Әйел жыныс ағзаларының аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:46, реферат

Краткое описание

Эктоцервикс,көп қабатты жалпақ эпителимен қапталған, эндоцервикс, эпителиі призмалык эпителий.
Жатыр мойнының қабынуын цервицит деп атайды. Жедел цервицит көбінесе жыныстық қатынасқа байланысты дамитын инфекция. Оның қоздырушыларына: гонококтар, ақшыл спирохета, трихомонада, хламидилер және ішек таяқшалары стафилококк, стрептококктар кіреді. Қабыну аймағы қызарып жaтыр мойнының каналынан сұйық, қоймалжың секрет бөліп шыға бастайды.

Содержание

I Кіріспе
Жатыр патологиясы
II Негізгі бөлім
Эндометрий патологиясы
Аденомиоз және эндометриоз
Эндометрийдің безді гиперплазиясы
Жатыр полиптері
Жатыр ісіктері
Aналық бездер патологиясы
III Қорытынды:
IV Пайдаланылған әдебиеттер:

Вложенные файлы: 1 файл

Жыныс ағзалары патологиясы.docx

— 43.58 Кб (Скачать файл)

   ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік   Қазақстан  Мемлекеттік

Фармацевтика  Академиясы

 

             Морфологиялық  пәндер кафедрасы

  СӨЖ

 

Тақырыбы: Әйел жыныс ағзаларының аурулары

 

 

 

                                               

                                      Орындаған: Тулеш Д.А.

                                      Тобы: 208 «Б» ҚДС

                                      Қабылдаған:Жакипов А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Шымкент 2013 ж

 

  Жоспар

I   Кіріспе

  • Жатыр  патологиясы

II  Негізгі  бөлім 

  • Эндометрий   патологиясы
  • Аденомиоз және эндометриоз
  • Эндометрийдің безді гиперплазиясы
  • Жатыр  полиптері
  • Жатыр  ісіктері
  • Aналық   бездер  патологиясы

III   Қорытынды:

IV   Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  ЖАТЫР ПАТОЛОГИЯСЫ

Жыныс ағзалары жыныс гормондары мелшерiнің өзгеруiне байланысты дамитын (дисгормондық) аурулар,қабыну жене iciктep кездеседi.

     Жыныс  гормондары  мелшерiнің езгеруiне байланысты  дамитын ауруларға: эндометрийдің  бездi гиперплазиясы, жатыр мойнының  немесе денесiнің полиптерi.

       Жатыр мойнының патологиясы. Жатыр мойнының екі бөлігін ажыратады: оның қындық бөлігі (эктоцервикс) және ішкі өзегі (эндоцервикс). Эктоцервикс,көп қабатты жалпақ эпителимен қапталған, эндоцервикс, эпителиі призмалык эпителий.

     Жатыр мойнының қабынуын цервицит деп атайды. Жедел цервицит көбінесе жыныстық қатынасқа байланысты дамитын инфекция. Оның қоздырушыларына: гонококтар, ақшыл спирохета, трихомонада, хламидилер және ішек таяқшалары стафилококк, стрептококктар кіреді. Қабыну аймағы қызарып жaтыр мойнының каналынан сұйық, қоймалжың секрет бөліп шыға бастайды.

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭНДОМЕТРИЙ ПАТОЛОГИЯСЫ

Эндометриде қабыну сирек кездеседі. Ол көбінесе аборттан кейін ұрық қабықтарының асептикалық немесе бактериялық қабынуына байланысты, бала туылғаннан кейін жатырға инфекция түскенде дамиды. Жедел эндометритте аралық тінде лейкоцитарлық  сіңбелер пайда болады. Созылмалы эндометрит жүктілікке қарсы қойылған спиральдар жатыр  ішінде   ұзақ yaқыт қалып кеткенде немесе осы жағдайға байланысты жатырға инфекция түскенде (мысалы, хламидиялар) дамиды.Қабыну сіңбелерінде лимфоидты жасушалар, плазмалық жасушалар, эозинофильдік лейкоциттер көрінеді. Кейде жатырда туберкулез инфекциясының таралуына байланысты туберкулезге тән гранулемалар табылады. Созылмалы қабыну нәтижесінде эндометрий атрофияға, кейде гипертрофияға ұшырайды (атрофиялық немесе гипертрофиялық  эндометрит).

                                 Аденомиоз және эндометриоз

    Аденомиоз дегеніміз эндометриидің бір бөлігінің немесе оның бездерінің миометриге өтіп кетуі. Миометрийде эндометрий стромасы немесе бездері орналасқан, бірақ олардың белсенді қызметінің морфологиялық белгілері жоқ. Бірақ клиникада жатырдың  үлкеюі, құрсақтың төменгі бөліктерінің ауыруы байқалады.

    Эндометриозда эндометрий бездерінде менструация кезінде қан қуйылулар, кейін олардың ыдырауы нәтижесінде гемосидероз дамиды. Эндометриозды екі түрге бөледі: гениталдык және  экстрогенитиялдық. Жатырдан тыс эндометриоз ошақтары эндометриозда жатыр түтіктерінде, аналық бездерде, Дуглас кеңістігінде, жатыр байламдарында, іш пердесінде, сыртқы жыныс ағзаларында табылады. Экстрагенитальдық эндометриоз өте сирек жағдайларда - жыныс ағзаларынан басқа ағзаларда: өкпеде, бауырда, бүйректерде, аппендиксте, кіндікте кездеседі. Қазіргі танда эндометриоз дамуының үш теориясы бар:

1) регургитация теориясы;

2) метаплазия теориясы;

3) гематогендік және лимфогендік  таралу теориясы.

Регугитация  теориясы эндометриоз дамуын менструация кезінде пайда болатын массалардың жатыр түтіктеріне, одан құрсақ қуысына кері ағу арқылы өтуімен түсіндіреді. Метаплазия теориясы эндометриоз ошақтарының түзілуін  цекломалық (целома - ұрықтың мезотелиймен қаптаған қуысы) эпителийдің әйел жыныс жолдарындағы эпителийге айналу мүмкіншілігімен байланыстырады. Үшінші теория бойынша эндометриоз дамуы менструация кезінде бөлініп шыққан эндометрий  бөліктерінің қан немесе лимфа тамырларына түсуінен болады. Эндометриозға байланысты жиі дамитын патология – аналық  без  эндометриясы. Бұл патология аналық безде көлденеңі   56см (кейде 10 см) қою, шокалад тәрізді, қоңыр қара массалармен толған  кисталардың  пайда  болуымен сипатталады. Keйдe осы кисталар жарылып кетіп құрсақ қуысына қан құйылады. Микроскопта қарағанда -биік, цилиндрлік эпителиймен қапталған кисталарды көреміз. Кисталардың қабырғасы қалыңдаған, ол жерде көп мөлшерде гемосидерин пигменттері, сидерофаггар табылады.

.  

    Эндометрийдің  безді гиперплазиясы

Эндомeтpийдiң  безді гиперплазиясы әдетте ортa жастағы жәнe мосқал әйелдерде кездесетін құбылыс, себебі климакс кезеңінде аналык тұкым безі қызметінің бұзылуына (дисфункциясына) баиланысты организмде эстерогендiк және прогестерондық гормондардың өзара қатынасы өзгереді. Сонымен қатар аналық тұқым безінің кейбір ісіктері (фоликулома, текома) жасқа байланыссыз-ақ эндометрийдің гиперплазиясына әкеліп соқтырады. Бұл кезде қанда эстepaгeн гормонының мөлшері көбейеді (гиперэстерогене-мия). Кейде безді гиперплазия аналық тұқым безінде прогестрон гормондарының қалыптан тыс түзілуіне байланысты дамиды. Эндометрийдің  безді гиперплазиясында жатырдың   шырышты қабығы қалыңдайды. Микроскоптың көріністері бойынша оның  ошақты, атипиялық түрлері бар. Гиперплазияның соңғы түрі ісікалды өзгерістері қатарына жатады.

    Эндометрийдің  диффузды гиперплазиясында менстpyaциялық (етеккір ) циклдің пролиферация фазасына сәйкес келетін өзгерістер көрінеді. Эпителий пролиферациясының күшеюіне байланысты әрбір  без  түтігі  ұзарып ирелеңдеген түр алады, кейде олар құpылысы бойынша ағаш кесетін араның тістерін елестетеді - бұл безді гиперплазияның қарапайым түрі. Безді (кисталы) гиперплазияда эндометридің қабаттары арасындағы шекарa жойылып   қуыстары өте  кеңіп бездер пайда болады (145-сурет). Егер бездерде пролиферация құбылысымен бірге секреция құбылысы да көрінсе оны аралас гиперплазиялық эндометрий деп атайды.

     Безді гиперплазия, әсіресе оның атипиялық түрі ісікалды өзгерістеріне жатады.

 

    Жатыр мойнының  эрозиясы және эндоцервикозы. Эрозия деп әдетте эпителий тінінде немесе қан айналудың бұзылуы нәтижесінде пайда болған кішкентай ойықты (дефекті) түсінеді, ол нағыз эрозия қабыну үшін тән. Ал жатыр мойнында осындай нағыз эрозиялар сирек кездесетін құбылыс. Жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі  көп қабатты эпителийдің биік, призмалық (мойындық) эпителиймен алмасып қалуымен сипатталатын патологияны эндоцервuкоз деп атау  қабылданған. Демек, бұл жерде эпителий дефекті жоқ, тек қана эктоцервикстегі жалпақ эпителий мойындық (эндоцервикстегі) цилиндрлі эпителиймен алмасқан. Олар жатыр мойнына, ақшыл қызыл түсті шырышты қабықтың арасында, қып-қызыл болып корініп тұрады. Эндоцервикоз дамуының алғашқы кезеңінде цервикалдық эпителий көбейсе, оның "жазылу" кезеңінде қынап эпителийінің пролиферациясы көрінеді. Көп қабатты эпителий цервикалдық цилиндрлік эпителийдің астына, осы жердегі бездердің ішіне қарай өсе бастайды. Осыған байланысты бездердің жолдары жабылып, олар кеңіп, шырышқа толған кисталарға айналады (безді эндоцервикоз). Оның бір көрінісін Набот бездері деп атайды.

 

     Эндоцервикоздың  дамуын гормондар  тепе-теңдiгiнiң бұзылуымен түсіндіреді. Тек кейде ол жатыр мойнының бала туу кезінде жыртылып кетуіне байланысты пайда болады. Бұл жағдайда жатыр мойна өзегінің шырышты қабаты сыртқа айналып кетеді (эктропион).

 

       ЖАТЫР ПОЛИПТЕРІ

Жатыр полиптері оның мойын бөлігінен немесе денесінен (эндометрийден) өседі. Жатыр мойнының полипі Домалақ немесе бұрлі түрде көрініп оның көлденеңі 1-1,5 см аспайды. Жіңішке сабаққа  ілініп  тұрады. Полиптің үсті цилиндрлі  эпителимен,  кейде көп  қабатты   эпителимен  қапталған.Эндометрийдің  полипі көбінесе жатырдың   түбінде немесе бұрыштарында  өседі. Полип  әдетте жатыр  эпителиімен  қапталған . оның  стромасы жұмсақ, қан тамырларына  бай.  Полиптерінің  қауіптілігі  біріншіден  олардың  сабақтарының  бұралып  қалуына байланысты,1 екіншіден, сирек жағдайларда аденоматоздық  полиптердің  қатерлі  ісіктерге  айналып кетуі (малигнизациясы)

 

                               ЖАТЫР ІСІКТЕРІ

Жатырға тән ісіктерге трофобластық   аурулар  қатарына  кіретін   инвазиялық  қағанақ  тығыны  (хорионаденома) және    хорионэпителиома  жатады. Инвазитялық  қоғаныс  тынысы  хорион  бүрлерінің  жатыр  және   жамбас   веналарына   бойлай  өсуімен  сипатталады. Соның нәтижесінде ісініп  үлкейген   хорион  бүрлері   өкпені,  жатыр  мен   қынап   қабырғасын  бұза  бастайды  бірақ  та хорион бүрлерінде қатерлі ісікке тән өзгерістер болмайды, бұл метастаздар көбінесе өз-өзінен жойылып кетеді. Ең жаманы, осы ісіктердің жартысынын көбі аса қауіпті ісік - хорионэпителиомаға айналады. Хорионэпителиома трофобласт элементтерінен өсіп-өнетін, қағанақ тығынынан кейін, түсіктен кейін, жатыр түтігіндегі жүктіліктен кейін, кейде тіпті қалыпты өткен жүктіліктен кейін қалған хорион қалдықтарынан дамитын, тез арада гематогеңді метастаз беретін iciк. Iciктe  қан және ошақтары болғандықтан ол түсті, жұмсақ түйіңдер түрінде көрінеді. Некроз нәтижесінде жатырдан, қынаптан  қан ағуы мүмкін. Микроскоппен қарағанда хорионэпителиома цитотрофобласт және синцитиотрофобласт элементтерінен құралған, стромасы және қан  тамырлары жоқ. Цитотрофобласт (Лангханс жасушалары), цитоплазмасы ашық түсті жасушалар, олардың арасында митоздар көп. Ал синцитий жасушалары цитоплазмасы қоңыр, аса ірі, ядролары полиморфты, арасындағы атипиялық митоздар көп жасушалар тобын  құрайды. Ісік  жасушаларының көбі некрозданады, соңдықтан оларды   кейде іздеп  табу  қиын. Хорионэпителиома басқа ағзаларда (бауырда, көкірек  аралығында, еркектің түқым безінде) өніп-өскенде оны эктопиялық  хорионэпителиома  деп атайды.

 

 

 Жатыр   карциномасы

Жатырдың  қатерлі  ісігі  (карцинома)    онын  мойын бөлігінен немесе  денесінен   (эндометриден)  өсіп  шығады. Жатырдың мойын   бөлігінің карциномасы  әйел  қатерлі   ісіктерінің ішінде бipiші. орында тұрады. Ол жатырдың  мойын  өзегінен немесе қынап бөлігінен басталады,  кейінірек оларды  бір-бірінен ажырату қиын. Қынатан өсетін  карциномалар сыртқа (экзофитті) немесе ішке қарай (эндофитті) өcеді. Морфологиясы бойынша: олар негізінен түлейтін, түлемейтін- жалпақ жасушалы рак, аденокарцинома, сирек жағдайларда  безді  жалпақ жасушалы рак, мезонефроидты және эндометроидты   аденокарцино.

     Жатыр  мойнының карциномасы осы жердегі рак алды өзгерістер негізінде дамиды. Оларға: эңдоцервикоз, аденоматоз, полип, лейкоплакия, дисплазия жатады. Кейде рак алды өзгерістерімен  бірге орнықты ракты да көреміз.

      Эндометрий карциномасының негізгі гистиологиялық түрі аденокарцинома (өте жоғары жетілген, шамалы жетілген, жетілмеген). Ол 50 жастан кейін дамиды. Өте сирек жағдайларда жалпақ жасушалы рак, аденоканкроид, мезонефроидты карцинома  кездеседі. Аденоканкроид аденокарциномаға тән безді түтіктердің арасына көпқабатты жалпақ эпителийге ұқсайтын аралшалар пайда болуымен сипатталады. Жатыр денесінің рагы ішке қарай өсіп жатыр қуысын толтыратын немесе жіңішке сабаққа ілініп турған полип түрінде өседі. Рактың осы түріне алып келуші ракалды өзгерістеріне эндометридің безді және атипиялық гиперплазиясы, безді полиптер жатады. Жатыр денесі карциномасының дамуында аналық бездің эстероген гормондарын бөліп шығаратын ісіктерінің (текома, гранулезожасушалық ісік) маңызы зор.

     Жатыр карциномасы лимфа жолдарымен аймақтық лимфа түйіндеріне және гематогенді жолмен өкпеге, сүйектерге, бауырға және т.б. метастаздар береді.

Жатыр мойыны  өзегінен өсетін рак айналадағы ағзаларға (қуыққа, тік ішекке) ішке қарай бойлай өсіп, осы екі арада жыланкөз пайда болады.

            Жатырдың мезенхималық ісіктері

     Жатырдың мезенхималық ісіктері - лейомиомалар өте жиі кездесетін патология. Лейомиомалардың негізгі себептеріне эстрогендік гормондардың көп бөлініп шығуы (гиперэстерогенемия)  жатады. Сондықтан, жүктілік кезінде бул ісік тез өсе бастайды, менопауза кезінде көлемі кішірейеді. Лейомиома   жатырдың сыртында (субсерозды),жатырдың қабырғасында (интрамуралды) немесе жатырдың қуысында (субмукозды) үлкендігі 0,5 см-ден 10 см-ге дейін жететін қатты, ақшыл-сұр, домалак түйіндер түрінде өседі. Лейомиома кейде өте үлкен ісікке (70 кг-ға жететін) айналады. Субмукозды өсетін түйіндер клиникада қaн ағу белгілерімен көрініс береді, кейде ісік түйіні жатырдың қысқаруына байланысты туыла бастайды. Ол жерде қан құйылу, некроз ошақтары пайда болады (І50-сурет). Микроскопта қарағанда бірыңғай салалы бұлшықет байламдарының бір-біріне аралас жайғасқанын көреміз. Лейомиосаркомада қалыпты бұлшықет жасушаларымен бір қатарда, өте ірі, ядролары алып атипиялық бұлшық ет жасушалары көрінеді.

Информация о работе Әйел жыныс ағзаларының аурулары