Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................4

 

1

Акциз салығын  салудың экономикалық қажеттілігі  және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7

1.1

Салық жүйесіндегі  акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7

1.2

Жанама салық ретіндегі  акциз салығының атқаратын қызметтері...............11

1.3

Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

   

2

Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн  тауарларға салық салу механизмдерін  зерттеп-талдау............................23

2.1

Қазақстан аумағында  өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын  акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23

2.2

Акциз салығын  есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29

2.3

Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн  және импортталатын акцизделетiн  тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

   

3

Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн  тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

   

Қорытынды..............................................................................................................60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63

Қосымшалар............................................................................................................66


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартылған  сөздер тізімі

ҚР ҚМ

Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі

ҚР СК

Қазақстан Республикасының Салық кодексі

ОҚО

Оңтүстік Қазақстан  облысы

СТН

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

ЖСН

Жеке сәйкестендіру  нөмірі

АҚШ

Америка Құрама Штаттары

ЕурАзЭҚ

Еуразия экономикалық одағы

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы

ҚҚС

Қосылған құн салығы

ЖТС

Жеке табыс салығы

КСРО

Кеңестік Социалистік  Республикалар Одағы

БСН

Бизнес сәйкестендіру  нөмірі

КТС

Корпоративтік табыс  салығы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған. Акциз салығының теориясын зерттеуші экономистер мен ғалымдардың пікірлерін сараптай келе, біз акциз салығы мемлекет бюджетінің кіріс көзін құраушы ретінде қолданылады және акцизделетін тауарларды сатып алушының, осы тауарларды сатып алса, яғни оның өзінің бұл қажеттілігін қанағаттандыру үшін қаражаты бар екендігін көрсетеді.

Қазіргі кезде акциздер бюджет түсімін қалыптастырудың  негізгі көзі және әлеуметтік-экономикалық мүдделерді іске асырудың басты құралы деп тұжырымдауға болады. Өз кезегінде акциздер біріншіден, мемлекеттік кірістердің тұрақты көзі болып табылады, екіншіден әлеуметтік әділеттік принципті ұстана отырып қоғам мүддесіне қарай тұтынуды реттейді. Жалпы, акциз салығын бұрыннан бері көптеген мемлекеттер, бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салу арқылы қолданып келді. Негізінен мұндай тауарларға халықтың пайдалануына арналған, өтімділігі жоғары және адамның немесе бүкіл қоғамның денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар және мемлекеттің монополиясы болып табылатын екінші дәрежелі қажеттіліктегі тауарлар жатады.

Акциз салығы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салынады. Бұл іс-жүзінде акциздің адвалорлық ставкаларын және тұрлаулы акциз ставкаларын белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Жалпы, акциздер мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қаржыландыру көзі  және мемлекеттік мүдделерді іске асырудың экономикалық құралы болып  табылады. Сонымен қатар, акциздердің  басқа да салықтардан келесідей артықшылықтарын атап өтуге болады:

  • акцизделетін тауарларды бағаның өсуімен тікелей байланыстырады және бюджеттік қаражаттардың инфляцияға ұшырамаудың тиімді тұтқасы болып табылады;
  • акциз салығы ставкасының дифференциациясы мемлекетке тұтыну сұранысын қамтамасыз етуге еркіндік береді;
  • фискалдық қызметі атқарады және мемлекеттің мүддесінен тыс инфляция мен бағаны ырықтандыруды ойдағыдай ұштастырады;
  • экономиканы мемлекеттік реттеу құралы, сондай-ақ артық өнімді импорттау дағдарысымен күрес тұтқасы болып табылады;
  • әлемдік тәжірибеде қосылған құн салығының ставкасы тек деңгейі бойынша емес, саны бойынша да ерекшеленеді;
  • халықаралық тәжірибеге сай әлсіз өндірушілерді нарықтан шығаруды жеделдетумен байланысты артық өнімді импорттау дағдарысы мақсатымен өткізілген өндірісті тежеу саясатының элементі болып табылады.

Сонымен, бүгінде акциздер мемлекеттік қазынаны толтыратын маңызды  әрі тиімді, тетіктердің бірі болып  табылады. Яғни мұнда оның фискалдық  функциясы сипатталады. Бүгінгі  күнде көптеген нарықтық елдерде акциз мемлекеттің маңызды кірісі болып табылады. Сондықтан, акциз салығының мөлшерлемесі және одан алынатын салықтардан бюджетке түсетін түсімдер арасындағы алшақтық сияқты мәселелер елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын, акцизделетiн тауарларға салық салу жүйесін оңтайландыру қажеттігін білдіреді.

Аталған мәселелердің маңыздылығы  мен тақырыптың осы күнге дейін  толыққанды зерттелмегендігі дипломдық  жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – акциз салығының экономикалық табиғатын, сонымен қатар мемлекеттік мүдделерді іске асырудағы басымды бағыттарын теориялық тұрғыдан негіздей отырып, елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын, акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерін қалыптастырудағы экономикалық ролін айқындау болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу  үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі туындады:

  • акциз салығының шығу тарихы мен даму эволюциясын зерттеу;
  • жанама салықтардың, соның ішінде акциздердің экономикалық мәнін теориялық тұрғыдан негіздеу;
  • акциз салығын төлеушілер мен салық салу объектілерін айқындау;
  • акциз сомасының есептелуі мен төлену тәртібін талдау;
  • Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу ерекшеліктерін сипаттау;
  • акцизделетін тауарлардың импортына салық салу механизмдерін бағалау;
  • акциздердің экономикалық ролін арттыруға байланысты ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу жұмысының пәні елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын, акцизделетiн тауарларға салық салу қатынастарын зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде  Қазақстан Республикасының салық  жүйесіндегі акциз салығы алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында акциз салығына байланысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың  еңбектері, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен мерзімдік басылымдардың  материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық мәліметтері пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Акциз салығын  салудың экономикалық қажеттілігі  және теориялық-әдістемелік аспектілері............

1.1

Салық жүйесіндегі  акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы


Акциздер латынның «accidere» кесу деген сөзінен шыққан, тұтынуға арналған тауарлардың бір бөлігін кесіп алу деген ұғымды білдіреді. Акциздер тұз және басқа халық жаппай тұтынатын тауарлар бағасынан Ежелгі Римде алына бастаған. Акциздер Европалық мемлекеттердің салық жүйесінің дамуына ерекше орын алады. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында Европа елдерінде тікелей және жанама салықтан тұратын салық жүйесі қалыптасты.

Акциз салығын бұрыннан бері көптеген мемлекеттер, бекітілген белгілі бір  тауарлар түрлеріне салу арқылы қолданып келді. Негізінен мұндай тауарларға халықтың пайдалануына арналған, өтімділігі жоғары және адамның немесе бүкіл қоғамның денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар және мемлекеттің монополиясы болып табылатын екінші дәрежелі қажеттіліктегі тауарлар жатады.

Қазіргі кезде акциздер ұғымы тар және кең мағынада сипатталады. Тар мағынада алғанда бұл ұғымды жекелеген тауарлар түрлеріне тасылынған акциздер немесе жеке акциздер деп ұғынған жөн. Кең мағынада акциз ұғымы жеке және әмбебап акцизді біріктіреді. Оларды бөлу акциздерді алу тәсіліне қарай, олардың іс қимыл аясына байланысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, жеке акциз бұрын пайда болып, сауданың өркендеген кезінде өмірге келген.

Әдетте жеке акциз жекеленген тауарлардан  алынады. Мұндай акцизді салудың  объектілері әр елде тауардың түріне қарай әр алуан. Ал әмбебап акциз кең ауқымды болып табылады. Әмбебап акциз кәсіпорынның өткізу бойынша жалпы айналымнан алынады.

Салық теориясында ғалымдар мен  зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның  ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Акциз салығының теориясын зерттеуші  экономистер мен ғалымдардың  пікірлерін сараптай келе, біз акциз  салығы мемлекет бюджетінің кіріс көзін  құраушы ретінде қолданылады  және акцизделетін тауарларды сатып  алушының, осы тауарларды сатып алса, яғни оның өзінің бұл тілегін, қажеттілігін қанағаттандыру үшін қаражаты бар екендігін көрсетеді. Ал, олай болса адам мемлекеттің пайдасына темекі акцизі түрінде табыс әкелуі керек. Теориялық жағынан темекіге, алкоголь өнімдеріне және т.б. өнімдерінен салынатын акциз мөлшері салық төлеуші осы тауарларды немесе қызметтерді тұтыну салдарынан әкелген әлеуметтік және табиғи шығындарға шамамен тең болуы қажет.

Сонымен қатар акциздерді өтімділігі жоғары тауарларда оны өндірушілер  тапқан жоғарғы пайдасының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу мақсатында салынады деп айтуға болмайды, өйткені акциз салығы тек тауарларға ғана емес, қызметтерге де салынады және бүгінгі күні акцизделген тауарларға барлық жоғары рентабельдік тауарлар жатқызылмаған.

Акциздер жанама салықтың негізгі түрінде 1920-1930 жж. Кеңес Одағының мемлекеттік бюджетінің негізгі  кіріс көздерінің бірі болып келді. 1922-1923 жж. акциздер Қазақстанда мынандай тауарлардан алынды: қант, шай, темекі, сыра, бал, сіріңке, шарап, спирт және мұнай өнімдері. Осы кездегі мемлекет бюджетінің кіріс көзінде акциздердің үлесі жалпы бюджет кірісінің 11-20 пайызын құраған [28].

Қазақстан Республикасында 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы  басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сауда сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде  тұңғыш салық жүйесі жұмыс  істей бастады. Ол «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі  туралы» Заңға негізделді. Бұл  заң салық жүйесін құру қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.

Информация о работе Акциз салығы