Қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 06:52, отчет по практике

Краткое описание

«Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.» Қонақ үй-қонақтарды күтуге түнеуге арналған жиһаздалған үй, онда келесідей мақсаттармен баруға болады: іскерлік, танымдық, білім алу, сауда-саттық, этникалық, діни, спорттық. Номерлермен қосымша қызмет ұсыну қонақ үй белгілерінің бірі болып табылады. бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.

Вложенные файлы: 1 файл

отчет 27лист.docx

— 77.54 Кб (Скачать файл)

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай

Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер — диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Зерттеудің нормативтік-ақпараттық базасы мен мәселелерді әзірлеу деңгейі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Астана қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Ақмолатурист» АҚ жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған – ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар — қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы — бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

 

  XVII.Қорытынды.

Қонақ үй қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан сала болып саналады.қорыта айтқанда қонақ үйдк ең негізгілеріне

  1. Мейрамхана – негізгі мақсаты қонақ үйге келген тұтынушылардың тамақтану қажеттіліктеріне жауап беретін түскі немесе кешкі тағамдарды ұсынатын орындар. 
    2. Кафе – арзан, жеңіл-желпі тағам ұсынады, сервисі қарапайым. 
    3. Бар – ішімдік түрлері көп болады. 
    4. Ball room – банкет залы. 
    5. Конференц салондары. 
    6. Таңғы ас салондары. 
    7. Бөлме сервистері. 
    8. Disco club – көбінесе подвал, жоғарғы этажда орналасады. 
    9. Night club – ерекшелігі: түнгі шоулар өткізіледі, тамақ сервисі кең, DJ қызметі. 
    10. Hobby — фойедегі демалыс орны, диван, креслолар.

 

Қонақ үйдің негізгі қызметі:

1. түнеу орындарын ұсыну

2. тасақтандыру

3. толық демалыс жағдайын  жасау

     4. қосымша қызметтер  жасау.

Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қонақ үйлердің сервисін, қызмет түрін арттыру қажет. Қонақ үйде қызмет көрсету- бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты тұтынушы мен сатушы арасындағы байланыс, яғни қызмет көрсетушілердің күш жігерлері демалушыларға арналып, қонақтардың көңілін жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.

 

 

 

 

XVIII.Қосымша.

1.  Қонақүй туристер мен азаматтарды қарсы алу мен қызмет көрсету үшін арналған. 
2.  Туристер мен азаматтарға нөмірлер бос болса ғана беріледі. 
3.  Жолдамада нұсқауланған мерзім өткен соң, тұрғындар нөмірді босатуға міндетті. 
4.  Тұрғындар нөмірді алу үшін жеке куәлік немесе паспорт көрсету керек. 
5.  Қонақүй әкімшілігі бос орындар бар болса, бір адамға бірнеше нөмір бере алады. 
6.  Есеп айыратын сағат жергілікті уақыт бойынша тұрғынның келген кезінен бастап есептеледі. 
7.  Нөмірлер тағайындау кәсіпорыннан, ұйымнан немесе жеке тұлғадан келген жазбаша мәлімдеме арқылы қонақүй әкімшілігімен жасалынады. 
8.  Қонақүй әкімшілігі тұрғындарға келесі тегін қызмет көрсете алады: 
-     Жедел жәрдем шалдау; 
-     Жедел жәрдем дәрі-дәрмегі бар аптечкасын пайдалану. 
9.  Қажет болса қонақүй ақылы қызмет көрсете алады. 
10. Төсек жабдық әр 3 күн сайын, орамалдар күн сайын ауыстырылады. 
11. Қонақүй әкімшілігі бақылаусыз қалған құнды заттарға жауапты емес. 
12. Ұмытып қалған заттар табылғанымен қонақүй әкімшілігі заттың иесіне қайтару шараларын қолданады. 
13. Тұрғындар қонақүйдің мүлігі мен аспаптарын құнттап ұстау, тазалық сақтау және ережелерін бұзбауға міндетті. 
14. Нөмірден шыққанда тұрғындар шамды, теледидарды өшіріп, су шүмегін бұрап, терезе мен есік жабуға міндетті. Нөмірдің кілті қонақүй әкімшілігіне беріледі. 
15. Тұрғындар келесі әрекет жасауға тыйым салынған: 
-    бөтен адамдарды қонақүй әкімшілігінің рұксатынсыз нөмірдің ішінде қалдыру, оларға нөмірдің кілтін беру; 
-    өмірдің кілтін қонақүйден тыс алып кету; 
-    қонақүйде жануар мен құсты ұстау; 
-    жеңіл тұтанғыш материалдар мен қару-жарақтарды нөмірдің ішінде сақтау. 
16. Қонақүйден кеткен кезде тұрғындар барлық көрсетілген қызметтер үшін төлеп, қонақүй әкімшілігіне кілт тапсыру керек. 
17. Қонақүй тәулік бойы жұмыс істейді.

 

  XIX.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. « Қонақ үй шаруашылығы  » Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М.

Оқу құралы. 2007 жыл.

2. « Туризм және өлкетану  негіздері » Мазбаев О.Б., Атейбеков  Б.Н.,

Асубаев Б.К. Оқу құралы. 2006 жыл

3. Қазақстан Республикасының  « Туризмді дамыту тұжырымдамасы  »

Астана 2001 жыл.

4. Интернет www.google.ru.

5. Интернет www.google.kz. «»

6.Сервисная деятельность. Краковская Т.А., Карнаухова В.К. Учебное пособие/ Под общей редакцией профессора Ю.М. Краковского. Издание второе, Издательский центр «МарТ» Москва – Ростов-на-Дону, 2008

7.ҚР-да туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Алматы. 2000. Жолдасбеков Ә.Ә.

8.Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК. Учебное пособие. Алматы, 1998, 260с. (в соавторстве: Пыхарев А. Н., Мамадияров М. Д.)

9.Исмаев Д.К Маркетинг гостиничных услуг в России.- Учебн. пособие. - М.: ВШТГ, НОУ "Луч", 1999;

10.Котлер Ф., Боуэн Д., Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и туризм. Учебник для ВУЗов. / Пер. с англ.- М,: ЮНИТИ, 1998-332с.

11.Биржаков М.Б. Введение в туризм. СПб, 2000. – 192 с.

12.Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов. – Мн.: Финансы и статистика, 2001.368 с.

13.Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. – М.: Профиздат, 2001. 208 с.

14.Михеева Н.А., Галенская Л.Н. Менеджмент в социально-культурной сфере. – СПб.: Изд.-во Михайлова В.А., 2000. 170 с.

15.Сервисная деятельность/ С.Н. Коробкова, В.И. Кравченко, С.В. Орлов, И.П. Павлова / Под ред. В.К. Романович. – СПб.: Питер, 2005. 156 с.

16.Сфера услуг: проблемы и перспективы развития / Под ред. Ю.П. Свириденко. Т.1. Формирование сферы услуг. – М.: Вега Интел XXI, 2000. 410 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қонақ үй шаруашылығы