Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 11:36, курсовая работа

Краткое описание

Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы обьективті қажеттілік екендігін түпкілікті мәжбүр етті. Оның обьективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің обьектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................................3

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.................................4

Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..............................11

Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері...............13


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары.............................................................................................................................23

2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы.............................................................27



ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................

Вложенные файлы: 1 файл

каржы нарыктыгын талдау.docx

— 78.23 Кб (Скачать файл)

Бұдан басқа  қаржы рыноктарын басқа критерийлер  бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық, критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с; салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің  экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады [1, 405 - 408 бб.].

Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрыңғы  КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 2009-2010 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

Алайда акционерлік  қоғамдардың, брокерлік және қор  биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық  қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жыдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан "таза" қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың жөне дамытудың бағдарламасы әзірленді. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар" әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы инвестицияық қорлар туралы" заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2010 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

Әлемдік қаржы  дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

2009 жылы шілдеде "Бағалы  қағаздар рыногы туралы" Қазақстан  Республикасы заңының қабылдануы  қор рыногында қалыптасқан қатынастарды  одан әрі дамыту қажеттігінен  туды. Бұл заңның қызмет аясы "Акционерлік  қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының  заңы (2009 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан  кейін қаржы рыногының қызмет  ететін сферасы болып отырған  бағалы қағаздар рыногының толыққанды  жұмыс істеуіне кең жол ашылып  отыр.

Инвесторлар - шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, мемлекеттік басқару  органдарының қысқа және ұзақ мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін бағыттайтын  ақша қаражаттары. Эмитенттер - бағалы қағаздарды шығаратын заңды тұлғалар.

Қаржы нарығының  көмегімен ақша жинақтары арқылы өндірісті дамыту және мемлекеттік, аймақтық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартылады.

Қаржы нарығының  қызмет етуінің объективті алғышарты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарының қолда бар көздері мен қаржы ресурстарын тұтынудың сәйкессіздігі болып табылады.

Қаржы нарығының  функционалдық мақсаты - мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен қайта бөлуді жүргізу. Қаржы нарығының қызмет етуі мен қалыптасуы келесі экономикалык, құқықтық, ұйымдық факторларға байланысты болып келеді.

Қаржы нарығы  экономиканың дамуына,  материалдық-қаржылық балансты жалпы көлемі мен қоғамдық өндірістік құрылымы бойынша жүзеге асыруға әсер етеді. Оның көмегімен инвестордың салған  капиталынан  максималды  пайда алуын қамтамасыз ететін шаруашылық жүзгізуші субъектілер мен салалар дамиды. Ол ғылыми-техникалық   прогрестің нақты жүзеге асуына әсер етеді. Қаржы нарығы мемлекеттік бюджет тапшылығын өркениетті жолмен жабуға мүмкіндік етеді.   Сондықтан мемлекет  бағалы  қағаздарды  шығарып, оларды сатады. Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына  көшуі сатып алу-сатудың нақты  объектісі - ақшаның рөлін арттыруды  шұғыл қажет етеді.

Ақшаны сатып  алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.

Экономикалык  факторлар - экономикада ақша қаражат-сұранысты туғызып және оларды инвестициялап, тарын жасай алатын нақты жеке меншік иелерінің болуы қаражаттарына нақты сұраныс.

Құқықтық факторлар - нарықтық құрылымның қызметін белгілейтін заңнамалық құжаттар.

Ұйымдастыру негіздері - нарық  операцияларын ұйымдастыру нысандары  арқылы құрылады (қор биржалары мен  банкаралық бірлестіктер). Қор биржаларында жөне банкаралық бірлестіктерде жинактардың  иелері, эмитенттер мен инвесторлар, сонымен қатар делдалдар, брокерлер  жөне дилерлер қызмет етеді. Брокерлер  тек делдалдық операцияларды  жүзеге асырады.

Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы  міндеттемелер немесе куәліктер  нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қаржы нарығының  құрамы экономикалық тәжірибеде әр түрлі сипатталады: ақша нарығы және капиталдар нарығы ретінде; кейбір кезде ақша нарығынан несие нарығы бөлінеді, яғни айналым капиталдарын толтыру үшін берілетін қысқа мерзімді ссудалар, ал капитал нарығы - негізгі капиталды инвестициялау үшін.

 

 

 

 

1.2 Қаржы нарығының экономикалық көрсеткіштеріне  талдау  

 

Қазақстан Республикасынның министірлігінің деректері бойынша  2011 жылдың 1 желтоқсанда республикалық бюджет 32,2 млрд. Теңге процентпен орындалды. Барлық түсімдер – 457,6 млрд теңге, соның ішінде салықтан 288,8млрд теңге ( 63 %), салықтан басқалар – 53,8 млрд теңге ( 11,7%), алынған ресми трансферттер – 84,2 млрд теңге (18,4 %). Түсімдер көлемі 2010 жылы тиісті кезкңдегі деңгейден 29,6 %  асып түсті. ( 2011 жылғы 1 желтоқсанда – 353,2 млрд теңге еді), олардың 15,3 % салық түсімдері бойынша ( 2011 жылы 1 желтоқсанда – 250,4 млрд теңге). Салық емес түсімдер көлемі 97,8 % өсті ) 2011 жылғы 1 желтоқсанда – 127,2 млрд теңге). Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түскен табыс 33,5 млрд теңге 401 есе артық (2010 жылғы 1 желтоқсанда – 8,2 млрд теңге еді). Келіп түскен рәсми тромсоферрер деңгейі 49,3 % жоғары (2010 жылғы 425,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,5 % артты ( 2010 1 желтоқсанда – 331,4 млрд теңге), соның ішінде экономиканың өндірістік  саласына шығыстар 85,4 % ( 2010 дылғы 1 желтоқсанда – 23,6 млрд теңге), адам көлікпен байланыс салалары бойынша 83 %       ( 2010 жылғы 1 желтоқсанда – 10,6 млрд теңге), мемлекеттік қызметтерге – 48,1 % ( 2010 жылғы 4 желтоқсанда – 57,7 млрд теңге) артты.

2012 жылдың 1 наурызында республикасың бюджет 22,4 млрд теңге процентпен орындалды. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2001 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2011 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд  теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  9%  өсті ( 2011 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2012 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.

Қаржы - несие және жүйесінің тұрақтануыменалдағы дамуы қаржы нарығы   инфроқұрылымының дамуына тікелей байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта қазақстан  банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция  орындауда. 

Екінші  деңгейлі банктердің басты әрекетінің  негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инверторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылды.

Бүгінгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге  капиталданылған: 89,9 млрд теңгеде орындалған банк жүйесінің өзіндік капиталы 2011 жылы

Ал қазіргі уақытта  өзіндік капиталдың самасы 115,9 млрд теңге құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

Кесте-1 Экономикалық көрсеткіштер 

 

 

2009

2010

2011

2012

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) млн. теңге

2016456,3  

2599901,6   

3250593,3    

3776277,3

ЖІӨ, млн. АҚШ доллары:

16854,4     

18292,4        

22153,6         

24637,1

Ресми бағам бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша СҚТ

78036,2      

87597,8      

101867,5        

24637,1

Нақты  көлем индексі, алдындағыжылға пайызбен                                

102,7         

109,8           

113,5        

109,8

Дефлятор алдыңғы жылғы пайызбен

113,3        

117,4           

110,1        

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңге

135080,6            

174707,7      

218830,3     

254221,2

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары

1129,1         

1229,2        

1491,4      

1658,6

Ресми бағам бойынша, СҚТ бойынша

5227,6         

5886,4        

6857,7       

7591,0

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, нақты көлем индексі, алдындағы жылға пайызбен

103,7        

110,2                  

113,6      

109,8

Доллар бағамы, теңге 1 АҚШ долларына

119,64      

142,13              

146,73    

153,28

ЖІӨ үшін СҚТ, 1 АҚШ долларына 

25,84         

29,68                

31,91       

33,49


 

 

 

 

 

Кесте-2 Экономикалық көрсеткіштер

 

Ақша және қаржы нарығының көрсеткіш динамикасы (соңғы кезеңнің белгілері)

Кезең

Өзгеріс %

 

2011

2012

 

1. Биржалық курс  теңге АҚШ долларына 

143,33

130,00

9,3

2. Ақша базасы, млрд. теңге

316,90

577,90

82,3

3. Айналымы қолма-қол  ақша, млрд. теңге

238,50

379,30

59,0

4. Ақша массасы, млрд. теңге

971,70

1634,70

68,2

5. Айналымдағы қаржы  министрлігінің МОБ, млрд. теңге

162,70

230,50

41,7

6. Айналымдағы ХБ ноталары

198,60

396,10

99,4

7. Банк жүйесіндегі  депозиттер, млрд. теңге

731,20

1255,40

71,2

8. Экономикадағы банк  кредиттері, млрд.   теңге 

978,10

1484,30

51,7

9. Банк жүйесінің активтері,  млрд. теңге

1677,90

2689,70

60,5

10. Зейнетақы қорының  активтері

368,30

484,00

31,4


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қаржы нарығының  инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері  

 

Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша толық құқықты рыноктың құрылуы соған сәйкес инфрақұрылым қалыптасуын жүзеге асырады. Оның негізгі элементтері мыналар:

Нарықтағы бағалы қағаздар - бұл тұтынушының (инвестор) бағалы қағаздарды шығарған субъектінің (эмитенттің) капиталын құруына қатысқанының куәсі.

Оларды экономикалық тұрғыда екі жақты көзқараспен сипаттауға болады:

- бағалы қағаз  - заңды және жеке тұлғаның, не  акционерлік қоғамның капиталына қатынасуына куәлік, заем нысанында ссуда беру;

- бағалы қағаз - бағалы  қағаздар салымшыларына эмитенттің ұзақ мерзімде дивидентті төлеуге міндетемесі.

Занды түрде  бағалы қағаздар - салымшылар үшін мүліктік құқықтарды жүзеге асыратын ақшалай құжаттар.

Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар:

а) номиналды бағасы болуы  керек;

ә) оның айналу мерзімі  қойылуы керек;

б) шығындар шартының фискалдық тәртібі  қойылуы керек.

Бұл жағдайлар  бағалы қағаздар туралы заңда көрсетілген, сондай-ақ мұнда мемлекет тарапынан шығарылатын бағалы қағаздарды бақылау туралы айтылған.

Бағалы қағаздардың  нарықтық бағамы пайыз нормасына, төлем  мөлшеріне, жұмыс істеу мерзіміне  тәуелді.

Информация о работе Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары