кодексінде көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

Өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.

Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.

 Өнімді бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.

Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасаған өнімді бөлу туралы келісiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, салық салу шарттарын анықтау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеу мақсатында өткiзiлетiн мiндеттi сараптама.

 Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға  дейiн олар Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және  мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiледi. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.

 Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнімді бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне мiндеттi түрде ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз енгiзiледi.

Бонус және оның түрлері

Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.

 Жер қойнауын пайдаланушы  жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң  жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн төлейдi:

1) қол қойылатын;

2) коммерциялық табу бонусы.

І. Қол қойылатын бонус

Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.

 Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізілген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелері бойынша комиссия белгілейді және ол жер қойнауын пайдалану үшін берiлетiн кен орындарының (келісім-шарт аумақтардың) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтіледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек. Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.

ІІ. Коммерциялық табу бонусы

Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.

Коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

Коммерциялық табу бонусының мөлшерi - салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.

Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:

1) кен орнынан алынатын пайдалы  қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк  орган бекiткен осы мақсаттағы  көлемi салық салу объектiсi болып  табылады;

2) алынатын пайдалы қазбалар  қорының бекiтiлген көлемiнiң құны  төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгіленген биржалық баға бойынша есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгілебеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзіретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабелділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады;

3) коммерциялық табу бонусы есептеу  базасының  0,1 пайызы ставкасы  бойынша бөлінеді.

Коммерциялық табу бонусын уәкілеттік берілген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей төленедi.

Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.

 Роялти және оны  есептеу тәртібі

Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.

Жер қойнауын пайдалану барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер қойнауын пайдаланушы роялтидi жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi үшiн, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi үшiн төлейдi.

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, төменде көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi. 

Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.

Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар роялти төлеушiлер болып табылады. 

Роялтиді төлеу тәртiбi

Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.

Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар:

  1. пайдалы қазбалардың өзi:
    • мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
    • көмiр және жанғыш тақтатастар;
    • тауарлы кендер;
    • жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
    • слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
    • металлургияға арналған кен емес шикізат;

2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;

3) қара, түсті, сирек кездесетiн  және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;

4) қымбат бағалы тастар, бастапқы  өңдеуден өткен жарқырауық тас  және пьезооптикалық шикізат;

5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.

Жер қойнауын пайдалану барлаумен және  өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып алады.

Барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану кезiнде жоғарыда көрсетiлген базадан басқа, мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi роялти есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялтиді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:

1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк  әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын  қоса алғанда, мұнайдың жинақталған  өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған пайыз ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:

 

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар, %-пен

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

2.

500 000  тоннаға дейін қоса алғанда

9

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

7.

5 000 000 тоннаға  дейін қоса алғанда

14

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

17

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

20


 

Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;

  1. алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.

Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу