Музыка тарихының кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 10:25, реферат

Краткое описание

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.[1]Көшпенділер өркениет Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

ТАРИХ4.docx

— 64.63 Кб (Скачать файл)

Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте, тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметі бар. Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды. Бұл — көне, Қобыз қасиетті қобыз дегенді білдіреді.

Бақсы пайдаланатын аспаптардың бірі — асатаяқ. Oл — басы жалпақ, оймышталған таяқ. Жалпақ басына әр түрлі сылдырмақтар, қоңыраушалар орнатылады. Асатаяқты ел кезіп, елді "ақтап" (пәле-жаладан "арылтып") жүретін диуаналар да ұстаған. Бақсылар жиі пайдаланатын аспап — даңғыра. Бұл кәдімгі барабан сияқты. Бірақ шеңбердің бір-ақ жағына әбден кепкен тері қапталады да, ашық жақ қапталдарына әр түрлі салпыншақ темірлер тағылады.

Жетіген аты айтып тұрғандай, жеті ішекті аспап. Ішектерге тиек ретінде және ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланылады.

Үрмелі аспаптардың ішіндегі ең кең таралғандары: сыбызғы және сырнай. Сыбызғы кепкен қурайдан, жуан қамыстан жасалады. Сыбызғының ортан белінен былай қарай бірнеше жерден теседі. Басынан ерінге салып үрлеп, тесіктерін саусақпен басып ойнайды. Сыбызғы күйлері, әдетте, екі дыбысты (дауысты) болады, бірін сыбызғыға үрлеп отырып шығарса, екінші дыбысты тамақ үнімен қосады. Сырнай бірнеше түрлі болады: қамыс сырнай қамыстан, мүйіз сырнай мүйізден жасалады. Мүйіз сырнайды көбіне жорықта пайдаланған.

Саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспаптар: сазсырнай, үскірік, тастауық. Бұл жұдырықтай, іші қуыс құты сияқты, үрлейтін және бірнеше бармақпен басатын тесігі бар аспап.

Соқпалы аспаптардың ең үлкені, үндісі — дабыл. Бұл екі жағы да терімен қапталған кәдімгі барабан сияқты аспап. Онымен тұтқиылдан қауіп төнгенде, не елді бір жиынға шақырғанда, дәстүрлі мейрамдарға ел жинағанда, соғыста пайдаланған. Дауылпаз дабылдан кішілеу, оның да екі ернеуі ағаштан, ал шыңдауыл деп аталатын аспап та осындай, бірақ оның шеңбер бүйірі темірден жасалады.[4]

Батыстық мәдениеттану[өңдеу]

Батыстық мәдениеттанудың  көптеген өкілдері өздерінікінен бөлек  өркениеттер болды деген ойдың  өзін бекерге шығарған. Олардың пікірі бойынша, тек бір үлкен әріппен  жазылған Өркениет (ол, әрине, еуропалық) бар, ал басқа кеңістік «тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың полигоны» болып табылады. Батыстық миссионерлер жергілікті тұрғындарды «туземдіктер» деген кемсіту атымен атап келді. Бұрын бүл сөз адамгершілік қасиеті жоқ жабайы адамдар дегенді білдірген. Олар сол территориядағы жануарлар және өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп қарастырылды. Ал флора мен фаунаға көзқарас екі түрлі: не олар — арамшөптер мен зиянды жануарлар, сондықтан оларды құрту парызға жатады. Егер, «туземдіктер» пайдалы болса, оларды өсіріп, қолда ұстауға болатын жағдайға жеткізу керек. Соның өзінде олар «адамсымақтар» деңгейінен көтеріле алмайды. Батыстың көптеген ғұламалары осындай көзқарастардың жалғандығын өз шығармаларында көрсете білді. А. Тойнби былай дейді:

«Адамға «туземец»  деп немқұрайлы аяусыз қараудан оның белгілі бір нәсілге жататындығы  негізінде адамдық, тұлғалық намысын  аяққа басуға дейін бір-ақ қадам  бар. Бұл хайуандықтың ең бір өрескел  көрінісі. Біріншіден, ол адамдардың белгілі бір тобында тұлғалық қасиеттердің барлығын, оны дәлелдемей- ақ бекерге шығарады. Екіншіден, адамзатгың нәсілдік дихотомиясы барлық діни, мәдени, саяси-экономикалық дихотомиялардан өзгеше, адамзаттың арасынан өте алмайтын және абсолютті жыра қазады. Үшіншіден, нәсілшілдік өлшем (критерий) ретінде адамдық табиғаттың сыртқы, мәнді емес, қарапайым белгісін қабылдайды». (Постижение истории, с. 589).

Сонымен, нәсілшілдік пен  мәдени империализм батыстық емес мәдениеттердің өзіндік кеңістігін жоққа шығарады, олар жергілікті халықтарды ландшафтың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Ұлттық мәдениет пен кеңістік арасындағы байланысты Гумилев өзінше түйіндейді: —Этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады. Адамдар ландшафтыны не өздеріне тәуелді түрде өзгертеді, не өздері осы ландшафтыға икемделе бірігеді. Кейбір оқшау қалған (реликтілік) этностардан басқасы мәдени ағында суперэтностар (өркениеттер) болып тұтастанады. Өркениет дегеніміз ортақ мәдени өрісі бар ұлттық мәдениеттердің болмысы. Мысалы, мұсылмандық суперэтнос араб мәдениетінің шеңберінен шыға білген. —Әрбір халықтың кеңістіктік тұтастығы, Отаны бар. Адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениеттің өзгеруіне әкеп соғады. Пассионарлықтың (рухани ізденістің) адамзат тағдырындағы қызметі туралы пікір ол үшін жетекші болды.

Этномәдени кеңістік

Еуразия құрылығы 5 этномәдени аймақтан түрады:

  1. Муссондық Қиыр Шығыс — бұл конфуцийлік-буддалық өркениет кеңістігі.
  2. Құрғақ Ұлы Дала — көшпелілер мәдениетінің аймағы.
  3. Субтропикалық Таяу Шығыс — мұсылмандық әлемі.
  4. Орманды Шығыс Еуропа — православиелік мәдениеттің ошағы.
  5. Батыс Еуропа — католиктік кеңістік.

Ғылым үшін мәдениеттерді  континенттер бойынша бөлудің маңызы тым жоғары емес. Мысалы, Жерорта теңізі Еуропа мен Африканы бөліп тұрғанымен, ол эллиндік мәдениет үшін ішкі теңіз болды. Әдетте өркениеттердің кеңістік шегі климаттық және өтуі қиын шекаралармен байланысты. Сөздің тар мағынасында «Еуразия» деп Карпат тауларынан Қытайға дейінгі Ұлы жазықтықты айтады. Ол үш ауданнан тұрады: биік Азия (Моңголия, Тува, Алтай, Байқал төңірегі), Орталық Азия және Шығыс Еуропа жазығы. Еуразия тек жағрафиялық ұғым емес, сонымен бірге ол мәдени тұтастық болып табылады. Еуразияны оның ландшафты мен ауа райына икемделген автохтонды халықтар: түріктер, славяндар, угрофинндер, моңғолдар т.б. мекендейді. Бұл кеңістікте бірде-бір еуразиялық емес өркениет үстемдік ете алмаған. Жоғарыда аталған мәдени кеңістік славян халықтарының христиан дінін, ал түрік этностарының көпшілігінің мұсылмандықты қабылдағанынан кейін бір-бірінен алшақтады. Ресей Батысқа қарай жылжыса және Еуразияның басқа бөліктеріне отаршылық пиғыл танытса, түрік өркениетінде Шығыстық элементтер күшейе түсті.

Кеңістік пен мәдениеттің  арақатынасы табиғи ортаны «өзімдікі» және «өзгенікі» деп бір-біріне қарсы  қою арқылы айқындала түседі. Бұл  қарсы қою, әсіресе, мифологиялық дүниетанымда әсерлі көрсетіледі. «Мифте, — деп  жазады Ыбыраев, — адамзаттық (человеческое) және адамзаттық емес (нечеловеческое) (дию, албасты, марту, жезтырнақ, шойынқұлақ, жалғыз көз дәу т.б.) болып бөліну ретінде көрінсе, классикалық эпоста біздікі (ноғайлардікі, қыпшақтардікі, қазақтікі, т.б.) және жаудікі (қалмақтікі, қызылбастікі, ындыстікі) деген ұғымдарға  лайық жіктеледі». ([5]. — Алматы, 1993. — 137-бет).

Қазақ эпосын және басқа  да мәдени мұраларын зерттеушілер «өзгенікіне» тек беріде пайда болған қалмақтарды  ғана емес, сонымен қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады (Қытай, Иран, Үрім, Орыс, т.б.). Кеңістікті «біздікі» және «өзгенікі» деп бөлу оппозициясы тек суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мөдени-шаруашылық типтер аралығында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы «бітіспес жауластық» бар деген әсіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың арасында қайшылық жоқ емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт ерекшеліктері арқылы суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі тұп қазығы — кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь- Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап тұр. Бұл шекара тауларда және одан ары қарай жау бар деген түсінік халық санасына терең ұялаған.

Алайда, эпостық кеңістіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың  шекараларын «басқанікі» деп  түсіну өзгермелі болды. Бұл эпостық  кеңістіктің жоғарыда айтылған ситуативтік  қолданылуына қатысты. Лирикалық поэзиядағы сияқты табиғат көріністерін көркем суреттеу эпоста жоқтың қасы. Табиғат  көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен  бірлікте ғана көрінеді. Тау — асқанда, аң — аулап жүргенде, өзен — өткенде, дала — жүргенде, ағаш — басына шыққанда, не ат байлағанда айтылады.Тағы бір  ескеретін жай — эпостық кеңістік пен реалды кеңістіктің арасындағы айырмашылық. Мифологиялық немесе эпостық  кеңістіктің топонимикасы қазіргі  жер-су атауларымен сәйкес болмауы  мүмкін. Әр түрлі тарихи қозғалыстар  этностардың белгілі бір территорияда қалыптасуы, олардың мекен- жайларын өзгертуі, басқа этностардың бұл территорияға енуіт.б. осы сияқты процестер, жоғарыда келтірілген «біздікі» — «өзгенікі» оппозициясын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Биік таулар этностың киелі  жерлеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің  туысқандары тұратын, тіршілік үшін қажетті заттар алатын тұрақ-жайға  айналуы әбден мүмкін. Бұл процесс, әсіресе, орта ғасырлардағы түрік империяларына  тән. Осы туралы Мағжан былай жырлайды:

Тұранның Тянь-Шаньдай  тауы қалай,

Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай.

Еріксіз Ер түрікті  еске аларсың,

Көкке асқан Хан  Төңірге қарай-қарай.

Этномәдени кеңістік туралы пайымдағанда маңызды бір мәселе осы аймақты мекендеген халықтардың  автохтонды (жергілікті) немесе келімсек екендігін анықтаумен қатысты. Бұрынғы  тарихтағы толастамаған соғыс пен  жаугершілік, шекаралас жерлерге талас  кезеңінде этностардың қисапсыз жылжуы, көшіп- қонуы, қырылуы және ығыстырылуы, ассимиляциялық процестер этнографиялық  деректерде этномәдени кеңістік туралы қарама-қарсы пікірлер туғызады. Мысалы, Қытай менталитетінде қытайлықтарға  қазір бағынышты халықтар бұрын  иелік еткен жерлердің бәрі Аспан  астындағы империяның кеңістігі  деген ұғым бар. Кеңістік аясындағы  мәдениеттің автохтонды екендігін  шешудің басты жолы осы мөдениетті құраған этникалық бөліктерді, этномәдени аймақты мәңгі өзгермейтін тұтастық ретінде емес, «жанды тарихи құбылыс күйінде, қозғалыс үстінде қарау, көршілес халықтардың тарихи тағдырымен салыстыра отырып, әрбір этникалық топтың өзінің қазіргі негізгі жеріне қай уақытта жылжыды, көне осындай межелерді анықтау арқылы жүзеге асады». (Пищулина К.А.[6]. — Қазақ. Алматы, 1994. — 49-бет).

Кеңістік және автохтонды мәдениет мәселесін шешу үшін біз  оқшау алынған этнос көлемінен, ол енетін үлкен өркениеттің (суперцивилизацияның) өріс аймағына жылжу керек. Өйткені, қазіргі этностардың көпшілігі  қоныс аударудың, ассимиляциялық процестердің, топтасу мен жіктелудің нәтижесінде  қалыптасқан. Бұған мысалдар жеткілікті. Айталық, Иран мен Солтүстік Үндінің  халықтары арийлік топтардың  оңтүстікке қарай қоныс аударуы  негізінде, француздар галл тайпалары  мен франктардың араласуы, орыстар  ежелгі славян тайпаларының көршілес угрофинн, скандинавтық, түріктік компоненттерді өзіне сіңіруі нәтижесінде қалыптасқан. Соңғы кезде қалыптасқан латин- американдықтар туралы айтпаса да түсінікті. Қазақтың этникалық территориясы да көп ғасырлық қалыптасу нәтижесінде  айқындалды.

Суперөркениеттерде кеңістік аймағы тұрақты анықталған.Гумилевтің сөзімен айтсақ, әрбір өркениет белгілі  бір ландшафтымен қатысты. Мысалы, афроазиялық  даланы негізінен семит халықтары, еуразиялық даланы түрік этностары, Шығыс Еуропаның орманды жазығын  славяндар, Қиыр Шығыстың орманын манчжурлар ж.т.т. мекендеген.

Кеңістік пен автохонды  мәдениеттің арақатынасын түрік  халықтарының өркениетіне байланысты қарастырайық. Бұл мөдениет тарихында  әлі күнге дейін көптеген пікірталастар  туғызып отырған мәселеге жатады.

Еуроорталықтық көзқарастағы батыс ғалымдарын, патшалық Ресей  мен тоталитарлық жүйе тарихшыларын айтпағанның өзінде, тіпті, соңғы  кезде шыққан басылымдарда түрік  халықтарының мәдени кеңістігі және оның автохтондығы бұрмаланып көрсетілген. Тарихи және қоғамдық-саяси еңбектерде жиі кездесетін пікірдің бірін былай  қысқаша тұжырымдауға болады:

—Ұлы еуразиялық даланы арийлер мекендеген. Көне тайпалардың  иран түбірлі ортасында бұл өңірге кейін келген түркілердің тілдік ықпалы күшейген. Андрон заманында  жасаған, малшылықпен, егіншілікпен айналысқан, еуропалық пішіндес, үнді-ирандықтар тайпасын ілкі темір дәуірінде, оңтүстік және шығыс өңірлерде — сақ, солтүстік және батыс өңірлерде — савромат малшы тайпалары мұраланған.

—Алтай тайпалары Енисей мен Тынық Мүхиттың ортасында  Сібір мен қазіргі Солтүстік  Қытай жерін мекендеген, ал соның  ішінде прототүріктік тайпалар Байкал мен Ордостың арасында өмір сүрген. Олар Еуразия даласына «халықтардың ұлы қоныс аударуы» кезінде ғана келген.

Жоғарыда келтірілген  көзқарас ресми әдебиетте де хрестоматиялық қағидаға айналып кеткен. Алайда, бұл  мәселеге сырттан бейтарап қарасақ, Орталық Азияньң арийлік субстраты  деген ұғым жөнінде көптеген күмәндар мен сұрақтар туады. Біріншіден, аталған  пікірді дәлелдейтін нақтылы  деректер жоқ. Көптеген дәлелдемелер «мұның болуы мүмкін емес, сондықтан болған жоқ» деген логикалық қателіктің маңайынан алынған. Яғни, басқаша  айтқанда, прототүріктік өркениеттің  болуы мүмкін емес, сондықтан ол болған жоқ. Екіншіден, Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабында келтірілген шумерлік және прототүріктік мәдениеттердің туыстығы жөніндегі гипотеза үнді- ирандық Орталық Азия туралы ілімді бекерге шығарады. Бұл мәселеге кейінірек арнайы тоқтылып өтпекпіз. Үшіншіден, егер прототүріктік кеңістік Ордоспен ғана шектелсе, онда ол қалай орта ғасырлардың басында бүкіл еуразиялық Ұлы Далада үстемдік етті. Мұны тек жаугершілікпен түсіндіру ақиқатқа жата қоймас. Әлемнің жартысын жаулап алған македондықтар мен моңғолдар тез арада жергілікті халықтармен сіңісіп кеткен. Әрине, бұл мәселе әлі талай ғылыми зерттеулерді талап етеді.

Түрік халықтарының кеңістігі  Азия мен Еуропаның талай аймағын  қамтыған. Олардың мекені Солтүстік  мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі алып территорияны біріктіріп тұр (шамамен 14—15 миллион шаршы шақырым). Ерте заманда бұл аймақ Қытай, Үнді, Иран, антикалық сияқты бір-бірінен  оқшау орналасқан әркениеттерді  байланыстырып тұрған.

Түрік халықтарының мекен-кеңістігі  осы автохтонды этностардың тұтас  өркениеттік аясы болып табылады. Ол тек еуразиялық Ұлы даламен  шектелмей, адамдық мәдениеттің  ерте кезден қалыптасқан суармалы —  оазистік ошақтарын, Алтай, Тянь- Шань, Памир, Кавказ тауларын қамтиды. Үлкен  өркениет қалыптасу үшін біркелкі табиғи ландшафтан гөрі, кеңістіктің әртүрлі  бедерлері қолайлы. Яғни түрік халықтарын тек жазық даланың тұрғындары деп қарастыру олардың мәдени кеңістігінің күрделілігін ескермеуге жатады.

Информация о работе Музыка тарихының кезеңдері